Оқу қиындықтары бар балалармен жұмыс swot талдау


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар



бет2/2
Дата11.12.2023
өлшемі18,38 Kb.
#196267
1   2
Байланысты:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс SWOT талдау
Саралап оқытудың тәсілдері, Lesson 2, 4 зертханалық жұмыс (1), Зар заман поэзиясы
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар
S- Мықты жағы
Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
W-Әлсіз жағы
ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін. Бұл кемістіктер мидың зақымданумен түсіндіріледі, сонымен қатар қозғалыс белсенділігінің шектелуі.
О- Мүмкіндік
Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудағы қиындықтарды жеңу барысында арнайы сыныптың оқушысы, оқытудың кез келген сатысында кәдімгі сыныпқа ауыстырылуы мүмкін
Т- Қауіп-қатер
Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы байқалатын бала болса,ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады.
СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ КҮРДЕЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАР
S- Мықты жағы
Бұл санаттағы балалардың есту қабілеті сақталады және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай алады.
W- Әлсіз жағы
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі
дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сөз қоры, тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып табылады.
O- Мүмкіндіктері
Балалардың сөйлеуі белсенді қимылдармен және бет мимикасымен қабаттас жүруі мүмкін.
T- Қауіп-қатер
Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАР
W-Әлсіз жағы
Балалар ойында жалықпайды, бірақ зияткерлік әрекетте тез шаршайды. Зейіннің алаңдауы, шаршағыштық, ерік күшінің әлсіздігінің жоғарылығы байқалады. Эмоционалды-еріктік жетілмеушілік сонымен қатар, дербессіздік, сенгіштік, ойынға қызығушылығынан, негізгі уәждеме ретінде ойынға қанағаттануынан көрінеді. Қимыл-қозғалыс өрісінің жетілмеуі де орын алады.
О- Мүмкіндіктері
Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты осы балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы мүмкін. Конституционалды, психогенді, соматогенді шығу тегіндегі псхикалық дамуы тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды оқытудың әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, дәрігер) психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында жалпы білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін болады
Т- Қауіп-қатер
Балалар оқыту барысында қиындықты сезінеді. Шаршаған жағдайда баланың жауабы ойланбай берілген, кездейсоқ болады, жазбаша жұмыстардағы қателері көбейеді. Балалардың көңіл күйлері ерекше көңіл бөлушілікке бейім болады. Балаларда өздерінде кездескен қиыншылықтарға, жетістікке қол жеткізе алмауына сыни қарауы байқалады, олар өздерін терең зақымдайтын мектептегі сәйтсіздіктерді сезінеді және уайымдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет