Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет215/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Назар аударыңыз!

«Графика және жобалау» пәнін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша дипломы бар мұғалімдер жүргізе алады. Мамандық алғандағы оқыған пәндер тізімі «Графика және жобалау» оқу пәнін оқыту үшін арнайы диплом талап етілмейтіндігін куәландырады.

Осы оқу пәнін оқыту үшін тиісті сертификатты ала отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өту ұсынылады

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» 10-11-сыныптар

«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Оқу пәннің мақсаты: оқушылардың бойында өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға қажеттілікті қалыптастыру, дененің физикалық және психикалық қасиеттерді жүйелі дамыту, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан қолдану.

Оқу пәннің міндеттері:

1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;

2) өз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау қажеттіліктерін тәрбиелеу;

3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму ерекшеліктері, салауатты өмір салтын дамытудағы рөлі туралы білім деңгейлерін игеру;

4) оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту процесінде білім алушыларға:

1) жеке тазалық ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; пәндік білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;

2) дене жаттығуларының адамның физикалық және энергетикалық жүйелеріне әсерін білуге;

3) жеке бас пен моральдық-өнегелілік қасиеттерін дамытудың маңыздылығын және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;

4) өзінің физикалық дамуын жетілдіруде қимыл-қозғалыс құзыреттіліктерін жақсарту қажеттіліктерін бағалауға; жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент);

2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:

1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»;

2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»;

3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімде Қазақстандағы спорт пен дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Бұл бөлімде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.

«Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі білім алушылардың дене шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрлері:

1) дене шынықтыру сабақтары;

2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары;

3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;

4) спорттық үйірмелер;

5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).

Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.

Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламада білім алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) жеке оқыту қарастырылған. Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет.


96-кесте. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып

1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   257




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет