ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
1 апта бұлбұл 2018 сен, 1 апта бұлбұл 2018 сен, Бұлбұл 1-апта ноябрь цикло, Актуальность выбранной темы, Сынып сағаты Отбасымбақыт мекенім, Mektep psiholog esebi, агылшын эссе , Упражнения в движении физра срсп

жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

 

170 


 

3. 


ҚҒА  Тұңғыш  президенті,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Қаныш 

Сәтбаевтың туғанына 120 жыл; 

4. 

Республикалық  «Казахстанская  правда»  газетінің  шыққанына  100 



жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

5. 


Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 

иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 

сәуір); 

6. 


Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ 

әдебиетінің  негізін  қалаушы,  философ,  композитор,  аудармашы,  саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 

7. 


Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл. 

8. 


Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте 

Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»,  төрт  мәрте  «Қызыл  Ту»,  «Александр 

Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 

медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.16 тамыз); 

9. 


Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 

иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан); 

Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 

асады: 


базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 

мұражайларда; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 



олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 



кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  білім  алушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 

үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 

алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 



 

«Құқық негіздері» оқу пәні 

Азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекеттің  қалыптасуының 

басты   алғышарттарының  бірі  –  азаматтардың  құқықтық  білімін  жетілдіріп, 

құқықтық  сауаттылық  пен  мәдениениетін  қалыптастыру.  Сондықтан  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  «Құқық  негіздері»  пәнін  оқыту  оқушылардың 

қоғамда  әлеуметтік  бейімделуі  үшін  қажетті  негізгі  құқықтық  білімдері  мен 

дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.  

 

«Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  мақсаты  -  құқық  жөнінде  негізгі 



білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және 

олардың  бойында  заңды  құрметтеу  дәстүрі  мен  құқықтық  мәдениетті 

қалыптастыру,  өз  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыруға 

қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. 



 

171 


 

Пәнді  оқыту  оқушыларда  азаматтық  құқықтарын  жүзеге  асыруға, 

мiндеттемелерiн  орындауға  қажетті  білім  мен  дағдыларды,  саяси-құқықтық 

сананы қалыптастырады.  

 «

Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұны:  Құқық  және 



мемлекет, Конституциялық құқық,  Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,  Отбасы 

құқығы,  Әкімшілік құқық,  Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.  



«

Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына 

1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

Ұзақ  мерзімді  жоспардағы  тақырыптар  проблемалық  сұрақтар  түрінде 

құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден 

ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ 

қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. 



«Құқық  негіздері»  пәнін  оқытуда  келесі  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді 

қолдану ұсынылады: 

− 

«Кейс  стади»,  оқушылардың  проблемаларды  анықтауда  өз  ойларын, 



пікірлерін  айту,  дәлелдеу,  гипотеза  ұсыну,  зерттеуді  одан  әрі  жоспарлау 

қабілеттерін  дамытатын  ынталандырушы–проблемалық,  ситуациялық  жағдай 

туғызу; 

− 

белгілі  бір  тақырып  бойынша  «миға  шабуыл»,  «фишбоун»,  «автор 



орындығы»,  т.б.  әдістерін  ұйымдастыру  (проблемаларды  табу,  әр  оқушының 

идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау  және шешімнің дұрыс 

нұсқасын қабылдау); 

− 

сабақта  оқушылардың  белсенділігін  қажет  ететін  құқықтық  



проблемаларды талқылау; 

− 

оқушылардың  пікір-талас  өткізу  және  құқықтық  мәселелерді 



талқылауына  игі  ықпал  ету  үшін  компьютерлік  қарым-қатынас  құралдарын 

(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. 

Оқушылардың  құқықтық  мәселелер  мен  жағдайаттарға  талдау  жүргізу 

үшін  сабақта  құқықтық-нормативтік  актілермен,  заң  түсіндірмелерімен  және 

т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.  

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.  

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


9-

сынып 




 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсы 

2019-

2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында 



Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  

15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері» 

факультативтік курсы оқытылады. 


 

172 


 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті 

түрде оқыту үшін 9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті 

есебінен  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді.  Курсты 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бойынша  біліктілікті  жетілдіру 

курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің  мұғалімдері жүргізеді. 



Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның 

қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі 

өзектілігінен,  қоғам  тарихы,  мәдениеті  мен  рухани  құндылығын  анықтайтын 

бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта 

білім  жүйесіндегі  әлеуметтік-гуманитарлық  және  қоғамтанулық  білімнің 

құрамдас бөлігі болып табылады. 

2019-


2020  оқу  жылында  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы 

бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 2014 жылғы  15 

шілдедегі  №281  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  9-

сыныбына  арналған  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсының  оқу 

бағдарламасы. 

Бұл курсты ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі 

№  281  бұйрығымен  бекітілген  үлгілік  оқу  бағдарламасы  бойынша  біліктілікті 

арттыру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.  

Білім  беру  ұйымдарының  жетекшілеріне  осы  курсты  жүргізетін  тарих 

пәні  мұғалімдерінің  мамандандырылуын  тереңдетіп,  басқа  мұғалімдердің 

ауыстырылуына жол бермеу ұсынылады.  



 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын 

оқытудың мақсаты: 

білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет 

баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 

аясында тануға үйрету;  

діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 



қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 

тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;  

білім  алушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 



идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 

негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 

дүниетанымын қалыптастыру.  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын 

оқытудың міндеттері: 

1)  білім  алушыларға  діннің  мәні,  тарихы  және  оның  қазіргі  қоғамдағы 

рөлі жөнінде жүйелі білім беру; 

2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта 

отырып, осы бағытта білім беру; 

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни 

тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;  

4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдениеттану  және  адамгершілік  мәнін 



 

173 


 

түсіндіру; 

5)  білім  алушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге, 

толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық 

принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру; 

6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 

нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез 

бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу; 

7)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 

құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 

принципіне,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерін  түсіндіре  отырып, 

зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу; 

8)  құқықтық  сауаттылықтың  қоғам  өміріндегі  маңызын  түсіндіру,  осы 

тұрғыдағы білімін арттыру. 

Бағдарламада  берілген  оқу  материалын  меңгеру  аясында  «Қазақстан 

тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Адам.  Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті» 

пәндерімен  және  «Абайтану»  курстарымен  пәнаралық  байланыс  пен 

сабақтастық принципін орнату қарастырылған.  



«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі 

Бағдарламада  дін  тарихын,  оның  жекелеген  бағыттары  мен  ағымдарын 

егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.  

Бағдарламада  діни  нанымдар  мен  діндердің  пайда  болуы,  нығаюы  және 

дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық 

этикасы  негіздері,  адамның  рухани  өмірі  мен  қоғамдағы  діннің  рөлі,  діни 

бірлестіктер  мен  ағымдар,  жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі  діни  жүйелердің 

танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-қайшылықтар 

диллемасы тақырыптары қамтылған.  

Білім 


алушылардың 

жоғары 


рухани-адамгершілік 

қасиеттерін 

қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 

сияқты  көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 

мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 

Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 

бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 

терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлілігін  білім  алушылардың 

ұғынуына айрықша назар аударылған.  

«Қазақстан  –  дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 

Республикасының  дін  туралы  заңнамалары.  Зайырлылық  –  ұлттық  қауіпсіздік 

пен  мемлекеттік  жүйенің  іргетасы»  мазмұндық  желілері  курстың  басты  жолы 

болуы тиіс.  

Курстың  мазмұнында  білім  алушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 

ұйымдастыратын  шығармашылық  жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 

жобаларда,  түрлі  нысандағы  ұйымдастырылған  өздігінен  жасалынған  зерттеу 

жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 

Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 

мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.  

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар 



 

174 


 

өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты 

мен  ерекшеліктері,  Қазақстан  Республикасының  дінге  қатысты  саясатының 

мақсаты  мен  мәнін  түсінетін  мағлұматтар  мен  білімді  меңгереді.  Сонымен, 

жүйелі  түрде  игерілген  білім  кез  келген  білім  алушыға  Қазақстан 

Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының 

рухани  мәдениетін  деструктивтік,  радикалды  діни  бірлестіктердің  зиянды 

әрекетінен  сақтану  және  қорғау  мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-

сезім,  басқа  діндерге  көзқарас  және  ізгілікті  қарым-қатынас  мәдениетін 

қалыптастырады.  

Бұл 


қурс 

білім 


алушылардың 

гуманистік 

дүниетанымға, 

жалпыадамзаттық  құндылықтарға  және  толеранттыққа  қайшы  келетін 

ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.  

Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық. 

Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу  процесін  келесі  дидактикалық 

принциптерге  сәйкес  ұйымдастыру  ұсынылады:  ғылыми  негізділік  және 

қолжетімділік;  жүйелілік  пен  сабақтастық;  көрнекілік  және  абстрактылық; 

зерделілік  және  танымдық  белсенділік;  білімді  меңгерудің  орнықтылығы; 

пәнаралық  және  пәнішілік  байланыс;  табиғи  сәйкестілік  принципі; 

проблемалық  принципі;  саралау  және  даралау;  оқу  тапсырмалары  деңгейінің 

әртүрлілігін қамтамасыз ету. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының  оқу 

процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, топпен талқылау, 

шағын  жобаларды  қорғау,  рөлдік  ойын  және  т.б.  оқыту  формаларын  қолдану 

тиімді.  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  аясында  алған  білімдерін 

бекіту  мақсатында  білім  алушыларға  қызықтыратын  тақырыптары  бойынша 

шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.  

Жобаларды  жеке  және  ұжыммен  орындай  алады.  Олардың  саны  алған 

білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.  

Жобалар:  

дін  мәселелері  бойынша  ғылыми-көпшілік  басылымдар,  журналдар, 



газет  мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша 

ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 

дәстүрлі  діндердің  біртұтас  платформалары  мен  жалпы 



тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;  



Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау; 

толеранттылық  және  дінаралық  келісім  орнаған  еліміздегі 



зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.  

Оқу барысында:  

мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның 



қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;  

пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар 



бермеу;  

 

175 


 

жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  



ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 

заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуда  білім  алушының 

құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының 

келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:  



«Қазақ тілі», «Орыс тілі»: 

− 

білім  алушылардың  сөздік    қорын  зайырлылық  және  дін  саласына 



қатысты терминдермен толықтыру; 

− 

ұлттық  мәдениетке  және  басқа  халықтардың  рухани  -  мәдени  қайнар 



көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу. 

«Әдебиет»: 

дін  қайраткерлерінің  шығармаларын  -  қосымша  көркем  әдебиеттерді 



зерделеу,  олардың жұмыстарын  қазіргі  рухани  құндылықтар  мен  зайырлылық 

тұрғысынан бағалауды іске асыру;  



«Тарих»: 

зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін 



тарихи негіздеу; 

қоғамдық  қатынастарға  тарихи  талдау  жасау  арқылы  адам  мен  қоғам 



өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну; 

«География»: 

діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау. 



Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқу  нәтижесінде  білім 

алушылар:  

ғылыми  тұрғыдан  алғанда  негізгі  діни  терминдер  мен 



құбылыстарды; 

зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 



мемлекет,  дін  бірлестіктері  және  мәдениет  арасындағы  қарым-

қатынасының мәнін; 

діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 



қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын; 

«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан 



Республикасының Заңын; 

Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Ясауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай 



Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 

республикадағы  мемлекет,  мәдениет  және  діни  бірлестіктер 



арасындағы қарым-қатынастың жайын; 

Қазақстан 



Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

конфессияаралық келісімін, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 

сақтау,  елдегі  және  халықаралық қауымдастықтағы  адамдардың  шынайы діни 

сенімдеріне деген сыйластықты көрсету саясатын; 

экстремистік, 



террористік, 

теріс 


сипаттағы 

ұйымдардың 

ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 

Сонымен бірге білім алушылар : 


 

176 


 

зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана 



ұғымдарының ара жігін ажырату, 

экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни  топтар  мен  ағымдар 



идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру; 

діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 



пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 

тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 

өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық 



деректер нұсқасында  тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі. 

 

Оқыту  барысында  мұғалім  білім  алушының  бойында  экстремистік, 



террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы 

имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс. 

 

« 

Өзін-өзі тану» оқу пәні 



«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  оқу  үдерісінің  басты  міндеті:  тұлғаның 

құндылықтар  жүйесін,  қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді 

шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың 

әлеуметтік  мәнді бағдарларын, яғни  адамның өзіне,  қоршаған әлемге,  жалпы 

адамзатқа  қатысына  себепші  болатын  адамгершілік  тәртіп  негіздерін 

қалыптастыру;  жас  ерекшеліктеріне  қарай,  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 

субъектісі  ретінде  дамыта  отырып,  әрбір  адамның  табиғатына  салынған 

жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару. 

5-9-

сыныптардағы  «Өзін-өзі  тану»  базалық  мазмұны  төрт  тарауды 



қамтиды:  «Таным  қуанышы»;  «Адам  болам  десеңіз  ...»;  «Адам  және  әлем»; 

«Адамзаттың рухани тәжірибесі». 



Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  аптасына  1  сағат,  5-9 

сыныптарда – 34 сағат.  



Оқушылардың  білімін  бағалау.  Рухани-адамгершілік  білім  берудің 

ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір 

жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  «Сынақ»  бағасы  қойылады.  Егер 

оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Өзін-өзі 

тану"  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасында 

көрсетілген  дайындық  деңгейіне  қойылатын  барлық  талаптарды  орындап, 

жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «Сынақ» қойылады. 

 

 «

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«

Технология  және  өнер»  білім  саласы  бойынша  келесі  пәндер 



оқытылады: «Музыка» – 5-6 сыныптар, «Көркем еңбек» – 5-9 сыныптар. 

 

«Музыка» оқу пәні 

5-6-

сыныптарға  арналған  «Музыка»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 



оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына 

сәйкес жүзеге асырылады. 

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары 


 

177 


 

шығармашылығы,  әлемдік  классика  және  заманауи  музыканың  үздік  үлгілері 

негізінде  білім  алушылардың  музыкалық  мәдениеттілігін  қалыптастыру, 

шығармашылық қабілетін дамыту 

Пәнді  оқытудың  міндеттері:өзге  өнер  түрлері  мен  оқу  пәніне  музыка 

өнерін  кіріктіре  отырып  әлем  тұтастығының  бейнесі  жөнінде  түсінігін 

қалыптастыру;  музыка  өнерінің  жалпы  адамзаттық  қажеттілікті  құбылыс 

ретінде,  оның  адам  өміріндегі  рөлі  мен  маңыздылығы  туралы  түсінігін 

қалыптастыру;  сын  тұрғысынан  ойлауы  мен  музыкаға  жағымды  қарым-

қатынасын,  музыкалық  іс-әрекет  дағдыларын  қалыптастыру;  музыкалық 

шығармалар  мен  тапсырмаларды  талдау,  зерттеу  және  орындаушылық  пен 

импровизациялау,  презентациялау  оқу  пәндік-тақырыптық  білім,  білік,  дағды 

аясында  дамыту;  музыкалық  қабілеттілігін,  белсенді  шығармашылығын, 

орындаушылығы  мен  зерттеушілік  дағдысын  дамыту;  музыка  өнері  негізінде 

коммуникация  формалары  жөнінде  білімін  қалыптастыру;    музыкалық-

шығармашылық  жұмыстарға  идеялар  қосу  негізінде  өзін-өзі  бағалау,  өзін-өзі 

тану  және  өзін-өзі дамытуын  қалыптастыру  (шығармалар жазу,  импровизация 

және  өңдеу);  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарын  қолдану 

барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін 

қалыптастыру, дамыту. 

«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

1) 5-


сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;  

2) 6-


сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

«Музыка»  пәнінің  оқу  бағдарламасының  мазмұны  бөлімдер  бойынша 

ұйымдастырылған.  Бөлімдер  пән  бойынша  оқыту  мақсаттары  және  оған  қол 

жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.  

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: 

1. «


Музыка  тыңдау,  орындау  және  талдау»  бөлімі  келесі  бөлімшелерді 

қамтиды:  «Музыка  тыңдау  және  талдау»;    «Музыкалық  сауаттылық»; 

«Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет». 

2. «


Музыкалық-шығармашылық  жұмыстар  жасау»  бөлімі  келесі 

бөлімшелерді  қамтиды:  «Идеялар  және  материалдарды  жинақтау»;  «Музыка 

шығару және импровизация». 

3.  «Музыкалық-шығармашылық  жұмысты  таныстыру  және  бағалау» 

бөлімі  келесі  бөлімшені  қамтиды:  «Музыкалық-шығармашылық  жұмысты 

таныстыру және бағалау».  

«Музыка»  пәнінің  5-сыныпқа  арналған  базалық  мазмұны:  «Қазақ 

халқының  музыкалық  мұрасы»;  «Қазақтың  дәстүрлі  тұрмыс-салт  әндері  және 

заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – 

достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды. 

«Музыка»  пәнінің  6-сыныпқа  арналған  базалық  мазмұны:«Классикалық 

музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және 

өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары» 

бөлімдерін қамтиды. 

Әрбір  бөлімшелерде  көрсетілген  оқу  мақсаттары,  мұғалімге  үш  түрлі                     

іс-әрекет  арқылы  (білім  алушылардың  музыкалық  сауаттылықты  зерделеу, 



 

178 


 

музыкалық-орындаушылық  және  музыкалық-шығармашылық  іс-әрекеті) 

жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың 

келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  

Оқу  бағдарламасында  оқу  пәнінің  мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып 

табылатын  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  түрінде  ұсынылған  күтілетін 

нәтижелері  қалыптастырылған.  Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары 

білім  алушыны  өзін-өзі  оқыту  субьектісі  және  тұлғааралық  қарым-қатынас 

субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. 

«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.  «Музыка» пәні 

бойынша    жарты  жыл  және  оқу  жылының  соңында  «есептелінді» 

(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 

«Туған  өлке  симфониясы»    және  «Туған  жердің  таланттары» 

тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Өлкетану» кіріктірілген курсына  

енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады. 

«Музыка»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 

жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 

шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет