Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты



бет11/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Баланың ұжымдағы жағдайы:
«Менің сыныбым» микропрактикум әдісі қолданылды. Оған 93 оқушы қатысты.

  • сынып ұжымында ойынды жұппен және бірге ойнауды таңдаған 52 оқушының (56%) әлеуметтік–психологиялық көқарасы жақсы

  • 7 оқушының (8%) оқуға деген қызығушылығы жоқ.

  • 15 оқушы (16%) сынып ұжымына бейімделуде қиыншылық көреді.

  • Мұғалім олар үшін басты тұлға – 19 оқушы (20%).

Өз – өзін бағалау деңгейі: «Лесенка» әдісі қолданылды. Диагностикалық зерттеу жұмысына 93 оқушы қатысты. Басым бөлігі өз-өзін бағалаудың орташа деңгейін алып жатыр – 62% (67 оқушы). 1 сынып оқушылары үшін бұл көрсеткіш нормаға сәйкес. 2 оқушының өз-өзін бағалау деңгейі төмен. Бұл 1 сынып оқушыларының жалпы санынан 2% құрайды.
Бейімделу деңгейі: Диагностика жұмысыКовалева әдісі бойынша жүргізілді. Оған 93 оқушы қатысты.

  • 37 оқушының дезадаптациясы жоқ болуы – (40%)

  • орташа деңгейі – 45 оқушы (48%)

Еске сақтау түрлерін зерттеу: еске сақтаудың басты түрін анықтау (көру, есту, логикалық). Жасалған нәтиже бойынша 1 сынып оқушыларының жалпы санынан 47% көру арқылы еске сақтайды.
Зияткерлігін зерттеу: диагностика жұмысы Л.М.Ковалеваның интеллектуалдық тест негізінде жүргізілді. Оған 93 оқушы қатысты.Нәтиже көрсеткендей № 2, 3,6 тест тапсырмаларыжауаптарының басым бөлігі оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерінің төмен деңгейіне сәйкес.
1.Заңдылық бойынша геометриялық фигуралар қатарын жалғастыру. Берілген логикаға сәйкес қабілет деңгейін және заңдылығын анықтауға бағытталған.
2. Ассоциация бойынша заттардың суретін салу. Негізгі критерий – ерекшелілік. Ойлау икемділігіне және аналог жасау қабілетіне бағытталған.
3. Геометриялық аналогтар. Бір-біріне байланысты геометриялық фигуралар жұбы беріледі. Міндеті – төртіншісін табу, салыстыру және жалпылау. логикалық ойлау деңгейін анықтауға бағытталған.
4. Жалпы ұғымын анықтау. Төрт сурет беріледі. Оның ішінде үшеуі бір-біріне байланысты және бір ұғымды білдіреді. Бір суреттің бұл ұғымға қатысы жоқ. Оны сызып тастау керек. Нақты байланыстарын және тәуелділігін орнату, заттар мен құбылыстарды топтастыру қабілеттерін анықталуына бағытталған.
5. Ойлау икемділігі. Дөңгелектер мен үшбұрыштар ұсынылады. Шынайы объектілерге ұқсас етіп жалғастырып салу. Негізгі критерий – ерекшелілік.Ойлау икемділігін анықталуына бағытталған.
Бейімделу процесстері бойынша шағын пед.кеңестер өткізілді. Жұмыстың нәтижесімен сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және ата-аналары таныс болды. Қиын балалармен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін психодиагностикалық жұмыс жүргізілді. Ашушандық, үрейшілдік және өз-өзін бағалау деңгейін анықтауда 2-4 сыныптарда психологиялық диагностика жұмысы жүргізілді. 307 оқушы тексерілді. Нәтижесінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет