Оқу жылының Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық!


Ата-ананы құрметтеу туралы



бет14/15
Дата14.12.2021
өлшемі375,09 Kb.
#126893
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2 5280945161273086800
2 5280945161273086800, 2 5280945161273086800, 2 5280945161273086800, 2 5280945161273086800, Lectur №15,16 лекция презентация, Lectur №15,16 лекция презентация, 50 жпт тест КТЖ 19дуріс жау жог (копия), диб сириус, Соттық бақалау, Тесты по РК1 для ПРЯ (копия), Тақырып 1, 144047 (копия)
Ата-ананы құрметтеу туралы

Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анама құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін қиятыны белгілі.

Егер әрбір перзент ақылды және дана болса да, ол ата-ананың мейір-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды. Ата-ананың міндеті-тәрбиелеу және жақсылық үйрету.

Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма...Олардың көңіл-күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.

Сен ата-анаңның қарызын ақтау ісіне адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, біреудің де жақсылығын бағаламайды. Егер сен «өз перзентің құрмет қылсын» десең, сен де өз ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді жақсы болады. Сол сияқты ата-анаңа деген құрметіңді аямасаң, саған деген олардың тілегі қабыл болғаны.




10. Ата-анаға құрмет жасап, күтім көрсетсе, бала үшін қабыл болары

A) арман-мақсаты

B) қадір-қасиеті

C) үміт-ниеті

D) ізгі тілегі


11. Мәтінге байланысты мақал-мәтел

A) Ағаш ұстаған жерінен сынбас.

B) Жақсы ат – жанға серік.

C) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

D) Ақыл – арымас, Алтын – шірімес.


12. Ата-ананың міндеті –

A) күтім жасау және баптау

B) құрметтеу және қамқорлық жасау

C) көңіл-күйіне қаяу салмау

D) тәрбиелеу және жақсылық үйрету





Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

Күз

Сабырлы күз де келді. Қыркүйек – барлықтың, байлықтың айы. Қиырына көз жетпейтін алтын толқынды теңіздерде мыңдаған «дала кемелері» жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына сыймайды. Бұл айда құс атаулының көші басталады.

Қыркүйектегі бұл айдың орны ерекше. Бірі айдың бірінші күні гүл құшақтап, өздері де гүл жайнап, мың сан бала мектепке барады.

Ерекше күннің тағы бірі – жиырма үшінші қыркүйек. Бұл күні табиғаттың ең таңғажайып құбылыстарының бірі болады: күн мен түн теңеледі.

Айдың алғашқы күндерінде кәдімгідей суық түсе бастайды. Күнбағыс бастарын көтере алмай, еңкіш тұр. Көп жеміс, картоп пісіп, жетілді. Дархан күздің жемісін жинаудың қарбалас кезі.

Алтын масақ егіннің ішінде комбайн даусы бір тынбайды. Қарсы алдына мол жарық қондырып алып, айлы түнде егін шауып жүргендер бар. Құмырсқа қысқа азық жинап, илеуін өсімдік дәндеріне толтырады. Олар жұмыс істеуден жалықпайды. Жем алар жеріне ерсілі-қарсылы жол салып алған. Ағаштар қыс ызғарын сезгендей. Жапырақтарын сарғайтты. Өсімдіктер сарғайып алтын түстес болған соң, халық бұл мезгілді «Алтын күз» деп атайды.






13. Мәтінде берілген жыл мезгіліне байланысты мақал-мәтел

A) Сәуір болмай, тәуір болмас.

B) Жаз мереке, күз береке.

C) Жазғы жуынды, қысқа қатық.

D) Қыста қысыл, жазда жадыра.


14. Күз мезгілін сипаттау

A) сабырлы, барлықтың, байлықтың айы

B) ызғарлы, ақ ұлпадай, көңілді ай

C) жайдарлы, ыстық ай

D) қаһарлы, салқын, суық ай


15. Күз мезгіліне халықтың берген атауы

A) «Қоңыр күз»

B) «Жайдары күз»

C) «Алтын күз»

D) «Сабырлы күз»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет