Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) ZhG 2211 «Жоғары геодезия»



бет2/4
Дата21.09.2023
өлшемі247,5 Kb.
#181930
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
2211 высшая геодезия до слеша ГИК каз последни вариант (2)
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
4 Пәнді оқытудың мақсаты
"Жоғары геодезия" пәні мемлекеттік геодезиялық желілер мен арнайы мақсаттағы желілерді құру, дамыту және қайта құру кезінде қазіргі заманғы жоғары дәлдікті геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау саласында студенттердің теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз етуді; геодинамикалық процестердің геодезиялық мониторингін ұйымдастыруды мақсат етеді.


5 Пәнннің міндеттері
Пәннің міндеттері келесідей:

  • жоғары дәлдікті аспаптармен геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыруға, жоспарлауға және жүргізе білу;

  • геометриялық және физикалық дене ретінде Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінікке ие болу;

  • мемлекеттік геодезиялық торларды құру әдістерін білу;

  • жазықтыққа далалық өлшеулер нәтижелерін редукциялауды жүргізу;

  • геодезиялық желілерді теңестіруді жүргізу.



6 Курсты оқу нәтижелері
Осы пәнді оқығаннан кейін студент:
Жер үсті және спутниктік әдістермен топографиялық - геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін геодезиялық негіздеме жасау
6.1 тірек және түсіріс геодезиялық желілерін жасау;
6.2 Мемлекеттік Геодезиялық торларды құру әдістерін меңгеру;
6.3 геодезиялық желілерді жерүсті және спутниктік әдістермен теңестіруді жүзеге асыру;
6.4 Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі Мемлекеттік Геодезиялық желінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талдау;
6.5 дәлдігі жоғары геодезиялық өлшеу құралдары мен әдістерін қолдану;
6.6 геодезиялық негіздеме пункттерінің кеңістік - геометриялық орналасуын анықтау;
6.7 жер эллипсоидінің геометриясын біледі және осы бетіндегі есептерді шеше алу.


7 Пререквизиттер
Бұл пәнді оқу үшін келесі пәндерді меңгеру қажет:
1. «Геодезия»;
2. «Геодезия және топотүсірілім».


8 Постреквизиттер
"Жоғары геодезия" пәнін оқытуда алынған білім, келесі пәндерді игеруде қолданылады:

  1. «Өндірістік және азаматтық құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар»;

  2. «Топографиялық түсіру үшін геодезиялық негізді құру әдістері»;

  3. «Көлік құрылысындағы геодезиялық жұмыстар»;

  4. «Ірі масштабтағы топографиялық түсірістердің заманауи әдістері».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет