Оқу жұмыс жоспары 09130100 Емдеу ісі мамандығына арнайы пән оқытушысы Ақсамбай Қ. Е кұрастырды



бет11/17
Дата02.11.2022
өлшемі86,42 Kb.
#156227
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
27,10,2022 анатомия силлабус
6 Такырып бзк Талипжан Сабина, 6 Такырып бзк Талипжан Сабина (копия), sverhchelovecheskoe-po-f-nitsshe, Положение ЯСАУИ (каз)
Есту сүйекшелері – кейбір омыртқалы жануарлардың ортаңғы құлақ қуысында орналасқан төс, балғашық, үзеңгі сүйектерінің жиынтығы.
Капиллярлар (латынша “capillaris” – “шаш тәрізді”) – тұйық қанайналым жүйесі бар жануарлардың мүшелері мен ұлпаларында таралған өте ұсақ қантамырлар. Олардың диаметрі 2,5-3,0 мкм. Капилляр қантамырларын алғаш рет 1661 жылы сипаттап жазған италиян ғалымы Марчелло Мальпиги (1628-1694). Капилляр қантамырлары ұсақ артериола қантамырларын ұсақ венула қантамырларымен байланыстырып тұрады.
Кифоз (грекше “kyphos” – “иілім”) – адамның омыртқа жотасының арқа және сегізкөз бөлімдерінің артқа қарй иілімі. Бұл адамның тік жүруіне байланысты қалыпты иілім.
Кроманьон адамдары (Франциядағы Кро-Маньон үңгірінің атымен аталған) - адамның тарихи даму кезеңінің неоантроптар тобына жатады. Олардың қаңқа қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Кро-Маньон үңгірінен табылды. Кроманьон адамдар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі деп саналады.
Құлақша – жүректегі жүрекше қуыстарының сыртында орналасқан қосымша қуыстар.
Латеральды (латынша “lateralis” – “сыртқы шеті”, “бүйір шеті”) – дененің немесе мүшенің сыртқы шеті (жиегі) деген ұғымды білдіреді.
Лейкоциттер (грекше “leikos” – “ақ”, “kytos” – клетка (жасуша) – шығу тегі бірдей, бірақ құрылысы мен атқаратын қызметтері әр түрлі түссіз қан клеткаларының тобы.
Лимибикалық жүйе (латынша “limbus” – “жиек”) – құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас алдыңғы, аралық және ортаңғы мидағы көптеген құрылымдардың жиынтығы. Ол организмнің вегетативтік қызметін және мінез-құлқын реттеуге қатысады.
Лимфа (латынша “lympha” – “тұнық су”, “ылғал”) – омыртқалы жануарлардың лимфа жүйесі арқылы мүшелерден және ұлпалардан тек жүрекке қарай үнемі ағып тұратын, әрі организмнің ішкі ортасының тұрақты (қалыпты) болуын қамтамасыз ететін мөлдір сұйықтық.
Лордоз (грекше “lordosis” – “иілім”, “бұрылу”) – адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының алға қарай қалыпты иілімі. Адамда омыртқа жотасының мойын және бел бөлімдері алға қарай иілім түзеді. Оны мойын және бел лордоздары деп атайды.
Медиальды (латынша “medius” – “ортаңғы”, “ішкі”) – дененің медиальді (ішкі) жазықтығына жақын орналасқан деген ұғымды білдіреді. Мысалы, білектегі шынтақ сүйегі медиальды орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет