ОҚу курстарының каталогы



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі1,36 Mb.
#32814
1   2   3   4

Таңдау пәндері курсивпен белгіленген

1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Әлем діндер тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Абдухаймов Е.Ф.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы-135

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қосымша тарихи пәндер, Қазақстан тарихының деректері және арнайы пәндер.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Дүние жүзі діндер тарих курсында сипаттама.Адамзат тарихындағы діндер ролі. Қазақстанда дін конференциясының орнын білу.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Негізгі бөлім діннің пайда болуы. Алғашқы діндердің формалары. Ежелгі индиялық діндер жүйесі. Буддизм. Словян діні. Християн діні. Ислам діні. Ислам дінінің тұп тамыры. Исламның таралуы мен араб елінің жаулап алуы Қазіргі кездегі діндердің жағдайы. Дінді оқыту тарихы. Дін автономиялық жүйе ретінде. Зороастризм және маздеизм негіздері. Зороастризм және мифологиясы. Мани және манишылдық

Практикалық сабақтар:

Иудаизм идиологиялық жүйе ретінде. Ветхи Завет аңыздары. Ари и және Веда. Ежелгі Үнді дін философиясының негіздері. Жайнизм теориясы. Үнді тарихындағы жайнизм. Буддизмнің философиялық негіздері. Буддизм этикасы. Табыну негізі,ииндуизмнің пайда болуы. Ислам мен индуизмнің байланысы. Индуизмнің жаңаруы. Ежелгі Қытайдың діни философиясы. Әлеуметтік Конфуций ережесі. Конфуций Қытай халықтарының өмірін бағыттаушы. Даосизмнің философиясы.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазіргі кездегі діндердің жағдайы.


1 курс

1,2 семестр

Пәннің атауы

Шетел тілдері

Қысқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1,2

Оқытушының Т.А.Ә.

Кафедра

Доцент / оқытушы:

Кафедра

Жұмыс тілі

Шетел тілі / казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 90, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 270

Кредиттер / сынақ бірліктері

6

Модуль аясындағы оқытуға қабылдау жағдайлары

-

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жоғары оқу орнында белгіленген бағытта жалпы білім беретін блоктың пәні ретіде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты шетел тілін ауызекі және тұрмыстық тіл ретінде меңгеру және шетел тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдану үшін мамандық тілі ретінде меңгеру болып табылады.

Мазмұны

Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық хабардарлығы бойынша (2001 ж.) шетел тілін оқып-білудің бастапқы және жетілген деңгейлерін игеру (А1, А2 және В1). Сөйлеу қызметінің басты түрлері мен формаларын игеру үшін фонетикалық және лексика-грамматикалық минимумдарын меңгеру. Фонетика: әріп және әріп тіркесін оқу мен айтудың негізгі ережелері. Тілдің орфоэпиялық нормалары. Сөйлеудің интонациялық-ырғақтығы бейнесі. Орфографиялық: тілдің дыбыс-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасамдық моделдер; базалық тілдің 3500 бірлік көлеміндегі лексикалық минимумы, сонымен қатар мамандық саласына сәйкес терминдер; қолданылу саласы бойынша лексиканың дифференциациясы. Грамматика: базалық тілдің негізгі грамматикалық жәнен мамандыққа жақын тілдің неғұрлым жиі кездесетін құбылыстары.

Сөйлеу қызметінің түрлері мен формалары.

Оқу. А 1. Таныс есімдерді, сөздерді, сондай-ақ жай сөйлемдерді хабарландырудан, каталогтан, плакаттардан түсіну.

А 2. Күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым мәтіндер: жарнамалар, проспектілер, мәзірлер, кестелерден қысқа және жеңіл мәтіндерді, айтып бере алатын нақты мәліметтерді таба білу. Өзіндік жеке сипаттағы қарапайым жазбаны түсіну.

В 1. Жиі кездесетін сөздері мен конструкциялары бар күнделікті және кіші кәсіптік саладағы мәтіндерді түсіну. Өзіндік жеке сипаттығы жазбадан оқиға, сезім, ниет қалыбын түсіну.

Аудиториялау. А 1. Адамға, оның отбасына, тікелей қоршаған ортаға қатысты таныс сөздер мен жиі қолданыстағы мағынаны түсіну.

А 2. Адам мен оны қоршаған ортаға қатысты (мысалы, отбасы, сатып алу, жақын араласатын орта, жұмыс) жиі пайдаланылатын сөздер мен мағыналарды түсіну. Жалпы сипаттығы қысқа анонс пен жеңіл хабарларды түсіну.

В 1. Тұрмыстық тақырыптағы (жұмыс, оқу, демалыс және т.б.) түсінікті және әдеби нормаларды сақтап құрастырылған мағыналарды түсіну. Егер сөйлеу анық және баяу болса, радио және телехабардың, сондай-ақ өзіндік жекеге немесе кәсіптік қызығушылыққа қатысты бағдарламалардың көпшілігін түсіну.

Айту, Монолог. А 1. Тұрып жатқан жері мен таныстары туралы мәліметті жеңіл сөйлемдермен айтып беру.

А 2. Өзінің отбасы, өмірі оқуы, жұмысы және әр түрлі адамдар туралы айта білу.

В 1. Күрделі емес сөйлемдерді пайдалана, отырып өзінің көзқарастарын қысқаша баяндау және дәлелдей білу; өз пікірін айта от ырып, кітаптар мен фильмдердің мазмұнын бере білу.

Сұхбат. А. 1 Егер әнгімелесуші сіздің өтінішіңіз бойынша өз сөздерін ақырындап қайталап немесе өзінің ойын қайта түсіндіріп берсе, онда сұхбатқа қатысу. Қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға оқып жатқан тақырып шеңберінде жауап беру.

А 2. Белгілі бір тақырып немесе қызмет түрі шеңберінде тікелей ақпарат айырбасын талап ететін жай және күнделікті жағдайларда сөйлесе білу.

В 1. Оқып жүрген тілге қатысты мемлекеттердің біріне сапар шеккен кезде пайда болуы мүмкін қарапайым жағдайлардың көпшілігінде сөйлесе білу. Әр түрлі тақырыптағы сұхбаттарға дайындықсыз – ақ қатыса білу (мысалы, отбасы , бос уақыт, жұмыс, саяхат, т.б.).

Хат. А 1. Қарапайым сәлемдемелерді жаза (мысалы, құттықтау), бланкті толтыра және қонақ үйге тіркеле білу.

А 2. Қарапайым қысқа сәлемдемелер мен хабарламаларды, сонымен бірге жеке хаттарды жаза білу (мысалы, бір нәрсе үшін алғыс білдіру).

В 1. Таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға жеңіл байланыстырылған мәтінді, сонымен бірге толғаныс пен әсерлері туралы жеке хаттарды жаза білу.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Емтихан


1 курс

1,2 семестр.

Название дисциплины

Русский язык

Сокращенное название

РЯ

Учебные мероприятия / курсы учебных дисциплин (если есть)

Практические, СРСП, СРС

Семестр

1,2

Ф.И.О. преподавателя

Баймурзаева К.Б.

Доцент/ ст. преп.

преподаватель

Рабочий язык

Русский

Соотнесение с учебным планом

Общеобразовательная дисциплина, обязательный компонент

Форма обучения/ кол-во академических часов

Практические – 45 ч., СРСП – 45 ч., СРС – 45 ч.

Трудоемкость

Всего – 135 ч.

Кредиты/зачетные единицы

3

Условия приема на обучение в рамках модуля

Пререквизиты: Вузовский курс русского языка на казахских отделениях выполняет общеобразовательную функцию, являясь активным средством получения научной информации на русском языке.

Образовательные цели/ компетентности

Сформировать навыки и развить умения использования научной литературы по специальности с целью получения информации, способствующей формированию профессиональной компетенции.

Содержание

Лекции

(не предусмотрено)






Практические занятия:

Дифференциация основных пластов лексики научной речи. Анализ лексического состава текста с выделением основных пластов лексики научной речи. Дискуссия с использованием научной лексики. Терминологическая лексика русского языка. Узкоспециальная и общенаучная терминология. Определение термина. Составление терминологических словарей по специальностям. Чтение текстов по специальности. Проведение научной конференции. Качественный состав, строение предмета. Морфология НС речи. Высотная частотность существительного. Глагол в форме настоящего времени совершенного вида со значением постоянного действия. Употребление кратких прилагательных для выражения постоянного свойства предмета. Выделение морфологических средств, характерных для научной речи. Транспозиция как средство связи предложений в тексте (вычислить - вычисление, умножить- умножение). Аудирование текста с выделением ключевых слов, выраженных отвлеченными существительными. Синтаксис научного стиля речи. Составные подчинительные союзы со значением обусловленности в научной речи: вследствие того, что, несмотря на то что, ввиду того что, в связи с тем что, тогда между тем как. Вводные слова и словосочетания как средство связи частей текста. Использование языковых средств в устной и письменной форме в научных текстах. Выделение характерных синтаксических особенностей научного стиля. Составление предложений с использованием вводных слов и словосочетаний и других специальных средств для связи. Использование сложных предложений, однородных членов предложения, составных подчинительных союзов со значением обусловленности для составления научных микротекстов. Работа с вводными словами и словосочетаниями, выступающими в качестве средств связи предложений и частей текста. Замена придаточных предложений причастными и деепричастными оборотами. Составление собственных монологов-рассуждений на основе прочитанного с использованием синтаксических особенностей научной речи. Подстиле научного текста. Наблюдение над языковыми средствами подстилей в учебниках и учебных пособиях по специальности. Определение частотности научной лексики в разных подстилях, определение их соотношения с общеупотребительной лексикой.



Сопоставительный анализ текстов различных подстилей. Чтение и анализ собственно-научных, научно-популярных и научно-учебных текстов, составление планов, воспроизведение анализируемого текста, составление текста по его введению.

Результаты учебной деятельности/формы итогового контроля

Экзамен


1 курс

1 семестр.

Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

соц

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификацияӘлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы.Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылауСаяси әлеуметтануМәдениет әлеуметтануы.Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.



Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ОП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1-2

Оқытушының Т.А.Ә.

Қозыбакова С. .,Шеримкулова Г.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушылар

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семинар–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру,

Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Семинар сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

Құқық негіздері әлеуметтік- гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.



Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.


1 курс

1 семестр

Модуль аталымы

Өзін-өзі тану

Молдульдің қысқаша аталымы


ӨӨТ

Тақырыпша

ӨӨТ пәні мен міндеттері, Жаңа қауымдастық. Ересектер ойын ойнай ма? Пікірлесе білу – баға жетпес байлық. Көкжиектің арқасында не бар? Құндылық бағдар. Ғұмыр ұзақтығындай жол.

Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар


Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.

Семестр

1,2 семестр

Модульге жауапты


Жанибекова Г.О.

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс–0 сағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–15 сағат, СӨЖ– 15 сағат

Еңбек сиымдылығы

45 сағат

Кредиты/ зачетные ед иницы

1

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс пререквизиті: Гуманитарлық пәндердің ерекшеліктерін білу; Текстерді ойланып оқу икемділігі;

Талдау икемділігі, негізгіні анықтау, жинақтау және қорытындылау; Сабақтың әр түрлі формада жүргізілетіне дайын болу (ойын ойнау,өлең айту т.б.)

Оқу мен ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану икемділігі.

Мазмұны

1 . Саламатсыздарма! Өзара таныс болуға рұқсат етіңіздер

«Өзін-өзі тану» курсының мақсаты мен міндеттері. Мен дара тұлғамын! Ой – пікірлерге түсініктеме беру. «Өзара танысу» тренингі. «Менің затым» жаттығуы.

2 . Менің жаңа статусым - студент!

Студенттің құқығы мен міндеттері. Студенттік өмір- қайталанбас сәт. Студенттің тәуліктік күн тәртібі

3 . Ересектер ойын ойнай ма?

Жеке адамды қалыптастырудың факторлары. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ойынның рөлі. Психологиялық тренинг-ойындар..

4 . Үйлесімділік немесе дау-дамай

Дау-дамай және дау-дамай жағдайынан шығудағы әдіс – амалдар сипаттамасы

Қарым – қатынас мәселелері. Қарым-қатынас тренингтері

5 . Достық, Жолдастық, Әріптестік

Доссыз өмір – тұзсыз ас. Әріптестік қатынастар ережесі. Тұлғалық бағыттылықты анықтау тесті.

6 тақырып. Махаббат шуағы

Махабат және адам тағдыры. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасынан үзінділерді талдау

7 . Нәзіктік пен қажырлылық

Пікірталас «Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен міндеттері қандай болуы керек?». Гендерлік саясаттың Қазақстанда жүзеге асуы және оның пайдасы мен зияны

8 . Ғалам – біз өмір сүретін орта.

Мәнді өмір сүру үшін адамға керек қасиеттер. Өзіңізді білесіз бе?

9 . Өзіңді қалай тежеуге болады?

Сабыр түбі – сары алтын. Психологиялық кеңестер.

10 . Өмірді алдын – ала болжауға бола ма?

«Менің болашақ өмірімнің бағдары»- атты эссе жазу.

11 . Байлық пен кедейлік туралы диалог.

Байлық пен кедейлік туралы атақты адамдардың пікірлерін, қазақ мақал-мәтелдері мен жазушыларының ой-пікірлерін талдау

12 . Өзіңді пір санама

Қазіргі бұқаралық мәдениет және жеке тұлға. «Мен қандаймын» сауалнамасы

13 . Болашақ бүгіннен басталады

Құндылық пен сана ұстанымдары. «Мен бақыттымын, себебі ...» шығарма

14 . Өмір мәңгілік

Сіз қуана білесіз бе?

15 . Әрқашан мейрімділік жолмен жүр!

Сабыр деген – мен! Жігер деген - мен! Махабат деген – мен!

Оқу іс ірекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы


- Студенттер тұлғааралық және топтық қарым-қатынас туралы білімдерін молайтады.

- Құндылық танымның түрлі ұғымдарын тануға үйренеді.

- Жанжалсыз келісті қарым-қатынас жасауға машықтанады.

- Студент тұлға ретіндегі қалыптасудың міндеттерін айқындайды.

- Көп мәдениетті әлеуметтік ортада тіршілік ете отырып, өмірде кездесетін жағдайларға бейімделу.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Алғашқы қоғам тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Бейсенов М.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірі мен адам және қоғам.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Осы пән барысында олар адамның пайда болуы және эволюциясы, қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, материалдық және рухани мәдениеттің пайда болуы және дамуы, алғашқы қоғамның көркеюі, оның ыдырау себептері сияқты көптеген маңызда мәселелер бойынша ғылыми мәліметтермен танысу.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Алғашқы қоғам тарихының деректері.Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы. Адамзат коғамының қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы. Аңшылар, терімшілер мен балықшылардың алғашқы рулық қауымдары. Дамыған рулық қауым. Алғашқы қауымдық коғамның ыдырауы.

Тілдік топтардың құрылуы. Ғылыми білім негіздерінің қалыптасуы.



Практикалық сабақтар: Алғашқы қоғам тарихы пәні.

Алғашқы қоғам тарихының деректері. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы. Адамзат коғамының қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы. Аңшылар, терімшілер мен балықшылардың алғашқы рулық қауымдары. Дамыған рулық қауым. Алғашқы қауымдық коғамның ыдырауы. Тілдік топтардың құрылуы. Ғылыми білім негіздерінің қалыптасуы.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Алғашқы қоғам тарихы туралы анық тарихи факттілерге негізделген кең және терең білімге ие болуы тиіс.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Тарихи өлкетану

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусаева С.Т.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к.,аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы, Қазақстан тарихы деректері мен тарихнамасы, Қазақстан тарихы

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Біздің ежелгі кезеңнен басталатын еліміз туралы мол байлық, өлкеміз туралы мол мағлұмат беретін материалдық,этнографиялық, археологиялық заттарды тануға тарихи өлкетану пән көмектеседі.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Ежелгі дәуірдегі мемлекеттердің пайда болуы және мемлекетаралық қақтығыстардың басталуы. Грек-Парсы мемлекеттерінің арақатынасының шиеленісуі (Афина мемлекеттерінің өз бостандағы үшін азаттық күресі (б.з.д.Ү). Грек-Македон мемлекетінің құрылуы. Б.э.д. ІҮ ғ. Грецияның Македонияға бағынуы. Александр Македонскийдің жаулап алу соғыстары және оған қарсы азаттық күресуі. Құлиеленушілік Рим республикасының күшеюі. Жерорта теңізі мен Кіші Азиядағы жаулап алу соғыстарына қарсы күрес (б.э.д. ІІІ - І ғғ.) Спартак көтерілісі. Араб халифатының жаулап алу соғыстары және оған қарсы азаттық күресі (ҮІІІ-ІХ ғғ.). Крес жорықшылары және Шығыс халықтарының азаттық күресі. Англия мен Франция арасындағы жүз жылдық соғыс. Француз халқының азаттық күресі. Бірорталықты Англия мемлекетінің құрылуы Францияның езгіге қарсы Уот Тайлер бастаған көтеріліс. феодалдық езгі мен католиктер шіркеуіне қарсы азаттық күресі. Түрік османдардың Балкан түбегін жаулап алуы және Балкан халықтарының азаттық қозғалысы. Қытай халқының Монғол империясының жаулап алу соғысына қарсы азаттық күресі. Моңғол имперясының езгісіне қарсы Орта Азиядағы азаттық қозғалыс. Алтын Орда дәуіріндегі ежелгі Русьтегі азаттық қозғалыс. Куликова шайқасы. 1812ж Отан соғысы Н.Бонапарт империясына қарсы орыс халқының азаттық күресі. К.Қасымұлы бастаған Қазақ халқының 1837-1847 жж. Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресі.

Практикалық сабақтар: Қазіргі замандағы өлкетанудың мәні, міндеттері мен құрылымы. Қазақстан территориясындағы өлкетану дамуының негізгі кезеңдері. Революцияға дейінгі жергілікті әкімшілік басылымдық қызметтеріне сипаттама: шолулар, естелік кітапшалар, еңбектер, естеліктер. Қазақстандағы ОГҚ мүшелерінің қызметі. Түркістан археологиялық қоғамы.

Өлкені танып білудегі революцияға дейінгі суретшілірдің қосқан үлесі. Түркістан өлкесінің зерттеушілері: А.И.Добросмыслов, И.И.Гейер. Өлкетануды оқу деректерінің революцияға дейінгі библиографиялық көрсеткіштері. Музейтану ғылымдар жүйесінде. Музей жұмыстарының негізгі бағыттары. Архив істерінің ұйымдастыру тарихы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазақстан музейлері–тарихи-мәдени мұраларды сақтау


1 курс

2 семестр.

Пәннің аталуы

Информатика

Қысқартылған атауы

инф

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Спабекова Г.М.

Доцент / оқытушы:

ф-м.ғ.к.,доцент

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: математика , физика

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Бұл қоғамда ең қажеттісі – информатика мен компьютерлік техниканы терең меңгеру.

“Информатика” пәнінің негізгі мақсаты студенттерге жаңа ақпараттық технологияларды игеруді және оны нақтылы пайдалана білуді үйрету, информатиканың басты идеялары мен дербес компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйрету.



Мазмұны

Дәріс: Информатка пәні, объектілері және оның құрамдас бөліктері. Дискретизация түсінігі, тілдер – объектілерді және процесстерді бейнелеу әдістері. Суреттерді форматизациялау. Компьютерлік графика түсінігі. Информатиканың геометриялық түсінігі. Компьютерде акпаратты бейнелеу. Буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. Компьютедің жадысын ұйымдастыру. Командалар және адрестер жүйесін жүйесін ұйымдастыру. Ақпаратты сақтаудың техникалық құралдары. Жадыны басқару, мильтипроцессорлық есептеу жүйелері: есептеу процесі ажырату, программаларды ажырату, қабатты-параллельдік формалар, гипераудандар өрісі. Қазіргі замандағы программалық құралдар. Программалау жүйесінің программалық, тілдік және информациялық жабдықталуы. Компиляторлар және интерпретаторлар. Стандартты программалар. Операциялық жүйелер. MS DOS, Windows операциялық жүйелері. Архиваторлар, антивирустық программалар, утилиттер. Алгоритмдер (типтері, қасиеті, бейнелеу әдістері). Алгоритмдік құрылымдар. Программалауды үйрететін тілдерді шолу, жалпы бағыттағы программалау тілдері. Негізгі алгоритмдер. Есеп шығарудың негізгі программалық нәтижелі схема. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Тізбектерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Деректердің ақпарттық құрылымдары туралы жалпы мағлұмат. Есепті тиімділеу. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері. Модульдік және құрылымдық программалаудың концепциясы. Объектіге бағыталған программаларды шолу. Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау . MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану. Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазу. Excel-де функциялармен жұмыс. Excel-де диаграмма тұрғызу.

Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілері. Кестеаралық байланыс. Кесте құру режімдері. Сұраныс. Қалып түрлері. Есеп. MS Access-те беттермен жұмыс. Макрос және модульдер. Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point құжатының құрылымы. Слайд құру режімдері. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютердің желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру. Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды, деректер тасымалдау әдістерін шолу. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері. Интернет және электрондық пошта. . Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері. Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: қысқа мінездеме, негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау технологиясы.



Семинарлық сабақтар Санау жүйелері. Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару. Есептерді алгоритмизациялау. Сызықты, тармақты және циклдік алгоритмдер. Жүйелі программалық алгоритмдер. Архиваторлар, антивирустық программалар, утилиттер.Windows ОЖ орнату. Жұмыс үстелінде объектілерді құру, жою және қалпына келтіру. Мәтіндік редакторлар.MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану. MS Word-та диаграммаларды орнату. MS Word программасында формулаларымен жұмыс. Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазуды қолдану. Windows жүйесіндегі EXCEL программасында диаграмма тұрғызу мүмкіндіктері. EXCEL программасының математикалық қосымшалары. Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілеріндегі кестеаралық байланыс. Кесте құру, сұраныс. Қалып түрлерін қолдану. Есеп беру. MS Access-те беттермен,макрос және модульдер құру. Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point-та слайдтар құру. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру. Ауқымды және жергілікті желілер. Интернет және электрондық пошта. Негізгі технологияларды қолданып, деректер тасымалдау әдістері.Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: мінездеме және негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін білу, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және бұл жұмыстарды автоматтандыра отырып күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.


1 курс

2 семестр.

Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

пол

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Байқонысов Е.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Саясаттану» курсын оқып үйретудің қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орнының түлегі білу қажет:

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.


Мазмұны

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары



Семинарлық сабақтар Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар



Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.


1 курс

2 семестр

Пәннің аталуы

Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Бейсенов М.К.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30,практикалық – 30, ОСӨЖ – 60,СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: алғашқы қоғам тарихы, ежелгі дүние тарихы, археология, этнология .

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан студенттерге мол фактологиялық материалдар беру; Қазақстандағы ежелгі дәуірдегі және ортағасырлардағы тарихи-этномәдени процестердің негізгі кезеңдерін және өзіндік сипатын айқындау;

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Сақ-Савромат дөуіріндегі Қазақстан. Ғүн, үйсін, қаңпы - ерте мемлекеттік қүрылымдар Көне түркілер. Түркешгер. Қарлұқтар. Оғыздар. Қарахандар Қыпшақтар. Қидандар, қарақытай туралы жазба дерек мәліметтері. Наймандар, меркітгер, керейлер, жалайыр үлыстары. Түрік өркениеті. Қазақ хандығы Жошы үлысы. Алтын Орда Ақ Орда мен Көк Орданың құрылуы. Шағатай үлысы (ХШ-ХУ ғғ.). Моғолстанның қүрылуы. Ноғай Ордасының территориясы мен этникалық қүрамы. Әбілқайыр хаңдығының қүрылуы. Қазақтардың этногенезі. Қазақ хаңдығының қүрылуы мен күшеюі.

Практикалық сабақтар: Қазақстан терржориясындағы тас ғасыры. Қазақстан-қола дәуірінде. Қазақстан территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдарының өркениеттік ерекшеліктерінің пайда болуы және дамуы. Қазақстан территорияыңдағы тайпалық бірлестіктердің тарихының жазба деректері. Сақ-үйсін этномәдени қауымдастығы. Үйсіндердің, қаңлылардың, ғүндардың әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы. Ежелгі Еуразия көшпелі мәдениетіңдегі жалпыльшық және ерекшелік. Қазақстан тарихындағы түркі мемлекеттік бірлестігі. Еуроазияның этносаяси тарихыңдағы қыпшақ факторлары. Қарахандар мемлекеті. Түрік-иран-араб мәдени синтезі және ренессанс. Орта Азия мен Қазақстандағы монғолдардың жаулап алуы. Монғол үлыстарының қүрьшуы. Алтын Орда туралы жазба деректер. Алтын Орданың қүрылуы. Алтын Орданың саяси тарихы. Ақ Орда мен Көк Орда туралы тарихи концепциялар. Ақ Орданың саяси тарихы. Ноғай Ордасының тарихы. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Сібір хавдығының тарихы. Шағатайлар мемлекеті. Моғолстанның тарихы. Темір мемлекетінің тарихы. Қазақ хандығының қүрылуы. ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақ хандығының саяси тарихы. ХҮПІ-ғасырдағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Қазақтардың қоғамдық-саяси қүрылымы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазақстанның ежелгі және ортағасырларға жататын тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мәліметті толық білуге бейімдеу;


1 курс

2 семестр

Пәннің аталуы

Ежелгі және орта гасыр тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Абдухаймов Е.Ф.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30,практикалық – 30, ОСӨЖ – 60,СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы, Этнология,

Мәдениеттану, Әлемдiк дiндер тарихы.



Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Ежелгi Шығыс, Антика және орта ғасырлық қоғамның елдерiне қатысты маңызды процестерiн айқындап, олардың мән, маңызын ашып көрсетуге бағыт-бағдар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Ежелгi Египет тарихы. Ежелгi алдыңғы Азия тарихы. Ежелгi Месопотамия. Ежелгi кiшi Азия және Закавказье Кiшi Азия: территориясы және халқы. Тарихының ежелгi кезеңi. Шығыс жерорта теңiзi жағалауындағы елдер. Ежелдегi Сирия, Финикия, Палестина, Карфаген. Ежелгi Иран мен Орта Азия. Элам және Мидия – Иран территориясындағы ең ежелгi мемлекеттер. Ертедегi Оңтyстiк Азия. Жалпыиндиялық державаның пайда болуы мен ыдырауы (б.з.д. I мыңж. II-шi жартысы). Ежелгі Грекия тарихы. Марафон шайқасы. Фемистокл жеңiсi. Саламин маңындағы шайқас. Ежелгі Рим тарихы. Б.з.д. I ғ. аяғы-III ғ. бiрiншi жартысындағы Рим және Италия.

Практикалық сабақтар: Кіріспе. Ежелгі Египет тарихы.Ежелгі алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопатамия. Ежелгі Кіші Азия және Закавказье. Кіші Азия территориясы мен халқы. Тарихының ежелгі кезеңі. Шығыс жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Ежелгі Иран мен Орта Азия. Ертедегі Оңтүстік Азия. Ежелгі Қытай. Ежелгі Грекия тарихы. Б.з.д. VI-IV ғғ Классикалық Грекия. Ежелгі Рим тарихы Ежелгі грекия тарихының дерекнамасы. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтардағы Греция. Б.з.б. VІІІ-VІ ғғ. Греция. Б.э.д. У-ІУғғ. Классикалық Грекия. Грек-парсы соғысы. Б.з.б. V ғ. Афиндік демократия. Б.з.б. ІV ғасырдығы Греция. Эллинизм дәуірінің тарихы. Ежелгі Рим мен Италия. Республика дәуіріндегі Рим. Империя дәуіріндегі Рим. Батыс Рим империясының құлауы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ежелгі Шығыс, Антика, Греция және Рим тарихы мен орта ғасырлардағы Батыс және Шығыс елдеріндегі тарихи дамудың негізгі және өзекті мәселелерін айқындау.


2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр

3 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Шалдарбекова А.Б.

Доцент/оқытушы

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.



Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.


2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Теориялық археология

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Бейсенов М.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: “Қазақстанның тас ғасыры”, “Алғашқы қоғам тарихы”, “Теориялық этнология”

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Археологияның әдiстемелiк мәселелерi бойынша көне мәдениет тарихының жалпы заңдылығын үйретуде теориялық археология айналысады, көне қоғам тарихын жаңғырту, археологиялық деректердiң негiзгi мәселелерiн, археологиялық мәдениеттiң салыстырмалы хронологиясын және т.б. үйретедi

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Археологияның ғылыми әдiстерi. Археологияның ғылыми зерттеу объектiсi. Археологиялық деректер. Археологиялық мәдениет. Археологиялық деректердi талдау (анализ) және жiктеу

(классификация). Археологиялық құрылым. Ғылыми тұжырым және археологиялық жазу әдiстерi.



Практикалық сабақтар: Археологиялық зерттеу жұмысы бағыттары. Археологияның ғылыми әдiстерi. Археология объектiсi. Стратиграфия және хронология. Археологиялық мәдениет. Анализ және классификация. Археологиялық деректемерлерi. Компиляция және экспликация. Типологиялық құрылым. Ғылыми тұжырым және археологиялық жазу әдiстерi. Археология әдiстемесi. Археологиялық деректер. Археологиялық мәдениет. Археологиялық құрылым. Археологияның теоретикалық мәселелерi. Ескерткiштер түрлерi және “өркениет” түсiнiгi. Археологиялық мәдениет және этнос. Археологияның жазу әдiстерi.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Теориялық археология – археологияда ғылыми тұжырым жасауда саралаудың әдiстерiн үйретедi.


2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Теориялық этнология

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Нартбаев Ш.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к.,аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: ”Антропология”, "Мәдениеттану", "Әлеуметтану", "Қазақстан этнодемографиясы",

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

“Теориялық этнология” – Археология және этнология мамандығы студенттерiн қазiргi және классикалық этнологияның теориялық және қолданбалы проблемаларымен таныстыру.

Мазмұны

Дәрістер: Этнологиялық мектептердiң негiзгi бағыттары. Кiрiспе. Этнология ғылымының тарихы. Этнос теориясының биоәлеуметтiк және тарихи-эволюциялық бағыты. Этникалық зерттеудiң конструктивистiк және инструменталистiк әдiсi. Этникалық мәдениет теориясы. Дәстүрлi мәдениет және жаңашылдық. Этникааралық коммуникация. Этникалық жанжалдардың пайда болуы, оларды шешу мен болдырмаудың жолдары.

Практикалық сабақтар: Ұлт теориясының негiзгi терминдерi мен категориясы. ХХ-ХХ1 ғғ. этникалық жанжалдардың типологиясы мен динамикасы. Этникалық /ұлттық/ сананың құрылымы мен түсiнiгi.

Этникалық өзiндiк идентификация. Ұлттық мiнез әдет, қатынас, стереотип. Этноконсолидациялық және этнодифференциялдық белгiлер. Этникалық мәдениеттiң компонентi ретiндегi менталитет және модельдi құндылық.. Дiни және этникалық сананың /самоидентификация/ арақатынасы. "Ұлтшылдық" түсiнiгiне сипаттама. Этнос және этникалық топтар саясаттың субьектiлерi. Этникалық мәдениеттiң параметрi. Дәстүрлi мәдениеттегi әдет ғұрып. Дәстүрлi қоғамды модернизациялау проблемасы. Этникалық жанжал түсiнiгi және оның белгiлерi мен себептерi.



Этникалық жанжалдың типологиясы мен даму динамикасы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

“Теориялық этнология” этнологияның негiзгi теориялық мәселелерiн, этнос теориясының түсiнiктерi мен терминдерiнiң iргелi мәселелерi қарастыру.


2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстанның тас ғасыры

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Таштанов Ж

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, міндетті компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Археология ғылымында жалпы танылған ережелер мен түсініктер негізінде Қазақстан территориясындағы адамзат қоғамы тіршілік әрекетінің даму ерекшеліктерін кеңінен пайдалану. Ежелгі дүние тарихы, Ежелгі Қазақстан тарихы пәндеріндеріндегі білімдерін жетілдіру.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Курстың негізгі мақсаты- студенттерге теориялық білім беру және түсіндіру, оларды тас ғасырының ескерткіштерін қазудың археологиялық әдістерімен таныстыру, үйрету. Археология ғылымында жалпы танылған ережелер мен түсініктер негізінде Қазақстан территориясындағы адамзат қоғамы тіршілік әрекетінің даму ерекшеліктерін студенттерге таныстырады.

Мазмұны

Дәрістер: Қазақстандағы тас ғасыры пәнінің мақсаттары мен міндеттер. Дәуірдің жалпы мәселелері. Адамзаттың ең ежелгі Отаны жөніндегі мәселелер және көне тас құралдарының таралуы. Антропогенездің қазіргі уақыттардағы негізгі проблемалары мен кезеңдері. Палеографиялық жағдайлар Қазіргі таңдағы палеолиттің классификациясы. Қазақстан палеолитін зерттеу тарихы. Ашельдік: Қызылтау, Бөріқазған, Шақпақата, Мұғалжар, Семізбұғы және т. б. ескерткіштер. Тас құралдарының негізгі формалары: бифастар, тас жаңқа мен тіліктерден жасалған құралдар. Мустье дәуірінің: Өгізтау, Мұғалжар, Хантау, Тоқалы және т. б. ескерткіштері. Қазақстан аумағындағы стратиграфиясы сақталған ашель және мустье замандарындағы ескерткіштер. Шоқтас пен Қошқорған тұрақтары Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ. Стратиграфиясы сақталған тұрақтардың өзге палеолиттік тұрақтардың кезеңделуі мен хронологиясын анықтаудағы маңызы. Біріккен Қазақстан-Ресей кешенді археологиялық экспедициясы жұмыстарының нәтижелері. Қазақстан аумағы түрлі палеолиттік мәдениеттер тоғысының орталығы ретінде. Қазақстан палеолитінің кезеңделуі мен хронологиясы. Кейінгі палеолиттегі ауа-райы мен табиғаттағы өзгерістер. Құралдарды дайындау мен жару техникасының жетілдірулі. Тасты жарып түсіру техникасындағы жаңа тәсілдер: призма пішіндес құралдар жасау техникасының басым болуы, өзектестардың жаңа түрлері, аралау, жалтырата тегістеу, бұрғылау. Сүйекті өңдеу. Кейінгі палеолит индустриясының түрлері. Ориньяк, солютре, мадлен, граветт терминдерінің шығу төркіні және алғашқы мәні. Оларды Қазақстанның кейінгі палеолит индустрияларына қолдану. Өнердің шығуы туралы мәселелер. Шағын формада сүйектен жасалған бұйымдар. Эпипалеолит, голоцендік палеолит, керамика жасалғанға дейінгі палеолит,мезолит терминдерінің мазмұны мен маңызы. Голоцен, оның палеографиялық шегі және өзіндік сипаттамасы. Қазақстан жеріндегі Тобыл мен Есіл өңірлеріндегі мезолиттік тұрақтар. Оңтүстік Қазақстандағы мезолиттік ескерткіштер. Құралдарды дайындау техникасы. Қазақстандағы мезолиттік ескерткіштер. «Неолит» термині оның шығуы және алғашқы кезеңдегі маңызы. «Неолиттік мәдени төңкеріс». Тасты өңдеу техникасының жетілдірілуі. Құралдарын өндіру саласы бойынша неолит дәуірінің негізгі белгілері (өңдеу техникасы, шикізат көздері, құрал тұрпаттары т. б.), шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы. Л. Н. Чалая, В. Ф. Зайберт, В. Н. Логвин басқарған экспедициялар жұмыстарының нәтижелері. Атбасар мәдениеті. Маханджар мәдениеті. Қараүңгір үңгірі. Кельтеминар мәдениеті. Алғаш рет ашылған неолиттік тұрақтар мен жұрт орындарының сипаттамасы.

Практикалық сабақтар: Тас ғасырының дәуірлерге бөліну. Қазіргі таңдағы тас ғасырының зертеулері. Палеографиялық жағдайлар Қазіргі таңдағы палеолиттің классификациясы.Абсолюттік және шартты түрдегі мерзім. Палеолиттегі археологиялық мәдениет түсінігі. Ашық жатқан «үстіңгі мәдени горизонтта» сақталған ескерткіштер және олардың палеолитті кезеңдеу мен хронологиясын жасаудағы ролі. Мустье дәуіріндегі жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қазақстан аумағы түрлі палеолиттік мәдениеттер тоғысының орталығы ретінде. Қазақстан палеолитінің кезеңделуі мен хронологиясы. Сүйекті өңдеу. Ориньяк, солютре, мадлен, граветт терминдерінің шығу төркіні және алғашқы мәні. Стратиграфиялы ескерткіштердің «үстіңгі мәдени горизонтқа» жататын ескерткіштердің қай мәдени-тарихи кезеңге жататындығын анықтаудағы маңызы. Еуропа мен Сібірден табылған антропоморфтық және зооморфтық шағын мүсіндер (статуэтки). Әйелдер мүсіндерінің кейінгі палеолиттегі идеологиялық түсініктерді жаңғыртудағы маңызы. Кейінгі палеолиттегі Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер әлемі. Голоцен, оның палеографиялық шегі және өзіндік сипаттамасы. Мезолит – қоғамдағы өндірістік күштердің даму, жаңа шаруашылық түрлеріне өту кезеңі. Түрлі аймақтардағы экономикалық дамудың әр түрлілігі.. Қазақстандағы мезолиттік ескерткіштер. Құралдарды дайындау техникасы. Қыстырма-қосымша техникасы. Шағын тас құралдарының (микролиттердің) жасалуы Тасты өңдеу техникасының жетілдірілуі. Шаруашылық түрлері. Неолиттік тұрақтардың түрлері. Құралдардың негізгі түрлері. Қыш ыдыстар: тұрпаты, ою-өрнектері. Хронология, аумағы, ескерткіштер түрлері. Железинка ауылы маңындағы неолиттік жерлеу орны. Пеньки-1, 2. Жерлеу орындары. Қыш ыдыстар және саймандар. Рухани мәдениет. Неолиттік өнер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Дәуірдің жалпы мәселелері. Көне тас құралдарының таралуы. Антропогенездің қазіргі уақыттардағы негізгі проблемалары мен кезеңдері үйрену

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет