Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


/Елубай С. Рух тәуелсіздігіне жету үшін әлі талай күресу керек //сұхбат//.-«Әдебиет айдыны», 2007 жыл, 31 мамыр/



бет27/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

/Елубай С. Рух тәуелсіздігіне жету үшін әлі талай күресу керек //сұхбат//.-«Әдебиет айдыны», 2007 жыл, 31 мамыр/.
Демек, қазақ сөз өнері әуелгі арна-бағыттарынан жаңылмастан, керісінше тақырып пен жанрлар жүйесі, өмір шындығы мен көркемдік-эстетикалық талаптар тұрғысынан жан-жақты дамығанын аңғарар едік. Жаңа бағыт, соны сипаттар тұрғысынан да жетіліп, ілгерілей тү скенін тануға болады.Уақыт тынысы да терең көрініс береді.
Ұлт тәуелсіздігі –қоғамда, адам өмірі мен еңбегінде, тұрмыс-тіршіліктерінде терең із қ алдырды. Қоғам дамуынан, ұлттық санадағы өзгеріс пен өмірдегі жаңашыл бағыттардан – азаттық пен еркіндік салтанаты, келелі келешекке құштарлық пен сүйіспеншілік сынды шынайы сезім, сырлы сипаттар көрініс берді. Тәуелсіздік мұраттары ұлттық поэзиядан, ондағ ы басты тақырыптардан елдік мүдде, тарих пен таным, адам еңбегі, талайлы тағдыры, дәстүр мен тәжірибе тағылымдары, ел-жер, дін-тіл, тәлім-тәрбие, патриоттық сезім т.с.с. кең орын алды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары қазақ ақындарының әр алуан тақырыптарды қамты ған ізденіске құрылған идеялық-көркемдік ерекшеліктері мол өлең-жырлары жарық көрді.
Атап айтқанда,
Т.Әбдірахманқызының «Замана сазы», «Сөйле, қалам»,
Е.Әукебаевтың «Күн мен көлеңке»,
Х.Ерғалиевтің «Сонеттер», «Ұлтым дедім, ұлғайдым»,
Д.Әбілевтің «Жолаушы өмір»,
К.Салықовтың «Түркістанға тағзым», «Таныс жұлдыз жарқылы»,
Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе»,
С.Сейітовтің «Серпер»,
Т.Молдағалиевтің «Жаз да өтіп барады», «Сағындырған көктемдер»,
Қ. Мырза Әлінің «Заман-ай», «Алаштың арманы»,
Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», «Құс жолы»,
А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», «Сүмбіле»,
Р.Ниязбектің «Тыңда мені, замана», «Жүрегімде ғасырлар салмағы»,
Н.Оразалиннің «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу»,
К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», «Наурыз нұры» ,
Т.Медетбектің «Тағдырлы жылдар жырлары»,
А.Егеубайдың «Аламан»,
С.Тұрғынбекұлының «Жерорта»,
М.Шаханов тың «Жаңа қазақтар», «Өркениеттің адасуы»,
Қ.Жұмағалиевтің «Күншуақ», «Жүрегімнің бөлшегі»,
Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек»,
С.Ақсұңқарұлының «Адам Ата –Һауа ана», «Қызыларай»,
С.Адайдың «Әр қазақ –менің жалғызым»,
М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама»,
М.Айтхожаның «Аңсау»,
М.Рәштің «Киелі домбыра»,
Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын Ай бермес»,
Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі»,
Ғ.Жайлыбайдың «Жүрегімнің жұлдыздары»,
С.Дәуітұлының «Сарыбел сазы»,
И.Ғайыптың «Жыр әлемі»,
Т.Илиясұлының «Тас жарған»,
Т.Рахымның «Дүлділ көңіл», «Алтайдан сәлем»,
Е.Раушановтың «Қара бауыр қасқалдақ», «Ғайша бибі»,
Ұ.Есдәулетұлының «Киіз кітап», «Заман-ай»,
Е.Жақыпбектің «Аяулым»,
Д.Қанатбаевтың «Жатаған ымырт, биік таң»,
Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы»,
О.Тұржанованың «Шерқала»,
Т.Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары»,
Е.Асқаровтың «Астана жұртын айналсам»,
Ж.Әскербекқызының «Қаракөз –бұлақ», «Қаңтардағы қызыл гүл»,
А.Бөкеновтің «Салбаурын»,
М.Қайыңбаевтың «Жарғақтағы жазбалар»,
М.Бектемірованың «Еңлікгүл,
Б.Бекетованың «Көлбастау», «Сәмбітал»,
Г.Салықбаеваның «Жан»,
Т.Сарыбайұлының «Дария –дәурен»,
Б.Серікбайұлының «Сам жамыраған шақ»,
Т.Оразбайқызының «Ғашық едім»,
О.Асқардың «Тәуелсіздік тартулары»,
Қ.Бегманның «Сағыныш», «Қарашық»,
Б.Жақыптың «Қолтаңба», «Айдындағы аспан»,
Ж.Сәрсектің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім»,
Ш.Жұбатованың «Гүлдегенде алма ағашы»,
Б.Айтболатұлының «Көзмоншақ»,
Е.Алаштуғанның «Тақсыр күн»,
Ж.Әшімжанның «Тұңғиық»,
Б.Бабажанұлының «Көкемарал»,
С.Қамшыгердің «Сәйгүлік»,
Ә.Балқыбектің «Сынған сәуленің сынығы»,
М.Ершуованың «Жапырақ ғұмыр», «Қоңыр»,
Т.Толқынқызының «Біз –Таулықпыз»,
Р.Сейілханованың «Мендегі бір әлем» т.б. ел-жер жайлы, тарих пен таным туралы, адамдық іс пен адамгершілік әлем, тәлім-тәрбие мәселесі, жан-жүректің қуанышы мен сүйінішті сәттері терең толғам, тебіреністі тұстарымен мәнді болып табылады.Қайсібір ақын да ел тә уелсіздігін,азаттық пен теңдік мәселесін,бостандық пен еркіндік бағасын терең таниды.Оны жан-жүректен,көңіл толқындарымен барынша батыл, шынайы да шебер, сүйіспеншілік сыр-сезімімен суреттеді.Азаттық аңсаған елдің ұзақ уақыттар бойы бодандықта болуы,жаугершілік пен отаршылдық ойранын,азап пен езгіні,басып-жаншудың алуан қилы сә ттерін бастан өткеруі,қиын да күрделі елдік мұраттар биігінде көрінуі- ұлттық поэзияның жар қын да жасампаз беттерін айқындай түседі.
Асылы, қазіргі қазақ поэзясында тәуелсіздік табиғаты мен тағылымы, ұлт мұраты мен ұ рпақтар сабақтастығы, қоғамдық құбылыстар мен кезеңдік көріністер, адам өмірі мен еңбегі, ертеңгі күнге үміт-сенім, жастық пен достық сырлары шынайы сезіммен, шын жүректен жырланады. Ақиқатты айтсақ, уақыт тынысына үн қосу, адам мен оның еңбегін жырлау мұ раттары айқын. Елдік мүдде, ұрпақ қамы, өмір өнегесі мен еңбек мұраттары шынайылық сырларымен нанымды жеткізіледі. Тақырып табиғаты мен алуандылығы, көркемдік таным арналары мен стильдік ерекшеліктер, тіл мүмкіндіктері – қазіргі қазақ поэзиясының да кешеден-келешекке жалғасқан жарасымды үлгі-өрнектерін айқын аңғартады. Айталық, ақын Р.Ниязбек «Бәйтерек» өлеңінде ұлт мұраты мен руханият ісін, ел-жер тарихы мен тағдырын ке ңінен көрсетеді:
Дүние түгел көшкенде жыр тіліне, Ашық аспан айналған түңлігіне.
Бұл Бәйтерек аспанның бұлтын емген
Жұмыр жердің шаншылған кіндігі ме?!
Жүріп өткен ізінен от өрілген,
Елім менің қашан да төте жүрген. Нән Бәйтерек – қазақтың рухы шығар, Жұмыр жердің төсінен көтерілген.
...Құтырынған құйыны құрықталған,
Қилы өмірде көп нәрсе сұрыпталған. Бұл Бәйтерек, кім білсін, алып шығар, Тік көтеріп жер шарын тұрып қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет