Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


(Нұрлы таң. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 140 бет)



бет28/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

(Нұрлы таң. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 140 бет).
Бәйтерек – ұлт символы, елдік мұрат-мүдденің тарих пен таным арқылы сабақтастық сипат құраған көркемдік көкжиегін толық танытады. Ақын қоғамдық құбылыстарды, өмір-дү ние сырын, кеше мен бүгін байланысын ұлт тарихымен,ондағы тағылымды тұстармен өзара байланыста көрсетеді. Ел тарихындағы қилы кезең, сындарлы сәттер жер мен көктің арасында ғы алуан көріністер негізінде беріледі. Жұмыр жердің құдіреті – Бәйтерек бейнесімен астасып, айнала-әлемге алып та заңғар қасиеттерімен нұр да шашады. Сәуле де түсіреді. Биік те еңселі қалпымен көңілді өсіреді. Сес те көрсетеді. Ең негізгісі, әрине Бәйтерек – ұлттың ұстынын, елдік-мұраттардың биік үлгісі ретінде алыс-жақынға бірдей ұнамды, оңды әсер теді.
«Қазақ ұлты» өлеңінде:

Ана тілін білмейтін,


Ана тілін және тілдейтін
Мәңгүрттердің көкірегінде
Сәуле бар деп ойлама,
Санасына қаққан шеге кірмейтін.
Сырқат қоғам қашан дерттен сауықты,
Адам неге бір-бірімен жауықты.
Жар астында жасырынған жаулардан,
Ел ішінің мәңгүрттері қауіпті.
Ал мәңгүрттер ұмыттырып ғұрпыңды,
Қанға майлап ұртыңды.
Жырынды жау өлтіре алмаған,
Өлтіреді рухыңды, -
деп ел мұраты мен мүддесін, оның жолын кесетін кедергі-кемшіліктер хақында ой қозғайды. Б ұл ретте, сөз жоқ Отаны бар, жаны мен қаны ортақ, бірақ ел-жер, тіл-дін, ділі төңірегінде таным-түсінігі жоқ, «кембағал-мүгедек жандар» жөнінде айқын бағыт пен көзқарас жіті танылады.
Ақын «мәңгүрттер әлеміне» еркін еніп, қоғамдағы орнын, ел-жерге қатысты қауіпті тұстарын кең көлемде ашады. Адам әлеміндегі, жар астындағы орнын да тап басып көрсетеді. Маңыздысы, әрине тарих пен танымға, рух пен тілге кері әсері, ұлт пен ұрпаққа қауіпті індет екенін жан-жақты ашады. Қарулы жолмен қарсыласып та, жанталасып та арпалысуға болар. Ал, мылтықсыз майдан – іштегі жаумен, таным мен санаға сыналап енген намыссыз, рухсыз жандармен күрес, шын мәнінде – «күрестердің ұлысы!» (М.Шаханов).
Ақын М.Шаханов «Мәңгүрттенбеу марсельезасы» атты ән-әуенінде ұлт пен ұрпақ қ амына қатысты кемел ой, келелі мәселелерді алға тартады:
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған, Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған. Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде, Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы,
Амалсыздан басқа ананы «өз анам» деп таныды.
Талай басшы жүргеннен соң ұлтсыздыққа қорған боп, Қазақ тілі әлі күнге тәуелсіздік алған жоқ, десе, «Рух пен тіл» өлеңінде:
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.
Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да, -

деп қоғамда орын алған, ел-жерге қауіп төндірген – мәңгүрттік таным мен сана зардабын бү кпесіз, боямасыз көрсетеді (Мәңгүрттенбеу марсельезасы. –Алматы: Рух – Дария, 2008.-288 бет).


Ақын мұраты айқын, ол – ұлтқа қызмет ету. Тарих пен танымға ден қою. Ұлт мұраты мен ұрпақ қамы жолында – тарихқа тағзым етіп, оның басты байлығы – тіл арқылы елдік мү дделерді жүзеге асыру. Ақын оның кілті мен сырын – қазақ тарихымен байланыстырады. «Мы ң өліп, мың тірілген» тұстарда да ел-жерге жаудың табаны тимеген, тарих пен танымға көлең ке түспеген, керісінше ортақ мұрат жолында бір тудың астында табылған-ды. Рух пен тілдің босағада қалуы, назардан тыс болуы – ұлтсыздық белгісі, жанашырлық пен жауапсыздықтың «жоғары көрсеткіші» екені толық танылады. Ана тілінің асқақ даңқы, айбыны мен айдыны тым төмендеп, тарылған тұсы - халық пен нарық, билік пен бизнес салаларынан кеңінен кө рінетіні мың сан мысал, деректер ретінде алға тартылады. Мәңгүрттенбеу марсельезасының м ұңды-шерлі тұстары тарих пен танымның, рух пен тілдің таразыға түскен сәттегі көрініс, сипаттары осыған келіп саяды.
Ақиқатында, ұлттан үлкен, елден жоғары кім бар?!
Тарих пен танымға, ел мен жерге, дін мен ділге, рух пен тілге – ұлттық мұрат-мүдде тұрғ ысынан келу – шындық жүзіне тура қараумен бірдей болса керек-ті. Қазіргі кезеңнің шындығ ы осы.
Бұл – ұлтқа қызмет етудің, осы жолға өмірін арнаған арда адамның батыл қадамы. Қ олдап-қорғауға әбден лайықты ұнамды, оңды шешім.
Даңқ тұғыры – ұлтқа шынайы берілгендерге бұйыратын мәңгілік орын.
Ақын Б.Серікбайұлы (Қошым-Ноғай) «Сам жамыраған шақ» атты жыр жинағындағы ( Астана: Фолиант, 2001. – 292 бет) -«Азаттық, құрбан мен саған» деген өлеңінде:

Алданған талай ақ жүрек едім,


Шырға тастаған шет елден.
Азаттық, саған тағзым етемін,
Абылай ту ғып көтерген!..
Адымдап алға біз енді күліп,
Барамыз,
Асыл киелім
Туыңды сүйіп, тіземді бүгіп,
Алдыңда басымды иемін!
Бұл күнді сан жыл даламыз күткен,
Аталарымыз аңсаған.
Сарғайып әжем,
анам үздіккен
Азаттық,
құрбан мен саған! –

деп бостандық пен теңдіктің сыр-сипаттарын тереңнен қозғайды. Ататарихқа


саяхат жасайды. Ұлт пен ұрпақ ұлағатына назар аударады. Азаттықтың қымбат та тылсым сырларына енеді. Маңыз-мәнін ашады.
Ақын поэзиясында арман-аңсарына айналған ғашықтық ғаламаттарының мың сан ү лгілері көп-ақ. Оқып көрелік:
Ақыл, сезім тұрағы – бас пен кеуде – Даналықтың тұғыры ескергенге.
Өзіңді-өзің, амал жоқ, жұбатарсың
Қос жанарға мөлтілдеп жас келгенде.
Тұрса дағы жүректе сыздап қайғы,
Өмір от қой, қасыңда мұз жатпайды.
Көз жасымен жеңеді әйел бәрін,
Ажал бірақ оған да міз бақпайды.
Немесе:
Ғашықтық сезім есімді алады,
Тауысып тағат, сабырды.
Махаббаттардың қосылмағаны,
Бола ма деймін қадірлі.
Сол секілді:
Сенсіз ғұмыр кеше алмаймын,
білемін мен, білемін,
Менсіз ғұмыр кеше алмайсың,
Гүлдей солар іреңің.
Есігіңді мен қағып тұр
деп ойлайсың үнемі,
Бейуақытта мазаңды алып
дүрс-дүрс соқса жүрегің!

деп сыр-сезімнің таңғы шықтай таза да мөлдірлігін, көңіл мен жүректің арман-аңсарлары арқ ылы алысқа арна тартқанын, құштарлық пен ғашықтықтың ғаламат қуат-күшін көркем, жүйелі жеткізеді. Ғашықтық пен сүйіспеншіліктің, сыр мен сезімнің ғаламат күшін, өзгеше әсер-ық палын жүрекке түскен салмағымен, санадағы сәуле-нұрымен қатар көрсетеді. Абай айтқан :
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл, -
деген сыр-сезім жіті танылады.
Ғашықтық ғаламатын өзінше көреді. Өзгеше таниды. Сү йіспеншілік сырларының өзгеше сипаты да осында.
Ақын Е.Жақыпбектің «Бұл жаз да өтер» атты жыр жинағына (Алматы: Өлке, 2001. – 96 бет) енген өлеңдері әр алуан тақырыптардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет