Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Тақырыбы: Өсімдіктер клеткасының физиологиясы. Өсімдік клеткасының негізгі құрылымдық компоненттері. Клеткалық қабырғасы, плазмодесмалар, протопласттар



бет2/27
Дата16.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#139559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
О у п ніні та ырыбы бойынша д ріс тезистері ж не д ріс курсын о

Дәріс № 2


Тақырыбы: Өсімдіктер клеткасының физиологиясы. Өсімдік клеткасының негізгі құрылымдық компоненттері. Клеткалық қабырғасы, плазмодесмалар, протопласттар.

Жоспар:
1.Өсімдіктер клеткасының физиологиясы.


2. Өсімдік клеткасының негізгі құрылымдық компоненттері.
3. Клеткалық қабырғасы, плазмодесмалар, протопласттар.

Өсімдік клеткасын микроскоппен қарағанда ең алдымен көзге түсетін үш бөлігі - қабығы, протопласт және вакуолі байқалады (1 сурет). Клетка қабығы. Суретте көрсетілгендей, клетка сырты целлюлозадан және басқа полисахаридтерден құралған қабықпен қоршалған. Оның толып жатқан саңылаулары болады. Сондықтан ол еріген заттардың клетка ішіне енуіне немесе сыртына шығуына кедергі бола алмайды. Өсімдік клеткаларына судың және еріген қосылыстардың енуі немесе шығуы өсімдіктің сыртқы ортамен маңызды қарым-қатынасын анықтайтын өте күрделі процесс. Бұл процесс молекулалық және иондық түрде өтуіне байланысты тікелей байқауға келмейді. Лабораторияда өсімдік ұлпалары мен клеткаларында тәжірибе жасағанда сыртқы ортаның әсеріне байланысты клеткада өтіп жатқан процестерді түсінуге болады. Өсімдік клеткасының қабықшасы клеткаларға, өсімдік ұлпаларына механикалық қаттылық бере отырып, клеткада түзілетін гидростатикалық қысымнан цитоплазмалық мембраналарды бұзылудан сақтайды. Сондай-ақ минералды қосылыстарды қабылдауда ол ион алмастырушы болып табылады.


Клетка қабықшасының құрамы целлюлоза, гемоцеллюлоза, пектин, липидтер мен белоктан құралған. Химиялық тұрғыдан клетчатканы (целлюлоза, оның формуласы – (С6Н10О5)n) глюкоза қалдықтары деп атайды. Глюкоза қалдықтарының 3-10 мыңға жуығы 1,4 көміртек байланыстарымен жалғасып, целлюлозаның ұзын жазық тізбегін, молекуласын құрайды. Целлюлозаның 100 молекуласы бірігіп целлюлозаның мицелласын, 20 мицелла – микрофибрилін, ал 250 микрофибрилл – клетчатканың макрофибрилін түзеді. Целлюлозаның макрофибрилдері, сол сияқты микрофибрилдері мен мицелла тізбектері бір-бірімен сутекті байланыспен жалғасып, топ құрайды. Бұл топтар өсімдік клетка қабықшасының тірек қызметін атқаратын кристалдық бөлімін түзеді.
Клетка қабықшасында мұндай кристалдық бөліммен қатар паракристалдық аморфты іркілдек масса–матрикс болады. Целлюлозаның микро, макрофибрилдері осы матрикске батып жатады. Матрикстің құрамында гемоцеллюлоза, пектин мен белоктар болады. Клетка қабықшасы құрамындағы белоктар қабықшаға белгілі құрылыспен қатар созылғыштық қасиет береді. Целлюлозаның фибрилдері арасын түгелдей матрикс алып жатпай, клетка қабықшасында қуыстар қалып, онда су болады. Ондай суы бар клетка қабықшасындағы бөлім «бос қуыс» деп аталады, ал ол бөлімдер барлық клеткаларда жалғасып жүйе құрайды, оны апопласт деп атайды. Клетка қабықшаларында жіңішке саңылаулар болады да олардан плазмалық жіпшелер - плазмодесмос өтеді. Әрбір жеке клетка қабықшаларының 100 мкм2 бөлімінде 10 - 20-ға жуық диаметрі 0,2 мкм плазмодесмалар болады. Плазмодесмалар барлық клеткалардың цитоплазмаларын жалғастырып біртұтас жүйе құрайды. Ол симпласт деп аталады. Сонымен клеткалар арасындағы қосылыстардың өтуінің симпласт және апопласт деп аталатын екі түрі болады. Клеткаларда судың және еріген қосылыстардың өтуінде клетка қабықшасынан бөлек цитоплазмалық мембраналар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет