ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Туризм: экотуризм
1-мәтін
Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.
1.Мәтін қай стильде жазылған?
А) публицистикалық стиль
В) ғылыми стиль
С) көркем әдебиет стилі
Д) ресми-ісқағаздар стилі
Е) ауыз екі сөйлеу стилі
2. 2008 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қандай тізімге енгізілді?
А) «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне
В) Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтарына
С) Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарына
Д) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне
Е) Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа
3. Қай жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді.
А) 2000 В) 2007 С) 1974 Д) 2018 Е)ғаламды
4. Қорық 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. Себебі:
А) жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан
В) далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездескендіктен
С) сулы-батпақты аумаққа жататындықтан
Д) құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдары қиылысқандықтан
Е) қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқандықтан
2-мәтін.
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.
Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.
Рекреация — күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.
Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, климатпен емдейтін болып екіге бөлінеді.
1..Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер қалай аталады?
А) курорттық аудан
В) санаторий
С) рекреациялық аудан
Д) сауықтыру орталығы
Е) шипажайлы аудан
2. Берілген сөйлем мәтінмен сәйкес келе ме?
Қазір Республикамызда 150-ден астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.
А) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 130 курорт бар делінген
В) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 110 курорт бар делінген
С) сәйкес келмейді
Д) сәйкес келеді
Е) сәйкес келеді бірақ, мәтінде қателік кеткен
3. Тиісті сөзді қойыңыз
Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, ............ емдейтін болып үшке бөлінеді.
А) ауамен
В) дәрі-дәрмекпен
С) тамақпен
Д) диетамен
Е) климатпен
4. Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары қай жылдары ашылды.
А) 1920-1925 В) 1834-1880 С) 1925-1930 Д) 1915-1920 Е) 1910-1920
5. ХІХ ғасырдың орта кезінде қандай мәліметтер белгілі бола бастайды?
А) Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы
В) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер
С) Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер
Д) Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері
Е) Табиғаты ғажап әдемі жерлер
6. Рекреация дегеніміз не?
А) күш жинау
В) жол беру
С) қасиетті
Д) мақтаныш
Е) күш жоғалту
Достарыңызбен бөлісу: |