Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет233/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
4. Дәулескер күйшілер. Қазақтың музыка өнерін нотаға түсіру XIX ғасырдың аяқ кезінде ғана басталды. Оған дейінгі қыруар мол музыкалық мұрамыздың бірқатары, өкінішке қарай, заманымызға жетпеді.
Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1889) Бөкей Ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкалық дарыны бар екенін танытты, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Болашақ дәулескер күйшінің жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшке- реледі. Құрманғазы қазақ күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген өндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға оның сазгерлік туындылары - 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйлері жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты күйлері - халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып қосылды.
Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі - Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887). Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген лауазымды әкімшілік қызмет атқарды. Бірақ мұның өзі сазгерлік шығармашылықпен айналысуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнердің алтын діңгегі болған. Халық арасында оның «Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біздің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті.
Қазақтың XIX ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйші Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген. Қарқаралы сыртқы округі Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет те атқарды. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан. Тәттімбет Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды. Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнеледі. Тәттімбет күйлері қазақ халқының музыкалық өнеріи барынша байыта түсті.
Қазақтың күй өнерін қобызда құйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дүкен қобыз тартқан, ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғызаяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» тағы басқа да ғажайып күйлері бар.
Қазақтың дәулескер күйшілерінің бірі - Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921). Ол Ақтөбе облысы аумағында дүниеге келген. Бүкіл ғұмырын халықтың сазгерлік өнеріне арнады. Оның қалдырған мол мұрасының арасында «Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» сияқты зарлы күйлері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   251




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет