Оқулық а лматы, 2012 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата19.10.2019
өлшемі2,78 Mb.
#50297
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Mektepte deyingi pedagogika Aralbaeva

Жас
ерекшелік
кезеңі
Жеке 
тұлғаның даму 
ерекшеліктері
Іс-
әрекет
дамуы
Психикалық
процестердің
дамуы
Қарым- 
қатынасы 
мен тілінің
дамуы
Негізгі жас 
ерекшелік 
жаңа 
өзгерістері
47

Ұсынылатын әдебиет
1.  А.  К. Меңжанова.  Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы:  Рауан, 
1992.
2.  Дошкольная педагогика.  В  2 ч. / Под ред.  В. И.  Логиновой, П.  Г. 
Саморуковой. -  М.,  1988.
3.  Драгунова О. В. Дошкольная педагогика:  С.1.- Чебоксары, 2003.
4.  История  дошкольной  педагогики/ Под  ред.  Л.Н.  Литвина.  -   М., 
1989.
5.  Козлова С. А., Куликова Т. А.  Дошкольная педагогика.  М., 2001.
6. Основы дошкольной педагогики / Под ред. А. В. Запорожца, Т. А. 
Марковой. -  М.,  1980.
7.  Мектепке  дейінгі  педагогика:  Оқу  құралы/  Жұмабекова  Ф.  Н.- 
Астана:  Фолиант, 2008.-336 б.
8.  В.  С.  Мухина.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  психологиясы.- 
А.:  Мектеп,  1986.
9. Аксарина Н.  М. Воспитание детей раннего возраста. -  М., 2000.
10. Болотина Л. Р., Комарова Т.  С., Баранов С. П. Дошкольная педа­
гогика. -  М.,  1997.
11. Бреслав Г. М. Эмоциональные особенности формирования лич­
ности в детстве. -  М.,  1990.
12.  Дьяченко  О.  М.,  Лаврентьева  Т.  В.  Психическое  развитие  до­
школьников. -  М.,  1984.
13. Мухина В.  С.  Детская психология. -  М.,  1985.
14.  Общение  ребенка  в  детском  саду  и  семье  /  Под  ред..  Т.  А. 
Репиной, Р.  Б.  Стеркиной. -  М.,  1990.
15. Педагогика раннего возраста / Под ред.  Г.  Г.  Григорьевой, Н. П. 
Кочетовой, Д. В. Сергеевой. -  М.,  1998.
16. Ступени общения: от года до семи лет / Под ред. Г. Н. Галагузовой, 
Е.  О.  Смирновой. -  М.,  1992.
17. Урунтаева Г. А.  Дошкольная психология. -  М.,  1995.
18.  Эльконин  Д.  Б.  Психическое  развитие  в  детских  возрастах  // 
Избранные психологические труды. -  М.,  1978.
48

4-ТАРАУ
М ЕКТЕП К Е  ДЕЙ ІН ГІ  М ЕКЕМ ЕН ІҢ   БІРТҰТАС 
ПЕДАГОГИКАЛЫ Қ  П РО Ц ЕС ІН ДЕГІ  ТӘ РБИЕ
Жоспар
4.1  «Тәрбиелеу»,  «өзін-өзі  тәрбиелеу»,  «өзара  тәрбиелеу»,  «қайта 
тәрбиелеу» ұғымдарының мазмұны.  Мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеудің құрылымы мен функциялары.
4.2 Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен 
міндеттері.
4.3  Мектепке  дейінгі  тәрбие  беру  мекемесіндегі  тәрбиелеу 
процесінің мазмұны.
4.4  Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  тәрбиелеудің  негізгі  түрлері, 
әдістері және құралдары.
1.5 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
4.1  «Тәрбиелеу», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзара тәрбиелеу», «қайта 
тәрбиелеу» ұғы м дары ны ң мазмұны. М ектеп ж асы на дейінгі бала­
ларды  тәрбиелеудің құры лы м ы  мен функциялары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде жүйелі және 
толыққанды  түсінік  алу  үшін  бірқатар  негізгі  аспектілерді  (ұғымның 
мазмұнын,  оның  өзіне  жақын  ұғымдармен  байланысын)  ашайық, 
құрылымын  (мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын,  түрлерін,  әдістерін, 
құралдарын,  нәтижелерін),  тәрбиелеу  функцияларын,  мектепке дейінгі 
кезеңде оны жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетейік.
Тәрбиелеу  -   мектепке  дейінгі  мекемедегі  тұтас  педагогикалық 
процестің  компоненті,  оны  ұйымдастыру  негіздерін  біз  жоғарыда 
айттық.
«Тәрбиелеу» категориясы ғылымда кең, тар және локалды мағынада 
қарастырылады.
Тәрбиелеу (кең мағынада) -  бұл жас ұрпақты  өмірге және  еңбекке 
дайындауды қамтамасыз ететіндей оған аға буынның өзінің әлеуметтік 
тәжірибесін беруі.
Тәрбиелеу  (тар  мағынада)  -   бұл  тәрбиеленушілердің  тұлғалық 
қасиеттерін,  өзіне  және  айналасындағыларға  қарым-қатынас  жүйесін 
қалыптастырудағы мақсатты, бағытты процесс.
49
4 -7 4 6 3

Локалды  мағынада  тәрбиелеу  -   баланың  қандай  да  бір  қасиетін, 
тәртіп әдетін қалыптастыру.
Мектеп  жасына  дейінгі  мекемеде  білім  беру  процесінің  теори- 
ясы  мен  әдістемесін  қарастырғанда  біз  тәрбиелеудің  тар  мағынадағы 
анықтамасына 
сүйенеміз. 
Бұл 
анықтамада 
тәрбиенің 
негізгі 
функцияларының  мәні  -   баланың  дүниеге,  өзіне,  басқа  адамдарға 
көзқарас 
жүйесін 
қалыптастыру, 
оның 
тұлғалық 
қасиеттерін, 
адамгершілік мәдениетінің негіздерін тәрбиелеу жатыр.
«Тәрбиелеу»  ұғымы  оған  жақын  бірқатар  ұғымдармен тығыз  бай­
ланысты:  өзін-өзі  тәрбиелеу,  өзара  тәрбиелеу,  қайта  тәрбиелеу.  Өзін- 
өзі  және  өзара тәрбиелеу  процестері  тұлғаның  дамуына  қызмет  етеді. 
Олардың айырмашылығы тәрбиелеу ықпалының көзінде жатыр. Бірінші 
жағдайда бұл көз - баланың өзі, ал екінші жағдайда -  ықпал етуші жақ 
ретінде басқа адамдар (балалар, үлкен адамдар) болады.
Ө зара  тәрбиелеу  -  өзара  ықпалдастыққа  қатысушы  адамдардың 
адамгершілік, 
әлеуметтік, 
эмоционалдық  дамуға, 
өзара  бірін- 
бірі  байытуға,  жеке  тәжірибелерімен  алмасуға  бағытталған  өзара 
ықпалдастық 
процесінде 
пайда  болатын  адамдар 
арасындағы 
қатынастардың бір түрі.
Өзін-өзі  тәрбиелеу  -  адам  өзін-өзі  жөнге  келтіру  тетіктерін 
белсенділендіру арқылы өзін тұлға ретінде толыққанды түрде көрсетуге 
бағытталған саналы іс-әрекет.  Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі 
тәрбиелеуінің қозғаушы күші оның ісін үлкен адамдардың мақұлдауын, 
жұмысы  мен  тәртібін оң бағалауын қажет ететіндігі  болып табылады. 
Бұл процесс жағдаятты сипатта болады және үлкен адамдар тарапынан 
қолдауды талап етеді.
Қ айта  тәрбиелеу  процесінің  өзін-өзі  және  өзара  тәрбиелеуден 
айырмашылығы бұл баланың жағымсыз істері мен тұлғалық қасиеттерін 
өзгертуге  бағытталады.  Қайта  тәрбиелеу  көзі  -  баланың  жағымсыз 
жақтарына  мақсатты  түрде  әсер  етіп  өзгерте  алатын  үлкен  адам­
дар.  Қайта  тәрбиелеу  -   неғұрлым  күрделі  процесс,  өйткені  тұлғаның 
қалыптасып  қалған  мінезі  мен  қатынастарында  берік  шартты  рефлек- 
стер жатыр, оларды бұзу қиынға соғады. Бұл процесс әрқашан нәтижелі 
бола бермейтіндігі түсінікті.
Қ айта  тәрбиелеу,  деп  көрсетеді  Г.  М.  Коджаспирова,  -  адамды 
тәрбиелеудің  алдыңғы  нәтижесін  зерттеуге,  тәртібін  түзетуге,  қате 
пікірлерін  жоюға,  девианттық  қылықтарын  болдырмауға  бағытталған 
мақсатты тәрбиелік іс-әрекет.
Тұтас  педагогикалық  процесте  тәрбиелеу  процесінің  өзінің
50

құрылымы  болады.  Еске  түсірейік,  құрылым  -   объектінің  тұтастығын 
қамтамасыз 
ететіндей 
оның 
бөліктерінің 
(компоненттерінің) 
арасындағы берік байланыс.
Ю.  К.  Бабанский  тәрбиелеу  процесінің  құрылымында  алты  өзара 
байланысты  компонентті анықтайды.
1.  Дем  беруші-мотивациялық  -   мектеп  жасына  дейінгі  баланың 
даму  мотивациясы  мен  өзін-өзі  жетілдіруін  қалыптастыруды,  дүниеге 
көзқарас,  өзінің  айналасындағылармен,  басқа  да  адамдармен  дұрыс 
қарым-қатынаста болу негіздерін қалыптастыруды көздейді.
2.  Мақсатты -  мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңінде 
балаларды тәрбиелеу мақсаттарын көрсетеді.
3.  Мазмұндық  -   мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 
мазмұнын 
-   мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  үйлесімді  даму- 
ына  қажетті  қарым-қатынастың  әлеуметтік  тәжірибесінің,  өзара 
ықпалдастықтың,  өзін тұлға ретінде көрсете білу көлемін анықтайды.
4.  Амалдық-әрекеттік  -   түрлі  әдістер,  ұйымдастырушылық- 
педагогикалық  жағдайлар  мен  құралдар  арқылы  жүзеге  асырылатын 
мектепке дейінгі  мекемедегі тәрбиенің процессуалды жағын сипаттай- 
ды
5. Бақылаушы-реттеуші -  тәрбие процесін бақылауды және реттеуді, 
оның барысы мен нәтижелерін түзетуді қамтиды,  тәрбиелеуде кері бай- 
ланыс орнатуды қамтамасыз етеді.
6.  Бағалаушы-нәтижелілік -  балалардың тәрбиеленгендік деңгейін 
диагностикалауды  қамтамасыз  етеді,  сәйкестік  орнатады,  мектепке 
дейінгі  мекемеде  мектеп жасына дейінгі  балаларды тәрбиелеудің жаңа 
мақсаты мен міндеттерін қояды.
Тәрбиелеу  процесіндегі  қозғаушы  күштер;  бұл  процестің  ішінде 
және одан тыс туындайтын қайшылықтары:
•  қоғамның  балалардың  тәрбиеленгендік  деңгейіне  қойылатын 
талаптары мен мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы деңгейінің 
арасындағы;
•  баланың 
жақсы 
болу, 
мораль 
нормаларына, 
үлкен 
адамдардың  талаптарына  сай  әрекет  жасау  сұраныстары  мен  оларды 
қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктері арасындағы;
•  баланың  білімі  мен  білігі  және  сыртқы  мақсаттардың 
арасындағы;
•  баланың  айналасы  туралы,  тәртіп,  қарым-қатынас  нормалары 
мен ережелері жөніндегі бұрынғы білімі мен жаңадан алған білімдерінің 
арасындағы.
51

Мұндай қайшылықтардың болуы  тәрбие  процесіне  қозғау  салады, 
оның жетілуіне түрткі болады.
Тәрбиелеу  тұлғаға,  оның  дамуына,  білім  алуына  кешенді  түрде 
әсер етеді.  Тәрбиелеу,  оқыту және дамыту процестері  өзара тығыз бай­
ланысты.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  білім  беру  процесінде  тәрбиелеу 
негізінен үш функция атқарады.
1.  Дидактикалық  (оқытудың жетекші  функциясы)  -   оқушылардың 
білім жүйесін меңгеруін, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздейді.
2.  Тәрбиелік  (тәрбиелеу  процесіндегі  жетекші  функция)  -  
балалардың  айналасындағыларға,  өзіне  қарым-қатынас  жүйесін, 
дүниетаным  негіздерін,  құндылықтарды  қалыптастыру,  сол  сияқты 
мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тұлғалық  қасиеттерін  тәрбиелеу.  Бұл 
функция  үлкен  адамдар  мен  балалардың  әртүрлі  іс-әрекетте  араласу 
процесінде,  адамгершілік  нормалары  мен  тәртіп  ережелерін  меңгеру 
процесінде жүзеге асырылады.
3.  Дамытушы  функция оқыту және  тәрбиелеу процесінде  баланың 
психикалық процестерін,  оның  қабілеттерін,  педагогикалық процестің 
субъектісі ретінде оның шығармашылығын дамыту.
4.2 М ектепке дейінгі кезеңде баланы  тәрбиелеудің м ақсаттары  мен 
міндеттері
Тәрбиелеудің  мақсаттары  мен  міндеттері  тәрбиелеу  процесінің 
көзделген  нәтижелері  мен  сапасын  бағалау  критерийлерін  анықтайды. 
Олар процеске динамика мен бағдар береді.
Педагогикада  тәрбиелеудің  м ақсаттары   тұлғаны  тәрбиелеудің 
соңғы нәтижелерінің моделі түрінде ашылады.  Сонымен бірге тұлғаны 
тәрбиелеудің  аяқталғандығы  шартты  жағдай,  өйткені,  адам  өмір  бойы 
өзгереді,  дамиды.  Тәрбиеленгендіктің,  білімділіктің,  дамығандықтың 
нәтижесі  әрбір  жас  кезеңімен және  бұл  процестің  нәтижелілігінің жас 
ерекшелік  критерийлерімен  байланысты  болуы  мүмкін.  Тәрбиелеу 
мақсаты  оның  мазмұнына,  түрлеріне,  әдістеріне,  құралдарына 
бағдарлық  әсер  береді,  тәрбиелеу  бағдарламаларының  бағытын 
анықтайды, процестің қажетті нәтижесін көрсетеді.
Тәрбиелеу мақсаттары,  О. П.  Морозова көрсеткендей, әртүрлі негіз 
бойынша жіктелуі мүмкін:
•  мақсаттың 
масштабына  қарай  -  стратегиялық  (глобалдық), 
тактикалық, стратегиялық, локалдық түрде;
•  нақтылық дәрежесіне қарай -  нақтылы, жақын, тікелей;
52

•  уақытша негізіне қарай -  қашық, жақын, тікелей;
•  мазмұнына 
қарай 
-  
физикалық, 
ақыл-ой, 
әлеуметтік- 
адамгершілік, эстетикалық тәрбие мақсаттары;
•  тұлғаға 
ықпал 
ету 
сипатына 
қарай 
-  
дидактикалық 
(оқытушылық), тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік.
Тәрбиелеу  мақсаттары  мемлекеттік  заңнамамен  заңдастырылған 
мемлекеттік жалпыға білім беру міндетті  стандарттарымен тығыз бай­
ланысты.  Педагогикалық  мақсаттар  ҚР  «Білім  туралы»  Заңы  арқылы 
өтеді,  бала құқығы туралы Конвенциямен, бала құқығы туралы Заңмен 
анықталады.  Мектепке  дейін  білім  беру  мақсаттары  мектепке  дейінгі 
Тұжырымдамада  көрсетілген.  Бұл  нормативтік  құжаттарда  мектепке 
дейін  тәрбие  берудің  жалпыланған  (глобалды,  идеалды)  мақсаттары 
белгіленген және диагностикалау көрінісін береді.
«Білім туралы» Заңда мектепке дейінгі білім берудің мақсаты мек­
теп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, денсаулығын сақтау және нығайту 
олардың жеке қабілеттерін дамыту, дамуындағы кемшіліктерін түзету.
Мектепке  дейін  тәрбие  беру  Тұжырымдамасы  заңнамалармен 
үндес.  Онда  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  мақсаты 
мына төмендегілерді  көздейтін  баланы  жан-жақты  үйлесімді  дамыту 
деп қарастырады:
•  денсаулығын сақтау және нығайту;
•  толыққанды дене дамуын қамтамасыз ету;
•  жан-жақты 
психикалық 
дамыту 
және 
бала 
тұлғасын 
қалыптастыру.
Сонымен,  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  тәрбиелеу  мақсаты 
тұлғаның,  оның  әрекетінің жан-жақты  үйлесімді  дамуына негізделеді. 
Өз  кезегінде  «жан-жақты  тәрбиелеу  және  дамыту»  термині  көптеген 
диагностикалауға  жататын  ішкі  мақсаттарды  көздейді.  Тәрбиелеу 
процесі  басқару  процесі  ретінде  физикалық,  интеллектуалдық, 
психикалық, адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік дамытуды, еңбекке 
дайындықты,  білім  беру  субъектісінің  экологиялық,  жыныстық, 
құқықтық, экономикалық мәдениетін дамытуды біріктіреді. «Үйлесімді» 
ұғымы  тұлғаның  жас  және  жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келісілген, 
сабақтас, бірқалыпты дамуын білдіреді.
Шын  мәнінде 
осылай  қойылған  мақсат  адамның  табиғи 
мүмкіндіктерін  құрайтын  тұқымқуалау  белгілерінің  барынша  толық 
ашылуын  көздейді.
Тәрбиедегі  үйлесімділік  және  жан-жақтылық  идеясы 
тарихи 
тұрғыда  жаңа  емес.  Шығыста  ол  VIII-IX  ғғ.  (Аль-Фараби,  Ибн-Сина
53

және  т.б.),  қайта  өрлеу  дәуірінде  пайда  болды,  кейін  XVIII  ғ.  фран­
цуз  ағартушылары  өз  еңбектерінде  қарастырған.  Ресейде  мұндай 
мақсат  қою  революционер-демократтардың  аттарымен  байланы­
сты,  кейіннен  оны  заңдастырылған  негізде  КСРО  (Қазақ  кеңестік 
социалистік Республикасы) енгізді. Бұл мақсат ЮНЕСКО-ның көптеген 
халықаралық декларацияларына енді.
Тәрбиенің  мақсаты  әлеуметтік  сұраныспен  анықталады  және 
мемлекеттік  құжаттарда  көрсетіледі.  Ол  жалпылама  сипатта  бола­
ды  және  нақтылауға  жатады.  Бұл  мақсаттар  диагностикалық  сипат- 
та  болады,  олар  бойынша  нағыз  жетістікке  жетудің  анық  және  нақты 
критерийлері мен көрсеткіштері жасалуы мүмкін.
Көбінесе 
мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды 
тәрбиелеудің 
жалпыланған мақсаты оның жүзеге аспайтындығынан, жүзеге асырудың 
қандай да бір құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байла­
нысты педагогикалық практикада жетіспегендігінен сынға ұшырап жа­
тады,  соның салдарынан бұл мақсатқа жету қиынға соғады.  Дегенмен, 
мақсат-идеал  бола  тұрып,  педагогикалық  ақиқатқа  қол  жеткізуге 
ұмтылу аса маңызды.
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мақсаты  мақсатқа 
жету  траекториясын  көрсететін  міндеттерде  нақтыланады.  Метепке 
дейінгі  тәрбие  беру  міндеттері  мазмұнына қарай  -   физикалық тәрбие, 
ақыл-ой,  әлеуметтік-адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек,  экологиялық, 
жыныстық тәрбие болып жіктеледі.  Осы міндеттерді ашып көрсетейік.
М ектеп ж асы на дейінгі балаларды  тәрбиелеу міндеттері:
Дене  тәрбиесі  міндеттері  -   денсаулықты  сақтау  және  нығайту 
дамып  келе  жатқан  организмді  жетілдіру,  қозғаушы  біліктері  мен 
дағдыларын, денелік сапаларын, мәдени-гигиеналық дағдыларын, дене 
тәрбиесі  мен саналы  өмір  салтына тұрақты  оң эмоционалдық көзқарас 
қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі  баланың ақыл-ой  тәрбиесінің міндеттері
-  тілін, ойлау түрлерін дамыту, көрнекті-бейнеліден логикалық ойлауға 
көшу,  дүниетанымын  қалыптастыру,  сенсорлық  эталонды,  заттар- 
мен  жұмыс  жасаудың  перцептивті  (тексеруші)  амалдарын  меңгеру, 
күнделікті  өмірде  эталондарды  пайдалану  білігін  қалыптастыру,  ой 
әректі мен ойлау амалдарын дамыту.
Әлеуметтік-адамгершілік  тәрбиенің  міндеттері  -   адамгершілік 
қасиеттерін,  үлкен  адамдармен және  балалармен  өзара қарым-қатынас 
орната білу  қабілетін дамыту;  сезімі  мен істеген амалдарын үйлесімде 
көрсете  білу және  басқару;  тәртіп  мәдениетін тәрбиелеу,  адамгершілік
54

сана  (талдау  және  бағалау)  қалыптастыру;  әлеуметтік  тұрғыда 
негізделген адамгершілік нормаларын меңгеру, басқа адамдарға, өмірге 
оң  эмоционалдық қатынас орнату.
Эстетикалық  тәрбие  -   әдемілікті  сезіну,  әлемге  эстетикалық 
тұрғыда  қарау,  көркемдік  жағынан  дамыту,  өмірде,  өнерде  әдемілікті 
бағалай білу және  өзі де соны жасай алу білігін қалыптастыру.
Еңбек  тәрбиесінің  міндеттері  -   қызмет  көрсету  білігі  мен 
дағдыларын 
қалыптастыру, 
айналасындағы 
жақын 
адамдарына 
қамқорлық жасай білу, қарапайым еңбек амалдарын орындай алу, бірігіп 
еңбек  ету  білігі,  басқалардың  еңбегіне  оң  эмоционалдық  көзқараспен 
қарау, кәсіби еңбек мамандықтары туралы білімді меңгеру.
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  экологиялық  мәдениетінің 
міндеттері  -   адамның  ақылына  байланысты  болатын  табиғатқа 
ұқыпты  көзқарас  қалыптастыру;  табиғат  субъектілеріне  көмек  беруге 
дайындық  (қоректендіру,  отырғызу  және  т.б.),  табиғатқа  оң  көзқарас 
қалыптастыру,  экологиялық дүниетаным негіздерін білу.
Мектеп  жасына  дейінгі 
баланы  жыныстық  тәрбиелеудің 
міндеттері  -   жыныстық  тәртіп  негіздерін  қалау,  дұрыс  жыныстық 
идентификацияға  ықпал  ететіндей  орта ұйымдастыру;  баланың  өзінің 
жынысымен  байланысты  тәрбие  түрін  қалыптастыру;  басқа жынысқа 
оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды мектепте  оқуга  дайындаудың міндеттері  -   метептегі 
оқуға  балалардың  жалпы  және  арнайы  дайындығын  қалыптастыру. 
Ол  үшін  жоғарыда  аталған  міндеттерді  шешу  және  балаларды  мектеп 
пәндерін  оқып  меңгеруге  және  мектепке  мотивациялық,  әлеуметтік, 
тұлғалық,  интеллектуалдық,  физикалық  тұрғыда  дайындау  арнайы 
педагогикалық жұмыстар жүргізу.
Жоғарыда  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  негізгі 
міндеттері  қарастырылды.  Оларды  іске  асыру  педагогикалық  практи- 
када  мақсатты  орындауға  -  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  үйлесімді 
дамытуға  бағытталады.  Мектепке  дейінгі  мекемеде  тәрбие  берудің 
мазмұнына  сол  сияқты  құқықтық  сана  негіздерімен,  экономикалық 
тәрбие бастамаларымен таныстыру да кіреді. Бала өмірінің әртүрлі аясы 
(отбасында және  білім  беру  мекемелерінде,  әлеуметтік  орталықтарда, 
бір-бірімен  өзара  қарым-қатынаста)  оның  жан-жақты  дамуына 
стихиялық және бағытты мақсатты түрде әсер етеді.
55

4.3 М ектепке дейінгі тәрбие беру мекемесіндегі тәрбиелеу 
процесінің мазмұны
Мазмұн дегеніміз - объектіні құраушы барлық элементтердің, оның 
қасиеттерінің, байланыстарының, ішкі процестерінің бірлігі.
Мектепке  дейінгі  тәрбиенің  мазмұны  тұтас  тәрбие  процесінің 
компоненттері  ретінде  дене,  адамгершілік,  ақыл-ой,  әлеуметтік, 
эстетикалық, еңбек, экологиялық, жыныстық тәрбиені құрайды. Оларды 
меңгеру құралы балалардың күнделікті өмірі, олардың белсенді әрекеті, 
мақсатты бағдарлы оқыту және тәрбиелеу.
Тәрбие  мазмұнын  қалыптастыру  көзі  әлеуметтік  тәжірибе  бо­
лып  табылады,  ол  білімді,  іс-әрекет  тәсілдерін,  айналасындағыларға 
эмоционалды-құндылық  қарым-қатынасты,  шығармашылық  істер 
тәжірибесін қамтиды.
Мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиенің  мазмұны  оның  мақсатымен 
және  міндеттерімен анықталады.  Ол  мемлекеттік жалпы  білім  берудің 
міндетті  стандартына  негізделген.  Метепке  дейін  білім  беру  стандар­
ты білім берудің басқа сатыларының стандарттарынан өзгеше.  Ол білім 
беру  мекемесінде  педагогтің  балалармен  өзара  әрекетінің  мазмұнына, 
әдістеріне,  сипатына қойылатын талаптар жүйесін анықтауы тиіс.  Сол 
сияқты  мектепке  дейінгі  мекемеде  стандарт  пәндік-дамытушылық 
ортаның  сипатын,  оның  толықтырылуын,  мектепке  дейін  тәрбие  беру 
мамандарының  кәсібилігіне  талаптар  қоюды  анықтайды.  Стандарт 
талаптарына  байланысты  мектепке  дейінгі  мекеме  үшін  білім  беру 
бағдарламасы  құрылады,  ол  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын 
бағытына қарай және жас кезеңдеріне көрсетіп береді.
Тәрбиелеу  нәтижесі  -  үйлесімді  дамыған  және  соған  сай  ортамен 
қарым-қатынас  жасауға  дайын  бала  тұлғасы.  Бала  тұлғасы,  оның  да­
муы  мектепке  дейінгі  тәрбие  сапасының  негізгі  критерийі  болады. 
Тұлға жаңа қасиеттерге  (адамгершілік,  интеллектуалдық, эстетикалық, 
физикалық  және  т.б.),  жағымды  әдеттерге  ие  болады,  адамзат 
мәдениетінің негіздерін меңгереді.
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мазмұнын  құру  тұлғаны  тәрбиелеудің 
жалпы  заңдылықтарына  бағынышты  жасалады.  Бұл  зандылықтар 
объективті  сипатта  болады  және  тәрбие  процесін  реттеп  отыратын 
тәрбие принциптерін анықтауға негіз болады.
56

4.4 М ектеп ж асы на дейінгі баланы  тәрбиелеудің негізгі түрлері, 
әдістері және құралдары
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  мақсаттары, 
міндеттері және мазмұны оны жүзеге асырудың түрлерінің,  әдістерінің 
және  құралдарының  өзіндік  ерекшеліктерін  анықтайды.  Түрлері, 
әдістері  мен  құралдары  тәрбиелеу  процесінің  процессуалдық  жағын 
құрайды. Бұл құралдар іс жүзінде тәрбиелеу әрекетін іске асыруға, мек­
теп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін 
шешуге  мүмкіндік  туғызады.  Биенің  тиімділігі  педагогикалық  проце- 
сте  бұл  компоненттерді  дұрыс таңдап алуға,  мектепке  дейінгі  балалық 
шақтың  барлық  кезеңдерінде  балаларды  тәрбиелеудің  заңдылықтары 
мен принциптеріне бағдарлауға байланысты.
Тәрбиелеу  түрлері  -   тәрбиелеу  процесінің  сыртқы  көрінісі. 
Мектепке  дейінгі  педагогикада  тәрбие  түрлері  дара,  кіші  топтық, 
топтық  болып  бөлінеді.  Тәрбиенің  нақты  мақсаты  мен  міндеттеріне, 
балалардың  жас  және  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  тәрбиенің  түрі 
таңдалады.
Мысалы,  баланың  нақты  бір  қылығы  бойынша этикалық  әңгімені 
онымен  жеке  өткізуге  болады,  этикалық  әңгіме  соңынан  талқылау 
түрінде  өткізілуі  де  мүмкін  -   топтық  түрі;  эстетикалық  циклдағы 
сабақтар топтық және кіші топтық түрде өтуі мүмкін; еңбек әрекеті жеке 
тапсырмаларды  орындау  (кіші топтарда өсімдіктерді  күту, бөлмені топ 
болып жинау) түрінде  өтуі мүмкін.  Ерте жаста негізінен барлық тәрбие 
процесі үлкендер жағынан назар аударуды талап ететін күн тәртібі про- 
цестерден басқасы жеке түрде немесе кіші топтарда өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет