Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§43. Орындалатын қызметтер бойынша



Pdf көрінісі
бет186/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
§43. Орындалатын қызметтер бойынша 
жүйке жүйесінің бөлімдері
Сомалық  және  вегетативті  жүйке  жүйесі
  бойынша  бүкіл  жүйке 
жүйесі орталық (ОЖЖ) және шеткі болып бөлінеді. Сонымен атқарған 
қызметі бойынша бүкіл жүйке жүйесі тағы да екі бөлімге: сомалық және 
вегетативті жүйке жүйесі болып бөлінеді. Сомалық ЖЖ дене қимыл-
қозғалысы,  яғни  қаңқа  бұлшық  еттерін  басқарады.  Ол  адам  еркіне 
бағынады. Сомалық жүйке жүйесінің орталықтары үлкен ми сыңары 
қыртысы маңдай бөлімінде орналасқан. Қаңқа бұлшық етке команда 
жұлын арқылы беріледі. Оның құрсақ-қимыл мүйізі мен тамыршасының 
жалпы  жүйесіне,  одан  бұлшық  еттерге  беріледі.  Команда  алған  соң 
бұлшық еттер жиырылады да, қозғалыс жасайды.
Вегетативті
  (автономды)  ЖЖ  қаңқа  бұлшық  етінен  басқа  бүкіл 
ішкі мүшелерді басқарады. Яғни бауыр, асқазан, жүрек, өкпе және т.б.
Ол біздің еркімізге бағынбайды, сондықтан автономды. Біз асқазаны-
мызды, жүрегіміз бен өкпемізді тез немесе баяу жұмыс істеуге мәжбүрлей 
алмаймыз. Вегетативті жүйке жүйесінің орталығы, негізінен, аралық 
мида орналасқан.
Барлық вегетативті ЖЖ екі бөлімге: симпатикалық және парасимпа-
тикалық болып бөлінеді.
Симпатикалық
 ЖЖ ағзаны белсенді күйге келтіреді
1
. Симпатикалық 
жүйке жүйесінің әрекеті адреналин гормонының әрекетіне ұқсайды. Ол 
жүрек соғуын жиілетеді, тыныс алуды, қан ағысының жылдамдығы 
мен  қысымын  арттырады.  Жалпы  зат  алмасу  белсенді  болады.  Көз 
қарашығы мен бронхиоланы ұлғайтады.
Ағза симпатикалық жүйке жүйесі импульстерінің әсерінде болғанда, 
асқорыту мен зәр шығару жүреді. Мысалы, сілекей мен асқорыту сөлінің 
бөлінуі  баяулайды,  асқазан  мен  ішек  бұлшық  етінің  жиырылуы  на-
шарлайды. 

Симпатикалық жүйке жүйесінің әсері адреналин гормонының әсеріне ұқсас.


168
106-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет