Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Жапырақта заттар тасымалданады



Pdf көрінісі
бет82/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Жапырақта заттар тасымалданады. 
Жапырақтың суды буланды-
руы 
транспирация 
деп аталады. Өсімдік суды не үшін буландырады? 
Оның үш себебі бар.
49-сурет
. Жапырақтың ішкі құрылысы (көлденең кесінді) 
Жанаспалы
жасушалар
Өң жасушалары
Тыныс 
саңы-
лауы
Жасушааралық 
қуыс
Тыныс 
саңылауы


74
1. Тамыр сіңіретін су жапырақ жасушаларының тіршілігіне және 
фотосинтез үшін қажет.
2. Су буланған кезде өсімдік температурасын төмендетеді де, жазда 
ағзаның қызып кетуінен сақтайды.
3. Су буланған кезде тамырдан жапыраққа «тартылады» да, оны-
мен бірге барлық тірі жасушаларға қажет еріген заттар да өсімдікке 
таралады.
Ағза ішінде заттар тасымалын қамтамасыз ету үшін өсімдікте қан 
да, жүрек те жоқ. Оның орнына өсімдікте арнайы 
өткізгіш ұлпалар
 
бар. Олар арқылы заттар тамырдан жапыраққа және керісінше өтеді. 
Жапырақтан тамырға фотосинтез үшін қажет су және онда еріген мине-
ралды заттар түседі. Сонымен қатар жапырақтан тамырға органикалық 
заттар  өтеді.  Негізінен  оларға  өсімдік  тамырын  қоректендіру  үшін 
қажет көмірсулар жатады. Фотосинтез барысында түзілетін нәруыздар 
мен көмірсулар да өсімдік тамыры өсу үшін қажет. Олардан тамырдың 
жаңа жасушалары түзіледі.
  Жапырақта  заттар  тасымалын  қамтамасыз  ететін  арнайы  құры-
лымдар  бар.  Бұл  тамырлы-талшықты  шоғырлар 
жүйке
  (жилка)  деп 
аталады.  Жүйкелер,  әсіресе  жапырақтың  астыңғы  жағынан  жақсы 
көрінеді.  Шіріп  жатқан  күзгі  жапырақтарда  алдымен  негізгі  ұлпа 
бұзылады,  ал  жүйкелер  жапырақ  «қаңқасын»  түзіп,  әлі  де  болса 
сақталады. Жүйкелерде өткізгіш ұлпалардың екі типі бар: тамырдан 
суды өткізетін 
түтіктер
 (
сосуды
) және жапырақтан қант ерітінділерін 
өткізетін 
електәрізді түтікшелер
. Өткізгіш элементтер туралы келесі 
бөлімдерде айтылады.
Тасымалдаудан басқа жүйкелер тірек қызметін де атқарады. Оларда 
қаттылық қасиет беретін берік механикалық ұлпалар жасушалары бар. 
Жүйкелер жапырақты  сынып кетуден қорғайды.
Минералды  қоректену,  ауа  арқылы  қоректену,  транспирация, 
паренõима, лептесік, өткізгіш үлпалар, електәрізді түтікшелер, 
меõаникалық ұлпалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет