Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Тəуекел-менеджмент парадигмасы



бет32/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

4.3. Тəуекел-менеджмент парадигмасы

Бұрын тəуекел объектімен емес, осы объектіні пайдала-ну процестерімен байланысты екендігі көрсетілген еді. Мысалы, акциялардың бір түрінен тұратын бағалы қағаздардың екі портфелін қалыптастыруға болады. Олардың бірінің құрылымы əртараптандыру рəсімдерін жүзеге асыру нəтижесінде қалыптасады, ал екіншісінің құрылымы ерікті түрде таңдалады. Екі портфельге де акциялардың бір ғана түрінің салынғандығына қарамастан, бірінші портфель екіншіге қарағанда тəуекелге азырақ түседі. Осы портфельдердің əртүрлі тəуекелі оларды қалыптастыру кезіндегі əр алуан инвестициялық стра-



80


тегиялармен шарттасылған. Тəуекел объектіге емес, процеске имма-нент деген жағдаймен тəуекелді басқару мүмкіндігімен анықталады.


Тəуекелдерді басқару кезінде бизнес-қауымдастықтар қолданатын əдістемелік тəсілдер, теориялар мен тəжірибелер жиынтығы тəуекел-менджменттің парадигмасы деп аталады. Қазіргі таңда бизнес қауымдастық тəуекелдерді басқару парадигмасының ауысуы процесін өткеріп жатыр. Тəуекел-менеджменттің ескі парадигмасы келесі қасиеттермен сипатталады.


Біріншіден, тəуекелдерді басқару фрагмент түрінде жүзеге асыры-лады, соған байланысты əрбір бөлімше өз тəуекелдерін өзіне берілген функцияларға сəйкес өз бетінше басқарады. Екіншіден, тəуекелдерді басқарудың эпизодтық сипаты бар жəне ол менеджердің жеке шешімі бойынша жүзеге асырылады. Үшіншіден, тəуекелдерді басқарудың шектеулі таралымы бар, өйткені ол сақтандырылатын жəне қаржылық тəуекелдерге қатысты.


Корпоративтік қаржы жəне қаржылық менеджмент теориясының жалпы дамуы мынаны көрсетті, яғни кез келген компанияның эмерджентті сипаттамасы бар (мысалы оның акцияларының бағамы не-месе компания құны), олар қарапайым қосу арқылы анықталуы мүмкін емес, ол синергетикалық əсердің болуына байланысты. Нəтижесінде, компанияның бөлімшелері қызметінің əр алуан түрлерімен қатар жүретін тəуекелдерде эмерджентті болып табылады. Осыдан тəуекел-менеджмент парадигмасының жарамсыздығы жəне оны жаңамен алма-стыру қажеттілігі туындайды.


Тəуекел-менеджменттің жаңа парадигмасының бірқатар ерекше-ліктері бар. Біріншіден, ол кəсіпорында интеграцияланған біріктірілген тəуекел-менеджменттің ұйымдастырылуын болжайды, тəуекелдерді басқару компания басшылығымен үйлестіріледі, ал əрбір қызметкер тəуекел-менеджментті өз жұмысының бір бөлігі деп қарастырады. Екіншіден, тəуекелдерді басқару процесі тұрақты мониторингпен үздіксіз режимде жүзеге асырылады. Үшіншіден, тəуекелдерді басқару кеңейтілген нұсқада жүзеге асырылады, барлық тəуекелдер жəне олардың ықтимал жиынтықтары қарастыралады.


Тəуекел-менеджменттің жаңа парадигмасы бірнеше кəсіби бір-лестіктермен шығарылған құжаттарда белгіленген. Олардың ішіндегі ең белсенділері кестеде келтірілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   179




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет