Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


-тарау. Тəуекелдерді басқару негіздері



бет29/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

4-тарау. Тəуекелдерді басқару негіздері


4.1. Тəуекел түсінігі жəне олардың сыныптамасы


4.2. Тəуекелді анықтау жəне өлшеу
4.3. Тəуекел-менеджменттің парадигмасы
4.4. Тəуекелдерді басқару əдістері
4.5. Корпоративті тəуекел-менеджмент жүйелері


4.1. Тəуекел түсінігі жəне олардың сыныптамасы

Тəуекел дегеніміз – кəсіпорын нəтижесіне жағымсыз əсер етуі мүмкін жəне оның стратегиясын жүзеге асыруға кедергі жасайтын кез келген оқиғалар жəне іс-əрекеттер.


Тəуекелдің табиғатын тереңірек түсіну үшін, тəуекелдің туын-дауына белгілі бір объекті емес, іс-əрекеттің себеп болатындығына назар аудару керек. Мысалы, инвестор бағалы қағаздар портфелін қалыптастырса, онда ол белгілі бір тəуекелге кезігеді, бұл тəуекел оның сипаттамасы емес, ол бағалы қағаздың имманенттік құндылығы. Инвестор таңдаған нақты портфель – бұл оның инвестициялық стра-тегиясын жүзеге асыру болса, онда бұл тəуекел де осы стратегиямен анықталады.


Өнім өндіру жəне өндірілген өнімді сату компаниясының ағымдағы қызметіменбайланысқанмысалдыкелтіругеболады.Бөлімбасшылығы өндірілгенөнімдісатаотырып,əрқалайəрекететуімүмкін.Өндірушікей жағдайда тапсырыс берушіден жеткізілетін тауарлар үшін алғытөлемді талап етуі мүмкін, мұндай алғытөлем 100%-дан 0%-ға дейінгі аралықта болуы мүмкін. Осындай жағдайда кəсіпорын жеткізілген тауар құнын төлемеу тəуекеліне кезігуі ықтимал. Тəуекелдің бұл түріне қайтадан компанияның іс-əрекеті себеп болды.


Кəсіпорынның өз қызметін қаржыландыру кезінде қаржылық тетіктерді қолдануы оның меншіктенушілері үшін тəуекел туында-туы мүмкін, мұндай тəуекел ағымдағы борыштық міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігінен туындауы мүмкін. Бұл жерде тəуекел капитал құрылымын таңдау кезіндегі кəсіпорынның кез келген іс-əрекетімен шарттасылған. Тəуекелдер басқарушылардың кез келген іс-əрекеті кезінде туындайды, сондықтан да барлық кəсіпкерлік тəуекелдерді сипаттайтын толық сипаттаманы олардың əр алуан белгілері бойын-ша тəуекелді жүйелендіру негізінде құрылған жіктемесі бере алады. Кəсіпкерлік тəуекелдің алты түрін атап көрсетуге болады:



  • Кредиттік тəуекел;

  • Нарықтық тəуекел;

  • Портфельді шоғырландыру тəуекелі;

  • Өтімділік тəуекелі;

  • Операциялық тəуекел;

67


● Бизнес-оқиғаның тəуекелі.

Кредиттік тəуекел дегеніміз – бұл кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді сақтамау мүмкіндігі. Тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін төлемдерді дер кезінде жүзеге асырмаған жағдайда, кредиттік тəуекел туындайды. Мерзімі кешіктірілген төлемдер тау-ар сатушы үшін жанама шығындарды туындатады жəне аталмыш жағдайда ол жоспарланған уақыттан ұзақ мерзім бойына дебиторларды қаржыландыру қажеттілігінен айқындалады. Ол алынбай қалған пай-да сияқты шығынды туындатады, өйткені өз дебиторларынан ақшаны ертерек алған кəсіпорын ол ақшаны депозитке салып, одан пайыз алу мүмкіндігіне қол жеткізер еді. Сондай-ақ, бұл эмитенттің облигаци-ялар бойынша кезекті төлемдерді кешіктіруін кредиттік тəуекелдің туындауының тағы бір мысалы ретінде қарастыруға болады.


Нарықтық тəуекел – бұл əр алуан тауарлар, қызметтер жəне қаржылыққұралдарғабелгіленгенбағалардыңжағымсызөзгерулерінен туындаған шығындарға ұшырау мүмкіндігі. Тəуекелдің бұл түрінің туындауына нарықтың əр алуан сегменттеріндегі нарықтық меха-низм жұмысы ықпал етеді. Нарық сегментіне байланысты, нарықтық тəуекел қаржылық жəне қаржылық емес сипаттағы деп екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда, қаржылық тəуекел, екінші жағдайда – тауарлық нарықтардағы тəуекелдер жайында сөз болады.


Қаржылық тəуекел – нарықтың қаржылық сегменттерінің нарықтық коньюнктурасының айқынсыздығынан туындайды, сондықтан да қаржылық нарық сегментіне байланысты, оны өз ретінде тəуекелдің егжей-тегжейлі түрлеріне бөлуге болады: валюталық, пайыздық, қор тəуекелі.


Валюталық тəуекел – ішкі жəне халықаралық валюта нарық-тарындағы валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты туындайды. Тəуекелдің бұл түрі сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компаниялар үшін айрықша сезіледі. Ел ішіндегі күрделі экономика-лық жағдайлар кезеңінде тəуекелдің бұл түрі барлық дерлік кəсіп-орындар үшін шешуші мəнге ие болады. Валюталық тəуекелді жүзеге асыру кəсіпорындардың үлкен операциялық шығындарын туындатуы мүмкін.


Пайыздық тəуекел – нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеріс-терінен туындайды. Нарықтық пайыздық ставка шамасы арқылы кəсіпорындармен стратегиялық, сондай-ақ ағымдағы міндеттерді шешу үшін тартылатын заттар құны анықталады, оның өзгерісі олардың маңызды шығындарына алып келуі мүмкін. Бұл шығындар кəсіпорынға арналған заемдық ресурстар құнының қымбаттауымен жəне ақырғы нəтижесінде оларды ағымдағы жəне күрделі қаржыландыру үшін заемдық қаржыларды тартудың мүмкінсіздігіне байланысты болуы мүмкін. Осындай ұқсас жағдайдың туындауының жəне пайыздық тəуекелді жүзеге асырудың мысалына 2008-2009 ж.ж. дүниежүзілік



68


қаржыдағдарысынкелтіругеболады,бұлдағдарысҚР-дабылайшаорын алды: банк жүйесі тиімділігінің күрт төмендеуі жəне коммерциялық банктердің нақты сектор кəсіпорындарын кредиттеуі көлемінің едəуір азаюы, пайыздық ставкалардың 20-26%-ға ұлғаюы.

Қор тəуекелі – бұл акциялар нарығында нарықтық коньюнктураның айқынсыздығынан туындайды. Нақты бір компанияның акциялар бағамының күрт төмендеуі оған акциялар нарығында жаңа эмиссиялар-ды жүргізу арқылы қосымша өз капиталын тартуға мүмкіндік бермейді. Екіншіжағынан,нақтыбіркомпанияныңакцияларбағамыныңтөмендеуі оның кредиттік рейтингісінің төмендеуіне алып келуі ықтимал, ол өз ретінде, оған қажетті заемдық капиталдың қымбаттауына алып келеді. Комапания үшін дер кезінде қаржыландыруды тартудың мүмкінсіздігі шағындарға ұшыратады.


Тауарлық нарықтардың тəуекелі – тауарлардың, шикізаттың, қызметтердің жекелеген түрлеріне белгіленген бағалардың жағымсыз ауытқуларымен байланысқан. Олардың қымбаттауы кəсіпорын үшін қосымша шығындарды туындатады, сəйкесінше, оның пайдасын қысқартады. Тауарлық нарықтың жекелеген сегменттері жекелеген компаниялар қызметінің нəтижелеріне ғана емес, сондай-ақ елдер эко-номикасына, тіпті əлемдік экономикаға жаһандық дəрежеде ықпал етуі мүмкін. Осылайша, мұнай нарығының конъюнктурасы ықпал етудің жаһандық факторы болып саналады. Кəсіпорын мұнай өңдеуші салаға қатысты болмаса да, мұнай нарығы конъюнктурасының ықпалы оған да сөзсіз əсер етеді, мысалы, электр энергиясының қымбаттауы арқылы.


Портфельді шоғырландыру тəуекелі – кəсіпорынның активтері мен міндеттемелерін бөлу бойынша ақталмаған шығындардан туындайды. Олар компания басшыларының нарықтың жекелеген сегменттеріне, өндірілген өнім түрлеріне, қаржы құралдарына, контрагенттерге шектен тыс назар аударуымен сипатталады. Тəуекелдің осы түріне менеджерлердің инвестициялық міндеттерді немесе қаржыландыру міндеттерін шешу кезінде қаржы құралдарының жекелеген түрлеріне менеджерлердің назар аударуы кезінде туындайтын тəуекелдер жатады.


Өтімділік тəуекелі – бұл компанияның кредиторлар алдындағы ағымдағыміндеттердіорындауқабілетсіздігінебайланыстытуындайды. Компаниядағы осындай жағдай ақша ағымдарын қанағаттанарлықсыз дəрежедебасқаружəнежоспарланбағанкассалықайырмашылықтардың туындауы кезінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда, кəсіпорынның уақытша, сондай-ақ толық төлем қабілетсіздігі туындауы мүмкін. Өтімділік тəуекелінің туындауы өзге нарықтардың болуымен, мысалы, кредиттік нарықтың болуымен байланысқан. Кəсіпорында тиімді баға бойынша қысқа мерзімді заемдық ресурстарды тарту мүмкіндігінің жоқтығы – пайыздық тəуекелді жүзеге асыру болып табылады.


Операциялық тəуекел – бұл кəсіпорынның ішкі операциялық процестерін дұрыс жүргізбеу нəтижесі, ішкі жүйелердің əрекет



69


етуінің тұрақсыздығы ретінде туындайтын шығындар тəуекелі. Техно-логиялардың дамуы, өндірістік процестердің күрделенуі қызметкерлер кəсіпқойлығы деңгейіне жəне өндіріс қолданатын жүйелерге өте жоғары талаптарды қояды. Кəсіпорында табысты бақылаудың жоқтығы мүмкіндікті жіберіп алу, қиянат жасау мен алаяқтық əрекеттердің əр алуан түрлерімен байланасқан шығындарға алып келеді. Дəл осы операциялық бақылаудың жоқтығы салдарынан 1995 жылы танымал трейдер Ник Лисон ең ежелгі, 233 жылдық тарихы бар жəне король отбасын жүздеген жылдар бойына қаржыландырып келген британдық Bazings банкісін банкротқа ұшыратты. Операциялық тəуекелдің одан да егжей-тегжейлі бөлінуі орын алған. Оның келесі түрлері бар: технологиялық, экологиялық тəуекелдер, іскерлік беделді жоғалту тəуекелі жəне т.б.

Бизнес оқиға тəуекелі – кейбір авторлардың пікірінше, стратегиялық тəуекел – кəсіпорынға қатысты жаһандық ортамен көбірек байланысқан тəуекел. Оның туындауына себепші факторларға жататындар: сая-си оқиғалар, компаниялардың немесе мүліктік кешендердің сəтсіз өнертабыстары, сəтсіз бірігулер мен жұтылулар, дұрыс емес мар-кетингтік стратегияны таңдау.


Тəуекелдің осы тобын жүзеге асырудың мысалы ретінде 1990 жылдардың аяғында – 2000 жылдардың басында АҚШ-тың жылжы-майтын мүлік жəне ипотека нарығындағы 2008-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысының туындауына себепші болған оқиғаларды қарастыруға болады.


Қарастырылған жіктеменің теориялық сипаты бар, өйткені ондағы тəуекел оның экономикалық табиғаты тұрғысынан қарастырылады. Компаниялардағы тəуекелдерді басқарудың шынайы қызметінде құралдық сипаты бар жіктеме пайдалы болуы мүмкін, өйткені ол тəуекелдің ішкі сипаттамаларын анықтауға негізделген.


Тəуекелдерді олардың туындататын салдарының сипаты бойынша жіктеуге болады. Осы орайда тек қана шығындарды немесе кез келген өзге залалдарды туындататын таза тəуекелдерді жəне шығындарға да, сонымен қатар қосымша пайдаға алып келуге қабілетті спекулятивті тəуекелдердібөліпкөрсетугеболады.Тазатəуекелгекредиттіктəуекелді жатқызуға болады, ал спекулятивті тəуекелдің мысалы болып кез кел-ген нарықтық тəуекел қарастырылады. Тəуекелді жүзеге асыруға бай-ланысты туындайтын салдар ауқымы бойынша елеусіз, рұқсат етілген, орташа, критикалық, апаттық тəуекелдерді бөліп көрсетуге болады.


Тəуекелді жүзеге асыру жиілігі бойынша шағын, орташа жəне жоғары жиілікті тəуекелдерді бөліп көрсетуге болады.


Кəсіпорын тұрғысынан алғанда тəуекелдердің туындау орны бойын-ша олар сыртқы жəне ішкі тəуекелдер деп бөлінеді. Осы бөлуге сəйкес, барлық нарықтық тəуекелдер сыртқы тəуекелдерге, ал операциялық тəуекелдер ішкі тəуекелдерге жатқызылуы мүмкін.



70


Туындау деңгейі бойынша тəуекелдер жекелеген қызметкерлердің, жекелеген бөлімшелердің, жалпы кəсіпорынның іс-əрекетімен, саламен немесе салалар тобымен, аймақпен, елмен, байланысқан тəуекелдер жəне дүниежүзілік ауқымдағы тəуекелдер деп бөлінеді.

Туындау саласы бойынша тəуекелдер келесі түрлерге бөлінеді: экологиялық, демографиялық, геосаяси, əлеуметтік-саяси, əкімшілік. Заңнамалық, өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инновациялық жəне т.б.


Туындау себебі бойынша болашақтың айқынсыздығымен, ақ-параттың жеткіліксіздігімен, субъективті факторлар əсерінен туында-ған тəуекелдерді бөліп көрсетуге болады.


Салдарының сипаты бойынша тəуекелдерді меншіктің жоғалуына алып келетін тəуекел, табыстардың жоғалуына алып келетін тəуекел, адамдардыңөміріменденсаулығынақауіпкелтіретінтəуекел,азаматтық жауапкершілікті қалыптастыратын тəуекел деп бөлуге болады.


Қарастырылған жіктемелердің əмбебап сипаты бар: кəсіп-орындардың кездесуі ықтимал кез келген тəуекел жоғарыда аталған тəуекелдер класының кез келгеніне жатқызылуы мүмкін. Əрбір жеке дара алынған компания бір мезетте тəуекелдердің өзіндік бірегей жиынтығын иеленетін болады, оларды анықтау рəсімдерін өткізе оты-рып, сəйкестендіруге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   179




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет