Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет73/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
пед менеджмент
Алгоритм ұғымы-WPS Office
Білуі тиіс
: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке жəне отбасы ту-
ралы», «Арнайы əлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды 
əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау ту-
ралы», «Кəмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар 
мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу 
туралы» заңдарын жəне білім берудің даму бағыттары мен перспек-
тиваларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; 
педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стан-
дартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық 
ғылымның жəне практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, 
қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті 
қорғау, техникалық қауіпсіздік жəне өртке қарсы қорғау нормалары 
мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім, 
педагогикалық лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің бо-
луы тиіс.


239
Ж ҚО
СЫМША
С
Ы
ПЕДАГ
О
ГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨНІМДІЛІГІ
Өнімділік 
деңг
ейлері
Сипа
тт
ам
асы
Б
ағытт
ал-
ғандық
Қанаға
тт
ан-
ғандық
Қабілеттері
К
огнитив
тік 
құра
уыш
А
ут
опсих
оло-
гиялық 
құзыреттілік
Р
епро
д
ук
тив-
тік
Ең аз, өнімсіз. 
Өз білг
енін 
басқа
ларға айтып 
б
ере
ді.
Ж
алған 
пе
даг
огик
ал
ық 
(өзіне, өз м
ан-
с
абына, өзін-өзі 
көрс
ет
уіне)
Іле
спелі 
фак
тор
лар (де-
м
алыс, сүйік
ті 
пəн)
Пе
даг
огтің 
жа
лпы 
дарындылығы 
біліне
д
і
Оқу пəнін білу
К
емшілік
тер
ді 
шек
те
у
лі білу

құндылық-
та
рын ұлғайт
у.
Басқа
лар
д
ы 
баға
л
ау
ға 
бағдар
ла
у.
С
еб
ептер
ді 
түсіну 
қабілет
сіз
дігі
Бейімделг
ен
Төмен, өнімділігі 
аз. Өз х
абар-
ла
уын а
удит
ория 
ерекшелік
теріне 
б
ейімдей біле
ді.
К
ейбір 
жағдайлар
да 
оқушылар
д
ы 
басқара а
л
ады
Оқу пəнін білу
Оқыт
уд
ың 
бөлек əдістерін 
білу
Басқар
уд
ың 
бөлек 
тəсілдерін білу


240
Ж
ергілік
ті-
үйле
стір
уші
Өнімділігі ор
та
-
ша. 
К
ейбір т
ара
у
л
ар 
бойынша БЕД 
оқыт
у ст
ра-
тегияларын 
біле
ді (м
ақс
ат
қою, əдістер
ді, 
құра
лдар
ды 
ірік
те
у). 
Көптег
ен 
жағдайлар
да 
оқушылар
мен 
жəне сыныппен 
басқара біле
д
і
Фор
м
алды-
пе
даг
огик
ал
ық 
(пе
даг
огик
ал
ық 
қыз
меттің 
нор
м
ал
ары мен 
ереж
елерін 
с
ақт
ау
ға)
Басымды фак-
то
р
л
ар (оқыт
у,
тəрбиеле
у 
мүмкіндігі)
Арнайы 
пе
даг
огик
ал
ық 
қабілеттері 
та
нылады
Оқу пəнін білу
Оқыт
у 
əдістеме
сін 
білу
Басқар
у 
əдістерін білу
Құндылықт
ар 
мен 
к
емшілік
тер
дің 
сыни өзіндік 
бағасы. Өз 
ж
етістік
тері 
мен 
сəт
сіз
дік
терін 
түсіну
дегі 
қина
лу
лар
Оқушылар-
дың 
білімдерін 
жүйелі-
үлгіле
уші
Өнімді. Ж
алпы 
пəн бойынша 
БЕД жүйе
сін 
қа
лыпт
астыр
у 
ст
ра
тегияла-
рын біле
ді. 
Сыныппен, 
оқушылар
мен 
басқар
у ст
ра
те-
гияларын біле
д
і
Пе
даг
огик
а-
лық дарындық 
кəсіби 
қыз
метінің 
құра
лы бо
лады
Оқу пəнін білу
Оқыт
у 
əдістеме
сін 
білу
Оқыт
у псих
о-
логиясын білу
Басқа
лар
мен 
басқар
у ст
ра
те-
гиясын білу


241
Оқушылар-
дың қыз
меті 
мен тəр
тібін 
жүйелі-
үлгіле
уші
Өнімділігі 
ж
о
ғары. 
Оқушылар
д
ың 
тұлғасын да-
мыт
у
фак
торы 
ретінде оқыт
у 
ст
ра
тегияларын 
біле
ді. Дамыт
у
м
ақс
ат
та
рында 
сыныппен, 
оқушылар
мен, 
өзімен басқар
у 
ст
ра
тегияларын 
біле
д
і
Нағыз 
пе
даг
огик
ал
ық 
(оқушы 
тұлғасының 
дамуына)
Тұрақты 
фак
тор
лар 
(шығар
м
ашы-
лық, өзін-өзі 
ж
етілдір
у 
мүмкіндігі)
Оқу пəнін білу
Оқыт
у 
əдістеме
сін 
жəне псих
о
ло-
гиясын білу
Оқушылар
д
ы, 
о
л
ар
дың жас 
жəне ж
ек
е 
ерекшелік
терін 
білу
Басқа
лар
мен 
жəне өзімен 
басқар
у ст
ра
те-
гиясын білу
Барабар өзі-өзі 
баға
л
ау
, өзінің 
құндылықт
ары 
мен к
емшілік-
теріне ерекше 
с
е
зімділік. 
Ж
етістік
тері 
мен 
сəт
сіз
дік
те-
рінің 
с
еб
ептерін 
түсіне білу
.


242
И ҚОСЫМШАСЫ
КЕЛІССӨЗДЕРДІ ПРИНЦИПИАЛДЫ ЖҮРГІЗУ ƏДІСІ
(Р. Фишер, У. Юри) 
Осы көзқарастың мəні келесі негізгі ережелерге:
1. 
Келіссөзге қатысушыларының қарым-қатынастары шешімді 
бірге қабылдау міндеті тұрған əріптестер болғандығымен 
анықталады. 
Сонымен оқиғаға қатысушылар қатаң, өктемдік стилді 
ұстанатын адам өз əріптесіне қарсылас, оған қарсы тұрған бақталас 
бəсекелес ретінде қараса; «қайтымды» серіктес болса, ең бастысы (өз 
мүдделеріне зарар келтіре отырып) келіссөздерде өзара достық атмос-
ферасын құруға тырысса, бірін-бірі «достар-қарсыластар» мəнмəтінен 
тыс қабылдауға тиіс.
2. 
Келіссөзге қатысушылар оның мақсатын жылдам жəне толық 
келісімде алған саналы шешімінде көруге тиіс
. Бұл соншалықты анық 
емес, өйткені, мысалы, қатаң стильдің жақтасы мəн-жайдың ең жақсы 
аяқталуында, ал жұмсақтықты қолдаушы «достық көңілмен» келісімде 
көреді.
3. 
Келіссөздерді жүргізгенде адамдар арасындағы даулар-
ды шешілетін міндеттерден бөлу қажет. 
Егер «қатал» əріптес өз 
ұстанымын басқаға міндеттеуге жəне жол беруді талап етуге қабілетті 
болса, ал «ұяң» əріптес – қарым-қатынасын сақтап қалу үшін өз жо-
лын берсе, осы жаңа көзқарас адамдар қандай да болсын бір нəрсені 
əр қалай қабылдайтынын, əртүрлі көзқарастары мен ұстанымдары 
болатынын жəне олардың өзара əрекеттесуі өз ұстанымын басқаға 
артуға пейілденуіне қарағанда, бір-бірінің ұстанымына құрметпен 
қарауға негізделу қажет екендігін мойындайды. Егер əріптес біздің 
ұстанымызды бөліспесе, бұл жайт бізде оған деген кері сезімдерді ту-
дырмау керек, өйткені бұл оның бізге жеткіліксіз құрметпен немесе 
сенімсіздікпен қарауын көрсетпейді.
4. 
Адамдармен жұмсақ болу жəне міндетке талап қоя білу керек, 
өйткені шешілетін проблеманың мəні туралы əңгіме болғанда, əріптеске 
тұлға ретінде қарауда «қаталдық» пен «көнгіштікті» үйлестіру тиімді.
5. 
Сену немесе сенбеуге қарамастан əрекет ету. 
Əріптестер бір-
біріне деген сенімділік/сенімсіздік дəрежесі, шешімді мөлшерде 
олардың мінез-құлқымен қатар, жалпы жағдайдың дамуын 
анықтайтыны көрсетіліп қойылған болатын. Бір əріптестер бізде 
сенім тудырса, екіншілері – сенім тудырмайды, бірақ біз өзімізде 
жоғары немесе төмен деңгейде сенімділікке бейім болуымыз мүмкін. 
Келіссөздерді жүргізу кезіндегі принципиалды көзқарас сенімділік не-


243
месе сенімсіздікке қарамастан, əрекет етуді талап етеді, яғни өз мінез-
құлқыңызды əріптеспен барынша ашық болуын бағдарламай, əріптестің 
осыны абыройы бойынша бағалайтынын жəне сізге ризашылығын 
білдіретінін көздейді. Сонымен қатар, сіздің ашықтығыңызды пайда-
ланып кеткісі келетін деп күдіктенген оппоненттен «қашқалақтамау» 
керек. Сонымен, іс сенімділік немесе сенімсіздікте емес, қисынды 
негіздемелерде əрекет етуге дайын болуда жəне əріптестен де осындай 
дайындықты күтуде.
6
. Ұстанымдарға емес, пайдаларға шоғырлану. 
Сөзсіз, дау дəл 
ұстанымдар жайлы болатын мəн-жайлар болады, бірақ көп жағдайларда 
əртүрлі көзқарастардың болуы адамдарға нақты мəселелерді шешу 
кезінде кедергі жасамайды. Келіссөздерді жүргізу кезіндегі принци-
пиалды көзқарас (əріптестердің нақты ұстанымдарына қарамастан) 
өз назарының басты объектісі ретінде өзара пайдалы шешімдердің 
іздестіруін жасауды ұсынады.
7. 
Тараптардың мүдделерін зерделеу. 
Байбаламдар немесе жол 
беретін ұсыныстар орнына тараптардың мүдделеріне шоғырлануға 
тырысыңыз. Тек өзара қызуғушылықтардың аймағын немесе олардың 
түйісу нүктелерін анықтап, сіз өзара пайдалы шешімге келе аласыз. 
8. 
«Төменгі шекараны» орнатпау. 
«Төменгі шекара» – бұл сіз 
келісім беруге дайын нұсқаулардың ең нашары. «Төменгі шекараның» 
мақсаты – ол сəтсіз келісімді құруды, асығыс шешімдерді қабылдауды 
жəне т.б. алдын алады, яғни санасыз адымдардан сақтайды. 
«Келіссөздерді жүргізу кезіндегі принципиалды көзқарастың» 
авторларының пікірі бойынша «төменгі шекараны» орнатудың таралған 
стратегиясында маңызды кемшілік бар. Осы кемшілік адамның өз 
«төменгі шекарасын» тым ұстана бастайтынымен байланысты, ал ол 
болса, оның бастамасы мен елестетуін төмендетеді. Бəлкім, келіссөздер 
кезінде, əріптесімізбіз, дереу қолайсыз (өйткені ол біздің «төменгі 
шекарадан» төмен) деп қабылдамайтын жəне бұған қарамастан, оған 
қатысты біздер үшінерекшеұтымды ететін бірқатар шарттарды біз 
ұсына алатындай келісімді жасайды. Сонымен, «келіссөздерді жүргізу 
кезіндегі принципиалды көзқарас» жағынан өз бастамаңызға құрсау 
салмау үшін «төменгі шекараны» орнату мүлдем керек емес. Оның ор-
нына, өзіңді албырт қисынсыз шешімдерден қорғау үшін ұсынылатын 
келісімге ең жақсы балама ұсынылады. Ұсынылатын келісімге ықтимал 
баламаларды ойластырған жəне өзі үшін ең жақсысын анықтаған 
əріптесте жетістікке үлкен мүмкіншіліктер бар. 
9. 
Өзара пайда мүмкіндігін ойластыру. 
Шығындар мен 
артықшылықтар жолымен жүрмей, өз күштерін өзара пайданы табуға 
жұмсау.


244
10. 
Таңдауға көптеген нұсқаулар ұсыну, ал шешімді кейінірек 
қабылдау. 
Егер «көнгіш» əріптес басқа тараптың ниеттерін 
қанағаттандыруға тырысса, ал «қатал» əріптес – өзінің айтқанында 
тұрса, принципиалды көзқарасты басшылыққа алған əріптес көптеген 
нұсқауларды қарастыруға тырысады. Олардың біреуін сіздің шешіміңіз 
ретінде қарастырмау қажеттілігі алдын ала ерекше ескертіледі; бұл 
сізді сонымен таңдау еркіндігін жəне келіссөздерді жүргізу барысында 
пайда болатын мүмкіндіктерді қолдануын шектеуіне мəжбүрлейді.
11. 
Объективтік өлшемдерді пайдалануды талап ету.
Өзіңді 
əріптестің қысымынан қорғау, мəн-жайдың, сезімдер мен ниеттердің 
(əрітестің жəне өзіңнің) тізгінінде болмау үшін проблеманың көзделетін 
шешімі жауап беруге тиіс өлшемдерді алдын ала атап кету қажет.
12. 
Ерікке байланысты емес нормаларға негізделген нəтижеге 
қол жеткізуге тырысу. 
Егер əріптестермен шешімді қабылдаудың 
объективтік өлшемдері қалыптасса, олар қандай да бір əріптестер 
жағынан күштеуден емес, нормаларға, өңделген өлшемдерге негізделген 
нəтижеге қол жеткізеді.
13. 
Ой бөлісу жəне дəлелдерге көңіл қою, қысымға емес, 
қағидаттарға жол беру. О
сы қорытынды белгі рəсімнің, келіссөзге 
қатысушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттайды: «жұмсақ» 
əріптес қысымға көнеді, «қатаң» əріптес – қысымда өзінің келіссөздерді 
жүргізу тактикасын құрайды, «принципиалды» əріптес – күрес идеяла-
рын емес, қағидаттарды басшылыққа алады.
Гришина Н. В. Психология конфликта. – 
Спб.: Питер, 2004. –б.307-309. 


245
К ҚОСЫМШАСЫ
«Жаңа формациядағы мұғалім» атты
қалалық тəжірибелік алаң мектептерінің əдістемелік жұмысын талдау
ӨЛШЕМДЕРІ
НҰСҚАУЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ
1. Бағдарламаның ғылыми негізделуі (педагогтың кəсіби дамуының 
белгілі тұжырымдамасына тірек материал). 
Педагогикалық ұжыммен жəне жеке педагогтармен жұмыс кезінде 
Сіз қандай тұжырымдамаға (Н. В. Кузьминаның, Н. Д. Хмельдің, Л. М. 
Митинаның, А. К. Маркованың жəне басқа авторлардың) сүйенесіз?
Сіздің мектебіңізде педагогтардың кəсіби жəне жеке дамуында 
қандай проблемаларды ең маңызды деп санайсыз?
2. Жүйелі көзқарас. Мақсаттар мен міндеттер жүйесінің бо-
луы. Мектеп ерекшелігі, оның міндеті, педагогикалық ұжымының 
сипаттамасы талдауының, мектеп пен педагогтардың жетістіктері 
мен шешілмеген проблемаларын анықтаудың негізінде мақсаттық 
бағдарларды қалыптастыру.
Сіз əдістемелік жұмыста қандай мақсаттарды қоясыз? Осы 
мақсаттар бүкіл ұжымға бағдарланған ба немесе жеке педагог-
тар немесе педагогтардың топтары үшін нұсқаулық мақсаттар 
анықталған ба?
Əдістемелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері мектептің 
жалпы мақсаттары мен міндеттерімен, оқушы жəне педагогикалық 
ұжымның ерекшеліктерімен, мектеп алдында тұрған проблемалары-
мен өзара қалай байланысты?
Сіз мектеп қызметінің қандай негізгі проблемаларын атай ала-
сыз?
3. Тұтас көзқарас. Педагог кəсіптілігінің барлық құрауыштарының 
дамуына жəне жетілдіруіне бағыттылық: уəждеу, когнитивтік (білімдік), 
үдерістік жəне рефлексивтік.
Сіз мектебіңіздің педагогі үшін қандай негізгі құрауыштар, кəсіби-
маңызды қасиеттер жəне жеке мінездемелер маңызды деп санайсыз?
Сіздің мектебіңізде əдістемелік жұмысты атқарғанда оның 
қайсысына ең көп назар аударылады?
Мұғалімде ойлаудың инновациялық, шығармашылық үлгісін 
қалыптастыру үшін қандай мүмкіншіліктерді көрудесіз? 
Сіздің пікіріңіз бойынша, педагогтің қандай қасиеттері оның 
қызметіне кері əсер етеді?
Əдістемелік жұмыста осы қасиеттерді бейтараптандыруға 
қалай ықпал етуге болады?
4. Кешендік көзқарас. Жүйенің жəне қолданылатын нысандар мен 
əдістердің болуы. Инновациялық нысандар мен əдістерді пайдалану.


246
Мектептегі əдістемелік жұмыстың пайдаланатын нысандары 
мен тəсілдерінің алуантүрлігі қандай?
Сіз педагогтердің қандай оқыту инновациялық əдістерін қолданасыз?
Олардың қолданылуы қаншалықты негізделген?
5. Субъектік көзқарас (кəсіби жəне тұлғалық өсудің белсенді 
субъектісі ретінде педагогтің рөлін жүзеге асыру).
Кəсіби қызметтің субъектісі ретінде педагогтің негізгі сипатта-
малары: түрлендіруші, саналы, мақсатты белсенділік; рефлексияға 
деген қабілеттілік (өзіндік талдау); субъектімен мақсаттарды, 
құралдарды, нақты қызметті іске асыруын бақылау жəне адаммен 
осы таңдау үшін жауапкершілікті қабылдау мүмкіншілігі ретінде 
еркіндік; адаммен өзінің бірегейлігін, өзі жəне басқалары үшін жеке 
тұлғасының құндылығын сезіну, өзіне батыл, дербес, берік адам 
ретінде қарау, өзін-өзі құрметтеу; басқаны түсіну жəне қабылдай 
білу; субъектінің өзгеру ниеті ретінде өзіндік дамуы жəне өзінің 
өзгерулері жөнінде сыртқы белгілерді қабылдау дайындығы. 
Сіз мектептің əдістемелік жұмысында педагогтарда осы 
қасиеттердің қайсысын дамыту маңызды деп санайсыз.
Осылардың ішінде қандай тəсілмен жасауды ұсынасыз?
Сіздің пікіріңіз бойынша, əдістемелік жұмыстың қандай мазмұны 
жəне қандай əдістері мен түрлері осы жерде тиімді болу мүмкін?
Педагогпен осы жұмысты ұйымдастарғанда жəне жүргізгенде 
қандай қиыншылықтар пайда болуы мүмкін?
Сіз оларды қалай еңсеруін ұсынасыз?
6. Педагогтың өзін-өзі оқыту жəне өзін-өзі дамытуын ынталандыру. 
Педагогтардың кəсіби жəне жеке өсу бағыттылығын қалыптастыруға 
ықпал ететін тиімді əдістерді пайдалану.
Педагогтарда жалпы мектептік əдістемелік жұмыстың аясында 
«элективтік курстарды» таңдау мүмкіндігі бар ма?
Педагогтарда өз кəсіби өсуінің жеке траекториясын құрастыру 
мүмкіндігі бар ма?
Сіз оларға педагогтың табысты өзін-өзі оқыту үшін қажетті 
(құнды-бағдарлық, когнитивтік, ақпараттық-технологиялық, жеке 
өзін-өзі дамыту жəне басқа) құзыреттіліктерін қалыптастыруға 
көмектесесіз бе?
7. Жеке педагогтарға жəне педагогтардың топтарына жеке жəне 
сараланған көзқарас (өтілден, жеке-психологиялық ерекшеліктеріне, 
өнімділік дəрежесіне жəне басқаларға байланысты).
Сіз бүкіл ұжыммен жұмыс істейсіз бе немесе топтарға бөлесіз бе?
Сіз қандай белгілердің негізінде осы саралауды жүргізесіз?
Сіз жеке педагогтармен жеке жұмысты атқарасыз ба? Дəл 
кіммен жəне неліктен?
8. Ынтымақастық. Мектеп шегіне шығу (басқа ұйымдардан маман-
дарды жұмылдыру, басқа мектептермен іс-шараларды бірігіп өткізу, 
Интернет-ресурстарды пайдалану жəне басқалары).


247
Сіз басқа мамандарды (басқа мектептерден директордың оқу ісі 
жөніндегі орынбасары, ЖЖО-ның оқытушылары жəне т.б.) əдістемелік 
жұмысқа, жеке іс-шараларды өткізуге жұмылдырасыз ба?
Осы жерде Сіз қандай қиыншылықтармен кездесесіз? 
Сіздің пікіріңіз бойынша, басқа ұйымдардың мамандарының 
қатысуы қаншалықты тиімді?
9. Талдау көзқарасы. Əдістемелік жұмыс сапасының, педагогтың 
кəсіби жəне жеке дамуының мониторинг түрлері мен əдістері. 
Педагогтың өзіндік диагностикасы жəне өзіндік талдауы.
Сіз педагогтың кəсіби жəне жеке дамуы мониторингісінің қандай 
түрлері мен əдістерін қолдануын көздейсіз?
Мониторинг бағыттары əдістемелік жұмыстың мақсаттары 
мен міндеттерімен қандай арақатынасқа түседі?
Педагог дамуының мониторингісі қаншалықты жүйелі жəне 
кешенді болады?
Педагог рефлексиясының (өзін-өзі талдау) үдерістері қалай ынта-
ландырылады?
Мектептегі əдістемелік жұмыс жəне кейбір əдістемелік іс-
шаралар педагог рефлексиясының дамуына, оның алдында тұрған про-
блемаларды шешуге, олардың шешімін іздестіруін анықтауға қандай 
жолмен ықпал етеді?
Мониторингті ұйымдастыру жəне жүргізудегі мектеп 
психологінің рөлі қандай?
10. Сіздің мектебіңізге басқа мектептерден келетін əріптестеріңізге 
жаңа формациядағы мұғалімнің қалыптасуы бойынша жүргізілетін 
əдістемелік жұмыстың қандай əдістері мен түрлерін ұсынар едіңіз?
– Педагогикалық жəне əдістемелік кеңестер, 
– ƏБ-нің отырыстары,
– мұғалімдердің шығармашылық топтарының отырыстары,
– тренингтер,
– жас мұғалім мектептері,
– лекториялар, теоретиялық семинарлар, семинар-практикумдар, 
семинар-пікірсайыстар,
– ашық сабақтар мен оларды талқылау,
– кəсіби конкурстар, конференциялар,
– педагогтармен, т.б. жеке жəне топ жұмысы.
Ұпайлары
9-10 – жоғары деңгей
7-8 – жақсы деңгей
5-6 – орта деңгей
3-4 – төмен деңгей
1-2 – талаптар мен өлшемдерге сəйкес келмеу 


248
ПАНЬШИНА ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА 
АЙТПАЕВА ЖАНАТ ЖЕҢІСБЕКОВНА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ
Оқулық
Басуға 02.11.2012 қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times».
Пішіні 60х90
1
/
16
. Офсеттік басылым. Баспа табағы 15,5.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 7420.
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат»ЖШС-і, 
050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет