Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Маңғыстаудағы мұнай көздерінің ашылуы



Pdf көрінісі
бет6/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
1.5. Маңғыстаудағы мұнай көздерінің ашылуы 
Қ.И.Сəтбаев есімімен тікелей байланысты
1999 жылы біздің еліміз үшін есте қалатын елеулі жыл болды. 
Қазақ мұнайының жүз жылдығы, сонымен бірге қазақтың маңдайы на 
біткен асыл перзенті, Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың жүз жылды ғы. 
Бұл – біздің еліміздің ең бір мерейлі де мерекелі ірі тойларының бірі 
болып кең көлемде аталып өтті, тарихта мəңгі қалды.
Республикада мұнай өнеркəсібінің өркендеуі, жаңа кен орын-
дарының ашылуы, Қ.И.Сəтбаевтың Маңғыстау түбегін үстінен 
қарағандағы теңеуімен айтқанда – «ұйқыдағы арудың оянуы» 
Қ.И.Сəтбаев есімімен тікелей байланысты екенін көпшілік біле 
бермейді. 
Қазақстанда Қ. И. Сəтбаевтың көзі түспеген өңір де, өндіріс саласы 
да жоқ. Атақты ғалымның жеке өмірі, еңбек жолы, ғылыми ізденімдері 
туралы жазылған естеліктерді оқығанда, Қаныш Сəтбаевтың Батыс 
аймақты дамытқан, əсіресе мұнай-газ қорын іздеуге, табуға, игеруге 
қосқан баға жетпес еселі еңбегі көзге ерекше болып көрінеді.
Ұлы ғалымның қазақ жерінде ірі мұнай кеніштерін ашуға тигізген 
ықпалы ерекше. Кейде ұлы адамның бірауыз сөзінің өзінде өлшеусіз 
өмір жатады. Ал Қ.И.Сəтбаевтың Атырау мен Маңғыстауға, мұнай 
мен химия өнеркəсібіне бүкіл Ғылым ордасының бетін бұрғаны 
– ғалымның баға жетпес еңбегі. Қ.И.Сəтбаев Қазақстан Ғылым Ака-
демиясының тұңғыш Президенті болып сайланған жылы Гурьевте 
(қазіргі Атырау) Академияның ғылыми базасын ашқан болатын жəне 
оның алғашқы директоры С. Қарымсақовтың айтуы бойынша тұңғыш 
бағдарламаның негізін Қ.И.Сəтбаев белгілеп берген екен. Оның 


14
бастапқы бағыты – Республика экономикасының болашағын шеше-
тін өндіріс салаларының бірі – мұнайға геологиялық барлау жұмы сын 
күшейту, əсіресе тұз қабатының астына бұрғы жіберіп, іздеу-бар лау 
жұмыстарын жүргізу болып табылады. 
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сəт-
баевтың Батыс Қазақстанда мұнай жəне химия өнеркəсібін өркендету 
жөніндегі деректі болжамдары, тұжырымды тапсырмалары Ака-
демия тарихының ерекше тарауы. Кейіннен оның болжам ойлары 
орындалды, Атырауда негізгі ғылыми бағдарлама мұнайға ба-
ғышталған геологиялық-барлау Ғылыми институты ашылады. Атырау 
қаласында Ғылым Академиясының сессиясы өткізіледі. 
Академик Қ.И.Сəтбаевтың басшылығымен өткен Ғалымдар Ке-
ңесінде Батыс Қазақстандағы геологиялық-барлау жұмысының 
кө лемін кеңейту жəне оны нəтижелі ету шаралары жан-жақты тал-
қыланып, «қара алтынның» қоры шоғырланған алаңдарды батыл 
белгілеп, дəлелді де деректі ұсыныстар дайындалып, үкіметке жəне 
басқа да басшы ұйымдарға жолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет