Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Салыстырмалы тіл білімінің кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет25/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі, 1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі
Салыстырмалы тіл білімінің кемшіліктері:
1.  Бұл    әдіс    тілдің  лексикасын,  семантикасы  мен 
синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады. 
2.  Туыстас  тілдердің  бір-біріне  жақын,  ұқсас  келмейтін 
фактілері ескерусіз қалды. Түпкі төркіні табылды деген тілдік 
элементтердің  көпшілігінің  қай  тарихи  кезеңге  жататынын 
және қай тілде солай болғанын тап басып айту мүмкін болмады.
3.  Бұл  әдіс  бірнеше  тілдер  фактілеріне  сүйеніп  қана 
қорытынды  жасады,  тілдердің  басым  көпшілігі,  әсіресе  
туыстығы   белгісіз  тілдер   зерттеуден   шет қалды.  
4. Туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің 
хронологиялық  жақтарына  жете  мән  берілмеді,  көп  жағдайда 
өзара  жалғаспайтын,  бір-бірінен  алшақ  жатқан  дәуірлер 
фактілері салыстырылды.  
5.  Тілдік  фактілерді  салыстырғанда    сол    тілдердің  иесі 
болып  табылатын  қауым тарихына жеткілікті мән берілмеді.  
Бірақ  бұдан  салыстырмалы-тарихи  әдіс  қолданудан 
біржола  шығып  қалған,  қажетсіз  тәсіл  деген  сөз  емес.  Ол  - 
тіл  білімінің  даму  тарихында  елеулі  роль  атқарған.  Орынды 
пайдалана білсе, әлі де берері көп. Қазір де зерттеудің басты бір 
тәсілі ретінде қолданылып жүрген әдіс.
Сонымен, 
айтылғандарды 
жинақтай, 
нақтылай, 
толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша туыстас 
тілдер  фактілері  бір-біріне  салыстырыла  зерттеледі.  Мұндай 


– 
36 

Салғастырмалы тіл білімі
салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді. Олар: салыстырылып 
отырған  тілдер  фактілері  дамуының  жалпы  заңдылығын, 
олардың  арасындағы  туыстастықты  ашу,  тіл  және  тілдер 
тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу.
Салыстырмалы-тарихи  тіл  білімінің  зерттеу  тәсілі  – 
фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты – олардың тарихын ашу 
болғандықтан әдіс – «Салыстырмалы-тарихи тіл білімі» немесе 
латын  тілінен  алынған  термин  бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет