Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Александр  Христофорович  Востоков  (1781-1864)



Pdf көрінісі
бет24/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі, 1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі
Александр  Христофорович  Востоков  (1781-1864).  
 
А.Х.  Востоков  Петербург  көркем  өнер  академиясын  бітірген. 
Жас  кезінен  фольклорлық  шығармалар  жинап  бастырумен 
шұғылданған.  Лингвистикалық  еңбектері  ішінде  ең 
көрнектілері:  «Славян  тілдері  жөніндегі  пікірлер»  (1820  ж), 
«Орыс  тілі  грамматикасы»  (1831  ж);  «Шіркеулік  славян  тілі 
сөздігі» (1843 ж) дейтін  еңбектері. Востоков славян тілдерінің 
өзара жақындық дәрежесін ашуға тырысады. 
Салыстырмалы- 
тарихи тіл біліміне қосқан үлесі.   
Салыстырмалы әдісті тіл 
білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы 
А. Х. Востоковтың да еңбегі бар. ОЛ 1820 жылы жарияланған 
«Славян  тілдері  жөніндегі  пікірлер»  дейтін  кітабында  славян 
тілі  фактілерін,  әсіресе  олардың  дыбыстық  жақтарын  бір- 
біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасыдағы ұқсастық, 
өзгешеліктер ді көрсетті.
Осыдан  кейін  салыстырмалы-тарихи  тіл  білінің  өрісі 
кеңейе  түсті.  Көптеген  еңбектер  жарық  көрді.  Атап  айтсақ: 
Ф.  Диц  «Роман  тілдері  грамматикасы»,  Ф.  Миклошич 
«Славян  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы»  (1852),  
И.Цейс    «Кельт  грамматикасы  »  (1853),  Ф.И.  Буслаев  «Литва 
тілін  зерттеуге  жетекші»  (1858)    атты  еңбектерін  жазды.   


– 
35 

Есеналиева Жанар
Осылардың нәтижесінде «Үнді- европалық тіл білімі» немесе 
«Үндіевропейстика» деп аталатын ғылым қалыптасты
Дыбыс тілі жалпы адамдық құбылыс болғандықтан, онда 
бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Тілдің туыс, төркіндес 
екенінің негізгі кепілі- сөз туғызушы формалардың ұқсастығы 
және  негізгі  сөздік  қор  мен  дыбыс  заңдылықтарындағы 
жақындықтар.  Сондықтан  тілдер  туыстастығын  айқындау 
үшін  кездейсоқ  ұқсастықты  алмай,  тілдердің  фонологиялық, 
морфологиялық,  синтаксистік  жүйелеріндегі  ұқастықтарды 
салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік 
пен төркіндестік қана аша алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет