Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет5/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА
Биореакторы (ферментеры). Ферментерді байлау.(4 сабак), Аминқышқылы жане витамин, 1621919003455
ГЕНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Басқа ғылымдар сияқты генетиканың да өзінің зерттеу әдістері 
бар. Олар - гибридологиялық, цитологиялық, онтогенетикалық және 
математикалық әдістер.
Гибридологиялық зерттеу әдісі - өзіндік ерекшелігі бар 
генетикалық әдіс. Оның мәні - организмнің бойындағы белгілер мен 
қасиеттердің тұқым қуалау сипаты будандастыру жолымен зерттеледі 
жэне ол көбінесе генетикалық талдаумен үштастырылады.
Генетикадағы осы негізгі әдісті Г.Мендель үсынған болатын. Ол 
мынандай ережелерді қалыптастырган:
1) будандастырылатын организмдер міндетті түрде бір түрге 
жатуы керек;
2) будандастырылатын организмдердің белгілері бір-бірінен айқын 
ажыратылуы керек;
3) зерттелетін белгілер түрақты түрде үрпақтан үрпаққа беріліп 
отыруы керек;
17


4) ажырайтын белгілердің сипаттамасы жэне дэл есебі болуы
қажет.
Генетикалық анализ Мендельден кейін де бірқатар жаңа 
әдістермен толықтырылды. Мысалы, мутация тудыратын эдіс соған 
жатады. Ол гибридологиялық анализ үшін қажетті гетерогенді 
формаларды алу үшін қолданылады.
Алшақ 
гибридизация 
түрлер 
мен 
туыстар 
арасындағы 
эволюциялық ұқсастықтың деңгейін анықтауға мүмкіндік тугызады. 
Соңгы жылдары сомалық клеткаларды гибридизациялау кеңінен 
қолданылуда.
Цитодогиялық эдіс - клетканың қүрылымын организмдердің 
көбеюі мен тұқым қуалайтын информацияның берілуіне байланысты 
зерттейді. Осы әдісті пайдаланып хромосомаларды зерттеудің 
негізінде цитогенетика қалыптасты.
Онтогенетикалық эдіс - организмдердің жеке дамуы, ягни 
онтогенез барысындағы гендердің қызметі мен олардың көрінісін 
зерттейді.
Математикалық әдістің көмегімен түқым қуалаушылық пен 
өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары зерттеледі. Генетиканың 
нақты ғылым болып қалыптасуының өзі биологиялық заңдылықтарды 
зерттеуде математикалық әдісті қолдануға байланысты болды. 
Г.Мендель 
де 
будандастырудың 
нәтижелерін 
анықтағанда 
статистикалық талдау жасап отырған. Сол кезден бастап тәжірибе 
жүзінде алынған сандық мәліметтерді теориялық болжамдармен 
салыстырып отыру генетикалық анализдің құрамды бөлігіне айналды. 
Математикалық эдіс сандық белгілердіц тұқым қуалауын. сол сияқты
18


өзгергіштікті, 
әсіресе, 
тұқым 
қуаламайтын 
модификациялық 
өзгергіштікті зерттеуде кеңінен қолданылады.
Генетика басқа да өзімен шектес ғылымдардың зерттеу әдістерін 
кеңінен қолданады. Химиялық және биохимиялық эдістермен белок 
пен нуклеин қышқылдары молекулаларының қасиеттері және зат 
алмасудың тұқым қуалау сипаты зерттеледі. Сол сияқты генетикада 
физикалық әдістер де пайдаланылады. Атап айтқанда, оптикалық, 
рентген-структуралық, таңбалы атомдар т.б. 
Физика-химиялық 
эдістер әсіресе, молекулалық генетика мен ген инженериясында көп 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет