Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне


МИТОЗ Митоз немесе клетканың бұрыс жолмен бөлінуі



Pdf көрінісі
бет7/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА
Биореакторы (ферментеры). Ферментерді байлау.(4 сабак), Аминқышқылы жане витамин, 1621919003455
МИТОЗ
Митоз немесе клетканың бұрыс жолмен бөлінуі. 
Бұл процесс 
кезінде тұқым қуалайтын материал - хромосомалар алдымен екі
24


еселенш алып, содан соң жаңа түзілген екі клеткаға тең мөлшерде 
бөлінеді.
Митоздьщ генетикалық мэнінің өзі бір организмге тән түқым 
қуалайтын информацияның жаңа түзілген екі клеткада бірдей, үқсас 
болатындығында.
Клетка өзінің бөлінуі барысында бірнеше кезеңнен өтеді оларды 
біріктіріп клеткалық немесе митоздық цикл деп атайды. Әртүрлі 
организмдердің клеткалық циклдерінің ұзақтығы бірдей болмайды (1- 
кесте).
Клеткалық циклдің өзі бірнеше кезеңдерден түрады. Олар: 
интерфаза, профаза, прометафаза, метафаза, анафаза жэне телофаза.
Интерфаза
- екі митоздық бөлінудің арасында жүзеге асатын 
аралық кезең.Бұл кезде клетка келесі бөлінуге әзірленеді, яғни 
хромосоманың 
негізгі 
компоненті 
болып 
есептелетін 
ДНК 
редупликацияланады (екі еселенеді). Интерфазаның өзі үш кезеңге 
бөлінеді. Митоздың соңынан іле-шала жүретін фазаны, яғни синтез 
алдындағы кезеңді 
С\
деп белгілейді. Бұл кезде ДНК синтезделмейді
бірақ оған дайындық жүреді және ұзаққа, шамамен 10 сағаттан 
бірнеше тәулікке дейін созылды. Одан кейін ДНК-ның синтезделу 
кезеңі басталады мүны 
S деп белгілейді. Бұл кезеңде ядродағы 
ДНК-ның редупликациялануына байланысты оның мөлшері екі есе 
артады. Бүл 6-10 сағаттай уақытты алады. Ең соңында синтезден 
кейінгі кезең С2 келеді. Мұнда енді ДНК - ның екі еселенуі 
тоқтағанымен ядролық РНК мен белок синтезделеді жэне келесі 
митозға қажетті энергия жинақталады. Сонымен интерфаза аяқталып, 
митоз басталады.
25


Профаза
немесе митоздың алғашқы фазасында хромосома 
шиыршықталып, жуандай бастайды. Оны микроскоп арқылы көруге 
болады. Бүдан біз интерфаза кезінде хромосоманың екі еселеніп 
немесе редупликацияланып, бір аналық хромосомадан екі жаңа 
хромосоманың 
түзілетінін 
көреміз. 
Бірақ 
профаза 
кезінде 
хроматиндер деп аталатын бүл екі жартылай жіпшелер бір-бірінен 
ажырап кетпей, центромера арқылы бекіп тұрады. Профазаның 
соңында ядро қабықшасы мен ядрошық жойылып, хромосома 
цитоплазманың жалпы массасымен араласып кетеді.
Прометафазада
хромосомалар клетканың экваторлық бөліміне 
қарай жылжи бастайды.
Метафаза
кезінде хромосома жіпшелері экватор жазықтығына 
жинақталып, метафазалық пластинка құрайды. Ұзын хромосомалар V 
тәрізді болып иіледі де, олардың центромерлеріне ахроматин 
жіпшелері ілігіп, олар арқылы хромосомалар полюстарға жылжиды. 
Метафазалық пластинка организмнің өзіндік паспорты іспетті. Себебі 
онда хромосомалардың саны мен пішіні анық көрінеді.
Анафазада
хроматиндер екі полюске толық тартылып бітеді. 
Сөйтіп, хромосомалардың сан жағынан бірдей жаңа екі тобы пайда 
болады.
Телофаза
-
митоздың 
ең 
соңғы 
сатысы. 
Бұл 
кезде 
хромосомалардың жаңадан түзілген екі тобының сырттарынан 
қабықша қаптап, нәтижесінде екі жаңа ядро пайда болады. Осымен 
ядроның бөлінуі, яғни кариокинез аяқталады. Одан соң цитоплазмада 
клетканы екіге бөлетін буылтық пайда болады. Оны цитокинез деп 
атайды.
26


Цитокинез процесінде органоидтардың жаңа түзілген жас 
клеткаға бөліну тэртібі белгілі бір зандылыққа бағынбайды, себебі 
оны қадағалап отыратын арнаулы механизм жоқ. Сондықтан да 
цитоплазма органоидтары ядролық хромосомалар сияқты жаңа 
түзілген жас клеткалар тіршілігіне кедергі келтірмейді, себебі 
клеткадағы бір органоидтың мысалы, митохондрияның өзі сан 
жағынан біреу емес, бірнешеу.
Бүкіл митоздық циклдың ұзақтығы организмнің түріне, оның 
физиологиялық жағдайына жэне 
сыртқы 
орта 
факторларына 
байланысты 30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады.
Клетканың митоздық бөлінуі жоғарыда көрсетілгендей, белгілі 
бір ретпен және өте жоғары дәлдікте жүреді. Оның механизмі 
миллиондаған жылдар бойы организмдердің эволюциялық дамуы 
барысында қалыптасқан.
Дене клеткалары бөлінуінің митоздан басқа да түрлері кездеседі. 
Олар: амитоз, эндомитоз жэне политения.
Амитоз -
клетканың қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі. 
Оны дүрыс бөліну деп те атайды.
Амитоз 
арнайы 
тканьдардың 
клеткаларында 
(картоптың 
крахмал түзгіш клеткалары), 
патологиялық (рак клеткалары), 
қарапайымдарда т.б. кездеседі.
Эндомитоз
- дегеніміз клеткада хромосомалар саны екі есе 
артқанымен, ядро екіге бөлінбей жүретін процесс. Соның салдарынан 
клеткадағы хромосома сандары көбейіп кетеді. Кейде тіпті бастапқы 
санынан 10 еседей артып түседі. Мүндай қүбылыс өсімдіктер мен
27


жануарлардың кейбір қарқынды қызмет атқаратын ұлпаларында 
болады.
Политения
кезінде клеткадағы хромосома екі еселенгенімен, 
оның саны өзгермейді, жаңа түзілген хромосомалар бір - бірімен 
жалғасып кетеді. Мұндай жагдай шыбындардың сілекей бездерінде 
және кейбір өсімдік клеткаларында кездеседі.
МЕЙОЗ
Мейоз бірінен соң бірі кезектесіп келетін екі бөлінуден тұрады. 
Нәтижесінде диплоидты (2 п) хромосома жиынтығы бар сомалық 
клеткадан гаплоидты (п) жыныс клеткасы - гамета түзіледі. 
Мейоздық екі бөлінуді шартты түрде 1 - мейоз, II - мейоз немесе 
редукциялық және эквациялық мейоз деп атайды. Әр мейоздық 
бөлінудің өзі митоздағыдай профаза, метафаза, анафаза және 
телофазалардан түрады. Оларды ажырату үшін рим цифрымен I , II 
деп белгілейді. Хромасомалардың репликациясы (екі еселенуі) мейоз 
І-дің алдында өтетін интерфазаның S кезеңінде жүзеге асады.
I - Профаза - ең күрделі кезең болып саналады. Оның өзі бес 
этаптан тұрады: лептонема, зитгнема, пахинема, диплонема және 
диакинез.
Лептонема
(жіңішке жіпшелер стадиясы) митоздың алғашқы 
профазасына үқсас келеді.Бұл кезде хромосома жіпшелері екі 
еселеніп жүптасады жэне олардың шиыршықталуы элі әлсіз болады.
Зигонема
кезінде гомологты хромосомалардың ұқсас бөлімдері 
бір-біріне 
жақындасып 
коньюгацияланады, 
соның 
негізінде 
биваленттер түзіледі.
28


Пахинема
(жуан жіпшелер стадиясы) кезінде хромосомалардың 
коньюгациялануы аяқталып, шиыршықталуы эрі қарай жалғасады
нәтижесінде хромосомалар жуандап, тұрқы қысқарады.
Диплонема
-да 
биваленттер 
мен 
оларды 
құрайтын 
төрт 
хроматидтің құрылымы анық көрінеді. Бұл стадияда гомологты 
хромосомалар бірін - бірі итермелей бастайды, нэтижесінде хиазмдер 
деп аталатын «X» тэрізді фигуралар пайда болады. Ол биваленттегі 
гомологты хромосомалардың бір - бірімен бөлім алмастыратындығын 
көрсетеді.
Диакинез-Д£
шиыршықталу күшейіп, хиазмдердің саны азаяды 
да биваленттер ядроның шетіне қарай орналасады. Бұл стадияда ядро 
қабығы жойылып, сонымен профаза 
I аяқталады.
I -
метафаза.
Мұнда ядролық мембрана мен ядрошық 
жойылады. Биваленттер клетканың экватор жазықтыгына жиналып, 
метафазалық пластинка құрайды. Хромосомалар бұл кезде толық 
спиральданып бітеді де, тұрқы қысқарып, жуандайды.
I -
анафаза-т
хромосомалар қарама 
қарсы полюстарға 
ажырайды. 
Мейоздың 
І-анафазасының 
митоздық 
анафазадан 
айырмашылығы 
полюстерге, 
бір 
центромерге 
бекінген, 
екі 
хромотидтен тұратын хромосомалар ажырайды.
I -
телофаза
-да ядроның мембранасы мен оның құрылымы 
қайтадан қалпына келеді.
Интеркинезден соң екінші мейоздық бөліну басталады. Кәдімгі 
интерфазадан интеркинездің айырмашылыгы - хромосомалар екі 
еселенбейді.
29


II -
профаза
-да хромосомалар анық көрінеді. Бүл кезде олар 
көбінесе айқыш фигуралар түрінде болады.
II -
метафаза
митоз тәріздес жүреді. Бүл стадиядағы 
хромосомалардың 
митоздағыдан 
айырмашылығы 
оның 
шиыршықталу дәрежесі жоғары, сондықтан анығырақ көрінеді.
II -
анафаза
-да екі еселенген центромерлердің бір-бірінен 
алшақтанбайтындығы 
байқалады, 
соның 
нәтижесінде 
жас
хромотидтер әр полюстерге ажырайды.
II -
телофаза
-да төрт гаплоидты ядро түзіледі.
Клетканың бөліну жолдары - митоз бен мейозды қарастырғанда 
клетканың ядросы мен хромосомаларға көңіл бөлінді. Себебі олар 
түқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет