Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет147/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Пабло Неруда – Чили ақыны және қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты, 40 аса кітаптың авторы. Неруданың бастапқы поэзиясында өте нәзік және философиялық лирика, болмыс пен жердің тосын құбылыс­тарына таңданумен қатар герметизмге тән жал­ғыздық, тығырыққа тірелу де бейнеленеді. 1935 ж. Неруда Мадридте Консул қызметін атқарады. Испа­ния­­дағы азаматтық соғыстың әсерінен оның антифашисттік поэзиясы қалып­та­­сады. Неруданың «Ғаламдық ән» атты поэзиялық эпопеясы ақынның бірнеше жылғы шығармашылығының жемісі іспеттес. Ол өз шығармаларында Фашизм­ге, соғысқа қарсы, Чилидегі диктатураға қарсы ойын жайып салады. Пабло Неруда демократия мен әділетті­ліктің белсенді жақтаушысы, ақын, әрі шын­шыл күрескер болған.

Тақырыбы мен жанры бойынша Латын Америкасының прозасы жан-жақты әрі сан алуан. Орасио Кироги, Мигель Анхел Астуриас, Жоржи Амаду, Алехо Карпентьера сынды көптеген беллетрист жазушылардың шығармашылығы 60-шы жылдардағы латынамерикалық романның дамуына айтарлықтай әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет