Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет153/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Хулио Кортасар (1914-1984) – Борхестің ізін жалғастырушы. Ол Брюссель­дегі аргенти­на­лық жұмысшы отбасында дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ата-ана­сымен бірге Отанына қайта оралады. Болашақ жазушы Буэнос-Айрос университетінің әде­биет және философия факультетінде оқыған. Кейіннен бір провинцияда мектеп мұғалімі болып қызмет етеді. Осы кезден бастап ол өлеңдер жаза бастаса да, өз еңбектерін жарияла­май­ды. 1946 ж. Аргентинада билік басына Хуан Доминго Перон келген кезде Корта­сар оған қар­сы шыққан күштерді қолдап шеруге қатысады. Әскери-полицейлер шеруге қаты­су­шы­ларды қуғынға ұшыратады да, нәтижесінде Кортасар Отанынан кетуге мәжбүр болады. 50 ж. басында Кортасар Парижде тұрып, саясатпен айналыспаса да, өз шығармала­рында тотали­тар­лық жүйені әшкере­лейтін. Мысалы, жазушы өзінің «Кіші жұмақ» атты шығарма­сында билік басында генерал Орангу болған латынамери­калық елді сипаттайды. Онда адам­дар өздерін бай, әрі бақытты сезінуі үшін тұрғындарының денесіне кішкентай алтын балықтарды енгізеді.

Хулио Кортасардың 1946 ж. жарыққа шыққан «Басып алынған үй» атты шығармасы халық арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Бұл шығармадан Эдгар Поның ықпа­лын байқауға болады. «Эшерлер шаңырағының құлауы» атты шығармадағыдай мұнда да дәулетті әрі танымал болған ересек ағасы мен қарындасы туралы айтылады. Кенеттен келген бейтаныс жандар олардың тыныш та, бір қалыпты өмірлерін бұзып, нәтижесінде оларды өздерінің үйінен қуып шығады. Кортасар үнемі табиғат пен әлемдегі ерекше және қауіпті нәрселерге көп мән береді.

Автордың «Басқа аспан» атты еңбегінде ХХ ғасырдың 30 жылдары Париж қаласында өмір сүріп жатқын қарапайым аргентиналық азамат қиялында ХІХ ғасырдың 70 жылдарына саяхат жасайды. Кортасардың кейіпкері басқа адам­ның өмірімен өмір сүруге қатты құштар болады. Оның бұл арманы кейіпкердің қиялында жүзеге асады.

1960 жылы автордың «Ұтыстар» еңбегі жарық көрсе, кейіннен «Малькольм», ал 1963 жылы «Классик ойыны» атты романы басылып шығады. Соңғы шығармасында ешқандай жұмыс істегісі келмейтін жалқау Оливейро туралы баяндалады. Ол бір мамандықты таңдау өмірдегі басқа мүмкіндіктерден бас тарту деп ойлайды. Оливейро өзі сияқты түрлі елдерден келген Париждегі кезбелердің «Жыландар клубын» құрады. Автор өзінің кейіпкеріне сын көзбен қарайды. Бұл жерден Кортасардың шығармашылығындағы постмодернисттік тенденцияларды байқауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет