Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет161/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ахмет Салман Рушди 1947 жылы дәулетті мұсылман отбасында дүниеге келген. 14 жасында Ұлыбританияға оқу мақсатымен кетіп, кейін аракідік Үндістан мен Пәкістанға барып тұрды. Кэмбриджді тәмамдаған соң, ағылшын азаматшасына үйленіп, 1964 жылы сол елдің азаматтығын алады. Ал 2007 патшайым оған рыцарь титулын береді.

Рушди әуел бастан ағылшын оқырмандарына бағыттаған еңбектерін жазады. Оның 1975 жылы жарық көрген алғашқы романы «Гримус» оқырман­дар тарапынан да, сыншы, әдебиет­шілер жағынан да ескерусіз қалды. Дегенмен алты жылдан соң басып шығарылған «Түн қараңғылығы балалары» романы әдебиет саласындағы түрлі сыйларға, соның ішінде 1982 жылғы ең үздік ағылшын тілді роман ретінде Букер сыйақысын иеленді. Бұл роман авторды көрнекті постмодернистік жазушы ретінде мәшһүр етті. Бұл романның сюжеті Үндістанмен байланысты болса, келесі «Ұят» романы аллегориялық формада Пәкістандағы саяси өмірді баяндайды. Ал автордың «Жан түршігерлік өлеңдер» атты төртінші романындағы әрекет бірде Үндістанда, енді бірде Англияда орын алады. Рушди «Маврдың соңғы демі», «Жер оның аяғының астында», «Шлимар сайқымазақ» секілді романдарында Шығыс пен Батыс ара­сындағы тіршілік, эмиграция, өзін-өзі айқындау, ұлттыңсаны жағынан аз болуы мәселелерін көтереді.

1988 жылы жарық көрген «Жантүршігерлік өлеңдер» романы, келесі жылы Иран мұсыл­мандарының көсемі аятолла Хомейниді Рушдиді өлім жазасына тарту туралы пәтуа шығарып, оны орындаған кісіге бағалы сыйақы тағайын­дауына алып келді. Сол уақыттан бастап Рушди бой тасалап, көшіп-қонып, сақшылардың қорғауында жүретін болды. Хомей­нидің көзі кеткенімен бұл пәтуа әлі де күші бар болып есептеледі.

«Жантүршігерлік өлеңдер» романынан кейін де Рушди жазушылық қызме­тін табан­ды­лықпен жалғастырды. Оның кітаптары арасында Никарагуа туралы сапардағы жол естеліктері «Теңбілшердің күлімсіреуі» (1986) балаларға арнал­ған ертегі-повесть «Гарун мен оқиғалар Теңізі» (1990), публицистикалық эсселер жинағы «Ойдан құрастырылған Отандар» (1991), «Шектен шығу» (2002) мен әңгімелер жинағы «Шығыс-Батыс» (1994) бар.

2008 жылы Рушди «Флоренциялық ару» романын басып шығарады. Бұл роман Ұлы Моғол билігіндегі ортағасырлық мұсылмандық Үндістанда саяхатта жүрген еуропалықтың император Акбарға Флоренцияда кезіп жүрген құпия ару туралы баяндауына негізделген.

Қазіргі таңда Рушди атышулы британиялық жазушы есептеледі. Ол Патша Әдеби Қоға­мының мүшесі, Ұлыбритания мен АҚШ-тың бірқатар универси­тетінде құрметті профессор болып табылады. Сондай-ақ сегіз университет Рушдиді құрметті доктор деп мойындады, ал оның кітаптарына әлем бойынша тағайындалған әдеби сыйларды санап тауысу қиын. Оның «Түн қараңғылығы балалары» екі рет 1993, 2008 жылдары «Букерлердің Букері» сыйақысына ие болды. Сегіз мың оқырман қатысқан дауыс беруде соңғы қырық жылда жарық көрген ең үздік ағылшын тілді роман деп мойындалды. Бұл роман «Гардиан» газетінің оқырмандары құрған XX ғасырдың әдеби туындыларының ең үздігі тізіміне еніп, 25-орынды иеленді.

«Түн қараңғылығы балалары» романы отыз жасар Салем Синайдың сүйікті­сіне өз өмірінің таңғажайып оқиғасын баяндап беруден құралған. Көбіне бұл роман Габриэль-Гарси Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романымен салыстырады, жазу стилін Маркестің стилімен салыстырғанда, мұны магиялық реализм деп көрсетеді.

Рушди өз шығармашылықтарында негізгі қозғайтын тақырыбы - көші-қон, ел кезу, баспанасыздық. Тек мұны ол әр туындысында әр түрлі кейіпкер арқылы, әр түрлі қырынан, түрлі тәсілмен баяндайды. Рушдидің өзі эмигрант болғандықтан, бұл тақырыпты шығарма­ларының арқауы етіп алғандығы таң қаларлық жайт емес. Жазушы мигранттың күйінен өз артықшылықтарын көреді, бұл туралы өзінің «Ойдан құралған Отандар» атты эсселер жина­ғында былай жазады: «Мигрант-жазушылар әлемді екі көріністе көреді. Олар өздері сипаттап жатқан шындықтың бір уақытта ішінде де, сыртында да болады... әлемді өзге қырынан көру – оны өзгертуге деген алғашқы қадам» (Rushdie, Salman. Imaginary Homelands: Essays and Criticism 1981-1991. New York, 1991. P.25)

Рушди жазушы-мигрант ретінде ағылшын тілін таңдағанымен, өзінің британ­дық және үнділік ерекшелігін сақтап қалды. Рушди белгілі бір дәрежеде Батыс пен Шығыстың өткір тұстарын айқындай отырып, жақындастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет