Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет4/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ежелгі Мысыр әдебиеті
Мысыр тілінде үш жарым мың жылдан астам уақыт аралығында жазған, сондықтан тіл­дің түрленуі мен өзгеруі заңдылық. Жазба ескерткіштері өз тіршілігінің 35 ғасырында бір­не­ше төмен­гідей даму кезеңдерінен өтті:

  1. Ежелгі патшалық дәуірінің көне мысыр тілі (б.з.д. XXX-XXII ғ.)

  2. Орта мысырлық немесе классикалық oрта патшалық дәуірінің тілі (б.з.д. XXII-XYI ғ.)

  3. Жаңа патшалық дәуірінің жаңа мысыр тілі

  4. Демотикалық тіл (б.з.д. YIII ғ.- б.з. III ғ.)

  5. Копт тілі (б.з. III ғ. басталған)

Ғылымда белгіленген дәстүрге сәйкес мысыр тілінің даму кезеңдерін жеке тіл ретінде қарас­тырамыз, себебі олар бір-бірінен барынша өзгеше. Солай есептеле тұра, бұл - бір тілдің даму кезеңдері. Мысыр тілі дамуының соңғы сатысын білдіретін копт тілі тілтану ғылы­мында жеке өзіндік тіл болып саналады.

Демек, мысыр әдебиеті бір тілде, яғни мысыр тілінде жазылған деп негіздейміз. Өйткені мысырлықтардың өздері әдеби дәстүрлерінің үздіксіздігін сезінген. Өз кезінде классикалық тілде жазылған орта патшалықтың әдебиет ескерткіштерін жаңа патшалық дәуірінде үйрет­кен, жаңа мысыр тіліне аударған. Классикалық тілде кейінгі уақытта да жазуға тырыс­қан. Тілдің біркел­кілігінің арқасында ежелгі әдеби сюжеттер мен мотивтер ғасырлар, мыңжыл­дықтар бойы өмір сүрген.

Мысыр жазбасы - дүниежүзіндегі жазулардың ең көнесі. Өз тарихында мысырлықтар жазудың екі жүйесін иерог­лифтік және иератикалық қолданды. Б.з.д. YIII ғ. тағы бір күрделі демотикалық жазу түрі пайда болды, ол өзінің ерекшелігіне қарамастан иератикалық жазуының кезекті кезеңі болып табылады. Белгілі орыс мысыртанушысы Б.А. Тураевтың салыстыруына сүйенсек иерог­лиф­тік, иератикалық және демотикалық жазулар арасындағы қатынас біздің баспа, қолжазба және стенографиялық таңбалар арасындағыдай.

Мысыр мәдениетінің бөлігі болып табылатын мысыр әдебиеті тәуелсіз Мысыр мемле­ке­тіне қарағанда барынша ұзақ өмір сүрді. Б.з.д. 332 жылы Мысырды Александр Македонский жаулап алса, б.з.д. 30 жылы ол Рим империясының құрамына провинция ретін­де кірді. Бұл ретте мысыр мәдениеті жаңа саяси жағдайларда өмір сүріп, дами бастады. Мысыр әдебиетін оқып зерттеу ерте­ден-ақ мысыртанудың дербес саласына айналғанына қара­мастан, мамандар оның тарихын кезеңдеуде сыртқы белгілеріне сүйенгенді қалайды, сон­дық­тан тіл және мем­ле­кет тарихы секілді Ежелгі патшалық, Орта патшалық, Жаңа патша­лық және демотикалық кезеңдері деп бөледі.

Кез келген әдебиет сияқты, ежелгі мысыр әдебиеті қоғам өмірімен және оның идеоло­гия­сымен тығыз байланысты болған. Ежелгі Мысырда дін идеологиясы басым болған­дықтан, әде­биет­те оның әсерінің болуы әбден түсінікті. Алайда мысыр әдебиеті тек діни және аңыз­дық мәтін­дермен берілген деуге болмайды. Керісінше, ол әдеби жанрлардың алуан түрлі­лігімен ерекшеленеді.

Оның құрамында ауыз әдебиетімен бітесе қайнасып кеткен халық ертегілері (Весткар папиру­сындағы ертегілер, Екі ағайынды туралы, Ханзада туралы), өмірде орын алған оқиға­ларды шабыттайтын әңгімелер (Синухе мен Ун-Амон хикаялары), тарихи сипаттағы патша­лар жазбалары, діни жазбалар (құдайларға арналған әнұрандар/, философиялық ойлар (Арфист әні), аңыздар, махаббат лирикасы, этикалық нұсқаулықтар т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет