Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Ежелгі патшалық әдебиеті (б.з.д. III мыңж.)



бет5/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ежелгі патшалық әдебиеті (б.з.д. III мыңж.). Осыдан жүз жылдан астам бұрын Каир­дан алыс емес жерде белгілі француз мысырта­нушысы Г.Масперо б.з.д. XXY ғ. соңына – XXIII ғ. ортасына жататын Y және YI әулеттердің бес перғауыны пирамидаларындағы ішкі ғима­рат қа­быр­ға­ларына сызылған жазуларды ашты. Ғылымда ол «Пирамида мәтіндері» атауымен бекітілді.

Өлген адаммен қоса тамақ, су, қажетті заттардың барлығын жерлеу тек ежелгі мысыр­лық­тарға ғана емес, көптеген халықтарға тән дәстүр болғаны белгілі. Неміс ғалымы К.Зете­ның айтуы бойын­ша мысырлықтар өлгеннің әруағына арналған әдеби шығарманы да бірге жерлеген, солар­дың бірі «Пирамида мәтіндері болды».

Мысырлықтардың адам табиғатына, өлімге, ақиретке деген көзқарастары ежелгі дәуірде, б.з.д. IY-III ғ. біртұтас Мысыр мемлекетінің қалыптасуына дейін пайда болды. Өкінішке орай, бұл жөніндегі біздің танымымыз жеткіліксіз. Олардың пайымдауынша, адам тек көзге көрінетін ет пен сүйектен ғана емес, сол секілді көзден тыс бір не бірнеше субстан­циялардан тұрады. Әр адамның КА-сы1 /субстанциясы/ о дүние­­де мәңгі жасайды, мәңгі өмір сүруінің шарты тірі қалғандардың қамқорлығында болды. «Пирамида мәтіндерінде» перға­уын-билеушінің о дүниедегі тағдыры біркелкі суреттел­мейді: біреуі құ­дай­ға жақындасты­рылса, енді біреуін «ұлы құдай» санатына қосады.

Бірақ өлген перғауынның құдайларға жақындығы тірілердің дабылын азайтпады. Өлген адамды құдай әлеміне жақындастыру перғауынның әдеттен тыс қуаты мен беделі жөнінде ой­дың пайда болуына әсер етеді. Сиқырлық әсерді күшейту үшін мысырлықтар «Пирамида мә­тін­де­рін­дерінде» салт-жоралық поэзияға тән әдеби әдістерге (аллитерация, параллелизм т.б.) жүгінген. «Пирамида мәтіндеріндері» өлген перғауынға құдайлар қоғамында мәңгілік өмірге кепіл болуы тиіс болды.

Мысыр діні мен «Пирамида мәтіндері» жайлы мынадай қорытындыға келеуге болады: ең бастысы - қарапайым адамның мәңгілік өмір сүруге талпынысының бейнесі, сол кездегі адам­­дардың мәңгі жасайтын құдайларға ұқсап, ажалды жеңуге деген аңғырт сенімі. Мысыр­лық­тар өмірді сүйгені соншалық, жерде өмір сүре отырып, Б.А.Тураевтың айтуынша «ажалға қарамастан өлмеуге» дайындалған.

Ерекше мазмұнды әрі қызықты өмірбаяндар Y және YI әулет уақытынан жеткен (б.з.д. XXYI-XXIII ғ.). Y әулет перғауыны Неферкардың уәзірі әрі бас құрылысшысы Уашптах жаз­ба­­сын­да сол ақсүйектің күтпеген ажалы туралы драмалық әңгімесі баяндал­ған. Балалары мен айналасын­дағылар қоршаған патша Уашптах басқарған құрылыс жұмыстарын қарайды. Құ­ры­лыс барысына қанағаттанғанын білдірген билеушіге уәзірдің жауап қатпағанын байқа­лады. Сол кезде ол талып қалған екен. Перғауын оны сарайға апаруды және емшілерді дереу шақыруды бұйы­ра­ды. Папирус-анықтамаларын алып келген олардың білімдері жеткі­ліксіз болып, патша­ның сенімді құлы қайтыс болады. Бізге бұл тарихи оқиғаның фрагментті жазуы ғана емес, уәзір өлімін бейнелеген барельеф те жеткен.

Ақсүйектердің жазулары Мысыр қоғамының жоғарғы қабатының өнегелі кодексі – бұл қоғамның этикалық талаптарын көрсететін нақты немесе алдауыш кодексі жөнінде хабар­лайды. Бұл жазулардың авторлары үшін шабыт көзі ежелгі патшалық дәуірінде гүлденген дидактикалық әдебиет болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет