Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


YІІ-ІХ ғ. Тан әулеті тұсындағы поэзия



бет55/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

YІІ-ІХ ғ. Тан әулеті тұсындағы поэзия. 618 ж. бастап Қытайда 300 жылдай уақытқа созыл­ған Тан әулеті билік басына келеді. Бұл әулет шаруалардың көтерілісін баса отырып, билікке ие болад­ы. Тан императорлары жаңа мемлекет құрыла бастаған кездің өзінде-ақ ха­лық күшін түсіне білген. Өзара жауласып жатқан жекелеген княздықтардың бірігуінің нәтижесінде ұлы Тан мемлекеті құрылады. Билік императордың қолында шоғырланады. Алғашқы императорлар елдің дамуы мен халық мүддесі үшін біраз іс-шаралар жүргізіп, қараусыз қалған жерлерді шаруаларға үлестіріп, ірі шонжарлардың билігіне шектеу қоя­ды, қолөнер мен сауданың дамуына жағдайлар жасайды. Салыстырмалы түрде ел бір жарым ға­сыр бойы тыныш­тықта өмір сүреді

Тан әулеті тұсындағы әдебиетшінің дүниетанымы да кеңейе түседі. Ақынның өмірлік тәжі­ри­бесі бұрынғыдай туған ауылы мен жақын арадағы қалашықтармен шектеліп қана қоймай, ел­дің бар­лық аймақтарында қайнап жатқан тіршілік пен түрлі жағдайларға қанық болады.

Y-YІ ғ. поэзияда оның мазмұнынына емес, сыртқы құрылымы­на баса назар аударылса, Тан әулеті тұсындағы ақындардың шығармашылығында өлең­нің құрылымы емес, оның ішкі мазмұны маңыздылыққа ие болады.

Тан поэзисының алғашқы сатысында төрт үздік ақын тұра­ды. Олардың ішінде Ван Бо (649-676) мен Лу Чжао-линьнің (637-689) алатын орны зор. Ван Боның атақты «Тан әулеті тұсындағы княздың сарайында» атты шығармасы алдыңғы кезеңдегі поэзияға тән түрлі-түстілік пен дерек­сіздікке қоса, қарапайымдылық пен қуаттылықты суреттейтін пейзаждар мен сезімдерге толы. Ол өз өлеңдерінде жай табиғатты суреттеп, достықты жырлап қана қой­май, сонымен қатар адам­зат­қа деген аяушылық сезімдерін де білдіреді. Ал Лу Чжао-линь өзінің «Чанъань – көнелікке елік­теу» атты өлеңінде сарай ақындарында әдеттегі үлгілерге қарсы келетін жағдайлар сурет­теледі.

Шынайы жаңашылдықты Чэнь Цзы-ань (661-702) бастайды. Төрт үздіктермен бір кезеңде өмір сүрген Чэнь Цзы-ань олардан басып озады. Ол халық қамын ойлаған мемле­кет­тік шенеу­нік болып, императорға «мемлекетті басқаруда адамға тыныштық әкелуден қымбат ешнәрсе жоқ» деп, поэзияның да халыққа қызмет етуін талап етеді. Цзы-ань өзінің ақындық талан­тын халық ісіне арнаған мемлекеттік қайраткер ретінде және тұлғалық пен өлең­дері арасындағы үйлесімділігі жағынан үлгілі ақын болады. Өмірі мен шығармашылығын­дағы осындай үйлесім­ді­лігі арқылы алдағы кезеңдердегі поэзияда идеалға айналып, оның еңбектері­нен кейін Тан поэзиясы дамудың жаңа сатысына шығады.

Әдебиеттің гүлденуі көп бөлігі бес сөзді өлеңдерден тұратын 260-тан астам өлеңдер қалдыр­ған Мэн Хао-жань (689-740) поэзиясынан басталады. Хао-жаньның өміріндегі қиын­дықтар оның мемлекеттік қызметіне байланысты болған сәтсіздіктерінен туындайды. Ақын шығармашы­лы­ғын­­да басшылықтың әбігерлігі­нен құтылуда - игілік, табиғатпен тілдесуде - қайғылы қуаныш, адамның шынайы сезімдерінде - мейірімділік бар. Оның шығарма­шы­лығында кездесетін тақы­рып­тар өзі өмір сүрген әлемнің шегінен шықпайды. Оның өлең­дерінде артық сөздер мен артық элементтер кездеспейді, онда тұтас өмірдің көрінісі ретінде адам мен табиғат бірге суреттеледі. Гао Ши (702-765) мен оған жақын ақындардың поэзиясында туған жердің кең даласы, адам тағдыры мен осы дүниенің қиыншы­лықтар туралы айтылады. Бұл ақындар терең болмаса да, халықтың қайға-қасіреттері туралы ойлана бастайды. Олар батырлардың қуанышқа толы жеңіс­терін суреттей келе, асырау­шысы мен тірегі­нен айырылған отбасыларының басынан кешкен қиындық­тары туралы жырлағанда, осындай ауыр құрбандықтар арқылы келген жеңіске деген күмән пайда болады.

«Пейзаждық» өнер арқылы қытай поэзиясында халық тағды­рына айтарлықтай әсер еткен жорықтар мен соғыстарды көркем суреттеуге көмектеседі. Көптеген «пейзаждық» өлеңдердің авторы атанған ақын Цэнь Шэнь (715-770) табиғат пен адам толық тұтастықты құрайтын әскери өмірдің жарқын суреттерін дүниеге әкеледі. Ақынның шығармасында екі жолды және үш жолды шумақтар кезектесіп келеді.

Ли Бо шығармашылығында халықтың өмірі мен оның рухы жырла­нады. Мұндай ақындар өздері өмір сүрген дәуірмен тығыз байланысты болға­нымен, олар халық жадында мәңгі қалады, олар өз ұлты туралы жырласа да, бүкіл әлем оларды толғандырады.

Ли Бо 701 ж. дүниеге келген. Жастайынан адамдарға көмекте­суді арман­даған ол сол дәуірдегі жастарға ерсі көрінетін өзге жолды таңдады. Ол үйінен кетіп, жалғыз өзі бөлек тұрған, әр жерге саяхат жасап, даосизмге қызыққан. Император оны шақырып «ханьлинь» (қазіргі академик дәрежесімен тең) атағын берген кезде ол қырық жастан сәл асқан еді.

Ли Бо Тан поэзиясын қамти­тын барлық тақырыптар төңірегінде өлең жазған. Оның өлеңде­рінде ерлік пен жауыздық басты назарда болады.

Әділетсіздікті әшкерелеу, адамдарға деген жанашырлық – клас­си­калық қытай поэзиясы­на, әсіресе Ду Фудың (712-770) шы­ғар­машылығына тән сипат. Оның шығармашылығын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның 35 жасқа дейінгі өмірі үйренумен, жан-жағын танып білуменөтеді. Оның өлеңдерінен арманға толы жалынды жыр жолдарын, өзіне деген сенімділігін байқауға болады.

YIII ғ. II жартысында Ли Бо мен Ду Фудан кейінгі Тан әулеті тұсындағы үшінші ұлы ақын Бо Цзюй-и. Жаңа буын ақындарының алдыңғысы болған бұл ақын әділетсіздікке қарсы күресіп, шаруалар мүддесін қорғайды. Бо Цзюй-и (772-846) өлеңді жастық шағынан бастап жаза бастаған. Цзюй-идің әйгілі болған өлеңдерінің арасында елу «Жаңа халық әндері» мен «Цинь әндері» атты циклға жататын он өлең маңызды орын алады. «Жаңа халық әндерінің» тек тақырыпта­ры­нан оның бағытын анықтауға болады: «Шаруа мұңы», «Парақор шенеунік­терге қарсы»... бұл өлеңдер кейіпкердің монологынан тұрады. Онда ақын ресми түрде қалыптасқан өлең өлшемдерін бұзып, шумақтан тыс жаңа жол қосу сияқты тәсілдерді пайдалану арқылы «Цинь әндерінде» кездеспейтін еркін стильге жол береді.

Бо Цзюй-идің өлеңдері Қытай поэзиясының дамуы мен қытай әлеуметтік ойлау жүйесінің дамуында да жаңа белеске шығады. Онда шаруалардың өмір сүру деңгейінің нашарлауы да, Тан әулеті тұсындағы ақын-ойшылдардың маңызының өзгеруі де көрініс тап­қан. Цзюй-идің сюжеттік өлеңдерінде өмірдің әрбір қыры көрсе­ті­ліп, типтік образдар пайда болған. Цзюй-и тек ақын ғана емес, сонымен қатар әдеби бағыттың негізін салған идеолог та болған. Оның көптеген лирикалық өлең­дері «пейзаждық» және «философиялық» сарында жазылған.

Тан әулеті тұсында пайда болған жанрлардың бірі – новелла. Ол қазіргі қытай әдебие­тін­де «чуньци»21 («таңғажайыпты жеткізу») деген атпен белгілі. Ғалымдар бұл термин Тан әуле­тінің соңғы кезе­ңінде (ІХ ғ. ІІ жартысы) өмір сүрген Пэй Синнің «Таңға­жайыптар тура­лы әңгіме» («Чуньци») атты жинақтың атауынан шықты деп пайымдайды. Дегенмен бұл тер­миннің қай уақыттан бастап қол­да­нысқа енгенін нақты анықтау қиын.

Бізге дейін Тан әулеті тұсындағы 79 әңгіме жеткен. Көптеген новеллистер бір-екі новелла­ның авторы ретінде ғана белгілі болған. Олардың саны біраз болғанымен (24), бізге жеткен новеллалар саны өте аз (мысалы, Тан әулетінің ерте кезеңіне тән Ну Судың 10 шиыр­шық қағаз­дан тұратын «Естігендер жайлы жазба» атты жинағынан бізге дейін тек екі новелла жеткен). 977 жылы құрас­тырылған Сун әулеті тұсындағы «Тайпин жылдарындағы ауқымды жазулар» атты әдеби жинаққа көптеген әңгімелер енгізілген.

Тан әулеті тұсындағы новелла - аса шеберлікпен айтылған таң­ғажайып оқиғалар. Ол анекдот, күнделік, өмірбаян сияқты ертедегі жанрларды өңдеу арқылы туындады. Новел­лист­тер тек қана өз шығармаларының атауларын ғана емес, сонымен қатар стилистика­лық үлгі­лірін де ежелгі дәуірден мұра етті. Мысалы, кебір новелла­лар стилистикасы жағынан тарихи хроникаларға жақын келеді.

Тан әулеті тұсындағы новелланың ерекше сипаты автордың тарихи нақтылыққа деген ұмтылысында жатыр. Автор оқырманды өзі айтқан әңгіменің шындығына сендіру үшін автор оқиғадағы кейіпкерлердің туысы немесе досы не болмаса онымен жеке таныс болғанын білдіру керек болған. Тіпті, кей жағдайда автордың өзі оқиғаның бас кейіпкеріне айналады (Лу Гун-цзоның «Өзен, таулар жөніндегі көне кітап» («Гу Юэ ду цзин») пен «Се Сяо-эның басынан кешкендері» атты шығармалары, Ван Дудың «Көне айна» және белгісіз автордан қалған «Өткен уақытқа саяхат» атты шығар­маларында).

Бұл жанрдың ең гүлденген кезі YІІІ ғ. соңы болып есеп­телі­не­ді. Сол ғасырда өмір сүрген жазушыларға Чэн Хун, Хао Юй, Ли Гун Цзо жатады. Чэн Хунның Сюань-цзунның билігі мен ару қыз Ян-гуйфэйдің қасіретті тағдырына арналған «Мәңгілік қайғы» мен «Шы­ғыс астананы мекендеген қарттың әңгімесі» атты екі туындысы белгілі. Ал сол дәуірдегі атақ­ты новеллисттердің бірі Ли Гун Цзоның «Нанькэ билеушісі» мен «Се Сяо-энің басынан кеш­кендері» және бұдан басқа екі новелласы бізге дейін жеткен. Осы кезде жазылған новеллалар жоғары әдеби сипаттары мен адамға баса назар аударуы арқылы ерекшеленеді.

Тан әулеті тұсындағы новеллистердің шығармаларында махаб­бат әлем билеушісі ретін­де суреттеліп, байлар да («Ин-ин жайлы»), Чанъанидағы жастар да («Ару қыз Ли»), сауда­гер­лер («Чжэн Дэ-линь») мен кәсіпқой әншілер де оның құрбанына айналады. Махаб­бат тақы­ры­­бын­дағы новеллалардың арасында құдайдың адамға деген («Кітапшы Цуй»), адамдардың адам бей­не­сіне енген жануар­ларға деген махаббаты («Сунь Кэ») суреттелетін әңгімелер де бар.

Бір қызығы, Тан әулеті тұсындағы новеллалардан бірде-бір жағымсыз кейіпкерді кез­дестіре алмаймыз. Себебі жазушылар оқыр­мандарына тек жақсы үлгі-өнеге көрсетуге тырыс­ты. Тіпті, кейіпкерлердің кемшіліктерін баяндай отырып, оларды айып­та­майды. Кейбір кейіп­керлерде қулық, қатыгездік, сараңдық пен әділет­сіздік сияқты жағымсыз қасиеттер болса да, бірде-бір бас кейіпкерде мұндай жағымсыз қасеттер кездеспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет