Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

14
15
кəсіби  іс-əрекетінде  ең  жоғары  деңгейге  жете  алатын  жағдайлар 
алынады. 
Акмеологияның  ғылым  ретіндегі  дамуының  сатыларында 
акмеологияның екі базалық атрибуты байқала бастады. 
Біріншісі – акмеологияның  тарихпен  жəне  тарихи-философия-
лық тұғырмен байланысы, ол ересек адамның дамуын талдауда жəне 
оның  адам  мен  адамзат  дамуындағы  жоғары  мəдени  жетістіктер 
формасында заттық іс-əрекеттің нақты нəтижелеріне жетуді талдауда, 
тарихи өркениеттердегі еңбек іс-əрекетін талдауда көрінеді. 
Екіншісі – белгілі  нəтижелерге  жетуде  жəне  ересек  адамның 
даму  сатылары  ретінде  өткен  мен  болашақты  қарастыруда,  тиімді 
іс-əрекет  үдерісінде  адамның  психологияның  əмбебап  заңдарын 
зерттеуінің басталуы. 
Акмеологияның ғылым ретінде дамуына байланысты, дамудың 
келесі сатысы анықталады жəне жаңа міндеттер туындайды.
Біріншіден,  тарихи-философиялық  тұғырдан  нақты  акме-
нəтижеге  жетуді  мағыналау,  тарихи  сатыларда  адамның  іс-
əрекетіндегі  өткеннің  акме-элементтерін  айқындау,  оларды 
болашаққа  ендіру  жəне  тереңдетілген  акмеологиялық  білімнің 
əдіснамасын құру. 
Екіншіден,  акмеологияның  нақты  бағыттарын  дамыту – 
саясаттану,  экономикалық,  басқарушы,  педагогикалық  жəне 
басқалар, онда тек жеке адамның аса жоғары нəтижеге жету мəселесі 
өзекті  болмайды,  сонымен  бірге  оның  алуан  түрлі  жүйелерде – 
саясат,  экономикалық,  əлеуметтік-мəдени  салаларда  аса  жоғары 
нəтижеге жетуі өзекті болып саналады. 
Соның  салдарынан  акмеологияның  ғылым  ретіндегі  пəндік 
өрісі  кеңейеді, «адам-адам», «адам-қоғам»  жəне  «адам-табиғат» 
жүйелеріндегі  категориялық-ұғымдық  аппаратты  нақтылаудың 
қажеттілігі пайда болды. 
Сонымен  бірге,  ғылыми  білімнің  қол  жеткізілген  деңгейіне 
байланысты,  акмеология  мəселелерін  тарихи-философиялық  даму 
тұрғысында қарастыру қажет. 
Акмеология – жаңа ғылым, алайда адамның дамуы мен өзін-өзі 
жетілдіруіне, оның өмірде өзін-өзі жетілдіруінің толыққандылығына 
қатысты  дүниетанымдық  ғылым  болып  саналады,  ал  іс-əрекет  пен 
шығармашылықта оның мазмұны акмеологиялық болып саналады. 
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру жолдарын іздеу, оның əлеуетін ашу 
жолдарын  іздеу  əрдайым  жүзеге  асырылды.  Бұл  Қазақстандағы 
ғылыми ой-пікірлерге қатысты толыққанды дəрежеде болады.  
Акмеология  идеясының  тарихи  дамуының  өзгешелігін  
Н.В.Кузьмина  атап  көрсетті,  ол  адамның  өзін-өзі  жетілдіруі,  реф-
лексия  жəне  даналығы  туралы  онша  танымал  емес,  гуманистік 
философиялық  жəне  антропологиялық  идеяларды  ұсынды 
(В.С.Соловьев, Н.О.Лосский, А.Ф.Лосев, П.А.Флоренский). 
Адамның 
өмір 
сүруіндегі 
аса 
жоғары 
нəтижелерді 
қалыптастырудың  сатылары  мен  тарихи  алғышарттарын  қарасты-
рып, акмеологияның  пəндік  өрісінің  біршама тереңірек  екендігін  
атап  өтеміз,  ол  өз  кезегінде  жаратылыстану-ғылыми  жəне 
гуманитарлық бағыттағы іргелі зерттеулерге сүйенеді. Соған орай, 
шыңның  іргелі  негізгі  принципін  түсіндіруде,  ұғымдық  аппаратты 
қалыптастыруда,  шыңдық  дамудың  əмбебап  қағидаттарын  
айқындауда,  өткеннің  тəжірибесіне  қарауда,  нақты  нəтижелерді 
нақты тарихи уақытта мағыналауда, қазіргінің мəнін түсіндіру мен 
болашаққа ұмтылуды түсіндіруде жаңа міндеттер туындайды. 
Акмеология (ежелгі грек тілінен аударғанда akme – шың, ежелгі 
грек  тілінен logos – ілім) – даму  психологиясының  бөлімі  болып 
саналатын  адамның  биік,  жоғары  шыңға  жетелейтін  жетістіктері 
туралы ғылым. Оның құрушысы, негізін қалаушысы Н.А.Рыбников 
болып саналады. 1928 жылы ол «кемелденген адамдардың дамуы» 
туралы  ғылым  ретінде  аталған  терминді  қолдануды  ұсынды.  Со-
дан  кейін  ХХ  ғасырдың  ортасында  Б.Г.Ананьев  оны  адам  туралы 
ғылымдар жүйесіне жатқызды. Ол аталған ғылымның негізгі идея-
сын – тұлғаның  жоғары  жетістіктеріндегі  «шыңды»  зерттеу  идея-
сын  құрастырды.  Адамтану  мəселесін  дамыта  отырып,  ол  ересек 
адамның  даму  үдерісін  сипаттайтын  заңдылықтарды,  механизм-
дер  мен  феномендерді  зерттеудің  кешенді  міндетін  ұсынды.  Оның 
шəкірттері ретінде – А. А. Бодалев, А. А. Деркач, Н.В.Кузьмина жəне 
т.б.  болды,  олар  акмеологияның  адам  жəне  оны  жетілдіру  туралы,  
білімнің  жаңа  кешенді  саласы  ретінде  негізін  қалады. 1995 жылы 
Санкт-Петербург психология жəне акмеология институты құрылды. 
Акмеологияның пəні қазіргі заманғы түсіндірмеде адамның жəне 
өркениеттің жоғары жетістіктерінің теориясы ретінде түсіндіріледі, 
ал  «акме»  əдіснамалық  категориясы  адамның  алуан  түрлі  жас 
кезеңдерінде жоғары жетістіктерді жүзеге асырудың түрлерінде, іс-
əрекет түрлерінде, болмыстың алуан түрлі кеңістігіндегі мүмкіндік 

16
17
ретінде,  əмбебап  феномен  ретінде  қарастырылады  (А.  А.  Бодалев, 
А. А. Деркач, В. Т. Ганжин). Ересек адамның дамуы туралы ғылым 
ретінде  пайда  болып,  акмеология  (Б.  Г.  Ананьев)  таным  əдістері 
мен пəннің саралануы бар ғылымдар жүйесіне айналды: білім беру 
акмеологиясы (Н. В. Кузьмина, А. М. Зимичев жəне т.б.), кəсіби даму 
акмеологиясы (Н. В. Кузьмина,  А. А. Деркач, А. А. Реан, С. Ф. Эхов 
жəне т.б.), спорт акмеологиясы (И. П. Волков), мектеп акмеологиясы              
(В.  Н.  Максимова,  Н.  Е.  Кузнецов,  Н.  М.  Полетаева  жəне  т.б.), 
синергетикалық (В. П. Бранский, С. Д. Пожарский жəне т.б.). 
Акмеология 
саласында 1990-жылдардағы 
зерттеулердің 
жандануы,  жаңа  ғылыми  бағыттардың  пайда  болуына  əкелді: 
жалпы жəне басқарушы акмеология (О.С. Анисимов, А.А. Деркач, 
В.П.  Ситников  жəне  т.б.),  олар  адамның  іс-əрекетіндегі  шыңға 
жету жетістіктерінің жалпы заңдылықтарын жəне олардың басқару 
қызметі  мен  мəнсапқа  енуін  зерттейді,  педагогикалық  акмеология 
(Н.В. Кузьмина, А.А.Реан, Ю.А. Гагин, Н.Ф. Вишнякова жəне т.б.), 
ол ересек адамның кəсіби іс-əрекетіндегі шыңның (акме) көріністері 
ретінде  кəсібиліктің  жəне  креативтіліктің  объективті  жəне 
субъективті факторларын жəне осы факторлар қалыптасатын өнімді 
педагогикалық жүйелерді модельдеудің шарттарын айқындайды. 
Oтандық  ғалымдар  Н.Д.  Хмель,  А.А.  Бейсенбаева,  С.Т.  Кар-
гин,  А.Қ.  Рысбаева,  Қ.К.  Жампейісова  болашақ  мамандарды 
дайындаудағы  біртұтас  педагогикалық  үрдістің  теориясы  мен 
практикасы  мəселесінің  əртүрлі  аспектілерін  зерттеу  нысанына 
алған.
Oсы  аталған  ұстанымдар  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
жағдайында рухани-адамгершіліктік жəне интеллектуалдық дамуын 
интеграциялауда басты назарға алынуы тиіс. A.А. Бейсенбаеваның 
еңбектеріндегі  негізгі  түйінді  ойлар  жоғары  оқу  орны  мен  одан 
кейінгі  білім  беруде  болашақ  маманның  тұлғалық  сапаларын 
қалыптастыру  мəселесін  ізгіліктілің  идеясына  бағындыру  жəне 
гуманистік  қасиеттерді  білім  мазмұны  арқылы  оқу  құралдарының 
тəрбиелік  компоненті  арқылы  жүзеге  асыру  болып  табылады. 
Болашақ  маманды  кəсіби  еңбекке  дайындау  олардың  тұлғалық, 
зияткерлік  жəне  кəсіби  маңызды  қасиеттерін,  шығармашылық 
қабілеттері мен құзырлылықтарын дамытумен анықталынады.
Жоғарыда  аталған  зерттеушілер  оқу  үрдісіндегі  əртүрлі 
педагогикалық  жағдайлардағы  бірнеше  өкілдердің  креативтілігін 
дамыту  мəселелерін  (мұғалім,  оқытушы,  оқушы,  бала  жəне  т.б.) 
қарастырды.  
– оқу үрдісіне қатысушылардың екіжақты сипаты əсері негізінде 
оқытушы мен білімгердің бірлескен іс-əрекеті арқылы (Т. Сабыров, 
Н. Хмель,  Б.А. Оспанова); 
– креативтілік іс-əрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік 
жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы 
(А.А. Əбілхасымова, А. Мустояпова);
–  іс-əрекеттің  бағдарланушылық  негізін  құрайтын  жалпылама 
білімдерді енгізу арқылы (Ш.Т. Таубаева);  
Педагогикалық акмеология білім беру акмеологиясы болып қайта 
құрылды, оның міндеті ретінде білім беру үдерісінің субъектілерін іс-
əрекеттің алуан түрлі саласында адамның шығармашылық əлеуетін 
жетістікпен  жүзеге  асырудың  теориясы  мен  технологиясымен 
қаруландыру алынады.  
Акме  феноменінің  əмбебаптығын  тану  немесе  мойындау,  білім 
беру акмеологиясының мəнін үздіксіз білім берудің əрбір сатысында 
жəне жас кезеңінде адамның, ересек адамның жəне өскелең ұрпақтың 
біртұтас  дамуындағы  шыңдарға  жетудің  заңдылықтары  туралы 
ғылым ретінде түсіндіруді негіздейді. Білім берудегі акмеологиялық 
тұғыр,  білім  беру  ортасында  адамның  өзін-өзі  жетілдіруіне,  оның 
дамуына,  ересек  адамның  жəне  өскелең  ұрпақтың  бір  шыңнан 
екінші  шыңға  жетуіне  деген  қозғалысына,  оның  кемелденуінің, 
шығармашылығы  мен  денсаулығының  алуан  түрлі  деңгейіндегі 
акмеге  жетуіне  бағытталған.  Акмеологиялық  тұғыр  білім  беруді 
ізгіліктендіру идеясын нақтылайды жəне тəрбиенің қазіргі заманғы 
идеологиясының негізін құрайды. 
Акмеология  білім  беру  жүйесі  жағдайында  ересек  адамның 
жəне өскелең ұрпақтың біртұтас дамуындағы жоғары жетістіктерге 
бағдарлайтын  теориялық-əдіснамалық  тұғыр  ретінде  болады. 
Акмеологиялық тұғыр қамтиды: 
1)  білім  беру  ортасында  өскелең  ұрпақты  жəне  ересек  адамды 
индивид, тұлға, даралық жəне өмір сүру субъектісі ретінде біртұтас 
зерттеу; 
2)  жетістік  мотивациясы  үшін  педагогикалық  шарттарды  құру, 
білім беру үдерісінің субъектілерінің жетістіктерге деген қажеттілі-
гін өзектілеу, олардың жоғары нəтижелерге, шығармашылыққа деген 
ұмтылысы; 
3)  шығармашылық  қайта  құрушы  іс-əрекетті  вариативті  білім 
беру кеңістігі ретінде ұйымдастыру, əрбір даралықтың интеллекту-
алды жəне шығармашылық əлеуетін ұйымдастыру; 

18
19
4) синергетикалық білім беру жүйесінде педагог пен оқушының 
өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі  жетілдіруінің  біріктіруші    өлшемдері 
тұрғысында  білім  беру  сапасын  бағалау:  шығармашылық – жеке  
адамның  біртұтас  дамуының  жоғары  деңгейі  ретінде;  денсаулық 
–  адамның  өмірлік  күш-қуатының  біріктіруші  өлшемі  ретінде; 
шығармашылық – адамның  белсенділігі  мен  дербестігінің  жоғары 
деңгейі ретінде; кемелдену – өскелең жас ұрпақтың ересектенуінің 
əрбір  жас  кезеңінде  дамудың,  білім  беру  мен  тəрбие  бірлігінің 
біріктіруші өлшемі ретінде; кəсібилік – адамның кəсіби іс-əрекеттегі 
маңызды  күш-қуатын  практикалық  тұрғыда  жүзеге  асырудың 
жоғары деңгейі, руханилығы ретінде. 
Білім беру акмеологиясы білім берудегі акмеологиялық тұғырда 
жобалаушы-бағдарлаушы,  қайта  құрушы  іс-əрекет  ретінде  жəне 
адамның  əлеуметтік-мəдени  болмысын  өзіндік  ұйымдастыру 
саласында,  білім  берудің  акмеологиялық  тұжырымдамасын  жүзеге 
асыратын білім беру жүйесінің тиімді модельдерін құрады. 
Білім  беру  акмеологиясы  (Н.В.  Кузьмина,  А.А.  Деркач,                            
А.А. Реан, В. Н. Максимова, Е.И. Степанова, Ю.А. Гагин жəне т.б.) – 
бұл адамның дамуы, білім беру жүйесінің алуан түрлі типінде жəне 
түрлерінде  адам  дамуында  жəне  іс-əрекетіндегі  шыңдарға  жету 
туралы  білімді,  білім  беру  ортасында  біріктіретін  философиялық 
жəне психологиялық-педагогикалық ғылым.  
Қазіргі заманғы білім беруді ізгілендіру үрдісі, адам, оның дамуы 
туралы білімге деген қызығушылықты біршама арттыруға, адамның 
дамуы мен руханилығының тұтастығын түсіндіруге əкелді. 
Акмеологиялық  бағдар  қазіргі  қоғам  үшін  ерекше  өзекті,  онда 
төмендеу,  апатия,  қамығу,  руханилықтың  болмауы,  шарасыздық 
күйлері басым болады. Соған орай, ересектерге білім беру жүйесінің 
əлеуметтік  рөлі,  оның  стратегиялық  идеологиялық  қызметі, 
адамның өзіндік санасын қайта құру, даралықтың өзіндік дамуы мен 
қалыптасу механизмдерін ашу біршама артты, бұл əсіресе педагогтің 
дипломнан кейінгі білім алуы үшін ерекше маңызды. 
Қазіргі  заманғы  акмеология  қалыптасу  сатысында  келеді. 
Акмеология – жаратылыстану,  қоғамдық  жəне  гуманитарлық 
пəндердің  түйісуінде  пайда  болған  жəне  адамның  кемелдену 
сатысында дамуының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін, 
əсіресе осы дамудың аса жоғары деңгейіне жетуін зерттейтін ғылым.  
Қазіргі  заманғы  білімнің  үш  негізгі  əдіснамалық  бағдары 
бар:  жаратылыстану-ғылыми,  гуманитарлы  жəне  технологиялық. 
Акмеологияның негізгі сипаттамаларын қарастырамыз. 
1.  Жаратылыстану-ғылыми  бағдар  дербес  сала  ретінде 
бөлініп  шығуға  ұмтылыста  көрінеді.  Əдіснамалық  тұрғыда  ол  көп 
жағдайда  классикалық  жаратылыстану  білімінде  қалыптасқан 
пəндік стандарттарға сүйенеді (эксперименттік деректерді сипаттау, 
заңдылықтар  мен  механизмдерді  зерттеу,  олардың  математикалық 
тұрғыда  сенімділігін  қамтамасыз  ету  түрінде).  Бірқатар  акмео-
логиялық  феномендерді  талдауда  (дарындылықтың  табиғатын, 
генетикалық  жəне  физиологиялық  ерекшеліктерді,  кəсіби  шебер-
ліктің  қалыптасуының  психофизиологиялық  алғышарттарын  жəне 
т.б.)  жас  ерекшелік  психологиясынан,  психогенетикадан,  еңбек 
психофизиологиясынан  жəне  т.б.  салалардан  жаратылыстану-
ғылыми білімдерге деген аппеляция жүзеге асады. 
2. Гуманитарлы бағдар адам туралы ғылымдармен генетикалық 
өзара əрекетке негізделетін онтологиялық байланыста жəне дербес 
пəн ретінде олардан пəндік тұрғыда ажырауда көрінеді. Акмеология 
пайда  болғанға  дейін  ересектердің  кəсібилігі,  шығармашылығы, 
оларға  білім  беру  зерттелді,  алайда  шеберлікті,  оның  «акме» 
атты  шыңдағы  түрлерін  зерттеудің  өзгешелігі  акмеологиялық 
технологияларды  құрастыруға  жəне  ерекше    мəселенаманың 
туындауына əкелді. 
3.  Технологиялық  бағдар  техникалық  ғылымдармен  өзара  əре-
кеттестікте  (кибернетика,  жүйелі  техника,  ақпарат  теориясы  жəне 
т.б.) жəне практикалық бағдарланған білімнің нақты стандарттарын 
қолдануда көрініс береді. Ескеретін бір жайт, акмеология техникалық 
пəндермен  жанама  түрде  байланысты,  мысалы,  адамзат  факторын 
техникада  оңтайландыруды  қамтамасыз  ететін  эргономика  арқы-
лы  байланыстыруға  болады.  Сонымен  бірге,  гуманитарлы  білімді 
технологияландыруда  психотехника  жəне  ойын  техникасы, 
инноватика жəне рефлексия И.Семенов бойынша жəне техникалық 
ғылымдарды  ізгілендіруде  (бионика,  соционика,  эвристика,  си-
нергетика  жəне  т.б.  пайда  болуы)  көрініс  беретін  қазіргі  заманғы 
праксеологияның акмеологияға əсерін ескеру қажет. 
Зерттеудің  негізгі  əдісі  ретінде,  шыңдық  тұғырды  сипаттайтын 
акмеологиялық  аспект,  бір  шыңға  жетудің  нəтижесінен  келесі 
шыңдағы нəтижеге деген қозғалысты талдауды есепке алады, яғни 
нақты  нəтижеге  жетудің  бір  шыңынан  екінші  шыңына  жетілдіру 

20
21
үдерісін есепке алады. Сондықтан қазіргі түсініктемелерде шыңның 
тарихи қалыптасқан екі анықтамасы бар: – акме символ ретінде: тау 
(шың)  жəне  кульминация (culminis – шың) – бір  нəрсенің  дамуы, 
көтерілуі, жоғары қысым нүктесі жəне fl uorite, кульминация ұғымын 
өркендеу мен гүлденудің символы ретінде қарастырады. 
Адамның өмірлік нығайтушы жəне жетекші функциясы ретінде, 
болашақты  əлеуметтік  оңтайлылықтың  ілгері  дамушы  моделі 
ретінде  болжауға  ұмтылыс,  тұлғаның  осы  үдерісте  өзінің  рөлін 
анықтауға  деген  ұмтылысы  алынады.  Акмеология  дамудың  негізгі 
принциптерінің  бірін,  яғни  шыңға  жетуді  басқарады,  ол  жағымды 
əлеуметтік  идеалды  қалыптастыру  арқылы  болашақты  дамытудың 
бағытын ұсынады. 
Акмеологияның дамуында төрт негізгі саты анықталады: 
– латентті – адамтанудың акмеологиялық аясын ғылыми тұрғыда 
тануда  тарихи,  мəдениеттанушы,  əлеуметтік,  философиялық, 
ғылыми,  педагогикалық,  тəжірибелік  алғышарттарды  бірте-бірте 
құрастыру; 
–  номинациялық – осындай  тектегі  білімде  əлеуметтік 
қажеттілікті саналы ұғыну; 
–  инкубациялық – акмеологиялық  мəселенаманы  зерттеудің 
қажеттілігі  туралы  тұжырымдамалы  ой-пікірдің  туындауы  жəне 
акмеологияның ерекше пəн ретінде кеңейту бағдарламасын ұсыну; 
–  институционалды – əлеуметтік  құрылымдарды  құру:  жоғары 
оқу орындарында жəне акмеологиялық ғылымдардың Халықаралық 
академиясында  акмеологиялық  кафедралар  мен  факультеттерді, 
зертханаларды құру. 
Қазіргі  жағдайда,  қоғамда  жəне  тарихта  тұлғаның  рөлін 
жеткілікті  бағаламаудың  нəтижесінде,  оның  мəртебесі  қоғамның 
маңызды құрамдасы ретінде ғана емес, сонымен бірге ілгері дамудың 
маңызды факторы ретінде танылып келеді. Қазір тұлғаның алдына 
дайын шешімдері  болмайтын күрделі мəселелер қойылады. Тұлға 
өзін  тек  жоғары  білікті  кəсіби  маман  ретінде  ғана  емес,  сонымен 
бірге,  өзін  ойлай  жəне  əрекет  ете  алатын,  белгісіздік,  қарама-
қайшылық жəне тəуекел жағдайында дамуға қабілетті адам ретінде 
көрсетуі  керек.  Басқаша  айтқанда,  енжар  орындаушыға  қарама-
қарсы тип қалыптасуы қажет. Аталған қоғамдық жағдайда тұлғаның 
құндылығы,  оны  жетілдіру  жəне  өзінің  кəсіби  іс-əрекетін  жəне 
əлеуметтік рөлін жоғары, тиімді жүзеге асыру қабілеті, толыққанды 
өмір сүруі туралы ғылым ретінде акмеологияны дамытудың өзіндік 
əлеуметтік тапсырысы болады. 
Білім берудің жаңа парадигмасы ретінде акмеологияны қарастыру 
мəселесіне  А.  А.  Деркач,  А.  А.  Бодалевтің  зерттеулері  арналады: 
«Кең  мағынасында  акмеологияның  пəні  ретінде,  бір-бірімен  өзара 
əрекеттесіп,  ересек  адамның  ілгері  дамуына  ықпал  ететін  немесе 
кедергі келтіретін объективті жəне субъективті факторлар, сонымен 
бірге ересек адамға өзінің дамуында «акме» ұғымымен белгіленетін 
шыңға  жетуге  мүмкіндік  беретін  заңдылықтар  мен  механизмдер 
алынады».  
Осылайша, акмеология төмендегі мəселелерді зерттейді: 
– жоғары жетістіктерге (шыңдарға) жету жолында қайта құрушы 
іс-əрекет  үдерісінде  кемелденген  адамдардың  шығармашылық 
əлеуетін өзіндік жүзеге асырудың заңдылықтарын; 
– шыңға жетуге ықпал ететін жəне кедергі келтіретін объективті 
жəне субъективті факторларды; 
– өмірлік шыңдарда оқытудың заңдылықтарын жəне іс-əрекеттегі 
кəсібиліктің заңдылықтарын; 
– өзіндік білім алу, өзін-өзі ұйымдастыру жəне өзін-өзі бақылауды; 
– қажеттіліктер мен бағдарлардан, өзіндік қызығушылықтардан, 
ғылым, мəдениет, техниканың дамуынан, кəсіп пен қоғамның дамуы-
нан  туындайтын  жаңа  талаптардың  əсерімен  өзін-өзі  жетілдірудің, 
өзін-өзі  түзетудің  жəне  өзін-өзі  ұйымдастырудың  заңдылықтарын, 
өзіндік іс-əрекеттегі қабілеттер мен мүмкіндіктерді, жетістіктер мен 
кемшіліктерді саналы ұғынуды. 
Акмелогияның бағыттары: 
Қазіргі  кезде  жалпы  акмеологиядан  басқа,  оның  басқарушы, 
педагогикалық, əскери, спорттық жəне т.б. буындары пайда болды. 
Акмеологияның жалпы негіздері: 
1. Кəсіби акмеология, ол келесі буындарға бөлінеді: 
– педагогикалық акмеология; 
– əскери акмеология; 
– əлеуметтік акмеология; 
– мектеп акмеологиясы; 
– медициналық акмеология. 
2. Басқару акмеологиясы. 
3. Креативті акмеология. 
4. Синергетикалық акмеология. 

22
23
5. Білім беру акмеологиясы. 
6. Түзету акмеологиясы. 
7. Этнологиялық акмеология. 
Аталған  бағытты  құрушылардың  түсіндіруінде,  адамның 
кемелденуінің  шыңы – бұл  ересек  адамның  өмірінің  біршама 
кезеңін қамтитын жəне оның физикалық индивид, азамат, тұлға, іс-
əрекеттің белгілі саласындағы маман ретінде қаншалықты дəрежеде 
қалыптасқанын  көрсететін  көпшамалы  күйі.  Əрине,  аталған  күй 
өзгермелі.  Адамның  индивид,  тұлға,  шығармашылық  іс-əрекет 
субъектісі ретінде акме деңгейіне шығу уақыты көп жағдайда сəйкес 
келмейді,  себебі  осы  сипаттамалардағы  өзгерістердің  алуан  түрлі 
жылдамдығы байқалады. 
Акмеология  ғылым  ретінде  дамудың  толыққандылығын,  кеңді-
гін, тиімділігін, басталу уақытын негіздейтін факторларды зерттейді 
жəне  анықтайды.  Ол  макро-,  мезо-  жəне  микросоциумдардың 
əсерінің  механизмдері  мен  нəтижелерін  (мемлекет,  еңбек  ұжымы, 
отбасы жəне т.б.), адамның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін 
белгілі  тактикалар  мен  стратегияларды  құрастыра  отырып,  табиғи 
ортаның  жəне  адамның  өзіндік  даму  үдерісінің  механизмдері  мен 
нəтижелерін зерттейді. 
Аталған  бағыт  адамның  өзін-өзі  ұйымдастыруы,  өзін-өзі 
тəрбиелеуі,  өзін-өзі  маңызды  ету  мəселесіне  жəне  оның  шыңға 
жетуіне  жауап  береді.  Адамның  өмірлік  жолын  өзіндік  жетілдіру 
үлгілері,  алынған  білімнің  негізінде  құру,  оның  барлық  салаларда 
жетістікке барынша тез жетуіне мүмкіндік береді. 
Шетелдік  психологияда  акмеологияны  жеке  бағыт  ретінде 
ажыратып көрсетпеді, алайда біздің қоғамда акмеология мемлекеттік 
деңгейде танылды. 
Əрине, адам өзінің өміріндегі шыңға бірінші кезекте, өзінің күш-
қуатына  деген  сенімділік,  өзін-өзі  дайындау  мен  өзін-өзі  жүзеге 
асыру  арқылы  қол  жеткізеді.  Алайда,  акмеологияны  пайдалана 
отырып,  ол  барлық  жетістіктің  шыңына  өмірлік  жолында  алдын 
ала не күтіп тұрғанын біле отырып, жедел жəне тиімді қол жеткізе 
алады. 
Қазіргі  кезде  акмеологиялық  білімнің  дамуының  гетеро-
хрондығына байланысты, адамның еңбек субъектісі ретінде дамуы, 
тұлғаның кəсібилігін жəне іс-əрекетін дамытудың жалпы жəне жеке 
заңдылықтары мен феномендерін зерттеу аса өзекті болып саналады, 
сондықтан аталған кезеңде акмеология ең алдымен кəсібилік туралы 
ғылым  ретінде  алынады.  Акмеологияның  объектілі  жəне  пəндік 
өрістерін кеңейту, ой-пікірлерге сəйкес келетін мазмұнға ие болуға 
мүмкіндік береді. Мұны түсінуге акмеология көмек береді. 
Акмеология – бұл адамның шыңдағы жетістіктері туралы ғылым. 
Акмеология  келесі  сұрақтарға  жауап  беруге  тырысады:  адамның 
өзін  қалай  белсендіруге  болады?  Өмірде  жетістікке    қалай  жетуге 
болады?  Акмеге – өз  мүмкіндіктерінің  шыңына – қалай  жетуге 
болады? Өмірдің мəні неде? Адамның басты қызметі қандай? Жеке 
шындық қайда жəне өз жолын қалай табуға болады? 
Əрине, бұл ғылым адамның кемелдену кезеңіндегі жетістіктерін 
зерттеп  қоймайды,  сонымен  бірге  сол  жетістіктерге  жетелейтін 
факторларды зерттейді. Ол адамның рухани, интеллектуалды жəне 
дене  мүмкіндіктерін  барынша  дамытуды  қандай  жағдайда  жүзеге 
асыра  алатынын  анықтайды.  Оны  зерттеу  адам  өмірінің  мəнін 
түсінуге көмек береді. Акмеология адамның психофизикалық даму 
жəне жас кезеңіндегі динамикасын зерттейді. 
Адамның  бірінші  өмірлік  сатысы – балалық  шақ.  Бұл  кезеңде 
сəби  қоршаған  əлемді  таниды,  алғашқы  əлеуметтік  тəжірибені 
игереді. 
Жасөспірімдік кезең. Бұл кезеңде тұлғаның қалыптасуы жүреді. 
Жасөспірімдік кезеңде рефлексиялау – өзін-өзі тану қабілеті пайда 
болады.  Жасөспірімдер  үйрену  жəне  дербестік  қабілеттері  сияқты 
маңызды сапаларды меңгереді. 
Жастық  шақ.  Рухани  жəне  дене  күштерінің  өркендеу  уақыты. 
Өз  жолын,  өз  тағдырын  іздеу  кезеңі.  Кəсіби  біліктер,  дағдылар 
меңгеріледі, шығармашылық əлеуеті ашылады. 
Ересектік  өмір.  Бұл  адамның  еңбек  ететін,  шығармашылықпен 
шұғылданатын, ойланатын тиімді уақыты. Бұл маңызды жетістіктер, 
аса маңызды жаңалықтар мен тапқырлық уақыты. 
Кəрілік  кезеңі.  Бұл  уақытта  күш-қуат  азаяды,  мүмкіндіктер 
сарқылады.  Алайда,  өткен  өмір  туралы  естеліктер  уақыты  ғана 
емес, сонымен бірге өткенді қайта мағыналауға, өткен өмірді қайта 
бағалауға мүмкіндік берілетін уақыт.  
Адамның  ересектенуі – адамның  даралану  жəне  əлеуметтену 
сияқты  екі  қарама-қарсы  механизмдерінің,  онтогенез  бен  социо-
генездің өзара əрекеттестігінің күрделі үдерісі (Д.И. Фельдштейн). 
Ересектерге  білім  беруді  адамды  дараландыру  мен  əлеуметтендіру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет