Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

34
35
стратегияға  келетін  болсақ,  мұнда  автор  акмені  танымал,  көрнекті 
тұлғаның  өмірлік  тағдырындағы  бірыңғай  нүкте  ретінде  біржақты 
атайды (ашылу, айқындалу жəне т.б.). 
Т.П.  Фокинаның  көзқарасы  бойынша,  акме-ашылудың  күш-
қуаты  тұлғаға  өзінің  шыңына,  биіктігіне  əрі  қарай  қызмет  етуді 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді (мұнда көрнекті тұлғаның өмірінің 
үлгісі, басқалар үшін өмірді құру идеалы ретінде болады), сонымен 
бірге  барлық  күш-қуаттың  жұмсалуына  қарамастан,  акме-ашылуға 
екінші қайтара жету мүмкін емес. 
В.П. Бранский жəне С.Д. Пожарскийдің акме үлгісі  конструктивті 
болып  саналады,  олар  локальды  жəне  жаһандық    акмені  ажыра-
туды  ұсынады,  сонымен  бірге  тəжірибелік  жəне  рухани  акмені 
айқындайды. Авторлардың пікірлерінше, тəжірибелік акме экономи-
ка жəне саяси саладағы кемелденудің шыңымен анықталады, ал ру-
хани акме – адамгершілік, көркемдік жəне дүниетанымдық саладағы 
кемелденудің  шыңымен  анықталады.  Авторлар  акменің  барлық 
компоненттерін үйлесімді жүзеге асыру (тəжірибелік жəне рухани), 
жаһандық акмеге əкелетінін  көрсетеді. 
Субъектінің  өмірлік  жолын  өзіндік  жүзеге  асырудың  тəсілінің 
шарықтау  шегі  ретінде  акмеге  жетудің  нəтижесінде,  адамның 
тұлғалық  мүмкіндіктері  тек  қана  жетілдіріліп  қоймайды,  соны-
мен бірге көбейеді немесе сарқылмайтын болады. Сонымен қатар, 
акмеологиялық  өзін-өзі  жүзеге  асыру  субъектісі  ретінде,  адамның 
шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру, жетілдіру жəне көбейтудегі 
шыңның белгісі алынады. 
Семантикалық  талдау  «өзін-өзі  жүзеге  асыру»  ұғымының 
мəніндегі түйінді келесі нүктелерді айқындауға мүмкіндік береді. 
Біріншіден, өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір мезгілде үдеріс (өзінің 
мəнді, шынайы бастауларына қозғалыс) жəне нəтиже (шындықтың 
болмысы жəне болмыстың шындығы) болып саналады. 
Екіншіден,  өзін-өзі  жүзеге  асыру,  мəнге  қарай  қозғалыс 
үдерісінде белсенділік адамның өзінен басталады, себебі адам ғана 
өзін-өзі жүзеге асыра алады. 
Үшіншіден,  өзін-өзі  жүзеге  асыру  мақсат-идеал  ретінде 
құрастырылған нəтиже ретінде, адамның өзін-өзі біртұтас дамытуы-
на бағыт береді. 
Өмірлік жол тұжырымдамасы аясында адамның өзін-өзі жүзеге 
асыру  мəселесін  алғаш  рет  Ш.  Бюлер  қарастырды.  Ш.  Бюлердің 
түсіндіруінде, өмірлік жол адамзат өмірінің өзгеше түрі ретінде бо-
лады,  оның  негізгі  бірліктері  ретінде,  өмірдің  объективті  жағдай-
лары, қоршаған ортаның негізгі жағдайлары, осы ортадағы адамның 
мінез-құлқы,  адамның  толғаныстары,  оның  құндылықтарының 
қалыптасуы  мен  өзгеруі,  индивидтің  іс-əрекетінің  жəне  шы-
ғармашылығының, ішкі əлемінің нəтижелері алынады. 
Б.Г. Ананьев  «өмірлік  жол»  ұғымын  индивидтің  өзінің  өмірлік 
мақсаттарын, жоспарларын жүзеге асырудың жетістігі контексінде, 
өмірдің  жетекші  қырынан  қарастырды,  ол  адамның  жеке  же-
тістіктерінің  дəуірдің  аясына  енгізілетінін  атап  көрсетті,  сонымен 
бірге тарихи уақыттың адамның жеке дамуы үшін бірінші кезектегі 
маңызды  фактор  болып  табылатынын  атап  көрсетті.  Осы  дамудың 
барлық оқиғалары (биографиялық даталар) тарихи уақыттың өлшем 
жүйесінде салыстырмалы түрде орналасады. 
Б.Г. Ананьев  тарихи  жəне  биографиялық  тұғырлар  тұрғысында 
өмірлік  жолдың  маңызды  сатыларын  анықтады,  өмірдің  негізгі 
заңдылықтары  ретінде  бастапқы  сатыдағы  кəсіби  іс-əрекеттегі 
(бірінші  шарықтау  шегі  немесе  «шың»,  екінші  шарықтау  шегі  не-
месе көтерілу, соңы) жоғары жетістіктердің шарықтау  сатысының 
тəуелділігін  айқындады,  өз  кезегінде  тұлғаны  тəрбиелеуге  бай-
ланысты  болады.  Мұнда  өмірдің  аталған  сатыларының  өтуінің 
жетістігі мен тұлғаның субъективті сипаттамаларының дамуы, оның 
мəртебесі мен рөлдерінің өзгеруі, жаңа идеалдардың пайда болуы, 
əлемге деген субъективті қатынастарды қайта мағыналау арасындағы 
айқындалған байланыс маңызды қағида болып саналады.  
К.А. Абульханова жəне Т. Н. Березина өмірлік жолды тұлғаның 
уақыт шеңберінде жəне кеңістікте өзін жүзеге асыру тəсілі, тұлғаның 
өмір сүру тəсілі ретінде, өзінің өмірін құруға қабілетті тұлға ретінде 
анықтайды. 
Өмірлік  жолдың  мақсатты  бағытталу  жəне  мақсатты  болжау 
сияқты сипаттамалары болады. Мұнда мақсатқа бағытталу тұрақты 
сипаттама ретінде болады. Адам келесі сұраққа жауап береді:  «Ол 
не  үшін  өмір  сүреді?»,  яғни  өзінің  өмір  сүру  əрекетінің  мотивтері 
мен мақсаттарын анықтайды. Мақсатты болжау ауыспалы сипаттама 
ретінде болады. Адам келесі сұраққа жауап береді: «Ол не үшін өмір 
сүреді?», яғни өмірдегі белгілі мақсаттарына жетудің шынайы мəнін 
саналы ұғынады. 
Бұл  қызмет  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ұмтылыста  байқалады,  ол 

36
37
өз  кезегінде  адамның  іс-əрекеттің  алуан  түрлі  саласында  өзін-өзі 
жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асырудың қорытындысы ретінде бола-
ды. Бұл қорытынды өткен өмірге қанағаттану ретінде өткеріледі, онда 
адамның  саналы  немесе  бейсаналы  түрде  өмірдегі  құндылықтары 
мен мақсаттарына қызмет етуі адекватты жүзеге асырылды. Мұндай 
өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыс, адамзат табиғатының туа біткен, 
түбегейлі  қасиеті  болып  табылады  жəне  тұлғаның  өмірінің  бо-
йында  осы  қасиетті  дамыту  заңына  бағынады.  М.К.  Мамардаш-
вили  адамның  басты  құштарлығы – оның  «болуы»,  орындалуы, 
қалыптасуы деп санады. 
Б.Ю.  Березин  өзін-өзі  жүзеге  асыруды  өзін-өзі  танумен  жəне 
өзіндік қатынаспен қатар, өзіндік сананың құрылымының компоненті 
ретінде  қарастырды.  Мұнда  өзіндік  сананы  ол  индивидтің  өзінің 
физиологиялық  жəне  психологиялық  ерекшеліктеріне,  өзінің 
əлеуметтік рөліне қатынасы ретінде,  адамның өзінде болып жатқан 
үдерістерге жауап қайтаруы ретінде анықтайды. Яғни, өзіндік сана 
үдеріс немесе үдерістердің жиынтығы ретінде қарастырылады, онда 
əрекеттің сатыларының белгілі бірізділігі құрылады, мысалы, алды-
мен – «Мен» бейнесі қалыптасатын өзі туралы білімді алу əрі қарай 
өзіне деген қатынас қалыптасады, осы бағалауды басқа идеалдармен 
салыстыру,  содан  кейін  өзін  өзгертуге  немесе  танытуға  ұмтылыс, 
өзін-өзі жүзеге асыруға талпыныс жасалады. Алайда, өзін-өзі жүзеге 
асыруды  адамның  өзін-өзі  өзгерту  немесе  өзін-өзі  таныту  үдерісі 
ретінде қарастыра отырып, автор өзіне қарсы келіп, өзін-өзі жүзеге 
асыруды  өзіндік  сананың  аясынан,  яғни  ішкі  іс-əрекеттің  аясынан 
шығарады. 
Б.С.  Братусь  өзін-өзі  жүзеге  асырудың  екі  типін  айқындап 
көрсетеді: қалыпты жəне қалыптан ауытқыған. Б.С. Братусь бойын-
ша, қалыпты өзін-өзі жүзеге асыру, адамзаттың мəніне бағытталған, 
адамзатқа бағдарланған, ол тұлғаның қалыпты дамуының көрсеткіші 
болып  табылады.  Автор  қалыптан  ауытқыған  ретінде  жоғарыға 
бағытталмаған  өзін-өзі  жүзеге  асыруды  атайды.  Біздің  ойымызша, 
өзін-өзі  жүзеге  асыру  жоғарыға  ұмтылуды  міндетті  шарт  ретінде 
қамтиды.  Сондықтан  Б.С.  Братусьтің  типологиясы  мəні  бойынша 
дұрыс болғанмен, түрі бойынша нақты емес. 
С.Л.  Рубинштейннің  типологиясы  біршама  нəтижелі.  С.Л.  Ру-
бинштейн өзін-өзі жүзеге асыруды өмірдің екі тəсілінің бірі ретінде 
анықтады,  өзін-өзі  жүзеге  асыруды  адамның  өзін  жүзеге  асыруға, 
өзінің өмір сүруші мəніне қарсы қойды. 
Тұлғаның    өмірі    объективті    «логикамен»  анықталады,  
оның    траекториясын  сыртқы  құрылымдар  анықтайды:  іс-əрекет, 
қатынастар жəне т.б. Өзін-өзі жүзеге асырушы тұлға өзінің өмірлік 
жолының субъектісі ретінде болады. К.А. Абульханова жəне  Т. Н. Бе-
резина атап көрсеткендей, өзін-өзі жүзеге асырушы тұлға мақсатты, 
себепті, шартты-жіктеуші («егер») сипаты болатын өзінің уақытша 
өмірлік бірізділіктерді саналы ұғынады, ерекше темпоральды фор-
маны – өмір стратегиясын құрады. 
К.Г.  Юнг  өзін-өзі  жүзеге  асыру  үдерісін  (индивидуация) 
адамның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға бағытталған үдеріс ретін-
де қарастырады. К. Юнгтің пікірі бойынша, осы үдерістің мəні сана 
мен  бейсананың  өзара  толықтырушы,  қарама-қарсы  бағытталған 
бағдарларын біріктіруден құралады. К. Юнг бойынша, өзін-өзі жүзеге 
асырудың  немесе  индивидуацияның  бірінші  сатысында  бейсаналы 
бағдар  жетекші  рөл  атқарады:  саналы  бағдардың  əлсіреуі  жүзеге 
асады,  бейсаналының  тереңіне  ену  жүзеге  асады,  оның  мазмұны 
сана үшін таныс емес жəне бөгде болады. Екінші сатыда алдыңғы 
қатарға саналы бағдар шығады, бейсаналының материалдарын қайта 
өңдеу  жүзеге  асады,  бұл  өз  кезегінде  сананы  байытуға  жəне  оның 
шекараларын  кеңейтуге  əкеледі.  Үшінші  сатыда  субъектінің  өзара 
қайта өңделген, өзгертілген саналы, бейсаналы элементтері бірігеді, 
жаңа тұтастық құрылады. 
Өзін-өзі жүзеге асыру адамның кез келген іс-əрекетінің мазмұны 
болуы мүмкін.  Мұны айта отырып, келесі қағидаларға сүйенуге бо-
лады: 
– əрекет етуші не қалайтыны, оның шынайы қажеттілігіне не жа-
уап беретіні, оның пəндік өрісімен сəйкес келмеуі мүмкін; 
–  іс-əрекеттің  шынайы  мотиві — бұл  іс-əрекеттің  не  үшін 
орындалатын  себебі,  мақсатпен  салыстырғанда  іс-əрекеттің  неге 
бағытталғанын білдіреді; 
– адам үшін өзіндік құны, мəні бар əрекеттер мақсатқа жетудің 
құралы ғана болса, өмірлік белгілі кеңістігінде шынайы мотив бол-
са,  онда  бір  əрекеттің  астарында  басқа  əрекет  болады,  ол  əрекет 
тұлғаның психологиялық бет-бейнесіне тікелей енеді. 
Нəтижесінде, өзін-өзі жүзеге асыру адамның оқу немесе кəсіби 
іс-əрекетінің  мазмұны  бола  алады,  сонымен  бірге  оның  жеке 
өмірінің, біртұтас өмірінің тірегіне айналуы мүмкін. Адамның өмір 
сүру  əрекеті  белгілі  субъектінің  əлеуметтік  іс-əрекетінің  барлық  

38
39
түрлерінің,  мінез-құлқы  мен  қатынастарының  жиынтығы  ретінде 
анықталады.  
С.Л.Рубинштейн  тұлғаны  іс-əрекетте  қалыптасатын,  таныта-
тын,  дамитын  интегративті  тіршілік  иесі  ретінде  қарастыра  оты-
рып, тұлғаның тек іс-əрекет субъектісі болмайтынын, сонымен бірге 
кең  мағынасында  өмір  сүру    субъектісі  болатынын  атап  көрсетеді. 
Өмір сүру əрекетінің субъектісі ретінде, тұлға əрдайым қатынастар 
жүйесіне  ендірілген,  ол  өзінің  кеңдігі,  үдемелігі,  деңгейі  бойынша 
кез  келген  іс-əрекеттің  аясындағы  қатынастар  жүйесінен  біршама 
айрықшаланады. Сондықтан өмір сүру əрекеті кез келген адам үшін 
бай, жеке тəжірибенің көзі ретінде болады, сонымен бірге кез келген 
іс-əрекеттің саласына қатысты оның контексі болады. 
Өмір сүру əрекетінің мазмұны бола тұрып, өзін-өзі жүзеге асы-
ру адам тұлғасының негізіне айналады. Атап айтсақ, мұны А.Н. Ле-
онтьев «...адам  тұлғасының  шынайы  негізі – ондағы  генетикалық 
бағдарламаларда,  оның  табиғи  нышандары  мен  бейімділіктерінің 
тереңінде  емес,  тіпті  меңгерген  білім,  білік  жəне  дағдыларында 
емес, ол осы білімдер мен біліктер арқылы жүзеге асырылатын іс-
əрекет жүйесінде болады» деп  атап көрсетті.
Осылайша,  процессуалды  тұрғыда  өзін-өзі  жүзеге  асыруды 
адамның  біртұтас  тұлғалық-əрекеттік  күйінің  тереңдігінің  басым 
өзгерісі  ретінде  қарастыру  қажет,  оның  барысында  тұлғаның  ру-
хани  мəні  өзіндік  ашылады,  жаңарады,  жетілдіріледі:  адамның 
болмыстың  алуан  түрлі  қырларына  қатынас  аясы  кеңейеді, 
болмыстың  жоғары  жоспарларына  қол  жеткізіледі.  Бұл  адамның 
өз тұлғасымен терең мəнді жұмыстың нəтижесінде мүмкін болады, 
яғни адам өмірінің  шынайы мақсаттарын саналы мағыналауда, со-
дан кейін өз тұлғасының жəне даралығының негізгі, сапалы баста-
уларын  дамыту  арқылы  белгілеуде  мүмкін  болады.  Процессуалды 
түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыру,  шығармашылық  жəне  адамның  экзи-
стенциалды ашылуының түрі ретінде болады. 
Өзін-өзі жүзеге асырушы адам өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіледі 
(В.П.  Зинченко)  жəне  əлемге  өзіндік  «Менін»  шығармашылық 
арқылы ұсынады  (В.Н. Маркин). Өзін-өзі жүзеге асырудың көрінісі 
ретінде адамның тұтастығы алынады. 
Философиялық  зерттеулердің  аясында,  адамның  тұтастығы,  ең 
алдымен,  оның  бірегейлігімен  жəне  қайталанбастығымен  анық-
талады.  Мұнда  қайталанбастықтың  шарты  ретінде,  адамның 
дербестігі  алынады.  Адамның  тұтастығы  осылайша,  адамның 
өзін-өзі  басқаратын  жəне  өзін-өзі  реттейтін  жүйе  ретіндегі  даму 
деңгейіне  негізделеді.  В.  Г.  Афанасьев  өзінің  бір  еңбегінде  тікелей 
түрде адамның тұтастығы мен жүйелілігін теңестіріп көрсетеді. 
Адамның  тұтастығының  қалыптасуы,  оның  өзін-өзі  басқаруға 
қабілетімен, яғни оның субъектілігінің даму деңгейімен анықталады. 
Философиялық тұрғыда субъектілік болмыстың адамзат тəсілін 
жүзеге  асырудың  шарты  ретінде  болады,  мұнда  болмыс  адамға 
объектінің субъектіге қарама-қарсылығы ретінде тұрмайды, ол адам-
ды өзінің өмір сүруі мен дамуының ішкі қажеттілігі ретінде енгізеді. 
Субъектіліктің белсенділік жəне жағдайға бақылау жасау сияқты 
сипаттамалары,  субъектіні  туындайтын  қарама-қайшылықтарды 
жеңу  қабілетімен  қамтамасыз  етеді.  Субъектіні  қарама-қай-
шылықтарды  шешуші  ретінде  анықтау,  осындай  шешімдерде 
тұлғаның  деформацияға,  деградацияға,  фрустрацияға  ұшырай  бас-
тайтынын  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Ішкі-тұлғалық  ұйымдасуда 
өмір сүру мен іс-əрекеттің адекватты емес тəсілдеріне қарай, оларға 
оңтайлы сəйкестіктердің өзгерісі жүзеге асады. Тұлға ретінде  қалып, 
олар өздерінің «шынайы болмауы» себепті субъект болудан қалады. 
Əрине,  субъектінің  əрдайым  өзін-өзі  жүзеге  асыруының  аса 
жетілдірілген  тəсілдері  туралы  ұғымдары  бола  бермейді,  яғни  ол 
шынайы түрде екі полюстің арасындағы кеңістікте болады. Субъект 
ретіндегі  адамның  белсенділігі  осы  «идеалды-идеалды»  кеңістікте 
таралады, тұлғаның өмір сүру əрекетінің тұтастығы мен объективті 
жағдайлары  арасындағы  қарама-қайшылықты  тұрақты  шешуде 
көрініс табады. Аталған жағдайда субъект өзінің өмір сүру əрекетін 
ұйымдастырудың  белгілі  тəсілін  құрады,  ол  тұлғаның  табиғи 
ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен бірге біршама дəрежеде оның 
құндылықтарына, бағдарлары мен мақсаттарына тəуелді болады. 
Алайда,  адамның  тұтастығы  оның  дамыған  субъектілігімен 
шектелмейді. 
Индивид  деңгейіндегі  тұтастық  адамның  биологиялық  типінің 
əлеуметтік  болмыстың  əсерімен  қайта  өзгеруін,  өзгерген  типтің 
тұлғаның  ажырамас  объективті  жағына  айналуын  қамтиды,  өз 
кезегінде  тұлғаның  объективті  қыры  оның  субъективті  қырымен – 
адамның рухани əлемімен ажырамас бірлікте болады. 
Тұлға деңгейінде тұтастық оның өмір сүруінің шынайылығымен 
анықталады.  Мұнда  В.Е.  Анисимованың  пікірі  қызықты,  ол 

40
41
болмыстың  шынайы  болмауы  индивид  үшін  өзекті  деп  санайды, 
себебі  ол  тұлғалық  болмыстың  өзіндік  құндылығын  нарықтық 
конъюнктураға тəуелсіз сезінуге қабілетті болады. 
Тұлға  өзін  іс-əрекет  арқылы  танытады  жəне  қалыптасады, 
алайда  ол  іс-əрекет  субъектісімен  толығымен,  ажырамас  бірлікте 
үйлеспейді,  ол  іс-əрекетке  тікелей  əкелмейтін  ерекше  жəне  іс-
əрекеттен тікелей алынбайтын білімді құрайды, оның мəнді сипатта-
масы ретінде, құбылысқа деген құнды-мағыналық қатынас алынады. 
Тұлғаның басқа маңызды сипаттамасы ретінде шығармашылық 
алынады,  ол  адамның  басқалар  үшін  маңызды  нəрсені  құруында 
байқалып  қоймайды.  Ол  ең  алдымен,  өзі  үшін  маңызды  нəрсені 
құрады, өз тұлғасын өзгертеді. 
«Индивид», «тұлға», «субъект»  ұғымдары  адамның  тұтастық 
ретінде  ішкі  ұйымдасуының  алуан  түрлі  деңгейлерін  сипаттай-
ды.  Алайда,  тұтастықты  талдаудағы  жүйелі  тұғыр,  осы  тұтас 
ұйымдастырудың деңгейлерін айқындауды, олардың əрқайсысының 
ішкі  мазмұнын  анықтауды  талап  етеді,  сонымен  бірге  осы  дең-
гейлердің ішіндегі жүйе құраушы факторларды құруды талап етеді. 
Тұтастық ретінде адамның ұйымдасуының əрбір деңгейі, өзара 
əрекет  ететін,  дербес  қызмет  ететін  көптеген  психикалық  жаңа 
құрылымдармен  сипатталады.  Алуан  түрлі,  сапалы  қасиеттер 
мен  сипаттамалардың  үйлесімді  өзара  əрекеті  жүйе  құраушы 
фак-торлардың  есебінен  қамтамасыз  етіледі  (П.К.  Анохин  жəне 
Б.Ф.Ломов  бойынша),  немесе  жүйелі  қасиеттер  есебінен  қамтама-
сыз  етіледі  (В.П. Кузьмин бойынша).  В.П. Кузьмин  жүйелі  сапа-
ның функциясын  келесі  үлгіде анықтайды: ол «жеке заттарда ма-
териалданбайды    жəне    тұтастың  біріктіруші  сапасын    көрсетеді». 
П.К.  Анохин  осы  ұғымның  мазмұнын  нақтылай  отырып,  жүйе 
құраушы  фактордың  мазмұны  ретінде,  жүйенің  пайдалы  жүйесі 
екендігін  атап  өтеді,  аталған  жүйе  оның  қалыптасу  барысына  əрі 
қарай қайта ұйымдастыруына шешуші əсер етеді. Өз кезегінде,  Б.Ф. 
Ломов  ал-уан  түрлі  жүйелердің  арасындағы  өзара  қатынастарды 
айқындаудың  маңызды  шарты  ретінде,  жүйе  құраушы  факторды 
анықтау  алынатынын  атап  көрсетеді,  соның  нəтижесінде  алуан 
түрлі  механизмдер  біртұтас  функционалдық-динамикалық  жүйеге 
біріктіріледі.  Осылайша, «адам»  жүйесінің  қалай  қызмет  ететінін 
түсіну  үшін,  индивид,  тұлға  жəне  субъект  деңгейіне  əрекет  ететін 
жүйе  құраушы  факторлардың  мазмұнын  анықтау  қажет,  ең  алды-
мен:  жалпы  жүйе  құраушы  фактор  арқылы  алуан  түрлі  жүйелер 
(деңгейлер) 
біртұтас 
функционалдық-динамикалық 
жүйеге 
біріктіріледі. Адамның тұтастық ретінде осындай жүйе құраушы фак-
торы  немесе  «ұйымдастырушысы»  ретінде,  көптеген  зерттеушілер 
өзіндік «Менді» атайды. 
Əдебиеттерді  талдау  көрсеткендей,  философиялық  жəне 
психологиялық  зерттеулерде  өзіндік  «Мен»  келесі  үлгіде  қарас-
тырылады: 
– адамның өзі туралы ұғымдар жүйесі; 
– психиканың жүйелерін біріктіретін интеграциялық орталық; 
–  адамның  өзін-өзі  өзгертуіне,  өзін-өзі  дамытуына,  өзін-өзі 
жүзеге асыруына бағытталған белсенділікті «ұйымдастырушы». 
Өзіндік  «Меннің»  əлсіздігі,  дамымай  қалуы,  адамның  өзін-өзі 
дамытуға  қабілетсіздігін  немесе  одан  бас  тартуын  негіздейді,  өз 
кезегінде  бұл  тұлғалық  жəне  кəсіби  бұзылыстарға  əкеледі  немесе  
К. Юнгтің терминологиясы бойынша, дəрежесі жоғары адамдардың 
кеңейіп таралуына, нəтижесінде – тіршілік етудің шынайы болмауы-
на əкеледі. 
Осылайша,  адамның  тұтастығының  деңгейі  индивид,  тұлға 
жəне  субъектінің  біріктіруші  орталық,  ішкі  ұйымдасудың  алуан 
түрлі деңгейлері ретінде сапаларының интеграциялану дəрежесімен 
анықталады. 
Адамның  тұтас  болмысының  ерекше  түрі  ретінде  индиви-
дуалдылық немесе даралық алынады. 
«Даралық» – тұлғаның  өмірлік  жолын  сипаттайтын  ұғым.                
А.С. Огнев жəне Ю.Н. Гончаров адамның даралығы бірінші кезек-
те оның тұлға ретіндегі таңдауымен анықталатынын атап көрсетеді, 
яғни адам əлеуметтік тіршілік иесі ретінде алуан түрлі жағдайларда, 
тұлға ретінде өзіне ұсынған мүмкіндіктерді барынша қолданады. 
О.Д. Ковшуро даралықтың болмысының аясы – бұл кеңістіктік 
(сыртқы  əлемде),  əлеуметтік  (адамдар,  өзара  қатынастар)  жəне 
уақыттық  өлшемі  бар  тұлғаның  ішкі  əлемі  деп  атап  көрсетеді. 
Тұлғаның дамуы ішкі əлемнің уақыттық, кеңістіктік жəне əлеуметтік 
өлшемдегі кеңеюін жəне бірігуін білдіреді. 
Даралық – бұл  адамдардағы  биологиялық  жəне  əлеуметтіктің 
арасындағы  субъективті  факторлардың  көмегі  арқылы  қарама-
қайшылықты шешу, ішкі əлеуетті («жетілу») жəне сыртқы əсерлердің 
ықпалы  арқылы  өзгерістер («қалыптасу»)  арасындағы  кеңейту 

42
43
арқылы  қарама-қайшылықты  шешу.  Даралықтың  қалыптасуы 
тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыру түрінде көрініс береді. 
С.Г.  Спасибенконың  ұстанымы  қызықты,  ол  тұтастықты 
«адамның  текті  сапаларының  жəне  даралығының,  бірегейлігінің 
жалпыламалығына қарсы тұруды жеңудің толықтырушы-бейімдеуші 
механизмі,  оқшаулануды  жеңудің  механизмі»  деп  қарастырады. 
Сонымен  бірге,  адам  өмірді  жүзеге  асырудың  əрбір  сəтінде, 
өзінің  тұтастығының  келесі  модальдықтарының  бірінде  болады: 
«қалаймын» – «қолымнан келеді» – «жасай аламын» – «міндеттімін» 
– «қол жеткіземін» – «істеймін».
«Қалаймын» модальдығы тұлғаның материалды жəне моральды 
қажеттіліктерін, адамның ішкі мотивациясын  білдіреді, адамзат іс-
əрекетінің  барлық  салаларының  қозғаушы  күші  болып  табылады. 
«Қалаймын»  модальдығында  тұлғаның  мотивациялық-мағыналық 
интенциясы көрініс береді. 
«Қолымнан  келеді»  модальдығы  адамның  тұлғалық  əлеуетін 
білдіреді, ол бірнеше ауыспалылардың қызметі ретінде анықталады: 
жеке  тəжірибе  жəне  оны  тəжірибелік  тұрғыда  жүзеге  асыруға 
дайындық деңгейі, оқытылу деңгейі, шынайы жасы жəне тұлғалық-
кəсіби өсу əлеуеті. 
«Жасай  аламын»  модальдығы,  адамның  құзыреттілік  деңге-
йін,  ұтымды  тəжірибесін  нақты  іс-əрекеттік  жүзеге  асырудың 
тəсілдерінің,  дағдыларының,  əдістемелерінің,  жолдары  мен 
технологияларының жиынтығын білдіреді. 
«Міндеттімін» модальдығы, адамның тұлғалық мағына ретінде 
əлеуметтік  талаптар  мен  құндылықтарды  қабылдауын,  оның 
əлеуметтік өзара əрекетке енуін, өзінің жəне басқалардың алдында 
өмірін жүзеге асырудағы жауапкершілікті атқаруын білдіреді. 
«Қол  жеткіземін»  модальдығы,  мақсаттарды  қалыптастыру 
ретіндегі  мақсат  құру  үдерісін  жəне  оларды  таңдау  ретіндегі 
мақсатты болжау үдерісін білдіреді. 
«Істеймін»  модальдығы  барлық  модальдықтарды  шынайы  іс-
əрекеттер арқылы жүзеге асыру үдерісін білдіреді. 
Бұл  модальдықтардан  басқа, «білемін»  модальдығы  бар,  ол 
адамның  интеллектуалды  əлеуетін  жинақталған  болжам,  үлгілер, 
сызбалар, теориялар, əдістер, сезінулер, ұғымдар түрінде сипаттай-
ды. Алайда бұл модальдықты əрбір модальдыққа қатысты қосымша 
модальдық ретінде қарастыру қажет. 
Анықталған модальдықтар бір жағынан, адамның тұтастығының 
жеке шекарасы ретінде болады, ал екінші жағынан – адамның өзінің 
өмірлік  жолында  қозғалыс  жасайтын  «басқару  етістіктері»  ретінде 
болады. 
Осы  модальдықтардың  сəйкестік  деңгейі  жəне  жекеленген 
модальдықтар арасында үнемі туындайтын қарама-қайшылықтарды 
шешудің ерекшеліктері, адамның субъективті (өзіндік сезінуде) жəне 
объективті (тиімді іс-əрекетте) тұтастығының дəрежесін негіздейді. 
Біртұтас адамға тəн: 
–  жалпыадамзаттық  құндылықтар  негізінде  сыртқы  жəне  ішкі 
қарама-қайшылықтарды жеңетін, өзіндік трансцендецияға қабілетті 
дамыған өзіндік сана; 
–  адамның  жəне  социумның  жоғары  идеалдары  мен  құнды-
лықтарын  саналы  ұғынуға,  бастан  өткеруге  жəне  меңгеруге 
мүмкіндік  беретін,  іс-əрекетті  мінез-құлыққа,  əрекетті  қылыққа 
айналдыруға мүмкіндік беретін сапа ретіндегі руханилық; 
– əлеуметтік жетілу немесе кемелдену, яғни  өз бетімен, дербес 
шешім қабылдау қабілеті, олар үшін жеке жауапкершілікке ие болу, 
өмірдің  қарама-қайшылықтарын  қабылдау,  саналы  ұғыну,  бағалау 
қабілеті;  оларды  жалпы  мақсаттарға,  адамгершілік  идеалдарға 
сəйкес өз бетімен, тиімді шешу; 
–  азаматтық  күрделі  идеялық-адамгершілік  сапа  ретінде,  оның 
негізгі элементтері ретінде үйлесімді бірліктегі патриоттық жəне ин-
тернационалды сезімдер, ішкі еркіндік, өзіндік жетістік сезімі, басқа 
азаматтарға  құрмет  жəне  сенім,  мемлекет  пен  қоғамның  (халық) 
мүдделеріне адалдық; 
– ар-ұят өзіндік ішкі дауысты тыңдауды жəне мүмкіндіктер пар-
титурасын терең тануды қамтамасыз ететін «ішкі диалогты инстан-
ция» ретінде; 
– интеллектуалды жəне шығармашылық əлеует арасындағы тепе-
теңдік, оның біріншісі тез өзгеретін əлемде тұлғаны тұрақтандыруға  
ықпал етеді, ал екіншісі – тұлғаға өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. 
Атап  өтетін  бір  жайт,  адамның  тұтастығы  мен  қоғамның  да-
муы  арасында  диалектикалық  өзара  байланыс  болады.  Қоғамдық 
мəселелерді шешу тəуелсіз, тұтас адамның белсенді, қайта құрушы 
іс-əрекеті  жағдайында  ғана  мүмкін  болады,  себебі  тұлғаның  өзін-
өзі жүзеге асыруы нəтижесінде қоғамның даму үдерісі жүзеге аса-
ды. Егер қоғам біртұтас адамды дамытудың басымдылығына қайта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет