Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
Акмеология
гос практика, гос практика, тыныс алу айжамал

310
311
əртүрлі деңгейіне ие болады, бұл адамдардың дара ерекшеліктеріне, 
педагогтардың тұлғасына, олардың орындайтын іс-əрекетінің типіне, 
адамның белсенділік деңгейіне, оқытудың материалды-техникалық 
жағдайларына байланысты болады. 
Білім беру мазмұны – бұл тұлғаны дамытудың, адамның пəндік 
жəне əлеуметтік құзыреттілігін дамыту деңгейі, ол оқыту үдерісінде 
қалыптасады. Нəтижесінде, білім берудің мақсаты ретінде тұлғалық 
əлеуетті  «жетілдіру»  алынады.  Тұлғаны  оқытудың  дəстүрлі 
технологиясының  авторитарлы  тəсілдерімен,  əдістерімен  жəне 
жағдайларымен жетілдіруге бола ма? Əрине, жоқ. 
Психологияда  контекст  «жағдаят»  ұғымымен  байланысты 
(субъектіні белсенділікке ынталандыратын жағдайлар жүйесі). Яғни, 
жағдаятқа  сыртқы  жағдайлар,  субъект,  оның  байланыс  құратын 
адамдары енгізіледі. 
Əрекет етпес бұрын, адам контексті ақпаратты көбірек жинауға 
тырысады.  Қазіргі  туралы  көп  білетін  болсақ,  болашақты  оңай 
болжай  аламыз.  Психологтар  озық  көріністі  (көңіл-күйдің  баста-
масы,  күту,  интуиция)  антиципация  деп  атайды.  Мұнда  адамның 
іс-əрекетінің  нəтижесіне  əсер  ететін  оқиғаларға  дейін  ағзада 
пайда  болатын  үдерістер  туралы  сөз  болады.  Антиципациялар 
контекстердің  əсерімен  құрылады.  Егер  адамда  белгілі  контексте 
тіркелген  мінез-құлық  үлгілері  болмаса,  оның  ағзасы  импульсивті 
түрде жауап қайтарады. 
Болжау немесе жобалау бастапқыны бір қадам алға жетілдіруге 
негізделеді. Нəтижесінде, контекст субъектінің ойлауын белсендіре 
алады жəне оны проблемалық, шығармашылық жағдаятқа енгізеді, 
субъектіні жаңа контекстерге баули отырып, оның ашылуына ықпал 
етуі мүмкін. 
Психологиялық  терминдерде,  бұл  түсіну – антиципация  мен 
рефлексия  үдерістерінің  бірлігін  білдіретін  болады.  Антиципа-
ция  болашаққа  жол  ашады,  ал  рефлексия  өтілген  жол  бойынша 
қозғалыстың  дұрыстығын  тексереді,  ол  шығармашылық  үдерісте 
кері  байланыстың  эквиваленті  болады.  Адам  үшін  қазіргінің  мəні 
өткен мен болашақтың контексінде айқындалады. 
«Контекст»  сөзінің  ауқымды  мағынасы  болуы  мүмкін:  аталған 
ұғыммен  физикалық  əрекетті,  қылықты,  репликаны,  мотивтер 
жүйесін  белгілеуге  болады.  Нəтижесінде,  контекстер  əлеуметтік, 
мінез-құлықтық,  эмоционалды,  тарихи,  мəдени,  əрекеттік  болуы 
мүмкін. 
Бұл  тұрғыда  жоғары  оқу  орнындағы  оқу  үдерісі  əлеуметтік 
тəжірибенің көріністерінің бірі болып табылады, ол қоғамда бола-
тын жақсы жəне нашар заңдылықтарды көрсетеді. Салдарында, оқу 
үдерісі – көпқырлы қоғамдық өмірдің үзіндісі ғана, ол оқытудың бір 
технологиясына құрыла алмайды. 
Адамның  санасы  мен  психикасын  шынайы  түсіну  олардың 
«адамдардың  өмірі  мен  іс-əрекетінің  шынайы  контексіне»  енгізуді 
талап етеді. 
Бұл қағиданың жоғары оқу орнындағы кəсіби оқытуда үлкен мəні 
болады,  себебі  өмірдің  жəне  болашақ  еңбектің  контекстері  оқуды 
тұлғалық мəнмен толықтырады, танымдық үдеріске енгізілудің ша-
масын анықтайды. 
Контексті оқыту технологиясының мəні. 
Контексті  оқыту  технологиясы  тұрғысында,  кез  келген  кəсіби 
білім  берудің  негізгі  мақсаты – студенттің  болашақ  кəсіби  іс-
əрекеттің біртұтас моделін қалыптастыру болып табылады. 
Жоғары оқу орнында оқытуға қатысты А.Н. Леонтьевтің біліктер 
мен дағдыларды əрекеттік меңгеру туралы теориясы, үш жаһандық 
қиындықпен  кезігеді.  Оларды  саналы  ұғыну  қиын,  алайда  олар-
ды  жеңу  одан  да  күрделі.  Мұнда  тағы  бір  түсініктеменің  жөні  бо-
лады,  осындай  ақылды,  пайдалы  жəне  тиімді  контексті  оқыту 
технологиясының  кең,  ауқымды  қолданысқа  ие  болмағанының 
себебі болады. 
Бірінші қиындық, кəсіби іс-əрекетті меңгеру белгілі бір сапалы 
əрекеттің – оқу іс-əрекетінің аясында жəне оның құралдары арқылы 
қамтамасыз етілуде көрініс табады, ол өзіндік ерекшеліктерімен си-
патталады. 
 
ȱɋ-ԤɊȿɄȿɌ 
Ɇɚԕɫɚɬ 
Ԥɪɟɤɟɬ 
Ԕԝɪɚɥɞɚɪ 
ɉԥɧ  
Ɇɨɬɢɜ 
Ԕɚɠɟɬɬɿɥɿɤ 
Ԕɚɠɟɬɬɿɥɿɤɬɿ 
ԕɚɧɚԑɚɬɬɚɧɞɵɪɚɬɵɧ 
ɧԥɬɢɠɟ 
1-сурет. Оқу іс-əрекетінің құрылымы 

312
313
Екінші  қиындық – оқу  іс-əрекетінің  формалары  меңгерілетін 
кəсіби іс-əрекеттің формаларына адекватты емес. 
Маманды  қалыптастыру  үшін  іс-əрекеттің  бір  типінен  (таным-
дық) қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, əрекеттер, құралдар, пəні 
мен  нəтижелерін  алмастырумен  сəйкес  басқа  іс-əрекетке  (кəсіби) 
өтуді қамтамасыз ету қажет.  
Үшінші  қиындық  екіншіден  туындайды:  оқу  іс-əрекеті  мен 
кəсіби  іс-əрекеттің  арасындағы  қарама-қайшылықты  қалай  жеңуге 
болады. 
Мұндай  қарама-қайшылықтар  біршама  көп,  алайда  оларды 
жоймайынша, толыққанды оқу үдерісін құру мүмкін емес. 
Оқу жəне кəсіби іс-əрекеттің арасындағы айырмашылықтар: 
Оқу  іс-əрекеті  (ОƏ)  мен  кəсіби  іс-əрекеттің  (КƏ)  арасындағы 
бірінші  қарама-қайшылық – оқу  іс-əрекетінің  абстрактілі  пəні 
(мəтіндер,  белгілік  жүйелер,  бағдарламалық  əрекеттер)  жəне 
болашақ кəсіби іс-əрекеттің шынайы пəні арасында пайда болады, 
онда  білімдер  өндірістік  үдерістер  мен  жағдаяттар  контексінде 
беріледі.  Дəстүрлі  оқыту  бұл  қарама-қайшылықты  шеше  алмайды, 
салдарында,  формалды  білім  феномені,  оларды  тəжірибеде 
қолданудың  мүмкін  болмауы,  түлектердің  өндірістің  жағдайына 
интеллектуалды  жəне  əлеуметтік  бейімделудегі  қиындықтар  пайда 
болады. 
Екінші  қарама-қайшылық – кəсіби  іс-əрекетте  білімді  жүйелі 
қолдану  мен  оларды  алуан  түрлі  оқу  пəндері  бойынша  меңгеруді 
жетілдірудің  арасында  пайда  болады.  Бұл  білімнің  «мозаикасы» 
студенттің  болашақ  кəсіби  іс-əрекетке  қызығушылығын  дамытуға 
ықпал етпейді. Дəстүрлі оқыту бұл қарама-қайшылықты пəнаралық 
байланыстарды  құру,  мамандықтың  құрылымдық-логикалық 
сызбаларын, жанама бағдарламасын құру арқылы шешуге тырысады. 
Алайда, тəжірибе көрсеткендей, жалпы кафедраның оқытушылары 
барлық пəндерді мамандықтың профиліне бейімдемейді. 
Үшінші  қарама-қайшылық – маманның  тұлғасының  кəсіби 
еңбек  үдерісіне  енгізілуі  жəне  шығармашылық  ойлау,  əлеуметтік 
белсенділік деңгейінде дəстүрлі оқытуға, ес, қабылдау, зейін, даму 
үдерістеріне тірек жасаудың арасындағы қарама-қайшылық. Дəстүр-
лі  оқыту – бұл  оқытушының    студенттерге  ақпарат  беру  үдерісі. 
Көріп  отырғанымыздай,  онда  ойлауға  мүлдем  орын  жоқ,  негізгі 
жүктеме ес үдерісіне беріледі. Студент өзінің ес үдерісінің қорынан, 
өткендегі  негізі  қаланғанды  алады.  Егер  студенттің  ойлауы  жүзеге 
асатын болса, онда дəстүрлі оқытудың сызбасынан тыс болады. 
Ойлау – бұл  болашаққа,  таныс  емес,  стандартты  емес  жəне 
проблемалық  жағдаяттарға  қарату,  олар    тұлғаның  кəсіби  іс-
əрекетінде пайда болады. 
Бұл модель оқытудың контексті типінде студенттердің танымдық 
іс-əрекетінің  прототипі  қызметін  атқарады.  Онда  ойлаудың 
толық  циклі  модельденеді – проблемалық  жағдаяттың,  танымдық 
мотивацияның  туындауынан  бастап,  проблеманы  шешудің  жəне 
оның дұрыстығын дəлелдеудің тəсілдерін табуға дейін. 
Контексті оқытудағы ақпарат, мəтіндер, басқа белгілік жүйелер 
білімге айналады, яғни студент меңгерілген білімнің тұлғалық мəнін 
түсінуі керек, оған деген əрекеттік қатынасты анықтау қажет. Студент 
практикалық  құзыреттілікті  екіжақты  өту  жағдайында  меңгереді: 
белгіден (ақпарат) ойлауға, ойлаудан – əрекетке, саналы ұғынылған 
əрекетке өту. Салдарында, контексті оқыту технологиясында ақпарат 
болашақ еңбектің контексінде, болашақ кəсіби іс-əрекетті қолдануға 
бағытталып берілуі қажет: жасай отырып, оқимын жəне оқи отырып, 
əрекет етемін. 
Төртінші қарама-қайшылық – оқытуда студенттің пассивті рөлі 
(оқытушының  сұрақтарына  жауап  береді,  оның  нұсқауы  бойынша 
тапсырманы орындайды) жəне кəсіби іс-əрекеттегі маманның баста-
машыл позициясы арасындағы қарама-қайшылық, оның барысында 
шешім қабылдау жəне жауапкершілікті ұстану қажет. 
Дəстүрлі  оқыту  өзінің  авторитарлығына  байланысты  студентке 
оқытушымен теңдей белсенділік құқығын бермейді, студенттің оқу 
ақпаратын тұтынушы позициясынан, өзін, өзінің білімдерін жасау-
шы позициясына өтуді ынталандырмайды. 
Бесінші  қарама-қайшылық – оқу  іс-əрекетінің  студентті  өткен 
əлеуметтік тəжірибеге бағдарлауы жəне тұлғалық мəннің осы білімді 
болашақ  іс-əрекетте  құрал  ретінде  қолдану  арасындағы  қарама-
қайшылық. 
Жоғары  оқу  орнының  түлектерінің  бейімделу  кезеңі  үш  жыл-
дан  бес  жылға  дейінгі  уақытты  құрайды.  Мұнда  пəндік  бейімделу 
(кəсіби  ойлауды  меңгеру)  əлеуметтік  бейімделуге  (ұжымға  ену, 
қарым-қатынас дағдысын меңгеру, жауапкершілікті игеру жəне т.б.) 
қарағанда  жеңіл  болады,  себебі  жоғары  оқу  орнында  əлеуметтік 
əрекеттерге үйретпейді. 

314
315
Контексті  оқыту  білім,  білік  жəне  дағдылардың  студенттің 
белсенділігіне  бағытталуы  тиіс  пəн  ретінде  емес,  маманның  іс-
əрекетінің  міндеттерін  шешу  құралдарына  бағдарлануды  қамтиды. 
Контексті оқыту оқу мен еңбекті іс-əрекеттің түрлері ретінде емес, 
генезистегі іс-əрекеттің дамуының екі сатысы ретінде қарастырады. 
Оқытудың  жаңа  жəне  дəстүрлі  формалары,  əдістер  жүйесі 
арқылы жүзеге асырылатын, контексті типтегі оқу-тəрбие үдерісінің 
негізгі  сипаттамасы  ретінде,  болашақ  кəсіби  іс-əрекеттің  пəндік 
жəне əлеуметтік мазмұнын белгілік құралдар тілінде модельдеу алы-
нады. Арнайы пəндерде шынайы кəсіби жағдаяттар жəне өндірістің 
үзінділері,  ондағы  адамдардың  қатынасы  қайта  құрылады.  Осы-
лайша,  студентке  оның  кəсіби  еңбегінің  контурлары  ұсынылады. 
Оқытушы мен студенттің жұмысының бірлігі ретінде, пəндік жəне 
əлеуметтік бір мағыналық емес жəне қарама-қайшылықтағы жағдаят 
алынады. Дəл осы жағдаятты, іскерлік жəне оқу сабақтарын (ойын-
коммуникациялар, манипуляциядан ойын-қорғаныстар, интуицияны 
дамытуға арналған ойындар, ойын-рефлексиялар жəне т.б.), талдау 
барысында, студент маман ретінде жəне болашақ ұжымның мүшесі 
ретінде қалыптасады. 
Контексті  оқыту  технологиясы  іс-əрекеттің  базалық  үш  фор-
масынан құралады: дəрістер мен семинарлардың жетекші рөлі бар 
оқу іс-əрекеті; ойындарда, арнайы курстарда, арнайы семинарларда 
жүзеге  асатын  квазикəсіби  іс-əрекет;  оқу-кəсіби  іс-əрекет  (СҒЗЖ, 
өндірістік  практика,  шынайы  дипломдық  жəне  курстық  жобалар). 
Іс-əрекеттің осы үш формасына үш оқытушы модельді қарсы қоюға 
болады: семиотикалық, имитациялық, əлеуметтік. 
Семиотикалық  оқытушы  модельдер,  белгілік  ақпаратты  қайта 
өңдеуді жəне мəтінмен жұмысты қамтитын тапсырмалар жүйесінен 
құралады. Мұндай типтегі модельдерде іс-əрекеттің пəндік саласы, 
нақты  оқу  формаларының  көмегі  арқылы  кеңейеді,  оның  аясында 
оқытылатын материалға тұлғалық қатынасты талап етпейтін тапсыр-
малар орындалады. Студенттің жұмысының бірлігі ретінде, сөйлеу 
əрекеті – тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу алынады. Жұмыс құралы ретінде 
МƏТІН  алынады. 
Имитациялық  оқытушы  модельдерде,  оқу  тапсырмалары  сту-
денттің  белгілік  ақпараттың  шеңберінен  шығуын,  оның  болашақ 
кəсіби іс-əрекетпен арақатынасын, білімді саналы ұғынуын қамтиды, 
бұл студенттің белгілі кəсіби міндеттерді шешу жағдайында енгенде 
жүзеге асады. Бұл жағдайда жұмыстың бірлігі ретінде заттық əрекет 
алынады, оның негізінде практикалық пайдалы эффектіге жетуге бо-
лады. Жұмыс құралы ретінде – КОНТЕКСТ алынады. 
Əлеуметтік  оқытушы  модельдерде  тапсырмалар  оқу  үдерісінің 
қатысушыларының жұмысының бірлескен, ұжымдық формаларында 
орындалуы қажет. Мəселені шешудің осындай бірлескен ізденістері 
болашақ кəсіби ортадағы ұжымдық жұмыс тəжірибесін береді. Бұл 
модель іскерлік жəне оқу ойындарында, СҒЗЖ-да, кешенді курстық 
жəне  дипломдық  жобаларда  жүзеге  асырылады.  Студенттің  іс-
əрекетінің  бірлігі  ретінде,  студенттің  кəсіпті  мəдениеттің  бөлігі 
ретінде меңгеретін, өзінің еңбекке, қоғамға, өзіне қатынасын саналы 
ұғынатын  əрекеттері  алынады.  Тұлғаның  еңбекке,  адамдарға  жəне 
табиғатқа  құндылық  қатынасын  қалыптастыратын  жұмыс  құралы 
ретінде ПОДТЕКСТ алынады. 
Контексті  оқыту  технологиясында  мамандарды  даярлаудың 
мазмұны екі қосындыны қамтиды: пəндік мазмұн, ол маманның кəсіби 
құзыреттілігін қамтамасыз етеді; əлеуметтік, ол ұжымда жұмыс істеу 
қабілетін, азамат болу қабілетін қамтамасыз етеді. Пəндік мазмұнды 
базалық  деп  атайды,  ал  əлеуметтік  мазмұнды – фондық  мазмұн 
деп  атайды.  Фондық  мазмұнға  этиканың,  экологияның,  тарихтың, 
мəдениеттің мазмұны жатады, яғни маманның дүниетанымдық жəне 
əлеуметтік сапаларын қалыптастыратын мазмұндар жатады. 
Осылайша, оқу үдерісін контексті оқыту технологиясы негізінде 
құру,  студенттердің  оқу  іс-əрекетінің  мазмұнын  жəне  үдерісін 
болашақ  кəсіпке  барынша  жақындатуға  мүмкіндік  береді.  Оқу 
іс-əрекетінің  алуан  түрлі  формаларында  болашақ  мамандықтың 
мазмұны  бірте-бірте  құралатын  болады,  бұл  өз  кезегінде  болашақ 
түлектердің  жалпы  жəне  кəсіби  дамуын  тиімді  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік береді. 
Белгілік-контексті оқыту тұжырымдамасына сəйкес, студенттер 
оқыту  үдерісінде  іс-əрекеттің  үш  негізгі  формасын  жүзеге  асыра-
ды: оқу іс-əрекеті, квазикəсіби іс-əрекет жəне оқу-кəсіби іс-əрекет; 
мұнда бір формадан екінші формаға өту, оқыту мазмұнның контексті 
кеңейтудің логикасына негізделеді. Іс-əрекеттің осы формаларын жо-
балау, ұйымдастыру жəне жүзеге асыру негізінде оқу үдерісі немесе 
дидактика құралатын, оқытылатын ғылымның тарапынан талаптар-
ды  ескеруді  ғана  емес,  сонымен  бірге  кəсіби  іс-əрекетке  қатысты, 
білімгерлердің белсенділігін əлеуметтік реттеуді қамтиды. Кəсіби іс-

316
317
əрекетке қатысты талаптар оқыту технологиясын анықтайтын жүйе 
құраушы талаптар болып саналады. 
Кəсіби іс-əрекеттен оқытуға жəне оқытудан кəсіби іс-əрекетке өту 
жүйесі «кəсіби контекст» арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған 
жағдайда  «кəсіби  контекст»  деп  іс-əрекеттің  пəндік  міндеттерінің, 
ұйымдастырушылық,  технологиялық  формалары  мен  əдістерінің, 
кəсіби  еңбектің  белгілі  саласына  тəн,  əлеуметтік-психологиялық 
өзара əрекет жағдайларының жиынтығы түсіндіріледі. 
Осылайша,  оқу  үдерісіне  қайта  құрылуы  мүмкін  кəсіби  кон-
текст, əлеуметтік əрекеттер мен қатынастар нормасы, сонымен бірге 
олардың  құндылық  бағдарларын,  өзіндік  кəсіби-еңбек  үдерісінің 
технологиясын  білдіретін  пəндік  құндылықтарды  көрсететін 
əлеуметтік контекстен құралады. Тұлғалық компонент мамандардың 
моральды-этикалық, мінез-құлық нормаларын, өзара қатынастарын, 
əлеуметтік-психологиялық  сапаларын  аталған  əлеуметтік  жүйенің 
өкілдері ретінде сипаттайды. 
Контексті оқыту технологиясының негізгі қағидаларына сəйкес, 
оқытушы оқу үдерісінде кəсіби іс-əрекеттің пəндік жəне əлеуметтік 
мазмұнын дидактикалық, адекватты модельдеуге жетуі қажет. Осы 
үдерістің тиімділігі үшін бірқатар талаптарды орындау қажет: 
•  маманның  кəсіби  іс-əрекетінің  мазмұнды-контексті  көрінісін 
студенттің оқу іс-əрекетінің формасында қамтамасыз ету;
•  оқу  іс-əрекетін  ұйымдастырудың  дидактикалық  принциптері 
мен психологиялық талаптарын есепке алып, оқытудың алуан түрлі 
формаларын жəне əдістерін үйлестіру;
• жүйенің құрылуының модульдығын қолдану жəне оның білім-
герлердің  контингентіне  жəне  оқытудың  нақты  жағдайларына 
бейімдеу;
• оқытудың формалары арасындағы байланыстардың алуан түр-
лі  типтерін  міндетті  түрде  жүзеге  асыру  (аталған  талап  оқытуды 
құрудың модульдығын жүзеге асыру механизмі ретінде болады);
• біртұтас оқу үдерісінің басынан соңына дейін оқытудың маз-
мұнының  жəне  контексті  оқытудың  соған  сəйкес  формаларының 
күрделілігін қамтамасыз ету. 
Осы талаптарды жүзеге асыру, біртұтас оқу үдерісін жобалауға 
мүмкіндік береді, онда оқу пəндерінің спецификасы, оқу үдерісінің 
əрбір қатысушысының – оқытушының, студенттердің ерекшеліктері 
мен  мүмкіндіктері,  сонымен  бірге  оқытудың  материалды-техника-
лық жағдайы мен ұзақтығы сияқты факторлар есепке алынады. Бұдан 
басқа, аталған технологияны қолдану, контексті оқытудың ғылыми  
негізделген формалары мен  əдістерін іздеуді жүзеге асыруға, оның 
жүйесін  құрастыруға,  оқытудың  мазмұнын  жəне  мақсаттарын 
түзетуге (біліктілік сипаттамасының талаптары) мүмкіндік береді. 
Осы  принциптерді  жүзеге  асырудың  нақты  механизмдері  кон-
тексті типтегі формалар мен əдістер арқылы ашылады. 
Қазіргі педагогикалық əдебиеттерде оқу үдерісін құрастыру, екі 
қырынан  қарастырылады: «ақпарат  арқылы  оқыту  жəне  іс-əрекет 
арқылы оқыту». А.А. Вербицкий контексті оқытуға студенттердің іс-
əрекетінің алуан түрлерін интеграциялаудың тұжырымдамалы негізі 
ретінде анықтама берді (оқу, ғылыми, практикалық). Ғалым контексті 
оқытудағы студенттердің іс-əрекетін ұйымдастырудың формаларын 
анықтады:  академиялық  типтегі  оқу  іс-əрекеті – квазикəсіби  іс-
əрекет – оқу-кəсіби іс-əрекет. Контексті оқытуда қабылдау, ес, зейін 
үдерістеріне,  ең  алдымен,  шығармашылық,  өнімді  ойлауға,  мінез-
құлыққа,  қарым-қатынасқа  сүйенетін,  белсенді  оқыту  технология-
сы немесе оқытудың белсенді формалары мен əдістері ерекше рөл 
атқарады. 
Технологиялар  белсенді  деп  аталады,  себебі  оларда  білім 
берушінің (ақпарат берушінің рөлінің орнына менеджер рөлі) жəне 
білімгерлердің  рөлі  өзгереді  (ақпарат – мақсат  емес,  ол  кəсіби  іс-
əрекет пен операциясын меңгеру құралы). 
Оқыту  əдістері – бұл  оқу-тəрбие  мақсаттарына  жетуге 
бағтытталған педагогтің жəне білімгерлердің өзара байланысқан іс-
əрекетінің тəсілдері. Оқыту теориясы (дидактика) оқыту əдістерінің 
үш тобын анықтайды: 
• оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру;
• осы іс-əрекетті ынталандыру;
• оның тиімділігін бақылау. 
Білімгерлерді белсенділікке ынталандыратын негізгі факторларға 
жататындар: 
• танымдық жəне кəсіби қызығушылық;
• оқу-танымдық іс-əрекеттің шығармашылық сипаты;
• жарысушылық;
• сабақты жүргізудің ойындық сипаты;
• жоғарыда аталған факторлардың эмоционалды əсері. 
Танымдық  қызығушылық  білімгерлерді  белсендірудің  жетек-

318
319
ші  факторы  болып  табылады.  Оны  белсенді  формада  сабақта 
қолданылатын  оқытудың  мазмұнын  жəне  оқу  материалын  қа-
лыптастыруда ескеру қажет. 
Студент  нақты  жағдаят  ойдан  құрастырылған  болса  жəне 
кəсіп  саласында  шынайы  болмысты  білдірмесе  немесе  оның 
қызығушылығына сəйкес болмаса, аталған жағдаятты зерттемейді.  
Керісінше, егер материал күнделікті өмірде шешілетін жəне кезігетін 
сипаттамалық мəселелерден құралатын болса, оның қызығушылығы 
күрт артады. Бұл жағдайда студенттің танымдық белсенділігі, осы 
мəселені зерттеудегі жеке қызығушылықпен, оны шешу тəжірибесін 
меңгерумен, аса тиімді əдістерді игерумен негізделетін болады.  
Іс-əрекеттің шығармашылық сипаты, оқу үдерісінде жəне кез кел-
ген кəсіби саладағы танымға деген қуатты стимул болып табылады. 
Проблемалық оқыту принциптерін жəне оқу-танымдық іс-əрекетінің 
зерттеу  сипатындағы  принциптерді  жүзеге  асыру,  білімгерлердің 
шығармашылық  қызығушылығын  оятуға  мүмкіндік  береді,  бұл  өз 
кезегінде олардың жаңа білімді белсенді, дербес жəне топтық іздеуге 
ынталандырады. Шығармашылық ізденіс қызықтырады жəне баули-
ды, зерттелетін мəселенің тереңіне енуді талап етеді, таным объектісі 
болатын дербес жаңалыққа əкеледі. 
Жарысу – танымдық  іс-əрекетті  белсендендірудің  қуатты  ын-
таландырушы  факторы.  Алайда,  оқу  үдерісінде  ол  үздік  бағалар 
үшін  жарысуға  тірелмейді.  Мұнда  басқа  мотивтер  əрекет  етуі 
мүмкін. Ешкім жолдастарының алдында «ұятқа қалғысы» келмейді, 
əрбір білімгер өзінің қабілетті екендігін көрсетуге тырысады: олар 
тəжірибе  алмасуға  дайын  болады,  өзінің  аналитикалық  ойлау, 
мəселелерді  білу  қабілетін  көрсеткісі  келеді  жəне  т.б.  Жарысу  ын-
таландырушы  фактор  ретінде,  ашық  түрінде  əдеттегі  сабақтарды 
жүргізуде  өзін  белсенді  формада  көрсетеді  (мысалы,  пікірталас 
үдерісінде).  Ол  ойын  формасында  өткізілетін  сабақтарда  біршама 
дəрежеде байқалады. 
Контексті  оқыту – кəсіби  бағдарланған  оқыту.  Мұнда  бар-
лық  білім  болашақ  кəсіби  іс-əрекет  контексінде  беріледі  жəне 
оқытылады.  Əртүрлі  əдістемелердің  жалпы  негізі  ретінде  кəсіби 
контекст  алынады.  Мұнда  пəнаралық  сабақтастық  байланыстарды 
атап өту қажет. Онсыз контексті оқытудың мəні жоғалады. Контексті 
оқыту  тұжырымдамасы  кəсіби  оқытуда,  оқу  мекемесінің  əртүрлі 
типтерінде өнімді болады. 
Жоғары оқу орнында оқытудың негізгі мақсаты ретінде болашақ 
мамандардың тұлғасын жалпы жəне кəсіби дамыту, олардың біртұтас 
кəсіби іс-əрекетті меңгеруі алынады. 
Əдетте  «ақпарат»  жəне  «білім»  ұғымдары  теңдестіріледі. 
Алайда,  ақпарат  объективті  ұсынылған  семиотикалық  білім  болса 
(жазбаша  немесе  ауызша  мəтін),  онда  білім  əрдайым  субъективті 
–  бұл  шынайы  əлемнің  бейнесі,  оның  адам  санасындағы  көрінісі. 
Ақпарат  білім  мəртебесіне  келесі  жағдайларда  ие  болады: 1) есте 
сақталып қоймайды, ол адамның өзіндік ойы арқылы жүреді жəне 
сол арқылы саналы ұғынылады; 2) оның негізінде белгілі теориялық 
немесе практикалық əрекеттер орындалады. Сондықтан, егер студент 
емтихан билетіндегі теориялық сұрақтарға жауап беріп, практикалық 
сұраққа жауап бере алмаса, ол ақпаратты меңгерген болып саналады, 
алайда  білімді  меңгерген  болып  саналмайды.  Мұндай  «формалды 
білім» тез ұмытылады жəне оқытудың мəнсіздігін сезінуге əкеледі. 
Ең  алдымен,  оқытудың  мазмұнын  меңгеру  мен  жобалаудың 
адекватты  бірлігін  таңдаудағы  тұғырды  анықтау  қажет.  Мұндай 
бірлік ретінде, дəстүрлі түрде «ақпараттың бөлігі», тапсырма жəне 
міндет алынады. 
Өмірде  жəне  кəсіби  іс-əрекетте  əрине,  міндеттер  бар,  оларды 
шешімнің  таныс  тəсілдерін  меңгеріп  шешу  қажет.  Ең  күрделі 
тапсырмаларды компьютер жақсы шешеді, ол алдын ала ұсынылған 
алгоритмді  «еске  түсіреді».  Сонда  компьютердің  ойлау  жүйесі  бар 
ма?  Əрине,  жоқ.  Ойлау  белгілі  бір  қарама-қайшылық  туындағанда 
пайда  болады,  оны  машина  түсіне  алмайды.  Ойлаудың  бірлігі 
ретінде, міндет емес, проблема алынады. 
Міндет пен проблеманың ортақ қайнар көзі болады – проблема-
лық  жағдаят.  Осы  жағдайға  енетін  адамның  қарама-қайшылықты 
саналы  ұғынуы,  оның  жаңа  білімге  деген  қажеттілігінің  пайда 
болуына  əкеледі.  Проблемалық  жағдаятты  талдау  нəтижесінде,  ол 
міндетке  немесе  проблемаға  қайта  құрылуы  мүмкін.  Мұның  бəрі 
ойлаудың енгізілуінің қажеттілігін негіздейді. 
Оқу  міндеті – бұл  адамдардың  практикалық  немесе  зерттеуші 
тəжірибесіндегі  өткен  проблемалық  жағдаяттардың  жалпылама 
белгілік  моделі.  Қарама-қайшылықтан  жəне  белгісіздіктен  «та-
зартылған» жағдаяттар міндеттерге (тапсырмалар) қайта құрылады, 
олар  теориялық  ақпаратпен  қатар  «мəдени  консервілер»  ретінде 
оқытудың  мазмұнын  құрайды.  Міндеттің  жағдайларын  құрастыру-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет