Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


«Ауызша сабақ-3» картасы
3-тип.  Білім  мен  іс-əрекет  амалдарының  кешенді  қолдану 
бойынша оқу дəрісі: мотивация, білім мен іс-əрекеттер тəсілдерінің 
кешенін  өзектендіру,  ұқсас  жəне  жаңа  жағдаяттарда  өз  бетінше 
білімдерін  қолдану,  бақылау  жəне  өздік  бақылау,  түзету,  түйсіну 
енгізілді. 
1
Ұйымдас-
тыру кезеңі 
Мотивация
Үй жұмысы тексерілмейді 

 бұл 
жаңа тақырып. Сынып өз бетінше 
үштікке бөлінеді. Əрбір үштікте үш 
рөл: «Орындаушы» 

 тапсырманың 
дұрыс орындалуына жауап береді; 
«Сыншы»-қатені табуға жауап 
береді; «Шабыттандырушы» 
– 
топтың сəтті жұмыс жасауына жауап 
береді. Əрбір үштік өз аттарын 
қояды. Карта бойынша жұмыс 
нəтижесін ендіретін тақтадан 
əрбір үштік үш ұяшықты алады. 
Оқушылар мотивациясы топпен 
ізденіс жұмысын жүргізу. 
Карта бойынша 
жұмыс ретін 
түсіндіреді. 
Сыныпты 
белсендіру 
үшін сынып 
көшбасшысына 
сөз беріледі. 
Жауап үшін 
ұяшыққа ұпай 
саны немесе 
алу белгісі 
қойылады.

98
99
2
1-кезең. 
Іс-əрекет 
тəсілдері 
мен білімдер 
кешенін 
өзектендіру
Оқытылған тақырып бойынша 
тақырыптық сөздік қорды 
(ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз 
қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп 
жазылады. шығарма түрінде жазуға 
рұқсат беріледі. Көмекші сөз жəне 
жалғау сөз болып саналмайды.
Уақыт 5 
минут. Норма: 
- үштікке 
жəне оқушы 
ұяшығына 
бір ұпай 
қойылады.
Бірінші 
белгілеу.
3
2-кезең. 
Ұқсас 
жəне жаңа 
жағдаят-
тарды 
шешуге өз 
бетінше 
білімдерін 
қолдану
Тірек сөздерін іздеу. Ол мəтінмен 
жұмыс жүргізу барысында 
жүргізіледі. Мəтінмен жұмыс жасау 
уақытының жаңа нормативтері 
ендіріледі. Үштіктің тақтаға 
жазылған əр бір кілт сөзі үшін бір 
ұпай алады. Ұпай тек, қол көтеріп, 
өздерінің кілт сөзінің жаңа нұсқасын 
ұсынған жағдайда қойылады. Кілт 
немесе түйін сөздерінің сапасы 
сабаққа дейінгі мұғалімнің жасаған 
түйін сөздер тізімімен сəйкес келуі 
тиіс. Жеке үштіктің беретін түйін 
сөз саны – 3-тен кем болмауы тиіс. 
Тірек сөздерінің эталонын мұғалім 
сабаққа дейін дайындайды. 2 сөзден 
құралған мағыналы сөз екі сөз 
ретінде есептелінеді.
1-2 сынып: 
5 минут бір 
бет мəтінге; 
3-4 жəне 7-11 
сыныптар: 
4 мəтіннің 
бір бетіне 4 
минут; 5-6 
сынып: мəтін 
бетіне 3 минут 
Əр сөз үшін 
үштік мүшенің 
біреуі 1 ұпай 
алады. Екінші 
белгілеу.
4
3-кезең. 
Өздік 
бақылау 
жəне 
бақылау
Есте сақтап тірек сөздерді жазу. Сөз 
саны – 21, рұқсат 19 сөз. Əр үштік 3 
ұпай алуға құқылы, орындалған нор-
мативтер үшін əрбір мүшесіне бір 
ұпайдан алады. Үштіктер арасын-
да өз-өздерін тексеру жүргізіледі. 
Тексеріп болғаннан соң, нəтижесін 
үштіктер мұғалімге ұсынады.
Үшінші 
белгілеу. Топ 
ұяшығына бір 
санын жəне алу 
белгісін қояды.
5
4-кезең. 
Түзету
Үш ұпайлық жүйе бойынша 
сыншылар тарапынан сұрақ қою 
арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы 
талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін 
жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.
Төртінші 
белгілеу.Əр 
оқушы бір 
ұпайдан алуы 
мүмкін.
6
5-кезең. 
Рефлексия
Тестілеу. Бірінші үштік мадақтау 
бір ұпайын алады. Сұрақтар себеп-
салдарға бағытталған нақты болуы 
тиіс: себебін, жағдайын айт, неге? 
не үшін? неден? немен байланысты? 
қандай үлгіде? Қарапайым 
тұрғыдағы сұрақтар есептелінбейді, 
мынадай типтегі: уақыт, атын ата 
немесе қайда болды? Дұрыс емес 
сұраққа 3 ұпайдан айып салынады. 
1. Егер үштіктің ішінен бір оқушы 
қорытынды жауап берсе, онда 
барлығы да үш ұпай алады; 2. 
Егер үштіктің ішінен бір оқушы 
қорытынды жауап бермесе, онда 
дұрыс жауапты екінші оқушы беруі 
тиіс, ол кезде барлық үштік екі 
ұпай алады; 3. Егер екінші оқушы 
қорытынды жауап бермесе, онда 
дұрыс жауапты үшінші оқушы беруі 
тиіс, ол кезде барлық үштік бір 
ұпай алады. 4. Тестіні құрастырушы 
үштік бір ұпай алады, егер  бірінші 
сұраққа дұрыс жауап алынбаса; 
5. Тестіні құрастырушы үштік 
екі ұпай алады егер де, екінші 
сұраққа дұрыс жауап алынбаса; 
6. Тестіні құрастырушы үштік үш 
ұпай алады, егер үшінші сұраққа 
дұрыс жауап алынбаса; 7. Сабақ 
барысында қалып қойған екі топ 
үштігіне келісілген түрде балдық 
қатынас бойынша үздік үштік 
ретінде 3 рет немесе бір реттік өз 
сəттілік бақтарын сынауға бір дуэл 
ретінде сұрақ-жауап беріледі. Үш 
ұпайлық жүйе бойынша сыншылар 
тарапынан сұрақ қою арқылы 
өткізіледі – үштіктің жалпы талдау 
жұмысы 1 ұпай, үстіртін жауап – 2 
ұпай, терең жауап – 3 ұпай. 
Бесінші 
белгілеу. Əр 
үштік 3 ұпай 
алуға құқылы, 
1 ұпайдан 
əр оқушыға. 
Алтыншы 
белгілеу. Əр 
оқушы бір 
ұпайдан алуға 
құқылы.

100
101
7
6-кезең. 
Білім жəне 
іс-əрекеттер 
кешенін 
өзектендіру
Мəселелік сұрақ-жауап. Бірінші 
үштік бір ұпай алады. Мəселелік 
сұрақтың соңғы кезеңінде 
9 ұпайлық санды шегімен 
бөлшектеуді ұсынады: 3 ұпай – 
оқытылатын тақырыптағы жауап 
реті өзгертілмей бергенде; 6 ұпай 
- оқытылатын тақырыптағы жауап 
реті бөлшектеп өзгертіліп бергенде; 
9 ұпай - оқытылатын тақырыптағы 
жауап реті толығымен өзгертіліп, 
стандартты емес, ерекше, айрықша 
жауап бергенде.
Жетінші 
белгілеу.
Ұпай санда-
ры барлық 
үштікке бірдей 
бөлінеді.
8
7-кезең.
Түзету жəне 
түйсіну
Үш ұпайлық жүйе бойынша 
сыншылар тарапынан сұрақ қою 
арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы 
талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін 
жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.
Сегізінші 
белгілеу.
Əр оқушы бір 
ұпайдан алуға 
құқылы.
9
Бағалау
Журналға қойылатын баға келесі 
нормативтер арқылы жүзеге 
асырылады: - 6-дан бастап жəне 
одан жоғары – 5 ұпай, - 5- белгі – 4 
ұпай; - 4 белгі – 3 ұпай. 3 бірінші 
орынды алған үштік мынадай 
сандық бонустар алады: 1-орын 

 10 
ұпай əр оқушыға. 2-орын – 8 ұпай 
əр оқушыға. 3-орын – 6 ұпай əр 
оқушыға. Алынған бонустар тəрбие 
журналына ендіріледі. Сабақтың 
соңғы кезеңінде үштік жетістігіне 
қатысынсыз стандартты емес жауап 
берген оқушыға 5 ұпайлық бағаны 
журналға қоюға мұғалім құқылы. 
Жеңіске жеткен үштік осы карта 
бойынша кез келген сабақта, үштік 
құрамы сақталған жағдайда, бір рет 
мұғалімнің көмегін ала алады.
Сапа нормативі 
карта бойынша 
орындалды 
деп есептеледі, 
егер: 
оқушылардың 
63% 5 ұпайдан 
алса. 3-кестені 
қара.
10
Үйге 
тапсырма
4-тен кем орын алған үштік 
оқушылары үйге тапсырма алады.
Топтық 
жұмыстың 
қорытындысы. 
Сынып 
көшбасшысына 
сөз беріледі.
Сабақтың соңғы кезеңінде үштік жетістігіне қатысынсыз қажетті 
жауапты  сапалы  түрде  берген  кезде  оқушыға 5 ұпайлық  бағаны 
журналға қоюға мұғалім құқылы. Жеңіске жеткен үштік осы карта 
бойынша кез келген сабақта, үштік құрамы сақталған жағдайда, бір 
рет мұғалімнің көмегін ала алады.
Бақылау сұрақтары:
1. «Технологиялық карта», «технологиялық кесте» ұғымдарына 
түсінік беріп, технологиялық карта бөліктерін сипаттаңыз.
2. В. М. Монаховтың болжауды құру аксиомаларын саралаңыз.
3. Сабақтың ақпараттық картасын сипаттаңыз.
4. Технологиялық картамен  жұмыс істеу ережелерін көрсетіңіз.
5. «Ауызша сабақ» карталарын құру алгортмін анықтаңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  Бастауыш  мектепте  оқытылатын  кез  келген  пəн  бойынша 
қандай да бір сабақтың Монаховтың педагогикалық технологиясы-
ның технологиялық картасын толтырыңыз.
Технологиялық карта 
бөлшектері
Атқаратын қызметі
Мақсат қою
Болжам
Үй тапсырмасын мөлшерлеу
Логикалық құрылым
Түзету
2.  В.  Монаховтың  педагогикалық  технологиясы  бойынша 
болжауды құру барысында орындалатын аксиомаларды сипаттаңыз:
Аксиома атауы
Мазмұны
1-аксиома
2-аксиома
3-аксиома
4-аксиома
5-аксиома
6-аксиома
7-аксиома

102
103
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Кукушкин  В.  С.  Современные  педагогические  технологии. 
Начальная  школа.  Пособие  для  учителя. (Серия  «Учение  с 
увлечением») - Ростов на Дону: изд-во «Феникс», 2004.
2. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: 
Педагогическое общество России, 2000.
3. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения.-М.: Педагогика, 1990 г.
4.  Чупрасова  В.И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.
7.  ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ 
ƏДІСНАМАСЫ
Жоспар:
7.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие 
үдерісіне ендіру жолдары.
7.2.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  бойынша 
өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар.
7.3.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  сабақта 
пайдалануда  мұғалім – негізгі тұлға.
7.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-
тəрбие үдерісіне ендіру жолдары
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолданысқа  енгізуде 
оқу-тəрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық 
қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Осы орайда: 
-  ең  əуелі  мектепке  керегі  білімді,  педагогика,  əдістемеден  ха-
бардар оқыта білетін мұғалім;
- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы; 
-  мектепке  керегі  белгіленген  программа, - деген  ағартушы-
ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.
Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалім-
нің ғылыми-əдістемелік жəне қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің 
жеке əдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын 
дайындау  жүйесі,  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларын 
құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің 
ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
Оқу  үдерісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруді 
жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:
 1. Ең  алдымен  оқу  орнының  үдерісін  технологияландыруда 
таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:
- бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің 
кəсіби əрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;

104
105
-  курстық,  дипломдық  жұмыстарына,  мемлекеттік  емтихандар 
қорытындыларына талдау жүргізу;
- бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талап-
тарды зерттеу жəне талдау;
-  оқу  орнының  нақты  мамандық  бойынша  білім  беру 
бағдарламаларына  (оқу  жоспарына,  оқу  бағдарламаларына), 
олардың  біліктілік,  мөлшерлік  талаптарға  сəйкестік  тұрғысынан 
талдау жасау:
-  квалификациялық  мінездеме  талаптарының  сабақтардың 
мазмұнында,  өндірістік  тəжірибе  жинақтаудың  барлық  түрлерінің 
мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен 
тапсырмаларында көрініс табуы;
-  осы  талаптардың  оқу  пəндері  мен  тəжірибе  жинақтаудың 
түрлері  арасында  бөлінуі  (кəсіби  əрекетке  даярлықты  қамтамасыз 
етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);
- білімгерлерді кəсіби əрекетке дайындаудың əдістемелік жəне 
оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.
2.  Ендірілетін  технологияның  теориясы  мен  əдістемесін 
зерттеу:
-  жаңа  педагогикалық  технологиялар  бойынша  əдебиеттерді 
талдау, бұл ұсынынатын əдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді 
жасауды, əдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып, 
оқытушылар  біліктілігін  арттыру  жүйесінде  (əдістемелік  сағаттар, 
озық тəжірибе мектебі, мəселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет 
етеді;
-  басқа  оқу  орыдарының,  салалық  құрылымдардың  оқу 
үдерісіне  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  ендіру 
тəжірибесімен  танысу  (журнал  мақалалары,  ғылыми  еңбектер 
жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);
- берілген бағыттағы өз тəжірибесін пəндік циклдік комиссиясы 
(ПЦК) мəжілістерінде талдау жəне талқылау;
-  жаңа  педагогакалық  технологияларды  оқу  үдерісіне  енгізуге 
шешім  қабылдап,  педагогикалық  ұжым  алдында  перспективаға 
мақсат-міндеттер 
қоя 
отырып, 
педагогикалық 
кеңесте 
жаңашылдықтың мəнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жо-
балау;
- тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
3. Тəжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеруге  оқытушы-
ларды  жалпы  ынталандырумен  қатар  оқу  орнында  тəжірибелі, 
белсенді,  бастамашыл,  ендірілетін  технологияның  мəні  мен 
мазмұнын  түсінген 8-12 оқытушылардан  тұратын  тəжірибелік-
эксперименттік топ құрған жөн.
  Оларға  барлық  оқытушыларға  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияны  меңгеруге  көмек  көрсету  қызметі,  өз  тəжірибесін 
демонстрациялау  жəне  талдау  жасау,  нəтижелерін  эксперименттік 
түрде тексеру міндеттері жүктеледі. 
Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын 
қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологияның  ғылыми-əдістемеліктің 
қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.
Тəжірибенің  мақсаты – қолданылып  отырған  технологияның 
тиімділігін    мұқият  тексеріп,  оны  жүзеге  асырудың  ғылыми-
əдістемелік  базасын  жасап,  өз  тəжірибесіне  жəне  оқыту 
технологиясының 
теориялық 
негіздеріне 
сүйене 
отырып, 
инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау. 
Оқытушылардың  эксперименттік  тобы  қазіргі  заманғы 
педагогикалық    технологияны  ендірудің  жалпы  жоспарына  сай 
келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тəжірибе-эксперимент-
тік  жұмыстың  екінші  жылында  оған  қатысушы  оқытушылардың 
шеңбері  кеңейіп,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 
жаппай ендіру мəселесі қойылуы мүмкін.
4.  Жаңа  педагогикалық  технологияға  негізделген  оқу 
бағдарламалық базаны қамтамсыз ету. 
Нақты  бір  мамандықтар  бойынша  біліктілік  сипаттамасының 
талаптарына  жасалған  талдау  негізінде  оқу  бағдарламаларына 
түзетулер,  толықтырулар  енгізу  (теориялық  жəне  практикалық 
сабақтардың  арақатынасын  қайта  қарау,  мекеме  тандау  пəні, 
студенттің  таңдау  пəндері  есебінен  əрекетті-бағдарлы  пəндер 
көлемін арттыру).
5. 
Жаңа 
педагогикалық 
технологияларды 
ендірудің 
материалдық-техникалық базасын құру.
Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  қолдану  тиімділігін 
арттыруда  осы  көрсетілген  бағыттардың  құрылымдық  мазмұнын 
іске асыру, сапалы жүргізу нəтижелікке бағдарланған жұмыс болып 
табылады.

106
107
Мұғалімнің  оқыту  əрекеті  саналы  болуы  үшін  ол  педагогика 
ғылымының заңдылықтарын, тəрбие міндетінің қоғамның мақсаты 
мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тəжірибенің бірлігін, 
əрекет-дамудың  көзі  екендігін,  қарама-қайшылықсыз  дамудың 
жоқтығын,  оқытудың  білімдік,  дамытушылық,  тəрбиелік  сипатын, 
тəрбиенің  білімдік,  дамытушылық  сипатын,  оқыту  мазмұны  мен 
жоспары,  бағдарламаның  оқу-тəрбие  мақсатымен  сəйкестігін,  т.б. 
нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық үдерісте 
қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің  оқыту  əрекеті  табысты  болуы  үшін  ол  терең 
білімділігімен қатар, шебер шешендікпен, айшықты бейнелілікпен, 
əсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем əуезді дауыспен, 
қажетті  сөздерді  тауып,  саралап  сабақ  түсіндіре  білу  сияқты 
педагогикалық қаруды игеруі абзал.
7.2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар 
бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі 
талаптар
Мұғалім  оқыту  үдерісін  тиімді  өткізіп,  оқушылардың 
белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды 
ескереді:
а)  дидактикалық  талаптың  (сабақтың  тақырыбы,  мақсаты, 
мазмұнының 
бағдарламаға 
сайлығын 
игерілетін 
іскерлік 
дағдыларының айқындығы, қабылдауға əзірлеу, түсіну, ой елегінен 
өткізу);
ə)  дамытушылық  талаптың  (дамытушылық  мақсатының 
айқындығы,  танымдық  қызығушылығының,  бастамашылдығын, 
өздігінен  іздену,  білімін  толықтыру,  ой  еңбегінің  мəдениеті  мен 
іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту);
б) тəрбиелік талаптың (тəрбиелік мақсатының нақтылығы, білім 
мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік 
қасиеттерін, 
жүйелі 
еңбегін 
қалыптастыру, 
мамандығына 
сүйіспеншілігін арттыру, т.б.);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу-
құралдарының,  тақтаның,  бордың  яғни  сабақтың  жабдықталуын, 
жарық  мөлшерінің  сақталуын,  оқушылардың  сыртқы  көрінісі; 
көрнекі  құралдарға,  дəптерге,  жазуға  қойылатын  талаптар) 
сақталуын ескеру;
г)  психологиялық  талаптың  (білімге  ынталандыру),  танымдық 
белсенділігін  арттыру,  эмоциялық  көңіл-күйін  тудыру,  қабылдау, 
зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескерілуі;
ғ)  ұйымдастырушылық  талаптың  ескерілуі.  Ол  екі  кезеңнен 
тұрады:
I  кезеңі:  Сабаққа  алдын  ала  дайындық.  Күнтізбелік  жоспар 
негізгі  жəне  қосымша  əдебиеттерді,  əдістемелік  жəне  көркем 
шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
II  кезеңі:  Пəн  бойынша  тақырыптық  сабақ  жоспарын  жасау. 
Онда сабақтың білімдік,  дамытушылық, тəрбиелік мақсатын, оған 
сай  нақты  білім  көлемін  анықтау,  əдіс-тəсілдерін  таңдау  сабақ-
тың  типін,  құрылымын  белгілеу,  сабақ  кезеңдерінің  логикалық 
байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Əдістемелік  талапқа  аталған  барлық  талаптардың  жиынтығы 
жатады. Мұғалім оқытудың əдіс-тəсілдерін біліп қана қоймай, тиімді 
пайдаланғанда  ғана  оқушылардың  білімге  құштарлығын  тудырып, 
терең  түсінігін  қамтамасыз  етеді.  Оқыту  əдісін  таңдау  үлкен 
шеберлікті  керек  етеді.  Айталық,  өткенді  қайталау,  қорытындылау, 
жаңамен  байланыстыру,  жадыда  бекітуге  арналған  жаттығулар 
мен  педагогикалық  есептер  жүйесін  ойластыру,  уақытты  дұрыс 
пайдалану,  сабақта  оқушылардың  жұмыс  түрлерін  тыңдау,  талдау, 
жазу,  жаттығу,  іздену  жұмысын  ұйымдастыру,  сабақтың  темпін, 
ритмін  өзгертіп  отыру  мұғалімнің  шеберлігі  мен  жұмыс  стиліне 
(педагогикалық ептілігі, икемділігі, шамамен сезе білуі, əдептілігі, 
тапқырлығы, мəдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап 
қоя білуі, жылы қарым-қатынасы) байланысты шешілетін мəселелер.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі 
қалыптасып,  ескі  мазмұнның  орнын  жаңасы  басуда.  Жаңа  білім 
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын 
емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын, 
нəтижесін,  сондай-ақ  жеке  тұлғаның  кəсіптілігінің  қалыптасуы 
жəне  даму  болашағының  қажеттілігін  анықтайтын  əлеуметтік 
категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды 
оқыту  мен  тəрбиелеу  қызметтерінің  əртүрлі  көрсеткіштерінің 
жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен əдістері 
бойынша  анықталады.  Сондықтан  педагогика  ғылымының 

108
109
ерекшілігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту 
технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі  заманғы  ғылыми-техникалық  үдерістің  қарқыны  білім 
беру  жүйесінің  алдына  осы  міндетті  қойып  отыр.  Ол – өз  жұмыс 
орнында  жəне  бүкіл  техникалық  тізбекте  технологияның  үздіксіз 
өзгерістеріне  бейімделе  алатын  орындаушының  (атқарушының) 
тұлғасын  қалыптастыру.  Оқу  үдерісінің  əдістері  мен  түрлерін 
жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында 
көрініс  табады:  В.Ф.Шаталовтың  тірек  сигналдары,  Р.Штейнердің 
еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованның оза оқыту, П.Эрдниевтің 
ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың дамыта оқыту, Л.С.Выготскийдің 
жақын даму аймағы, т.б.
7.3   Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды 
сабақта пайдалануда  мұғалім – негізгі тұлға
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі 
де  ұзақ  үдеріс.  Кейде  ол  мұғалімнен  оқытудың  үйреншікті  əдіс-
тəсілдерінен  арылуды  талап  етеді.  Сондықтан  мұғалімге  оқыту 
технологияларын  үйретуді  арнайы  кəсіби  тұрғыдан  ұйымдастыру 
керек.
Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы 
үдеріс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы.
Сабақ  құрылымы  қандай  болса  да  оқушыға  білім  мен  дағды 
беруді көздейді.
Мұғалім – сабақтағы  басты  тұлға,  өйткені  ол  оқушыларға 
жүйелі  түрде  білім  алу  дағдысын,  іскерлігін  қалыптастырады.  Ол 
үшін  түрлі  оқыту  əдістерін  алмастыра  пайдаланып,  оқушылардың 
танымдық  əрекетіне  мақсат  көздей  басшылық  етеді.  Бұл  жөнінде 
педагог-ғалым  Ахмет  Байтұрсынов: «Мектепке  бірінші  керегі – 
мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама 
жəне  оқулықтар  керек», – деп  дөп  басып  айтқан,  өйткені  оқыту 
ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім 
бағдарламаны,  оқыту  құралдарын,  оқулықтарды,  əдіс-тəсілдерді 
пайдаланып,  оқушыларды  біліммен  қаруландырады.  Олай  болса, 
оқу-тəрбие  ісінің  табысты,  білімнің  берік  болуы – мұғалімнің 
сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім  ең  алдымен,  өз  пəнінің  оқу  жоспарымен,  педагогика 
жəне  психология  пəнінің  бағдарламасымен  танысып,  бір  жылға 
күнтізбелік  жəне  жұмыс  жоспарын  жасайды.  Сонымен  қатар  əр 
сабақтың   тақырыптық    жоспарын,    конспектісін дайындайды. Онда 
ол  тақырыптық  жəне  пəнаралық  байланысты    ғылым  жаңалығын, 
алдыңғы  қатарлы  озат  тəжірибені  ескеріп,  əр  сабақтың  мақсат-
міндеттерін,  оқу  жадығатының,  дербес  жұмыстардың  көлемін
оқыту əдістерін, көрнекі жəне техникалық  құралдарын анықтайды.
Мұғалім  оқу  жағдайын    жан-жақты  білу  үшін  негізгі  жəне 
қосымша  оқу  құралдарын,  ғылыми  педагогикалық,  əдістемелік, 
тарихи,  көркем  əдебиеттерді,  арнаулы  басылымдарды  оқып, 
қажеттілерін  сұрыптап  алуы,  сенімді  мысалдарды,  қызықтыратың 
мəліметтерді таңдап алуы керек.
Мұғалім  осылайша  оқу  жағдайын  анықтап  алып,  сабақ 
жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Ал,  педагогикалық  жүйе – дара  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталған  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы 
педагогикалық 
ықпалды 
ұйымдастыруға 
қажетті 
өлшем, 
байланысқан  əдістердің,  құралдардың  жиынтығы.  Олай  болса,  дəл 
қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада 
пайдалану қажет.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  пайдалану 
«пəнге  қызығушылықтарын  арттырудың  тиімді  жолдары»  деп 
аталады. Мақсаты – оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пəндермен 
терең  де  берік  қаруландыру,  ал  меңгерген  білімдерін  күнделікті 
өмірде  өз  деңгейіндегі  іскерлікпен  қолдана  білу.  Қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологияны қолдануда: 
«Мұғалім нені білу керек?»
 қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  көмегімен 
шешілетін мəселені анықтай алуы;
 қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  қолдану 
арқылы алынатын нəтижелерді; 
 қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнінен алынатын 
нəтижелердің теориялық негізін;
 қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  мұғалім 
қолданылатын əдіс-тəсілдерді білуі керек.

110
111
Оқушыларды  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда 
жұмыс істеуге үйрету əдісін таңдауы.
«Не істей алу керек?»
 Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыра 
алуы
 Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасай алуы.
 Əр сабақты жоспарлай алуы.
 Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  бойынша 
жүргізілетін əртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасай алуы.
 Оқу модулын құрастыра алуы.
 Оқу жобасының мазмұнын анықтай алуы.
 Оқу 
жобалары 
бойынша 
оқушыларға 
арналған 
тапсырмаларды құрастыра алуы.
 «Қандай іс-əрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
 Қазіргі 
заманғы 
педагогикалық 
технологияларда 
пайдаланылатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді пайдалану.
 Əр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
 Өткізілген 
сабақтарға 
талдау 
жасау, 
жіберілген 
кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын 
оқу əрекетінің əдістерін оқушыларға үйрету.
Жас ұрпаққа білім-тəрбие беретін бала жанының – мұғалімдер 
қандай болуы керек жəне олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді 
ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, əдепті, инабатты, сыпайы, 
парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы лəзім.
Екіншіден,  мұғалімнің  ой-өрісі  кең,  жан-жақты  білімді,  өз 
мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шəкірттеріне анық, 
тұжырымды, дəл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында 
сыйлы  болуы  тиіс.  Əрдайым  оқушылармен  əдептілік  қарым-
қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден,  мұғалім  теорияны  өмірмен  байланыстырып, 
ғылым  мен  тəжірибені  əрдайым  өзі  беретін  күнделікті  сабағына 
кеңінен пайдалануы қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, əдістеме 
жаңалықтарымен  танысып,  өзінің  ой-өрісін  кеңейтіп,  білімін 
толықтырып отыру керек.
Осы  қағидаларды  əрбір  мұғалім  тұрақты  ұстанып  отырса, 
мұғалімнің  күш-қуаты,  көңіл  күйі  əрдайым  жоғары  болады  да 
сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-
сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске 
алсақ, олардың жемісті, əсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан 
үнемі  оқулықтармен,  көрнекті  дидактикалық,  техникалық  құрал-
жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Педагогикалық  техногогияны  қолдану  білімді  сапалы 
түрлендіруге,  жаңашыл  жобаларға  ірге  болуға  нақты  негіз  болып, 
əрбір  мектепке  өзіндік  тұлғасын  табуға,  əрбір  мұғалімге  өзіндік 
əдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді.
Оқытудың  нəтижелі  болуы  оны  ұймдастыру  əдістеріне  жəне 
бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық əдістемелікке 
байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық 
жылдам  қарқынды  дамуы  адамзат  өмірінде  болып  көрмеген 
шапшаңдықты талап етеді. 
Қазақстанның  бұрынғы  жүйеден  нарықтық  экономикалық 
жүйеге  көшуі,  қоғамдық  құрылыстың  күрт  өзгеруі  білім  беруді 
уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның əлемдік деңгейдегі ме-
жеге сəйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
Педагогикалық  теориямен  жеткілікті  түрде  қаруланған 
мұғалімнің  іс-əрекеті  тиімді  болатыны  əркезден-ақ  мəлім.  Ендеше 
оқыту  технологиясын  оқу  үдерісіне  енгізу  білім  сапасын  қажетті 
деңгейде жəне оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды  жəне  педагогикалық  қызметті  «технологияланды-
ру»  талпыныстары XX ғасырдың  басында-ақ  пайда  болған,  бірақ 
педагогикалық  ғылымда  оқыту  технологияларын  жобалау  мен 
енгізудің  ғылыми  қадамдары 1980-90 жылдары  ғана  жасалып, 
олардың пəрменділігінің критерийлері анықталды.
Қазіргі  күннің  өзінде  де  үлкен  педагогикалық  жəне 
экономикалық  мүмкіндіктерге  ие  бола  тұра,  оқытудың  қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологиялардың  оқу  үдерісіне  ендірілу 
қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны  түсіндірудің  бірнеше  себептері  бар.  Мысалы,  оқу 
орнында  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруге  қажетті 
педагогикалық,  əдістемелік  шарттарының  болмауы,  мұғалімдердің 
технологиялық  əрекетінің  жеткіліксіз  мотивациялануы  мен 

112
113
ынталандырылуы,  мұғалімдер  мен  оқу  орындары  басшыларының 
кəсіби əрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.
Ең  алдымен  оның  себебін  мұғалімдердің  жаңа  педагогикалық 
технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация 
мен  саналылықтың  жеткілікті  жоғары  деңгейі  сипатталғанмен, 
олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, 
яғни əлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық 
жəне технологияларды оқу үдерісіне ендіру белгілі  бір шарттарды 
қажет етеді. 
Олар:
-  мұғалімнің  оқу  үдерісін  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар  негізінде  ұйымдастыруына  құзырлылығының 
жеткілікті деңгейі;
-  оқыту  субъектілерінің  (мұғалім  мен  оқушы)  қазіргі  заманғы 
педагогикалық  технологияларды  қолдануға  дайындығы,  жағымды 
психологиялық-педагогикалық ахуал;
-  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оқу-əдістемелік,  дидактикалық 
базаның болуы;
- оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен 
қоғам талабына сай түзетілуі жəне ақпараттандырылуы.
Білім сапасы – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің 
шеберлігі  қойылған  педагогикалық  мақсатқа  жəне  бағдарламаға 
сай  қажетті  мазмұнды  таңдап  алуында  жəне  тиімді  əдістер  мен 
құралдарды пайдалана білуінде. 
Мұғалімнің  педагогикалық  қызметін  технологияландыру 
педагогикалық  технологиялардың  белгілері  туралы  біліммен, 
мұғалімнің  шеберлігіне  қарасты  белгілі  шарттардың  сақталуын 
талап етеді.
Олар:
-  мұғалімнің  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларға бет бұруы, ынта қоюы;
- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған 
технологияларды таңдауы;
- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
- мақсат қоя алу жəне міндеттерді бөлу қабілеті;
- іс-əрекетін ұйымдастыру жəне оған талдау жасау мүмкіндігі;
- өз тəжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық 
түрде көрсету;
-  технологияның  ескіруін  көре  білу,  оны  қайта  құру,  өңдеу 
дағдысының болуы.
Оқыту  технологияларының  қайсысын  болмасын  пайдалану 
жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, 
шығармашылықты,  құнттылықты,  жаңашылдықты  жəне  мол 
дайындықты қажет етеді. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу кезінде 
мұғалімнің  технологиялық  құзырлығының  жоғары  деңгейін 
қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:
-  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  көмегімен 
шешілетін мəселелерді;
- қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы 
алынатын нəтижелерді;
-  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  мəнін,  алынатын 
нəтижелердің теориялық негізін;
-  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  мұғалім 
қолданатын əдіс-тəсілдерді;
- оқушылардың жұмыс əдісін;
 - оқушыларды  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда 
жұмыс істеуге үйрету əдісін, мұғалім істей алуы керек;
-  қандай  да  бір  технология  үшін  оқу  бағдарламасының 
түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;
- əр сабақта сауатты жоспарлауды;
- оқу моделін құрастыруды;
-  оқушылардың  өзіндік  жұмыстары  үшін  таратпалы  материал-
дарды дайындауды;
- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;
- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау; 
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:
- қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланатын 
жекелеген əдістер мен тəсілдерді қолдануды;
- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;

114
115
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің 
себептерін анықтауды;
 - қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияда  қолданылатын 
оқу əрекеттерінің əдістерін оқушыларға үйретуді;
 - педагогикалық диагностиканың қарапайым əдістерін қолдана 
отырып,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  пайдалану 
тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық  қызметті  осылайша  ұйымдастыру – жаңаша 
оқытуға жеткізетін жол.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Сабақ»  ұғымын  сипаттап,  бастауыш  мектепте  өткізілетін  
сабақтың  құрылымын  сипаттап  беріңіз  (мақсаттары,  түрі,  əдістері, 
т.б.)
2.  Бастауыш  сынып  мұғаліміне  қойылатын  негізгі  талаптарды 
саралаңыз.
3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдаланып 
ұйымдастырылған  сабақ  пен  дəстүрлі    оқыту  əдісімен  өткізілген 
сабақты  салыстырыңыз.  Кез  келген  сабақ  үлгісі  негізінде  мысал 
келтіріп, жауабыңызды дəлелдеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет