Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астықты элеваторларда сапасына қарай қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет117/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
10.4. Астықты элеваторларда сапасына қарай қалыптастыру
Астықтың сапасы – құбылмалы фактор. Ол көбінесе, ауа райының 
қолайына қарай тез өзгеріп тұрады.
Еліміздің өз ішінде пайдалану үшін жəне шетелге шығару үшін 
де өте сапалы астық керек. Халықаралық сауданы алсақ, біздің 
сыртқы «Экспортхлеб»-тің АҚШ, Канада, Аргентина сияқты қуатты 
бəсекелестері бар. Олардан келетін астықтың сапасы өте жоғары. 
Сондықтан біз де халықаралық саудаға тек бірінші класс сапалы астық 
жіберуіміз керек. Мұндай астықты дайындау элеваторларда жоғары 
сапалы үлкен астық партияларын қалыптастырудан басталады. Астық 
қабылдау мекемелеріне көптеген əртүрлі ұсақ астық партиялары келіп 
түседі. Мемлекет қоймаларында оларды бipiмен-бipiн біріктіріп, сапа-
сына қарай қалыптастырып үлкен партиялар жасайды. Үлкен астық пар-
тияларын жасау қазіргі кездегі астық сақтау жəне емдеу мекемелерінің, 
ең бip басты міндеті болып есептеледі. Осы міндетті дұрыс шеше білсек, 
ic жүзінде барлық астықтан жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз ету-
ге болады. Бұл жұмыс астықтың пайдаланылатын сапасын анықтаудан 
басталады. Мұның ең басты керсеткіштері:


180
– дақылдың сорты, астықтың тип, тармағы, дəннің көлемдік мас-
сасы, оның шынылығы, сағыздың мөлшері мен сапасы, астықтың 
ылғалдылығы мен тазалығы, тағы басқалар.
Элеваторларда үлкен партияларды қалыптастыру үшін:
– ең алдымен, астықты стандартқа сəйкес 4 топқа бөліп қабылдау;
– 
ылғалдық топтардың ішінде астықтың тазалық межелерін еске 
алып топтау;
– астықты тазалау, кептіру үдерістерін оның пайдаланылатын орын-
дарына қарай жүргізу;
– 
осы арнайы үдерістерден кейін көптеген сапалық қасиеттері 
біркелкі бірімен-бipiн біріктіруге келетін партиялар алу; осы жүргізіл-
ген жұмыстардың арқасында астықтың сапасы бірдей кішігірім парти-
яларын қалыптастырып, мүмкіншілігі болғанша үлкен партиялар жасау 
сияқты принциптерді пайдаланған жөн.
Үлкен астық партияларын жасағанда ең басты көрсеткіш ретінде 
астықтың технологиялық қасиеттері алынады. Үлкен партияларды 
қалыптастыру төмендегі тəртіп бойынша жүргізіледі:
1. Астықты, мысалы бидайды, оның көлемдік мөлшеріне қарай 4 
топқа бөледі – 1. 785 грамнан жоғары, 2. 765 – 785 г/л, 3. 725 – 765 г/л, 
4. 725 г/л-ден төмен. Осы ажыратылған төрт топтың əрқайсысын оның 
шынылығына қарай үш кіші топтарға бөледі – 2. Шынылығы 60 па-
йыздан жоғары, 2. 40 – 60, 3. 40 пайыздан төмен. Осы кіші топтардың 
əрқайсысы сағыздың сапасына қарай 
екі 
(I жəне II) топқа, ал олардың 
өзін оның мөлшеріне қарай: 30 пайыздан жоғары (Қазақстанда ерекше 
40-тан жоғары жəне 32-ден жоғары), 26,0-29,9, 20,0-25,9 пайызға дейін 
жəне 20,0 пайыздан төмен деп бөледі.
Осы топтардың арқасында көлемдік мөлшердің əр тобында 18 кіші 
топ пайда болады. Бұлар өзара үш үлкен партияға жіктеледі: 1. күшті 
бидай немесе нандық қабілеті өте жоғары; 2. орташа; 3. таза күйінде 
нан өндірісінде жарамсыз, күші нашар немесе сапасы төмен партия-
лар тобы. Бұлардың өзінде əртүрлі сорттар, типтер, көлемдік өлшемдегі 
топтар қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет