Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дефолианттар мен десиканттар туралы қысқаша түсінік



Pdf көрінісі
бет28/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
3.9.3. Дефолианттар мен десиканттар туралы қысқаша түсінік
Көпшілік солтүстік мемлекеттерде, сонымен қатар Қазақстанның 
солтүстік облыстарында күздің ерте түсуіне байланысты жауын-
шашын көбейіп, астықтың пісуі кешеуілдейді. Мұндай астықтың 
дымқылдылығы жоғары болады. Сондықтан олардың пісуін тездету 
үшін дефолианттар мен десиканттар пайдаланылады.


49
Дефолиант деп өсімдіктің жапырағын түсіретін, десикант деп 
өсімдікті өніп тұрған орнында кептіріп жіберетін химиялық заттарды 
айтады. Осының арқасында астықтың пісуі тездетіледі, дымқылдылығы 
төмендейді. Піскен жəне құрғақ астық оны ору жəне бастыру кезінде 
мехникалық зақымға аз ұшырайды, сынық дəннің саны азаяды.
Дефолианттар мен десиканттарға əртүрлі органикалық жəне 
минералдық улы заттар жатады. Кең тараған дефолианттарға кальций 
цинамиді, натрий цианамиді, сусыз аммиак, магнийдің хлорат гексаги-
драты, т.б., десиканттарға магнийдің хлораты, реглон, дипиридилфос-
фат, аммиак селитрасы, карбамид, т.б. жатады. 
Осы препараттардың ертінділері ұшақтар немесе басқа да бүркетін 
аппаратуралар арқылы шашылады. Бұдан бұрын олар тек мақта 
шаруашылығында пайдаланылып келеді. Қазір күнбағыс, бидай, рапс, 
соя, күріш, жоңышқа сияқты өсімдіктерді бүркіп кептіруге пайдаланып 
жүр.
Краснодар өлкесінде осы препараттарды қолданып, астықтың 
түсімін, оның тұқым шаруашылығында өнімділігін 15 пайызға дейін 
жоғарылатты деген мəліметтер бар. Краснодар аймағында күнбағысты 
40-45 пайыз ылғалдықта осы препараттармен бүркіп, оның пісу 
мерзімін 8-10 күнге дейн қысқартқан.
Бидай жəне басқа дақылдардың егістіктерінде пайдалану əлі зерттеліп 
жетілмеген. Олар астыққа қандай физиологиялық, биохимиялық əсерін 
тигізетінін анықтау жұмысы зерттелмеген. Дегенмен, күз ерте түсетін 
аймақтарда пайдалы болар деген үміт бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет