Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет10/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

(1723–1727  жылдар)
  қазақ  тарихында 
«Ақтабан  шұ бы-
рынды, Алқакөл сұлама»
 деген атпен аталады. Оның қазақ халқына ти-
гiзген зардабы, қайғы-қасiретi, аштығы мен қайыршылық халге душар етуi 
өте ауыр болды. Мыңдаған адам қырылды немесе тұтқын ретiнде айдалып 
кеттi. Жүздеген, мыңдаған ауыл қат ты күйзелiске ұшырады. Мал-мүлiк 
талан-таражға түстi, сауда бай ланысы үзiлдi, бiр кезде гүлде нiп тұрған 
қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды.
Қазақтар қырғыннан аман қалу үшiн елдiң батыс аймақтарына  қа -
рай жылжып, Жайық бойына дейiн жеттi. Қазақтардың жаппай қо   ныс 
аударуы Ресей империясын және оның қол астындағы ларды – башқұрттар 
«Қалқаман-Мамыр» дастанынан 
келтірілген үзіндіден:
– қазақ халқының демографиясына 
байланысты келтірілген деректі;
– жоңғар шапқыншылығы салдары- 
нан орын алған 
миграциялық
 үрдісті;
– 1723 жылғы жоңғар шапқыншы-
лығының «Ақтабан шұбырынды» 
аталуының себебін түсіндір.


12
мен қалмақтардың едәуiр мазасын қашырды. Патша 
үкi метi бiрқатар ке шендi ша ралар қабылдады: ше-
гара күзетi күшейтiлдi, жаңадан әскери бекiнiстер 
салу шаралары қолға алынды. 
Қазақтардың  едәуiр  бөлiгi  Орта  Азия  мемле-
кеттерiнiң аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сыр-
дария  өзенiнен  өтiп  кеткен  Орта  жүз  рула рының 
көпшiлiгi Самарқан қаласының төңiрегiне, ал Кiшi 
жүз  қа зақтарының  едәуiр  бөлiгi  Хиуа  мен  Бұхар 
хандықтарына көшiп кеттi. 
Жоңғар  шабуылының  өрт-жалыны  өзбектердi  де,  қырғыздарды  да, 
қарақалпақтарды да шарпығанымен, ең ауыр соққы қазақтарға тиді.
Қазақ халқының басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасі-
реттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды: 
Қаратаудың басынан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен, 
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді...
Ақтамбердінің мына өлеңі де халық жадында сақталған: 
Жауға шаптым ту байлап
Шепті бұздым айғайлап. 
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап.
Ел-жұртты қорғайлап, 
Өлімге жүрміз бас байлап.
Батырлардың Отан қорғаудағы ерлік істерін Үмбетей, Тәтіғара, Бұқар, 
Көтеш т.б. жыраулар жазып қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   260




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет