Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет9/117
Дата24.05.2022
өлшемі8,5 Mb.
#144865
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   117
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika
МР-холангио
Аспаптар панельдері
Аспаптар 
панельдері 
Курсор қиылысы 
мен таңдау 
дәлдеуіші 
Командалық жол 
Тақырып жолы 
Мәзір жолы 
Меңзер 
координаталары 
Қалып-күй қатары 
1.1-сурет 


12 
1.2-сурет 
Аспаптар панельдері (Панели инструментов) – AutoCAD командаларымен 
байланысты графикалық элементтер (ішінде суреті салынған тӛртбұрыш) – 
пиктограммалар жинағы.
Графикалық алаң 
Сызба экранның бас терезесінің графикалық алаңында орындалады. Бұл 
алаңның шетін табуға тырыспай-ақ қойыңыз, ӛйткені оны шексіз деп айтуға 
болады. Бұл жерде сіз он километрлік су бӛгетінің (плотина) немесе 
миллиметрдің жүзден бір бӛлігіндей микроэлементтердің сызбаларымен 1:1 
масштабында қиналмай-ақ жұмыс істеуіңізге болады. 
Командалар жолы 
Командалық жолда (кейбір әдебиеттерде оны командалар терезесі деп те 
атайды) AutoCAD-тың басқару командалары, олардың параметрлері ендіріледі 
және операцияны орындау жӛніндегі ақпараттар кӛрсетіледі. Командалық жолдың 
ақпараты мәтіндік терезеде кӛрсетіліп, командаларды орындау хаттамасына 
автоматты түрде жазылады. Мәтіндік терезеден командалық жолдағы ендірілген 
және шығарылған мәліметтерді оқуға болады. Экранда мәтіндік терезені кӛру 
үшін F2 клавишасын басу керек. 
Қалып-күй қатары (Строка состояния) 
Бұл жолда курсор қиылысының координаттары және сызу режимдері (Адым, 
Тор, Орто, Түзеу және т.б) кӛрсетіледі. Бұл режимдердің аттары жолда түйме 
ретінде кӛрсетілген. Олардың қосылуы немесе ажыратылуы сол түймелерді 
кӛрсетіп тышқанмен белгілеу арқылы немесе клавиатурадағы F3 – F11 
функционалдық клавишаларын басу арқылы жүзеге асады. Қосылып тұрған 
режимнің түймесі экранда сәл батыңқырап тұрғандай кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет