ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


  «Балалармен  қысқа,  байсалды  сөйлесу,  әрбір  пәнді



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber
Педагогикалық шеберлік2, сапаркулов жумыс

33.  «Балалармен  қысқа,  байсалды  сөйлесу,  әрбір  пәнді 
пейілімен түсіндіру керек» - деген қай ғалым
А) А. М. Дулатов
Ә) А. Байтұрсынов
Б) Ы. Алтынсарин 
В) М. Жұмабаев
Г) Ш. Құдайбердиев
34. Этикаға, жарасымсыз тәсілдегі жатпайтыны қайсысы
А) Дұрыс сөйлесе білу
Ә) Өзін айрықша адам етіп көрсету
Б) Өз әріптестеріне кекете қарау
В) Басқалардың пәнін кемсіту
Г) Оқушылардың бағаларын көтеру
35. Академиялық қабілет дегеніміз не?
А) Мұғалім атына лайық болуы
Ә) Мұғалім қабілетінің пән сапасына сәйкестігі 
Б) Толық білім алу
В) Мұғалім дүниетанымының кеңдігі
Г) Адамдарды қабілетіне сүйеніп танып білу
36. «Ұстаздық дастан» еңбегінің авторы кім?
А) В. Ф. Одоевский
Ә) В. Т. Белинский

262
Б) А. С. Макаренко
В) А. М. Сорокина
Г) А. П. Усова
37.  Қазіргі  кезде  жалпы  ұстаздардың  педагогикалық 
қабілеттеріне қойылатын талаптарды көрсетіңіз
А) Дидактикалық ғылыми-танымдық
Ә) Ұйымдастырушылық
Б) Перцептивтік және сугнестивтік
В) Коммуникативтік, ізденушілік
Г) Ізденушілік
39.  «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені 
мұғалім-мектептің  жүрегі»,  –  деп  өз  ойын  білдірген  жазушы, 
ақын
А) Ы. Алтынсарин
Ә) А. Байтұрсынов
Б) М. Жұмабаев
В) А. Құнанбаев
Г) С. Көбеев
40.  Мұғалімге  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруды  қасиетті 
кәсіби білім, білік, дағдылардың жиынтығы
А) Педагогикалық шеберлік
Ә) Педагогикалық қабілет
Б) Практика
В) Педагогикалық теория
Г) Педагогикалық қызмет
41.  Қабілеттің  дидактикалық,  академиялық,  перцептивті 
сөйлеу және т.с.с. түрлерін бөліп көрсеткен ғалымдар
А) Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузьмина
Ә) М. В. Старалов
Б) В. А. Сластенин
В) А. Н. Щербаков
Г) А. П. Усова
42. Оқушы баланың ішкі дүниесін тани білу қабілеті қалай 
аталады?
А) Коммуникативтік қабілет

263
Ә) Сөйлеу қабілеті
Б) Перцептивті қабілет
В) Академиялық қабілет
Г) Қолданбалы қабілет
43. Қабілеттің бірнеше топтарын көрсеткен педагог кім?
А) А. П. Усова
Ә) Н. К. Крупская
Б) В. А. Сластенин
В) В. А. Схомлинский
Г) А. С. Макаренко
44.  Мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігімен  кәсіби 
қабілеттілігінің  өзара  байланысын  толық  ашып  көрсеткен 
педагог кім?
А) В. А. Сластенин
Ә) А. С. Макаренко
Б) Я. А. Коменский
В) В. А. Сухомлинский
Г) Н. К. Крупская
45. Ұстаздық шеберлік компоненттері
А) Ұйымдастырушының шеберлігі
Ә) Реттеушілік шеберлігі
Б) Ынталандырушылық шеберлігі
В) Танымдық шеберлігі
Г) Диагностикалық ерекшелігі
46. Ұстаздың сөйлеу технологиясының құрамы
А) Сөйлеу мәнері, мәдениеті
Ә) Сөйлеу шебері
Б) Тіл мәдениеттілігі
В) Бет құбылысы
Г) Өзін тежей алуы
47. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
А) Шығармашылық іс-әрекет қарым-қатынасы 
Ә) Достық қарым-қатынасы

264
Б) Қорқыту қарым-қатынасы
В) Ойын қарым-қатынасы
Г) Еңбек қарым-қатынасы
48. Станислов жүйесінің қағидасы-ол
А) Шындық өмір қағидасы 
Ә) Оқушылардың назарын аудару
Б) Білімді игеруін бақылау
В) Белсенділік әрекет жүйесі
Г) Іс-әрекет жүйесі
49. Мұғалім туралы алғаш құнды пікір айтқан қазақ ақыны
А) Ш. Құдайбердиев
Ә) Ы. Алтынсарин
Б) Ж. Аймауытов
В) А. Байтұрсынов
Г) Ш. Уәлиханов
50. Мұғалімдер ынтымақтастығы принципін қалай түсінесіз
А) Мақсатты ынтымақтастық
Ә) Ойластыру ынтымақтастығы
Б) Педагогикалық ынтымақтастығы
В) Жеке тұлға ынтымақтастығы
Г) Серпінді және саналы ынтымақтастық
51. Мұғалім мамандығы туралы «Күн астында одан жоғары 
мамандық жоқ», - деп айтқан педагог
А) И. Г. Песталоцци
Ә) Я. А. Коменский
Б) К. Д. Ушинский
В) А. С. Макаренко
Г) Н. К. Крупская
52. Мұғалім мамандығының негізгі мазмұндық ерекшелігі
А) Оқыту 
Ә) Тәрбиелеу
Б) Дамыту 
В) Басқару
Д) Адамдармен бірлескен қарым-қатынас

265
53. Мұғалім мамандығының негізгі міндеті
А) Қоғамдық міндеттерді түсіну
Ә) Адамдармен қарым-қатынасқа түсу
Б) Адамдардың ерекшелігін зерттеу
В) Бағдарламалық талаптарды орындау
Г) Адамдарды қоғамдық міндеттерді шешуге бағыттау
54.  Кәсіптік  әрекет,  ұйымдастырудың  жоғары  деңгейін 
көрсететін педагогтың тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы
А) Педагогикалық жоспарлау 
Ә) Педагогикалық басқару
Б) Педагогикалық шеберлік
В) Кәсіптік әрекет 
Г) Тұлғаның гуманистік бағыттылығы
55. Педагогикалық шеберліктің  компоненті емес
А) Кәсіптік білім
Ә) Педагогикалық қабілет
Б) Педагогикалық техника
В) Адамның өмірде өзін танытуы
Г) Педагог әрекетінің гуманистік бағыты
56. Баланың ішкі әлемін сезу қабілеті
А) Коммуникативтік қабілет 
Ә) Сөйлеу қабілеті
Б) Академиялық қабілет
В) Перцептивтік қабілет
Г) Қолданбалы қабілет
57. Педагогтың кәсіби шеберлігін дамытудың негізі
А) Педагогтың сыртқы келбеті
Ә) Қоршаған орта
Б) Кәсіптік білім
В) Өмірлік тәжірибе
Г) Азаматтық позиция
58. Педагогикалық техника сипатталады
А) Педагогтың сыртқы келбеті

266
Ә) Білім және қабілет 
Б) Педагогикалық процесс
В) Жүйені өзіндік ұйымдастыру
Г) Практикалық әрекет
59. Педагогикалық шеберліктің элементі емес
А) Педагог тұлғасының гуманистік бағыттылығы
Ә) Кәсіптік білім
Б) Педагогикалық қабілет
В) Педагогикалық міндеттер және педагогикалық жағдаят
Г) Педагогикалық техника
60. 
Педагогикалық 
қабілеттің 
коммуникативтік, 
академиялық,  дидактикалық  және  т.  б.  түрлерін  көрсеткен 
ғалым
А) Ф. Н. Ганобалин
Ә) И. В. Стролов
Б) В. А. Сластенин
В) А. Н. Щербаков
Г) И. В. Кузьмина

267
Глоссарийлер
Анкеталау: 
психология мен педагогикадағы зерттеу әдісінің 
әртүрлілігі, берілген сұраққа жазба түрінде жауап 
беріп, көзқарастары мен тенденцияларын анықтау.
Ақпараттық 
іскерлік – 
оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу 
әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.
Аттракция
(латын  тілінен  attractic  -  тартылыс-педагогтың 
тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап 
алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі.
Анафора
бір  сөздің  бірнеше  жол  т.б.  басында  қайталануы. 
Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған.
Іс-әрекет: 
адамның өзінің қажеттілігіне және 
қызығушылығына бағытталған адамның іс-
әрекетінің жиынтығы.
Білім: 
объективті шындықтың құбылыстары, заттар 
туралы түсініктері мен елестері, алынған 
мәліметтер жиынтығы.
Білім беру 
философиясы 
мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен 
адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл 
процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін 
қарастырады
Білік  (умение)
оқушының өмірдегі тәжірибесі мен меңгерген 
білімі негізінде тез, саналы орындалатын 
практикалық–теориялық әрекеттерге даярлығы. 
Жетіле, автоматтандырыла келе білік дағдыға  
айналады. Біліктің негізгі белгілері: икемділік, 
тұрақтылық, беріктілік,  шынайы жағдайлар мен 
міндеттерге барынша жақындау.
Білім  беру
білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен 
нәтижесі.
Білім беру
процесс  ретінде  бұл  тұлғаның  жетістікке 
жетуі  үшін  арнайы  ұйымдастырылған 
оқу-тәрбие  процесі,  яғни  педагогикалық 
процесс.  Ол  мұғалімнің  сабақ  беруі  мен 
оқушының оқуы арқылы жүзеге асады.

268
Білім беру
нәтиже  ретінде  ол  тұлғаның  жеткен 
жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, 
дағдылары,  яғни  жинақтаған  әлеуметтік 
тәжірибесі.
Білім беру
жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету 
үшін  және  педагогикалық  процесті  жүзеге 
асыратын  арнайы  ұйымдастырылатын 
әлеуемттік жүйені атаймыз.
Білім беру
ол  арнайы  ұйымдастырылған,  тарихи 
қалаптасқан  оқу-тәрбие  мекемелерінің 
және  оқу  бағдарламаларының  жиынтығын 
атаймыз.
Білім берудің 
дағдарысы: 
қызмет етудің қиындауы, тұрақтылықтың 
бұзылуы және дұрыс дамудың бұзылуы, қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық құрылымының 
дағдарысы. Бұл қоғамның және білім берудің жаңа 
сатысына өтудің кезеңі болуы мүмкін.
Герменевтика
таным әдістері мен құбылыстарды, процестерді 
түсіндіру әдістерінің жиынтығы, негізінде 
рационалды-логикалық талдау емес, жеке 
бастың субъективті талдауы, сезіну, тіл өнерінің 
құралдарына қатынасы, діндеріне қатынасы.
Градация
сөйлемдегі  сөздердің  айтылу  деңгейіне  қарай 
орналасуы.
Даму: 
адамның және жүйенің прогрессивті қайта 
құрылуындағы жаңа сапаларды игеру.
Дағды
автоматтандырылған іскерлік, адамның іс-әрекетін 
жеңіл және тез орындалуымен нәтижелі болуы.
Дүниетаным: 
адамның санасының спецификалық пішіні, 
оның білімінің, көзқарасының, сенімдері 
мен идеалдарының жүйесі, оның табиғат пен 
қоғамның дамуына қатысының негізінде оның 
қоғамдық-саяси және адамгершілік-эстетикалық 
позициясы мен өмірдегі әртүрлі орындарда мінез-
құлқы анықталады.

269
Дамыту
адам ағзасындағы сапалық және сандық 
өлшемдердің өзгеру процесі.
Жеке бас: 
бұл индивидуалды және әлеуметтік-психикалық 
ерекшеліктері бар, жеке көзқарастары мен 
дүниетанымы бар, қоршаған дүниеге, қоғамға 
көзқарасы жеке адам.
Жеке бастың 
дамуы: 
білім берудің негізгі мақсаттарының, жеке бастың 
қалыптасуы, активті іс-әрекет пен әлеуметтік 
қоршаған ортаға адамның араласуы
Жеке оқыту 
(индивидульное 
обучение)
оқу сабақтарын ұйымдастырудың бір формасы. 
Онда мұғалімнің оқушылармен өз әрекеті болады.
Жеке адам 
(индивид)
жеке адамдық терминнің синонимі ретінде 
қолданылады. Жеке ағзаға ғана тән және осы 
ағзаны осы түрге жататын өзі сияқты басқалардан 
ерекшелейтін қайталанбас белгілердің бірігуі.
Жоспарлау 
(Планирование)
Жоспарлау (Планирование) – қажетсінген 
болашақтың бейнесі құрылатын, оған қол 
жеткізудің кезеңдерін түсінуді қамтитын ақыл-ой 
қызметінің бір түрі.
Интерпретация: 
талқылау, мәнін ашу, талқылаудың 
операцияларының жиынтығы, алынған 
нәтижелердің мәнін түсіндіру, оларды тудырған 
себептері мен жағдайларын түсіндіру.
Интуиция:
бүгіліп тұрған әрекеттер, логикалық атқарылмаған 
шешімдер, қиын ситуацияларда дұрыс бағдарлау.
Жұмыстың тәжірибедегі нәтижесі.
Методология: 
ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың 
принциптерінің жалпы жүйесі, ғылыми білімнің 
құрылуы мен қол жеткізуге бағытталған әдістер.
Методология 
принциптері: 
зерттеу және практикалық өзгерулерде 
педагогикалық жүйенің негізгі жағдайлары.
Мораль
адамдардың  мінез-құлықтарын,  олардың  барлық 
өмір  шеңберіндегі  (еңбектегі,  тұрмыстағы, 
саясаттағы,  ғылымдағы,  жанұядағы  және  т.б.) 
әрекеттерін  үйлестіре  реттеу  қызметін  атқаратын 
қоғамдық сананың түрі, әлеуметтік институт.

270
Мораль
ең  алдымен  жеке  адамдардың,  адамдар  тобының 
қылықтарын белгілейтін құлықтарды қамтиді.
Мотивация 
ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің 
сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер 
жиынтығы деп атайды
Модуль (модуль)
Оқыту мақсаты, ақпарат банкі және қойылған 
мақсатқа сәйкес әдістемелік нұсқаулар нақты 
белгіленген, аяқталған ақпарат блогі. Модуль 
оқыту мазмұнының аса мәнді бөліктерін 
айқындауға көмектеседі. Модуль оқу 
материалдарын автономдық үлесіне қатысты пән 
немесе пәндер кешені ерекшеліктеріне сәйкес 
логикалық аяқталған өзіндік дербес білім бөлігі 
болып табылады.
Модульдік оқыту 
(модульное 
обучение)
Оқушының тұлғалық ерекшелігі мен қажеттілігіне 
орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне 
негізделеді. Модульдік оқыту барысында мұғалім 
ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса 
кеңескерлік және үйлестірушілік қызметтерін 
атқарады
Меңгеру (Усвоение)
 Үш ерікті және еріксіз кезеңіне ие таным 
формасы. Түсіну, есте сақтау, тәжірибеде 
пайдалану мүмкіндігі. Меңгеру санаға құйып, 
әдейі сіңірі кезінде еріксіз
Мониторинг: 
бақылау жүйесі зерттеулердің нәтижелері мен 
процесін бақылау жиынтығын жинастыру, 
мәліметтерді коррекцияға өңдеу мен талдау, білім 
беру мен зерттеу процестерін жақсартуға шешім 
қабылдау.
Мектеп құжаттары 
(школьная 
документация)
Білім беру мекемесіндегі істердің қандай күйде 
екендігі туралы бастапқы ақпарат көздерінің 3 
тобының бірігуі. Оған: оқу-педагогикалық қызмет 
құжаттары, педагогикалық ұжымды басқару 
туралы құжаттар, статистикалық есепке алу 
құжаттары және іс жүргізу жатады.
Оқыту-: 
оқытушы (мұғалім-педагог) және оқушы (оқушы-
студент) арасындағы білім, істерін, практикалық 
іс-әрекет дағдыларымен алмасу байланысы.

271
Оқыту іс-
әрекеті 
бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, 
іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға және ойлау 
қабілеттерін дамытуға бағытталған, олардың 
танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет 
түрі. 
Оқыту 
(преподование)
Оқыту үрдісінде оқушыларға білім, білік, 
дағдылар жиынтығын хабарлауға бағытталған  
оқытушының арнайы қызметі. Оқыту 
құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін 
және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың 
білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын 
ынталандыру және білімді меңгеруінің оқу 
әрекеттерін орындауының сапасын реттеу, 
бақылау, оқыту нәтижесін талдау мен оқушы 
тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.
Оқыту 
диагностикасы 
(диагностика 
обучения)
Қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын 
белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі 
мүмкін ауытқуларды айту және олардың жұмысы 
режимінің бұзылуының алдын-алу жолдарын 
айқындау
Оқытудағы 
дедукция (дедукция 
в обучении) 
(лат. қорыты)
 Жалпы білім негізінде нәрсе туралы жаңа білім 
тұжырымдалатын ой тұжырымдарын оқытуда 
пайдалану. Мұнда оқу материалына сәйкес 
логикалық үрдіс және мазмұндау жолы жалпы 
қағидалардан басталып соларды сол басқа нәрсеге 
пайдаланумен аяқталады. Бұл тұрғыда оқытудағы 
дедукция жалпының жекеге қатынасының бір 
формасы болып табылады.
Оқулық (учебник)
Ғылыми білім негізін мазмұндайтын кітап, белгілі 
бір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес 
және оқыту мақсатына арналған.
Оқытудың 
жүйелілігі 
(систематичность 
обучения)
Оқу материалын мазмұндау зерттелетін ғылымның 
ішкі логикасына сәйкес келуін, сонымен 
бірге оқушылардың жас және психологиялық 
ерекшеліктеріне жауап беруін талап ететін  
дидактикалық қағида.

272
Оқытудың 
ғылымилығы 
(научность 
обучения)
Нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге көзқарасты 
қалыптастыратын дидактикалық қағидаладың бірі. 
Оқытудың ғылымилығы мазмұнына тек айқын 
ғылыми фактілер мен ақиқаттар алынады. Екі 
ұшты  ойларға жол бермейді.
Озық тәжірибе 
мектебі (школа 
передового опыта)
 Оқу және тәрбие  үлгілері тікелей көрсету арқылы 
озық тәлімдік тәжірибелерді  өзгелерге беру мен 
таратуды көздейді. Озық тәжірибе мектептегі 
жетекші мұғалімдердің дені өз мамандығы 
бойынша әдіскерлік қызмет атқарып, тәлімдік 
кабинеттер және мұғалімдер білімін жетілдіру  
институттарында тығыз  жұмыс істейді.
Оқытудағы білім 
мен тәжірибенің 
байланысы (связь 
практики с тоерией 
в обучении)
 Теорияның меңгерген білімнің  іс жүзінде білім, 
дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. 
Оқытудағы білім мен тәжірибенің байланысы 
оқушылардың нақты іс- әрекетке бейімделуге 
икемдейді.
Оқыту 
оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау 
тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім 
мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес.
Оқытудағы үлгілеу 
(моделирование в 
обучении)
(Оқытудағы үлгілеу екі тұрғыда қолданылады). 
1) оқушылар меңгеруі қажет мазмұн ретіндегі 
үлгілеу. 2) онсыз толық, мәнді оқыту болмайтын 
оқу әрекеті, құрал ретіндегі үлгілеу. Үлгілеу 
көмегімен  зерттелген күрделіні қарапайымға,  
көзге көрінбейтінді және сезілмейтінді 
көрінетінге, сезілетінге, бейтанысты танысқа 
келтіруге болады, яғни кез келген күрделі 
обьектіні терең және жан-жақты зерттеуге қол 
жетерліктей.
өзін-өзі белсендіру 
(самоактуализация)
Термин екі мағынады қолданылады: 1) өз бетімен 
болатын білім, түсінік, дағдыны қазіргі талаптарға 
сәйкестендіруге бағытталған оқу әрекеті. 2) жеке 
бастың бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін оның 
пәндік әрекетінің нақты нәтижелеріне енгізу 
үрдісі.

273
Өзін-өзі тәрбиелеу: 
қоғамның талаптарына сай жақсы салаларды 
қалыптастырып, жаман қасиеттерді 
болдырмаудағы адамның мақсатты әрекеті.
Педагогикалық 
жаңалықтар
қоғамның және жеке бастың дамуындағы өзекті 
сұраныстарға жауап беретін жаңа білім беру 
жүйелері мен әдістемелері, технологиялары, білім 
беру бағдармалары.
Педагогикалық 
идеал: 
жеке бастың бос және гармониялық дамуына 
немесе жетілген елестеріне сәйкес, кемшіліктері 
көрсетілмегендінің мінездемелерінің қайта 
құрылған жүйесі.
Педагогикалық 
тәжірибе: 
педагогикалық жаңалықтарға сүйенетін, жаңа 
талаптарға жауап беретін, қандайда бір нәтиже 
беретін тәжірибе.
Психологиялық-
педагогикалық 
зерттеу логикасы: 
қойылған міндеттерді шешуге бағытталған, 
іздестіру қадамдарының мазмұны мен біріктілігі.
Проблемалық 
оқыту (проблемное 
обучение)
 Эвристикалық  әдістерді пайдалануға негізделген 
оқытудың бір түрі. Өзінің алдына эвристикалық 
біліктерді дамыту мақсатын қояды. Ізденіс 
үрдісінде тартылып, білім аналитикалық білік 
белсендіреді.
Парадигма 
(парадигма)
 Теорияның негізінде жатқан өзіндік кесімді 
аппаратқа ие және ғалымдар тобымен 
мойындалған негізгі жағдайлар мен қағидалардың 
бірігуі. Әрбір парадигма жеткілікті өзгеше 
және қоғамдық даму фактоларының бағалануы 
тұрғысынан адамдар тәртібін талдауда, қоғамның 
әр қырының  басымдығын саралағанда өте 
талғампаз. Сондықтан бірде-бір парадигма 
қоғамды тұтас қамтушы талдауын бермейді. 
Өзінің нақты және жеке үлесін қосады.
Педагогикалық 
технология 
(педагогическая 
технология)
 Тәлімдік үдеріс пен оған қатысушылар 
әрекетінің құрауыш, кезең, күйлері арасындағы 
өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік 
қозғалысын білдіреді. Ақпараттық технология да 
педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі.

274
Педагогикалық 
жүйе 
(Педагогическая 
система)
Адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге  
жеткізуші барлық факторлардың біртұтас 
бірлігі болып табылады. Педагогикалық 
жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін 
қажетті құрауыштардың толықтығы, 2) 
құрауыштар арасындағы байланыстар мен 
өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды 
біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның 
болуы.
Педагогикалық 
жағдаят 
(пеедагогическая 
ситуация)
Тәлімдік үрдіс пен тәлімдік жүйенің өзектесе бір 
уақытта көрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта 
қайда, қашан,  қанша уақыт ішіндегі тәлімгер мен 
оқушы қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық 
тәрбие факторлары табиғи  түрде тоғысады. 
Педагогикалық жағдаят құрудағы негізгі 
ережелер: Тұлғаның тек оң қасиеттерін дамыту  
бағытталуы: тұлғаға ашық аймақ қалдыру арқылы 
мәселенің кей бөлігін өзінше шешуге мүмкіндік  
туғызу.
Пікірталас 
(дискуссия)
Ұжымдағы түрлі көзқарас, ой-пікір ортаға 
салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. 
Пікірталаста әділ сынап, қате көзқарастарды 
жеңу көзделеді. Пікірталас түрлері: жиналыс, 
конференция, пікірталас.
Педагогикалық 
көзқарастар
жалпы және өзіндік тұжырымдарға жатпайтын 
педагогикалық құбылыстар бойынша ой-пікірлер.
Педагогикалық 
идеялар
ойлар ғылыми теорияның негізі болып табылады. 
Идея – бұл ой, зат не құбылыс туралы жалпы 
ұғым, ол түсінік және анықтау жүйесінде көрінеді
Педагогикалық 
теория 
(грек. 

«бақылау, зерттеу»)  
педагогикалық тәжірибенің, практиканың, 
тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны; 
педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың 
ғылыми түсіндірмесі және мақсат, міндет, 
мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті 
іске асыру әдістері.
Педагогтың кәсіби 
құзыреттілігі
педагогикалық  іс-әрекетті  атқару  үшін 
қажетті  теориялық  және  практикалық 
дайындық  және  ол  мұғалімнің  кәсіби 
профессионализімін білдіреді.

275
Педагогикалық 
іскерлік
мұғалімнің 
әр 
түрлі 
әрекеттерінің 
жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық 
әрекет  функцияларына  сәйкес,  белгілі  бір 
мөлшерде  мұғалімнің  жеке  психологиялық 
ерекшеліктерін анықтайды 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет