Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет8/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 --------------------------- 
1
Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  тҥзеу 
арқылы  қолдау  туралы  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11 
шiлдедегi N 343 Заңы,1-тарау. Жалпы ережелер.  
 


 

1. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
1.1 Арнайы психологияның басқа ғылымдармен 
байланысы 
 
Арнайы  психология  пәнаралық  ғылым  болғандықтан,  оның 
басқа  ғылымдармен  байланысын  Усанова  О.  Н.  екі  деңгейде 
қарастырады. 
«Бірінші 
деңгей 
– 
ішкі 
психологиялық 
байланыстар,  мҧнда  жалпы  психология,  жас  ерекшелік 
психологиясы,  клиникалық  психология,  әлеуметтік  психология, 
педагогикалық психология т.б. кӛптеген салаларымен байланысы. 
Екінші деңгей – сыртқы психологиялық байланыстар, бҧл деңгей 
арнайы 
психология 
мәселелерінің 
негізін, 
философия, 
әлеуметтану,  медицина,  педагогика  және  т.б.  адам  туралы 
ғылымдар тҧрғысынан қарастыруды кӛздейді.  
«Л.  С.  Выготский  жас  ерекшелік  психологиясын,  балалар 
психологиясын, педагогикалық және арнайы психологияны ӛзара 
жақындатады. 
Мысалы, 
арнайы 
және 
жас 
ерекшелік 
психологиясының  зерттеу  нысаны  бір,  ол  –  дамып,  ӛсіп  келе 
жатқан  адам.  Егер  жас  ерекшелік  психологиясы  қалыпты 
дамудағы  психикалық  даму  онтогенезін,  жасқа  сай  даму 
динамикасын т.б. зерттейтін болса, арнайы психология ауытқыған 
дамудағы ҥдерістерді процестерді зерттейді. 
Педагогикалық 
психологиямен 
байланысы 
мынадан 
кӛрінеді: арнайы психология даму ауытқуы бар балалардың білім, 
білік,  дағдыларды  меңгеру  ерекшеліктерін,  педагогиалық  ҥдеріс 
заңдылықтарын,  оқыту-тәрбиелеу  ҥдерісінде  психиканың  ӛзгеру 
механизмдерін  зерттейді.  Сӛйтіп,  педагогикалық  ҥдеріске  бағдар 
береді.  
А.Р.  Лурия  балалар  нейропсихологиясын  дамыта  отырып, 
«ми  мен  психика»  мәселесін  зерттеудегі  жаңа  сатыны  ҧсынады. 
Нейропсихология  саласында,  локальды  ми  зақымдануы  бар 
балалардың жоғары психикалық қызметтерін зерттеуде, олардың 
ми механизмдерінің ерекшеліктерін анықтау, жоғары психикалық 
қызметтердің 
хроногендік 
(мерзімдік) 
локализациясы 
(оқшаулануы) 
заңдылықтарын 
ашты. 
Қазіргі 
кезде 
нейропсихологиялық  әдістер,  арнайы  психологияда  кеңінен 
қолданылады. 


 
10 
В.В.Богословский,  А.Г.Ковалев,  А.А.  Степанов  сияқты 
авторлар, арнайы психологияны патопсихологияның тармағы деп 
кӛрсетеді. Себебі, олардың зерттейтін нысаны – психикалық даму 
мен психикалық әрекеттің бҧзылуы. 
А.В.  Петровский,  керісінше,  патопсихология  арнайы 
психологияның  тармағы  деп  есептейді.  Себебі,  патопсихология 
психиканың  бҧзылуын,  ақыл-естің  жоғалуын,  жеке  тҧлғалық 
қасиеттердің жойылуын т.б. қарастырады. Бірақ, бҧл кӛзқараспен 
келісуге  болмайды,  себебі,  жоғарыда  кӛрсетілген  мәселелер, 
адамның жеке тҧлға ретінде қалыптасуынан кейін, пайда болатын 
патология. 
В.И.Лубовский,  Т.В.Розанова  т.б.  арнайы  психологияны 
дефектология ғылымының саласы ретінде қарастырады»
1
.   
Шындығында,  арнайы  психологияның  пайда  болуы,  туа 
біткен  немесе  жҥре  пайда  болған  кемістіктердің  салдарынан, 
қалыпты  дамуы  бҧзылған  балаларға  психологиялық  кӛмек  беру 
қажеттілігінен  туындаған  болатын.  Демек,  арнайы  психология 
теориялық  және  практикалық  дефектология  ҥшін  пайда  болған. 
Бірақ 
дефектология  арнайы  білім  беру 
мәселелерімен 
айналысады,  сондықтан  арнайы  психологияны  коррекциялық 
педагогикамен байланыстыруға болады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   178




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет