Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ


Сурет1. Тәрбиенің мақсатындағы әлеуметтік негіздері



бет10/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

Сурет1. Тәрбиенің мақсатындағы әлеуметтік негіздері

Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.

Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объекгілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кеиде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады. әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.

Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның

127

іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.



Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие - өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.

Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.

2. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.

3. Тәрбие, «тәрбие мақсаты», «әлеуметтендіру», «персонализация» түсініктерді айқындау.



Әдебиеттер

1. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: Курс лекций. М., 1999.-

2. Мудрик А.В. Социальная педагошка. М., 1999.

3. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма-Ата, 1990,69 с.

4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974, с 84.

5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998, с 27.

6. Фромм Э. Иметь или быть. (пер.с англ. - М. Прогресс, 1989, с 29

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Жатпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру.

2. Сынып ұжымының сипаттамасы бойьшша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.

3. Тұлғаны әлеуметтендіруде әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.

128

Реферат тақырыптары

1.Теория мен тарихи педагогикалық ойдың дамуында «тәрбие максатына» анықтамасын дамыту.

2.Жастарды кәсіптік іс-әрекетке дағдыландыруда әлеуметтендіру шараларының маңызы.

3.Қоғамдық тәрбие мақсатының әлеуметтік негізі.

129

2.3.2. Тәрбиенін мазмұны



Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастарын ашу.

э) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.

б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.

в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның негізгі тәсілдерін сипаттау.

Жоспар:

І.Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.

2.Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мэдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде З.Тәрбиенің түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.

4.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.



Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мазмұны, тәрбие

мазмұнының өмірмен байланысы, тәрбиенің түрлері, тәрбие

мазмұнының этикалық және ұлттық аспектілері, өзін-өзі

тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері.



Пәнаралық байланыстар: философия, мэдениеттану,

социология, элеуметтік психология, педагогика тарихы. Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды жэне көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі

130


ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тәрбие мазмұны - эр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.

Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты - қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналаскан.

Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.

131
Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мэселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.

Осы ойлар "Мектепке дейінгі жэне мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында" (1995 ж.), "Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында"(1996 ж.), "Қазақстан республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасында"(І996 ж.), "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" (2000 ж.), "2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында"(2004 ж.), «Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (2004 ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.

Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.

Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..'«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.

Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.

132


Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.

Тұлғаның жан- жақтылығы оның адамзат мәдинетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде. Тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарынын еңбектерінде кездеседі. Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілтен. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.

Барлық халық ертегілерінде, аңыздарында жағымды кейіпкерлер образдары арқылы адам тұлғасын жан-жақты жетілдіру ойлары орың алып отырған. Жан - жақты жетілген адам тураты көзқарас әдебиет пен өнер шығармаларында, халық шығармашылығында дамытылып отыр.

Жан-жақты' үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру -тәрбиенің басты мақсаты. Бірақ, кез келген қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі мағынасы болатынын айтып ету керек, яғни тұлғаның екі педагогакалық идеалы болады. Бірінші идеал өте жоғары деңгейде қарастырылады, ол идеал-мақсат, ол тәрбиенің ең жоғарғы мәнісін- өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға, өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды камтамас етуге бағытталған арманға ұқсайды. Ол тәрбиеленушілерді неғұрлым жақынырақ жетелейтін жарқын үлгі, негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал неғұрлым, шындыкқа жақынырақ күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Тәрбиеленушілер үшін олар жарқын тұлғалар, сол заманның белгілі ардагерлері, жағымды кейіпкерлер, солардың орнында болуды армандайтын, үлгі алғысы келетін атақты адамдар.

Тәрбиенің жалпы мақсатын іске асырудағы қиыншылықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушьшардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінін өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.

Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде батанын жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл—ойын дене

133


бітімін, күш-жігершілігін үйлесімді дамыту заңынын талаптары жатыр.

Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру процесстерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:

1.Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.

2.Мектептің, жанұяның педагогикалық процессінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы.

З.Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті.

4.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек.

5.Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру.

6.Ұжымдылққка бағыттау.

Қазіргі кезде көптеген авторлар тәрбие ұғымын жеке тұлғаны жалпы адамзаттық мәдениетке өндіру процесі ретінде, және оның жоғарғы құндылықтар негізінде' өзін қоршаған шынайы өмір мен үйлесімді бірігіп тіршілік ету қабілеттерін қалыптастыруды қарастырады.

Тәрбиенің жалпы мақсатьгмен бірге тәрбие процессінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат, жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі әр бір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.

Егер де біз жеке тұлғаны тұтас құрылым деп қарастыратын болсақ, онда оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушыларға іс-әрекет мазмұнын, түрін, формасын таңдап алуға мүмкіндігі мол оқу материалын меңгеру кезінде де жөне оқудан тыс жұмыста да шешіледі.

Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" анықталған. Мектептегі тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыру барысында мұғалімдер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:

- педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыр, тәрбиенің гуманистік бағытта жүргізілу принципі;

134


- табиғи жэне әлеуметтік мәдени процесстердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;

- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;

- әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;

- тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.

Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жакты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершшікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады.

Тәрбиенін түрлері мен олардын өзгешеліктерінін сипаттамасы.

Адамның жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр

бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әр —бір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.

Мәдениеттің белгілі бір саласьшың немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процесстер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.

Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады.

Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді.

135

Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.



Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие турлерін ажыратады.

Әр түрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие түрлері орын алады.

Философиялық тұжырымдардың ерекшеліктеріне сәйкес прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке тәрбиелеу түрлері болады. Қысқаша түрлеріне тоқталып өткен жөн.



Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процессіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.

Ақыл-ой төрбиесінің мақсаты - балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу.

Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.



Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

- танымдық қызығушьшықты дамьпу;

- танымдық белсенділікті қалыптастыру;

- белгілі білім көлемін меңгеру;

- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

136

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.



Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.

Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:

- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;

- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;

- адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;

- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;

- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;

- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.

Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі - адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», "Өзіңдегі адамгершілікті сақта"- деген өсиеттері осыны айғақтайды.

137


Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа "Мен"- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.

Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.



Құқықтық тәрбие дегеніміз балалардың кұқұқтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықгық нормалар мен құқұқтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.

Құықтық тәрбиенің мақсаты -оқушыларды күрделі құқықтық

қоғамдық қатынастармен таныстыру.



Кұқықтық тәрбиенін міндеттері:

- құқықтық мемлекеттік азаматын тәрбиелеу;

- өмірге қажетті карапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын қалыптастыру;

- балаларды өз кұқтарымен міндеттері мен құқықтық жаупкершіліктерімен, кұқықтық қатынастармен таныстыру.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар. Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын "Балалар кұқықтарының декларациясы", Қазақстан Республикасының "Балалар құқығы туралы заңы", "Балалар құқығы туралы конвенция" іске асырылуда.

Әлеуметтік ортадағы өмір ер адам бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді. Әр бала жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат болуға құқылы.



Азаматтық тәрбие дегеніміз балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.

Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, кұқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.

Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты - адам бойыңда отанға

деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын,

138

бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді.



Азаматтық тәрбиенін міндеттері:

- тұлғаның өз абыройын бағалап құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;

- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;

- тұлға бойыңда басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;

Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Экологиялық тәрбие - ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.

Экологиялық тербиенің міндеттері:

- жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;

- табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;

- адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту;

- қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.

Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы, және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.



Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.

Еңбек- тәрбиесінін мақсаты - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.

139

Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

- оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;

- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;

- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;

- жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;

- оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. "Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек...Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана'дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.

Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.

Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.

Экономикалық тәрбие дегеніміз балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.

140


Экономикалық тәрбиенін мақсаты - тиімді экономикалық іс-әрекетке байланысты экономикалық ұғым мен сана-сезімді қалыптастыру.

Экономикалық тәрбиенің міндеттері:

- экономикалық сана-сезіммен ақыл-ойды, саналы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;

- адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылшық, енбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;

- балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;

- тиімді экономикалық іс-әекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.

Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты — салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.

- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;

- табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;

- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)

- ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;

- гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.

Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,

психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және,

141


енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.

Эстетикалық тәрбиенің мақсататы - балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.

Эстетикалық тәрбиенің міндетері:

- эстетикалық білімдерді қалыптастыру;

- эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;

- ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;

- шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;

- эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;

- адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;

- өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: "Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да" деген сөздерін еске сақтау абзал.

Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.

Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады.

Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.

Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.

Өзін - өзі тәрбиелеу туралы оның тәсілдері туралы түсінік Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды

142


бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Тұлғаның коғамдық сана-сезімінің дамуының белгілі бір сатысында, адам өзінің жеке басы үшін тек сыртқы мақсаттарды ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне-өзі тәрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.



Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұл-ас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.

Тұтас педагогикалық процессте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке "Мен"-дерін үнемі іздеу үстінде болады, түрлі спортгық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысады. Дәл осы кезеңде олардың жеке күңделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын қызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес. Қазіргі кезде мектептерде міңдетті түрде өзін-өзі тану сабақтары енгізілуде, өзін-өзі тану мектептері де бар. Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын процесс екенін айта кету қажет.

Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке "Мендігін"- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу мектебі адамнан көптеген күш-қайратты жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты, өзіне деген сын көзбен қарауды талап етеді. Неміс ақыны Ф.Логау былай деп тегін айтпаған шығар:

«Өзіңмен өзің түскен күрес - ең қыйын күрес,

өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс".

143


Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.

Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.

Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: "-Неге мен осындаймын?", "Басқалар мені қалай қабылдайды?", "Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?"-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.

Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.

Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.

144


Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам "өткенді ойлап" осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.

Өзін-өзі бақылау - адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.

Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.

Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой "Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды"- деп бекер айтпаған.

Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, оның өмірдегі орнын өзі анықтауы адамның өз-өзімен және оны қоршаған ортамен үйлесімділікте жүргізілуі кажет.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1)Тәрбие мазмұнының мән-мағынасын ашыңыз.



2)Тұтас педагогикалық процессте және өзін-өзі тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуы қандай қатынаста болады?

3) Тәрбие түрлері қалай топтастырылады?

145


4) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу қандай қатынаста болады?

5) Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін атаңыз.



Әдебиеттер

1. Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для учителя М. : 1992.-287 с. стр51.

2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы: 1998. - 320 с.

3. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под ред. П.И. Пидкасистого. - М.: 2004. - 608 с.

4. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы.,1998.

5. Жампеисова К.К. Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы. Алматы., 1993.

6. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. - М.: 200. -304 с.

7. Психология и педагогика. /Под ред. С.А. Хмелевской. 2002.-176 с.

8. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. -М. 1985.

Өзіндік жұмыска арналған тапсырмалар

1. Тәрбиенің негізгі түрлерін атаңыз, тәрбиенің бір түріне арналған тәрбие жұмысының жоспарын құрастырыңыз.

2. Мектептің тұтас педагогикалық процессіндегі тәрбие түрлерінің өзара байланыс кестесін құрыңыз.

3. Ұлы адамдар тарихынан өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру туралы мысалдар келтіріңіз.

4. Тәрбие мазмұнының түрлі тәрбие тұжырымдамалары негізінде құрылу ерекшеліктерін қарастырып талдаңыз.

Реферат тақырыптары

1. Құндылық қатынастар тәрбие процессінің мазмұны ретінде.

2. Адам құндылық ретінде.

3. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі тәрбие мазмұны.

4. Адам тұлғасын жетілдірудегі өзін-өзі тәрбиелеудің ролі.

146


2.4 Тұтас педагогикалық процесте жеке тұлғаның

дүниетанымын қалыптастыру

Мақсаты: дүниетаным қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негіздерін, оның индивидтің қызмет-әрекетіндегі орнын айқындау. Міндеттері:

а) "дүниетаным" ұғымының мәнін анықтау;

э) жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және психологиялық негіздерін айқындау;

б) оқушы тұлғасының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру заңдылықтарын ашу.



Жоспары

1. Дүниетанымның мәні және оның түрлері, типтері, қызметтері.

2. Дүниетанымның құрылымы.

3. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасу процесін заңдылықтары.

4. Дүниетанымның қалыптасу жолдары мен құралдары.

Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтік

орта, көзқарас, сенім, әлеуметтік бағдарлау.



Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.

Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері

Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.

147


Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.

Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.

Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.

Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.

Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.

Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.

Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.

Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.

148

Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.



Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.

Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.

Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.

Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.

Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы

мүмкін.

149


Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет - өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған - іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.

Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде «Мен - бейнені» іске асырушы қызмет атқарады. Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке түлғаның әлеуметтік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

«Дүниетанымдық іс-әрекетгің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.

Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені жайлы мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді деп ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек және егер ол зиянды болса қалай жоюға болады?

Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)

Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.

150

Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.



Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.

Дүниетанымнын құрылымы. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным - күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар - адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.

И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның "Мен" деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім - көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір "білетін" немесе "түсінетін" емес, ол - жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.

Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі "бастапқы", "элементарлық кереге көзі" болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға болады.

Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнін өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар,

151

қолжеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).



Сол білім мен ойлар сенімге айналады, ол адамның өзін және әлемді қайта өзгертетін материалдық күшке еніп, әлем мен адамнын өзін құрады.

Егер білім дүниетаным жүйесінің басым мазмұндық компоненттері болып саналса, онда сенім білімге және шынайы ақиқатқа деген эмоциональдық-психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.

Дүниетанымның маңызды рөлі психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы мен көңіл күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды. Тек сенім білім арқылы өсетін жеке тұлға белсенділігінің негізгі көзі болып табылады.

Реттеуші қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті' талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекеттен туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекетін басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім - жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі -оның дүниетаным көрінісі. Сезім - сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.

Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз - адамның білімдерді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілетті.

Сенім мен идеал адамның өмірлік мақсаттары ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

152

Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.



Осыған байланысты тұлғаның дүниетаным феномені -тұлғаның интеллектуальды және эмоциональды- ерік сипатын өзіне жинақтаған, әлеуметгік мәдениеттің сол бөлігіне назар аударған, іс-әрекеттің жалпы бейнесін жоғары деңгейде ерекшелеген іс-әрекетке дайындық.

Барлық жоғарыда айтылғандарды төмендегі 1-суреттен



байқауға болады:


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет