Оқулық, дидактикалық құралдар



бет4/8
Дата15.03.2022
өлшемі91,5 Kb.
#135499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 сабақ ғұн

Ғұн билеушілері
Мөде Б.з.б 228-174 жылдары өмір сүрген.
Ғұн мемлекеті негізін қалаушы. Әскери реформа жүргізуші. Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерлерді ғұндарға бағындырды. Мөде өз әскерлерін «ысқыратын жебесін» қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды.
Б.з.б. 209 жыл. Мөде шаньюй билікке келеді.203-201 ж. Қырғыз тайпасын бағындырды. Негізгі қарсыласы-Қытай мен юэчжтлер болды. Мөде тұсында халық саны 300 мыңға жетіп гүлденеді
Чжи-Чжи Б.з.б 1 ғасырда ел биледі. Б.з.б 55 жылы ғұндар екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулеті қол астына өтті. Солтүстіктегі ғұндар Чжи-Чжи (Шөже) басқаруымен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресті.Қаңлы тайпасымен келісімге келіп, Талас өзенінің шығысына қоныстануға мүмкіндік алды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. Б.з 1 ғасырда ғұндардың і жылжуы басталды. Дунай арқылы Еуропаға жетті. Шығыстан батысқа жылжуы б.з.б 2-б.з 4 ғасырға дейін созылды. Халықтардың ұлы қоныс аударуы ғұндардың жылжуынан басталады.
Атилла (Еділ) 400—453 жылдары өмір сүрген. Румыния мен Венгря елдеріндегі ғұндарды біріктірді Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.Ол әскери-демократиялық мемлекет құрды.451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктерді, франктер т.б біріккен күштерін жеңді. 453 жылы Аттила өлгеннен кейін Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет