12
жанас тырмай өлшейтін түрлері де бар. Соңғы түрлеріне
инфратермо-
метрлер
жатады (сурет 1.5,
ә
).
5.
Термометрді градуирлеу үшін, яғни бөліктерге сәйкес келетін
өлшеу нәтижелерін көрсететін сандарды анықтау үшін
баллондағы
сұйықтың көлемі температураға пропорционал өзгереді деп есептеледі.
Мұндай жағдайда температураның кез келген шкаласын салуға болады.
Солардың бірі – тұрмыста кең қолданылатын швед астрономы А. Цель-
сийдің құрметіне аталған
Цельсий шкаласы
.
Бұл шкалада екі негізгі
(бас ты) нүкте таңдап алынған: мұздың еру нүктесіне сәйкес келетін шка-
ла бөлігін (0
о
С) деп, ал қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау
нүктесіне сәйкес келетін бөлікті (100
о
С) деп белгілеген. Бұл екі бөліктің
арасын бірдей 100 бөлікке бөледі. Цельсий шкаласында таза судың қайнау
нүктесі мен қату нүктесі айырымының жүзден бір үлесі бір градусқа тең
деп алынады. Шкаладағы нөл (0
о
С) нүктеден жоғары жатқан бөліктер оң
(+
о
С), яғни жылы температураға, төмен жатқан бөліктер теріс (–
о
С), яғни
суық температураға сәйкес келеді деп есептелген.
6.
Температураны өлшеудегі ала-құлалықтар мен қиындықтарды
ескеріп, ғылыми еңбектері үшін
лорд
мәртебесін иеленген ағылшындық
У. Кельвин 1848 жы лы температураның жаңа шкаласын ұсынды. Терең
ғылыми пайымдауларға
негізделген бұл шкаланы
Достарыңызбен бөлісу: