Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Сүйектер пішіні және дамуы



Pdf көрінісі
бет5/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Сүйектер пішіні және дамуы 
 
Сүйектердің  пішіндері  әртүрлі,  барлығының  топтық  ерекшеліктерін  толық 
айқындайтын  етіп  біріктіріп  жіктеу  өте  қиын.  Сондықтан  сүйектерді  пішіндері, 
құрылымдары  мен  қызметтері  бойынша  біріктіру  тиімділеу.  Осындай  ұстам  бойынша 
түтік (ұзын және қысқа), кемік (ұзын, қысқа, дән тәрізді), жалпақ (бассүйек, жамылғы 
сүйектер,  қол-аяқ  белдеулері  сүйектері),  ауалы  (бассүйектің  көп  бөлігі)  және  аралас 
сүйектерді ажыратады. 



 
Түтік  сүйектер  цилиндр  пішінді  денесінен  (диафиз,diaphysis)  және  екі  шетінен 
тұрады. Соңғылары көп жағдайда жеке дара сүйектеніп эпифиз (epiphysis) деп аталады. 
Эпифизге  тікелей  жанасқан  диафиз  бөлігін  метафиз  деп  атайды,  ол  диафизбен  бірге 
дамиды.  Екі  эпифизден  тұратын  ұзын  түтік  сүйектер  биэпифиздік,  ал  қысқа  түтік 
сүйектердің  бір  шеті  ғана  жеке  дара  сүйектенетіндіктен  моноэпифиздік  сүйектерге 
жатқызылады.  Түтікті  сүйектердің  денелері  аз-кем  қалық,  басым  бөлігі  тығыз  заттан 
құралған,  іштерінде  сары  сүйек  майы  орналасқан  сүйектік  қуыстардан  (cavum 
medullare) тұрады. 
Барлық түтікті сүйектер  эпифиздері  іштері  қызыл сүйек майымен толған кеуекті 
заттардан түзілген. 
Түтікті  сүйектер  қол-аяқтың  еркін  бөлігі  сүйектерінің  басым  бөлігін  құрап 
негізінен  иіндік,  тірек-қимыл,  ұстап  тұру,  көтеру,  секіру  және  т.б.  қызметтерді 
атқарады. 
Кеуек  сүйектер  атына  сай  сыртынан  өте  жұқа  тығыз  сүйектік  тінмен  жабылған 
кеуек заттан құралған, ал кеуек заттың ұяшықтарында қызыл сүйек майы болады. 
Ұзын  кеуекті  сүйектер  (қабырғалар,  төс)  тыныс  алу  үрдісіне  қатысып,  кеуде 
қуысы ағзалары үшін қорғаныстық қызмет атқарса,  қысқа кеуекті сүйектердің ролдері 
көбірек  және  әртүрлі:  тұлғада  (омыртқалар)  негізінен  жұлын  үшін  тіректік  және 
қорғаныстық,  кол-аяқ  бастарында  қол  мен  аяқың  дисталды  бөліктерінің  жұмсақтық, 
серпілмелік  қызметтерін  қамтамасыз  етеді.  Әр  буын  қуысының  үстінде  бұлшықет 
сіңірлерінің  ішінде  қосалқы  түзілістер  ретінде  дамитын  дән  тәрізді  сүйектер  болса 
сәйкес бұлшықеттердің әсер ету иініні үлкейеді. 
Жалпақ  сүйектерге  мисауыт  сүйектерінің  төбе  бөлігі  мен  қол-аяқ  белдеуі 
сүйектері жатады. Олар кеуекті сүйек тінінен түзілген ішкі және сыртқы тығыз заттық 
табақшалардан тұрады. 
Жалпақ сүйектердің кейбір аймақтарында қалыпты жағдайда немесе қартайғанда 
кері даму нәтижесінде кеуекті зат ыдырап кетуі мүмкін. Жалпақ сүйектер ми мен ішкі 
ағзаларға қорғаныстық, ал қол мен аяқ сүйектері үшін тіректік қызмет атқарады. 
Ауалы  сүйектер  (торлы,  маңдай,  жоғарғы  жақсүйек,  сына  тәрізді  сүйек,  самай) 
әртүрлі  пішінді  болғанымен,  барлығына  тән  ерекшелігі  –  ішінде  үлкенді-кішілі  не 
болмаса  жас  мөлшеріне  байланысты  көлемін  өзгертетін,  қабырғалары  шырышты 
қабықпен қапталған ауалы қуыстардың (қойнау) болуы. 


10 
 
Аралас сүйектер тобына (атлант, төменгі жақсүйек, мұрын, бет, таңдай сүйектері) 
шығу  тегінің,  құрылысының  және  қызметтерінің  әралуандылығымен  ерекшеленетін 
қалған  сүйектер  жатқызылады.  Олардың  беттерінің  азғана  аймақтары  тегіс  болса, 
қалған  ауқымды  бөлігі  кедір-бұдыр,  біреулері  бұлшықет  сіңірлерінің  бекігендігінен 
(шодырлар,  төмпелер,  қырлар,  бұдырлар,  өсінділер),  екіншілері,  тамырлар  мен 
нервтердің  тығыз  жанаса  орналасуынан  (жүлгелер),  басқа  түзілістер  (ұңғылдар, 
шұңқырлар) бұлшықеттер мен ми қатпарларының қысымына пайда болған.  
Өте  ауыр  физикалық  еңбекпен  шұғылданатын  тұлғалардың  сүйектерінде 
бұдырлар  мен  қырлардың  көлемдері  үлкейсе,  ал  қартайған  шақта  сүйектердің  кедір-
бұдырлары  жақсы  анықталады.  Барлық    сүйектер  іші-сыртынан  (диафиздердің  тығыз 
заты  мен  кеуек  заттың  ұяшықтары  аймағында)  қан  тамырларға  бай  дәнекертінді 
қабықтармен  қапталған.  Сыртқы  (сүйекқабы)  және  ішкі  (эндост)  екі  қабық  та 
сүйектердің дамуына және қоректенуіне қатысады.  
Адам  қаңқасы  сүйектерінің  басым  бөлігі  онтогенезде  жарғақтық,  шеміршектік 
және  сүйектік  қалыптасу  сатыларынан  өтеді,  ол  көп  жағдайда  хордалықтардың 
филогенездік  даму  үрдістерін  қайталау  дегеніміз.  Бұл  сүйектерді  сүйектену 
ерекшеліктеріне  байланысты  екіншілік  (кейінгі)  десе,  кейбір  сүйектер  (көптеген  бас 
сүйектері,  бұғананың  ортаңғы  бөлігі  және  т.б.)  дамуында  шеміршектік  сатыны  аттап 
өтеді,  оларды  біріншілікке  (алғашқы)  жатқызады.  Әр  сүйектің  сүйектенуі  белгілі  бір 
аймақтарында  сүйектену  нүктелерінің  пайда  болуынан  басталады.  Алғашқы 
сүйектердің  сүйектенуі  келешек  сүйектің  жарғақтық  моделінің  ішінде  пайда  болатын 
сүйектік  нүктелерден  басталады  және  ол  эндосмалды  сүйек  деп  аталады,  ал  кейінгі 
сүйектердің  сүйектенуі  шеміршекүсті  тіннің  есебінен  сырттан  ішке  қарай 
(перихондралды сүйектену) және іштен сыртқа қарай (энхондралды сүйектену) жүреді. 
Сүйектердің  дәнекертіндік  және  шеміршектік  даму  сатыларында  пайда  болған 
сүйектену  нүктелерін  біріншілік  (алғашқы),  ал  кейінірек  даму  мерзіміндегі  сүйектену 
нүктелерін  екіншілік  (кейінгі)  деп  бөледі.  Нүктелердің  екеуі  де  бас  нүктелер  болып 
саналады.  Құрсақішілік  дамудың  екінші  айының  соңы  мен  үшінші  айдың  басында 
алғашқы  сүйектену  нүктелері  жілік  сүйектерінің  диафиздерінде  пайда  бола  бастайды. 
Екіншілік  (кейінгі)  сүйектену  нүктелерінен  негізінен  сүйектердің  төмпелері  мен 
өсінділері дамитын эпифиздер мен апофиздер сүйектенеді.  
Қаңқаны  сипаттағанада  төмендегідей  ірі  сүйектің  сүйектену  нүктелерінің  пайда 
болу  мерзімі,  орны,  саны,  реті,  сонымен  қатар,  барлық  сүйектердің  сүйектенулерінің 


11 
 
аяқталуы  көрсетілген.  Бір-бірінен  жеке  сүейктенетін  (біріншілік,  екіншілік  сүйектену 
нүктелері)  сүйектер  бөліктері  аралықтарында  организмнің  өсіп-жетілу  кезеңі  (18-22 
жастар)  біткенге  дейін  дәнекертінді  қабаттарында,  эпифизарлық  шеміршектер 
сақталады. Осы шеміршектер арқылы сүйектердің ары қарай бойының өсуі қамтамасыз 
етіледі,  ал  сүйектердің  қалыңдауы  мен  көлемінің  үлкеюі  негізінен  сүйекқабымен 
байланысты. 
Сыртқы (әртүрлі аурулар, өмір жағдайы, тамақтану талғамы және ж.б.) және ішкі 
(тұқым қуалау) факторларға байланысты сүйектену үрдісі өте тұрақсыз болады. Ауыр 
созылмалы  ауруларда  (туберкулез  және  т.б.),  сонымен  қатар,  жайсыз  гигиеналық 
жағдайларда және организмге кейбір витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіз 
түсуінде  қаңқаның  сүйектенуі  баяулайды.  Физикалық  жүктеменің  де  сүйектену 
қарқынына  тигізер  әсері  көп.  Бөлшектелген  дене  шынықтырумен  айналысу  қаңқаның 
сүйектенуі мен өсуін ынталандырады. 
 Сүйектену  мерзімінің  күрт  ауытқуы  эндофиндік  жүйе  ағзалары  қызметтерінің 
бұзылуы салдарынан көбірек байқалады. Сүйектену қарқынында азды-көпті жыныстық 
ерекшеліктер де орнын тапқан. Мысалы, қыздарда қаңқаның қалыптасуы, ер балаларға 
қарағанда  жеделірек  өтеді.  Қыздардың  жыныстық  пісіп-жетілуінің  ұлдармен 
салыстырғанда  ертерек  басталуы  осымен  түсіндіріледі.  Организмде  анық  байқалатын 
ауытқулар болмаған жағдайда, сүйектену нүктелерінің сипаттары (саны, көлемдері т.б.) 
және қаңқа эпифиздерінің синостозданулары организмнің биологиялық жетілу деңгейі 
мен  сүйектік  жас  шамасын  анықтаудың  маңызды  диагностикалық  көрсеткіші  болып 
табылады.  Бұл  мәселе,  балалар  мен  жасөспірімдердің  физикалық  дамуы  динамикасы 
зерттейтін санитарлық дәрігерлер үшін өте қажет. Сүйектердің көлеміне, пішініне және 
құрылымына тұлғалардың айналысатын кәсіптері үлкен әсерін тигізеді. Адам қаңқасын 
омыртқа бағанасы, кеуде торы, бассүйек, қол-аяқ сүйектері деп ажыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет