Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет9/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Қабырғаның сүйектенуі. 
Туылғаннан кейінгі сегізінші аптада сүйектену 
нүктелері денесінде, басы мен төмпешігінде 10-11 жаста пайда болады, ал  20-22 жаста 
барлық бөліктері тұтас сүйектенеді. 
 
Төс сүйек (sternum) 
 
Төс сүйек қабырғалардың вентралдық ұштарының қосылуы нәтижесінде дамыған 
филогенетикалық  кейінгі  құрылым.  Бұл  сүйектің  пайда  болуын  омыртқалардың  көп 


17 
 
бөлігіндегі аяқтардың дамуымен байланыстырады. Мәселен, жыландардың аяқтарының 
жойылуына байланысты төс те жойылған.  
Пішіні  қанжарға  ұқсайтын  төс  үш  бөліктен  тұрады:  сабы  (manubrium  sterni), 
денесі  (corpus  sterni),  семсер  тәрізді  өсінді  (processus  xiphoideus).  Саптың  жоғарғы 
жиегінде  мойындырық  тілігі  (incisura  juqularis),  оның  әр  жағында  бұғаналық  тіліктер 
(incisura  claviculares)  орналасқан.  Саптың  төменгі  жиегі  денесімен  қосылып  артқа 
ашылған  төстік  бұрыш  (anqulus  sterni)  түзеді.  Төс  денесінің  алдыңғы  бетінен  оның 
сегменттерінің бітіскен  іздері  – үш көлденең  сызықтар түрінде жақсы байқалады. Төс 
сабы  мен  денесінің  бүйір  жиектерінде  жоғарғы  жеті  қабырғамен  буындасатын 
қабырғалық  тіліктер  бар.  Екінші  қабырға  төске  төстік  бұрыш  тұсында 
қосылатындықтан  тірі  адамда  қабырғаларды  санауға  жақсы  бағдар  болып  саналады. 
Төс денесінің төменгі жиегіне семсертәрізді өсінді (processus xiphoideus) қосылады. Ол 
пішіні мен көлемі жағынан өзгеріп отырады: тесігінің болуы, оның екіге тармақталуы, 
бір жағына қарай иілуі мүмкін. 
Төс  кеуекті  сүйек,  сыртынан  тығыз  заттық  жұқа  табақшамен  жабылған.  Төс  қан 
тамырларына  өте  бай  болғандықтан  оны  қан  алмастыруда  қолданады,  сонымен  қатар 
төстен  (қатерлі  ісіктер)  донорлық  қызыл  сүйек  майды  алып,  науқастарға  отырғызуға 
пайдаланады. 
Төсте  сүйектену  нүктелері  жоғарыдан  төмен  қарай  ретпен  пайда  болады: 
нәрестенің  4  айлығында  сабында,  бірінші  3  сегментінде,  7-9  айларда;    4  сегментте 
бірінші жылы және семсер тәрізді өсіндіде жиірек жеті жаста. 
Төс  сегменттері  өзара  16  жаста  бітіседі;  ал  семсер  тәрізді  өсінді  денесімен  30 
жастан  ары  қарай,  сонымен  қатар  сап  пен  дене  арасындағы  синостозда  кеш  пайда 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   309




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет