Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§5. Түркі әдеби тілі дәстүрін сақтаған әдебиет



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата11.04.2020
өлшемі3,57 Mb.
#62252
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Mazhitaeva uceb.pos
Modbus TCP
§5. Түркі әдеби тілі дәстүрін сақтаған әдебиет 
 
 
XIX 
ғасырдың  екінші  жартысында  баспа  бетін  көрген 
көркем  әдебиет  үлгілері,  негізінен,  қисса  аталған  өлең-жырлар 
мен  Дулат,  Шортанбай  тәрізді    бірер  ақын  туындылары  еді.  Ал 
XX  ғасыр  басында  қиссалармен  қатар  жекелеген  ақын, 
                                                 
28
  
ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2001. –296 б.
  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
101 
жазушылар  шығармалары  баспадан  өз  алдына  кітап  болып 
көптеп  шыға  бастады.  XIX  ғасырдағы  ақын-жазушылардың  өз 
жанынан  шығарма  жазғандары  жоққа  тән,  олар  араб  және 
парсының, қазақтың ертедегі ауыз әдебиеті нұсқаларын аударып, 
қайта жырлап «қисса» деген атпен кітап етіп бастыратын еді. XX 
ғасыр басында қазақ әдебиетінде жаңа жанрлар туды, бірді-екілі 
прозалық  шығармалар  (роман,  повесть),  драмалық  шығармалар 
көріне  бастады.  Бірақ  олардың  шығармаларында  тақырыптық, 
ұқсастық орын алды. 
XX 
ғасырдың  басында  қазақ  тілінде  200-дей  кітап 
басылды,  соның  70  шамалысы  –  қазақ  ақын-жазушыларының 
дастан,  поэма,  роман  түріндегі  күнделікті  өмір  тақырыбына 
жазылған шығармалары. Қ.Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» деген 
еңбегінде  «Қазан  төңкерісінің  алдында  шыққан  кітаптарды 
медресе  бітірген  қазақ  мұғалімдері  мен  шәкірттері  жазды,  бір 
Ахмет  Байтұрсынов  пен  Міржақып  Дулатовтан  басқа  орыс 
школдарынан  шыққан  азаматтардың  қазақ  тілінде  жазған  әдеби 
кітаптары  болмады,  әдебиет  сынымен  тексерген,  төңкеріс 
алдында  сын  көтерерлік  20  шақты-ақ  кітап  болды»  деген  дерек 
келтіреді.  Бұлардың  ішінен  тақырыбы,  мазмұны,  көлемі 
жағынан айтуға тұрарлықтай мыналар: 
1)  «Насихат қазақия» (Өлеңдер жинағы, авт. Құрымбайұлы, 
Қазан, 1900, 20  б.). 
2)  «Әдебиет  қазақия»  (Өлеңдер  жинағы,  авт.  Әбубәкір 
(Кердері),  Қазан, 1902, 43 б.). 
3)  «Гүлқашима»  (поэма,  авт.  М.Сералин,  Орынбор  ,  1903, 
97 б.). 
4)  «Манзумат қазақия» (өлеңдер жинағы, авт. Н.Наушабаев, 
Қазақ, 1903, 72 б.) 
5)  «Жас  өмірім  яки  жастықтағы  ғафлет  (өкініш)»    (роман, 
авт. А.Жандыбаев, Қазан, 1907, 15 б.). 
6)  «Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  (өлең,  әңгіме,  авт. 
М.Көпеев, Қазан, 1907). 
7)  «Жақсы 
үгіт» 
(Өлеңдер 
жинағы, 
авт. 
Мақаш 
Бекмұхаметов, Қазан, 1908, 24 б.). 
8)  «Насихат  қазақия»  (Мақалалар  мен  өлеңдер,  авт. 
Зейнулғабиден қажы Әміреұлы, Әл-Жауһари, Уфа, 1909, 32 б.). 
9)  «Қазақтың  айнасы»  (Өлеңдер,  авт,  Мақыш  Қалтаев, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
102 
1910, Қазан). 
10)  «Назым»  (Өлеңдер,  авт.  Асылбек  бин  Сабал,  Қазан, 
1911, 22 б.). 
11)  «Ызың»  (Өлеңдер,  қүраст.  Елеусін  Бұйрин,  Орал,  1912, 
27 б.). 
12)  «Қалың  мал»  (Роман,  авт.  Спандияр  Көбеев,  Қазан, 
1914, 83 б.). 
13)  «Жинаған  терген»  (Өлеңдер,  авт  Бекет  Өтетілеуов, 
Орынбор, 1914,60 б.). 
14)  «Надандық  белгісі»  (Драма,  авт.  Көлбай  Тоғысов,  Уфа, 
1915, 40 б.) т.б. 
 
XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  ақындарының  барлығы 
дерлік  өз  шығармаларында  қазақ  қоғамындағы  мәдени 
мешеулікті  сынауға  бар  ақындық  таланттарын  жұмсады, 
қоғамдық өмірдегі надандыққа байланысты ескі әдет-ғұрыптарды 
да аяусыз мінеді. 
Өмір  құбылыстарын  тануда  кейбір  қайшылықты  пікірлері 
болғанымен,  ақындар  төңкеріс  қарсаңындағы  қазақ  қоғамының 
аянышты  халін  көріп,  қайткенде  оған  азды-көпті  пайдамды 
тигіземін деп тырысты. 
XX ғасыр басында азды-көпті өлең жазып, оларды кітап етіп 
бастырып,  халық  арасында  атағы  шыққан  ақын-жазушылардан 
Ақмолда,  Әбубәкір,  Нұржан,  Мәшһүр  Жүсіп,  Шәді,  Мақыш  т.б. 
мұсылманша оқыған, діни   тәлім-тәрбие алғандар еді.  Бұлардың 
кейбірі Бұхара, Троицкіде мектеп, медресе бітіргендер еді. 
Олардың  әдеби  мектебі,  оқып  үлгі  алған  әдебиеті  араб, 
парсы, татар, әзірбайжан, Орта Азия халықтарының ескі әдебиеті, 
шығыстық  әдеби  дәстүр  болатын.  Сондықтан  олар  өз 
шығармаларында  ертедегі  шығыс  әдебиетінде  кездесетін  араб, 
парсы сөздерін және діни лексиканы көбірек қолданды. 
Мысалы, үлкенді-кішілі 8 кітап бастырып шығарған Мақыш 
Қалтаевтың  «Насихат  қазақия»  жинағына  кірген  бір  өлеңінде 
мынадай жолдар кездеседі: 
Отан үшін аяп, мал қызғанба 
Пайдагерлік лайықдыр әрбір жанға 
Ата, ана, қардаш, кібік, мілләт сүйсін 
Болмаса адам болып кірме санға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
103 
Таракки деген сөзді масқара етпе 
Міллатқа қызмет ет, қырын кетпе... 
Болмаса  Н.Наушабаев  өлеңдерінің  көпшілігі  ислам  дінінің 
мән-жайы,  парыз-қарызы,  заң-шариғаты,  жақсылық-жамандық 
жайында  болып  келеді.  Мұсылманшылық  парызын  түсіндіре 
келіп: 
Ықыласпен хақ жолына болғыл іңкәр, 
Жеткізер патша ием  пәруардігер» - деп кеңес береді. 
 
XX  ғасыр  басында  қазақ  тілінде  шыққан  кітаптардың 
көпшілігінің тіліне араб, парсы, шағатай, татар, өзбек сөздері жиі 
араласқан.  Қазақ  тілінде  басылып  шыққан  кітаптардың  тілі 
олардың  авторлары  татар,  башқұрт  немесе  мұсылманша  оқыған 
молда болғандықтан ғана шұбарланып кеткен жоқ. Көп жағдайда 
кітап  теруші,  басушылар  татар,  башқұрт  болғандықтан  олар 
қазақша  жазылған  кітапты  да  татаршалап,  түркішелеп  басып 
шығарып жүрді. 
Мұндай  ортаазиялық  түркі  әдеби  тілінің  әсері  Қазан 
төңкерісі  алдында  жарияланған  қиссалар  мен  прозалық 
шығармаларда  да  орын  алды.  Бұл  әсер,  әсіресе,  көркем 
әдебиеттерден  гөрі  газет-журналдардың,  оқулық  т.б.  зерттеу 
еңбектердің  тілінде көбірек  байқалады.  Өйткені  ол  тұстағы  қара 
тани  білген  қазақтардың  қай-қайсысы  болсын  сауатын  татар 
молдаларынан ашты. 
Бұл жерде ескерте кететін жағдай: ескі мұраларда кездесетін 
тілдік  ерекшеліктер  екі  түрлі.  Бірі  -  таза  тілдік,  екіншісі  - 
орфограммалық ерекшеліктер. Бұл арада ортаазиялық түркі әдеби 
тілі  дәстүрінің  XIX  ғасыр  мен  XX  ғасыр  басында  үзілмей 
сақталғанын да есте ұстау қажет. 
Аталған  ақын-жазушылар  шығармаларында  орын  алған 
түркі  әдеби  тілінің  орфографиялық  дәстүрі,  негізінен, 
төмендегідей болып келеді. 
1.  Шет  елдерден,  әсіресе,  араб,  парсы  тілдерінен    енген 
сөздер  сол  тілдердегі  негізгі  тұлғаларын  сақтап  қолданылған. 
Мысалы,  дост,  раст,  ғумыр  (өмір),  ғадет  (әдет),  уағда  (уәде), 
тағылым  (тәлім),  шағыр  (шайыр),  хисаб  (есеп),  хызмет 
(қызмет), фиғыл (пейіл), фікір (пікір) т.т. 
2.  Жүйелі  түрде  болмаса  да,  кейбір  шығармалар  тілінде  ж 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
104 
әрпі жазылатын орындарда и таңбасы, с әрпі орнына ш таңбасы 
жазылып  кететін  сөздер  кездеседі.  Мысалы,  йахшы 
(жақсы),    йаздым  (жаздым),  мышал   (мысал),  йолдаш 
(жолдас) т.б. 
3.  Түбір  мен  қосымшаның  жігінде  үндестік  заңының 
сақталмауы  яғни  түбірдің  соңғы  дыбысы  қатаң  болса  да,  оған 
ұяңнан не үндіден басталатын қосымша   қосу   тәжірибесі   орын   
алған.   Мысалы,   баслық   (бастық), насихатлық (насихаттық), 
қысда  (қыста),  перзентлер  (перзенттер).  Бұл    сол  тұстағы 
қиссаларға да тән. 
Ол 
тұста 
баспадан 
шыққан 
ақын-жазушылар 
шығармаларында  морфологиялық  тұлғалар,  негізінен,  бүгінгі 
әдеби  тіліміздегідей.  Дегенмен  ара-тұра  түркі  жазба  әдеби  тілі 
нормасының элементтері де кездесіп қалады. 
Мәселен, 
есімшенің 
-ар/-ер/-р 
жұрнағы 
кейбір 
шығармаларда  -ұр, -ыр формасында ұшырайды. 
Бейқам боп жата берсең, қор болұрсың 
Жау жоқ деп ойламаңыз жар астында... (Ақмолда) 
Ана залымларның жауызлығы тисе екі дүниеде обалына біз 
қалұрмыз («Қыз көрелік»). 
Көне  түркі  әдеби  тілі  элементтерінің  бірі  –  етістіктің  II 
жақтағы  өткен  шақ  формасы  -дыр,  (-дір).  Бұл  да  некен-
саяқ поэзиялық шығармаларда кездесіп қалады.  Мысалы: 
-  Соның үшін бір-бірін әуел баста 
Көріп білу лайық-дыр һәрбір жасқа («Манзума»)   немесе 
-  Отан үшін күш аяп, мал қызғанба, 
Пайдагерлік лайықдыр әрбір жанға («Насихат Қазақия»). 
Прозалық  шығармаларда  есімшенің  –ған  (-ген) 
жұрнағының  орнына  кейде  -мыш  (-міш)  тұлғасы  кездесіп 
қалатынын көреміз. 
Ғасыр басындағы көркем әдебиет шығармалары тілінде көне 
түркі  әдеби  тіл  дәстүрінен  сақталып  қалған  формалардың  бірі  - 
бірлән.  Бұл  сөз  кейін  қазақ  тілінде    мынан  >менен  >мен 
жалғаулығына айналды. 
-  Сонда Ғайникамал бірнеше күнлер пароход бірлән жүріп... 
Ижтихад  бірлән  оқып...  т.т.  немесе  «Капитан  қызы» 
аудармасында: 
-  Мен басқыш бірлән Мәрияның бөлмесіне келіп кірдім. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
105 
Мәрия бірлән көрістім түрінде кездеседі. 
Сол  тұстағы  поэзиялық  шығармаларда  аталған  тұлға 
кездеспейді. 
Ал енді ләкин, һәм, уа шылауларына келсек, олар, негізінен, 
прозалық шығармаларда, олардың өзінде де тым сирек кездеседі, 
автордың  көне  жазу  дәстүрін  сақтау  тәжірибесінің  нәтижесінде 
қолданылып кеткен тәрізді. 
Бұл  тұстағы  көркем  туындыларда  бүгінгі  әдеби  тіл 
нормасымен салыстырғанда  оғаштау  көрінетін  синтаксистік 
ерекшеліктер  де  кездеседі,  олар  сөйлем  құрауда  да,  сөз 
тіркестіру жүйесінде де байқалады. 
XX  ғасыр  басындағы  поэзиялық,  прозалық  шығармаларға 
тән лексикалық ерекшеліктер – олардағы араб, парсы және орыс 
сөздерінің  көбірек  кездесуі,  сондай-ақ  автордың  шыққан  жеріне 
қарай диалектілік ерекшеліктер,  кейде  бірен-саран  көршілес 
түркі тілдері элементтерінің ұшырасуы. 
Араб,  парсы,  кейде  орыс  сөздерінің  кездесуі,  көбіне,  діни 
ұғымға,  рухани  өмірге  байланысты  болып  келеді.  Олардың  өзін 
қазіргі  тілімізге  мүлдем  кездеспейтін,  қазір  тұлғасын  өзгерткен 
және  қазірде  актив  қолданылып  жүрген  деп  3-ке  бөліп  қарауға 
болады. 
1)  Қазіргі  тілімізде  кездеспейтін,  тек  мұсылманша  оқыған 
қожа,  молдалардың  сөйлеу  тілінде  ұшырасып  қалатын  сөздер: 
ниғмет  (бақыт),  сияқлық  (қаралық),  матлық  (міндеттілік), 
саһуат  (қателік),  шариғат  (жол),  сахып  (қожайын),  мұтлақ 
(еркін), хурият (бостандық) т.т. 
2)  Кейбір  араб,  парсы  сөздері  ол  тұста  қазіргідей  тұлғасын 
өзгертпей, сол  тілдегі  тұлғасында қолданылған. Мысалы,  фәнде, 
ынсаф, меһір, халал, ұжмах, харыф, һөнер т.т. 
Орыс  тілінен  енген  сездер  көбіне-көп  қазақ  тілінше  айтылу 
тұлғасы  сақталып  жазылған.  Мысалы,  болоснай,  нашандік, 
мирауай, содия, приканшік, песір т.б. 
Қорыта  айтқанда,  ғасыр  басындағы  көркем  әдебиет 
туындылары өз кезеңінің өмір шындығын суреттеуде, жаңа-жаңа 
қалыптасып  келе  жатқан  әдеби  тіл  нормаларын  бір  жүйеге 
түсіруде,  сондай-ақ  қазақ  тілінің  лексикалық  байлығын  қағазға 
түсіріп,  кейін  олардың  тіліміздің  сөздік  қорын  молайтуына 
тигізген пайдасы үлкен болды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
106 
§6.  Ыбырай, Абай дәстүрін дамытқан әдебиет 
 
XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті 
тарихында  Ыбырай,  Абай          қалаған    дәстүрді  жалғастырушы 
Ш.Құдайбердиев,  С.Торайғыров,  С.Көбеев,  А.Байтұрсынов, 
С.Дөнентаев, 
С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, 
Б.Майлин 
М.Әуезовтердің  т.б.  ағартушы  бағыттағы  көптеген  ірі  ақын-
жазушыларымыздың  алатын орны айрықша. 
1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап шықты. 
Оның  бірі  –Абайдың  өлеңдер  жинағы,  екіншісі  -  Ахмет 
Байтұрсыновтың «Қырық мысал», үшіншісі – «Оян, қазақ!» атты 
Міржақып Дулатовтың публицистикалық-лирикалық жинағы.  
Қазақ  халқының  ояну  кезеңі  туралы  кезінде  Қошке 
Кемеңгеров:  «1905  жылға  дейін  парсы,  араб  тұрмыстарынан 
алынған,  шала  тілмен  жазылған  қиссалар  шығып,  көбінде 
діншілдік  рухы  ұран  болды.  Қазақтың  білім-өнерге  шақырған, 
ескілікті мінеген әдебиеті 5-ші жылдан кейін туа бастады. 
Алғашқы  кезде  татар,  исламдық  әсері  күшті  болды. 
Міржақыптың  «Оян,  қазақ!»-та  жол  басы  сайын  қосқан  арап 
сөздерін азсынып, орыс сөздерін қосуы жоғарыға дәлел. Жалғыз-
ақ  Ахмет  Байтұрсынов  нағыз  қазақ  тілімен  «Қырық  мысалды» 
жазып шығарды. 
Қазақ елінің әр түрлі тұрмыстық жұмбақтарына кездесіп, даң 
болып  тұрған  кезінде  «Қырық  мысал»  мен  «Оян,  қазақ!»  дөп 
келіп,  әлеумет  жұмбақтарын  шешкендіктен,  елді  оятқан  үлкен 
күш болды. Тақпақты сүйетін қазақ бұл екі кітапты үлгі орнына 
ұстап, мысал орнына айтатын болды», - дейді. 
Қазақ поэзиясының тарихы өте әріден басталатындығы және 
оның  дәстүрге  бай  екендігі  көпшілікке  мәлім,  бірақ  қазақ 
әдебиетінің халықаралық атағын роман шығарды. 
Сонымен,  Қазан  төңкерісіне  дейін  Ыбырай.  мен  Абайдың 
дәстүрлерін  жалғастырушы  демократшыл  ақындар  проза 
саласында  күш  сынап  көрмек  болып,  сол  кездегі  қазақтың 
өмірінің материалдары негізінде роман жазуға кіріседі. Кейіннен, 
яғни  1912  жылы  «Қыз  көрелік»,  1913  жылы  «Қалың  мал»,  1914 
жылы  «Қамар  сұлу»  романдары,  1915  жылы  «Шұғаның  белгісі» 
атты повесть жарыққа шықты. 
Әдебиет  түрлері  мен  жанрларының  өзгеріп  өсуі,  оның 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
107 
мазмұны  мен  идеясының  жетілуі  қоғам  өзгерісіне  тығыз 
байланысты.  Өйткені  әрбір  қоғамдық  формация  көркемөнерге 
жаңа  мазмұн  мен  идея  ғана  әкеліп  қоймай,  оған  жаңа  түр  де 
беретіні  белгілі.  XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  халқы 
өміріндегі 
ақын-жазушылар 
шығармаларында 
негізгі 
проблемасына  айналды,  олардың  көп  сөз  еткен  негізгі 
көкейтесті  мәселесінің  бірі  болды.  Бұл  тақырыпта  жазбаған 
жазушылар  –  жоқтың  қасы.  XX  ғасырдың  басында  қазақ 
әдебиетінде қазақ әйелі жөнінде алты-жеті роман, повесть, поэма 
жазылды.  Олардың  көрнектілеріне  Міржақып  Дулатовтың 
«Бақытсыз  Жамалы»,  Спандияр  Көбеевтің  «Қалың  малы», 
Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  «Қамар  сұлуы»,  Бейімбет 
Майлиннің  «Шұғаның  белгісі»  т.б.  жатады.  Бұларда  қазақ 
халқының ауыр тұрмысының ащы шындығы айқын суреттеледі. 
Роман – сан қырлы жанр. Оның қасиеттері қазақ романында 
біртіндеп  көрінеді.  Алғашында  ол  тұрмыстық  роман  жанры 
сипатында  дүниеге  келді.  Кейін  тарихи  революциялық,  роман-
эпопея, психологиялық жанр өресіне көтерілді. 
«Бақытсыз  Жамалдың»  жаңашылдығы  –  оның  мұнан 
былайғы  қазақ  романынан  тақырыбы  мен  проблематикасына 
бастама болуында ғана емес. Ол көркем прозаның тілі мен стилі 
қандай  арнада  даму  керектігіне  бағыт  сілтеді.  Роман  жанрына 
көтеріңкі  әуен,  салтанатты  сарыннан  гөрі  объективтілік, 
қоңыржай еркін әңгіме көбірек тән екенін көрсетті. 
Қазақ көркем прозасының басы – Ы.Алтынсарин әңгімелері 
мен  Абайдың  қара  сөздері  екенін  білеміз.  Олар  орыстың 
классикалық  әдебиетінен  үлгі  алып,  орыстың  ұлы  ақын-
жазушыларының дәстүрлеріне сүйенеді. 
Крылов  мысалдарын  аударып,  сол  мысалдар  тілімен 
ауылдың  байларын,  үстем  тап  өкілдерін,  қоғамдық  ортадағы 
ұнамсыздықты сынау  Абай  мен  Ыбырайдан  бастау  алады.  Абай 
мен  Ыбырайдан  басталған  бұл  дәстүрді  XX  ғасыр  басында 
С.Көбеев,  С.Торайғыров,  А.Байтұрсынов,  С.Дөнентаев  сияқты 
ақындардың  әрі  қарай  дамытқаны  белгілі.  Бұлар  мысал  тілімен 
қоғамдағы  шындықты,  әділетсіздікті,  замандастары  бойындағы 
надандықты,  тоғышарлықты,  көрсеқызарлық  пен  өзімшілдікті 
тұспалдап сынаудың қолайлығын ұқты. 
Қазақ тіліндегі алғашқы көркем үлгілерінің бірі ретінде 1903 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
108 
жылы А.С.Пушкиннің қазақ тіліне аударылған «Капитан қызын» 
(аударған  М.Бекимов)  атауға  болады.  Кейіннен,  шамамен  1908-
1909  жылдары  Ш.Құдайбердиев  А.С.Пушкиннің  «Дубровский», 
«Боран»  («Метел»)  атты  повестерін  өлеңмен  аударған.  Кіріспе 
өлеңінде Ш.Құдайбердиев А.С.Пушкиннен қалай аударғанын сөз 
етеді: 
«Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, 
Қазақтың шағылдырар надан көзін, 
Ғылымнан көзілдірік кимеген ел 
Туралап көре алмас деп күннің көзін. 
Сүйтсе де кете қойман шетке басып, 
Айтармын алыстамай, шын жанасып. 
Әншейін ертек айтып отыр демей, 
Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып. 
 
Сол  1909  жылы  ел-жұрттың  құлағын  елең  еткізіп,  көкейіне 
қозғау  салған,    ой-санасына  пәрменді  ықпал  еткен,  зор  әдеби 
жоралғы  –  Ахмет  Байтұрсынұлының  кітабы  —  «Қырық  мысал» 
деген  атпен  Петерборда  жарық  көрді.  Бұл  кітапта  Ахаң 
Крыловтың  екі  жүзге  жуық  мысал  өлеңдерінің  ішінен  қазақ 
елінің  ахуалына,  қазақтың  мінез-құлық  психологиясына, 
дүниетаным, ойлау қабілетіне жақынырақ келеді-ау деген қырық 
мысалды  таңдап  алып,  оны  асқан  шеберлікпен  тәржімелеген  әрі 
оны қайта жаңғыртып тың үлгіде қазақша жырлаған. 
«Қырық  мысалға»  дейін  де  Крылов  мысалдарының  Абай, 
Ыбырай 
аударған 
аудармалары 
болған.  Ахаң  Крылов 
мысалдарының  құрылыс  ерекшелігін  сақтауға  тырыспаған.  Ой 
дәлдігін,  мазмұн  дәлдігін,  кейде  сөзбе-сөз  дәлдікті  ұстанған. 
Мәселен, Крыловта 12-13 жолдан тұратын мысал түрлері бар, ал 
қазақша  ондай  өлең  өлшемі  болмағандықтан,  оны  Ахаң  он  бір 
буынды төрт жолды өлең үлгісімен аударған. 
«Айқап»  журналында,  «Қазақ»  газеті  беттерінде  роман 
жарысы  туралы  мақалалар  жарияланып  тұруы  әдебиеттің  бүл 
жанрының тез дамуына өз үлесін қосқаны сөзсіз. Мұндай жақсы 
романдарға  бәйге  жариялаған  азаматтар  қатарында  А.Оразов,  Е. 
Мамановтарды айрықша атап өту ләзім. 
Сонымен  XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінде  роман, 
мысал,  лирикалық  поэма,  әдебиет  сыны  туындап,  қалыптасуға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
109 
бет алды, себебі «қазақ кеңес әдебиеті тақыр жерден өсіп шығып, 
гүл  жарған  құбылыс  емес,  керісінше  құнарлы  әдеби  топырақтан 
нәр  алған,  соның  бар  жақсы  қасиеттерін  бойына  дарыта 
дамытқан, сөйтіп соны сапаға ие болған жаңа әдебиет». 
 
 
§7.  Көркем әдебиет тілінің лексикалық құрамы 
 
Көркем  шығармаға  қойылатын  шарттар  мен  талаптар  өте 
көп, соның ең бастысы – тіл шеберлігі. Әрбір жазушының өзіндік 
ерекшелігі, кейіпкерлері мен образдары, тақырыбы мен идеясы – 
барлығы да оның тілі арқылы көрінеді. 
Кейінгі  кезде  жеке  шығармалардың  не  бір  автордың  тілін 
таза  әдеби  тілдің  даму  заңдылықтары  тұрғысынан  да  талдап, 
сондай-ақ  оны  эстетика  тілі  ретінде,  жалпы  образ  жасаудың, 
көркемдіктің құралы ретінде де талдап жүр. Көркем әдебиет тілін 
образ жасаудың құралы тұрғысынан алып талдау лингвистикалық 
зерттеудің нысаны болып саналатыны мәлім. 
Көркем 
туындылардың 
лексикалық 
ерекшеліктерін 
зерттеушілер кез келген шығарманың мазмұны мен түрін бірдей 
қарастырып,  жазушының  халық  тіліндегі  өзінен  бұрынғы  сөз 
байлығын,  сөз  өрнегін  қаншалықты,  қалай  пайдаланғанын,  өзі 
халықтың  тіл  мәдениетін  ілгері  дамытуда  не  қосқанын 
айқындайды. 
Грамматикалық құбыластарды түгелдей әдеби тілге ғана тән 
деп  қараймыз.  Себебі  көркем  әдебиеттің  стильдік  ерекшеліктері 
жалпыхалықтық  тілде  кездесетін  фактілердің  барлығын  да 
керегінше қолдана беруден бас тартпайды. 
Көркем  шығармада  қолданылмайтын  сөздер  мен  сөз 
тіркестері,  фразеологизмдер  аз.  Кез  келген  шығарма  тек  қана 
авторлық  баяндаудан  ғана  емес,  кейіпкер  тілінен  де  тұрады.  Ал 
кейіпкерлер  әр  жастағы,  әр  мамандықтағы  білімдері  де  әр  түрлі 
деңгейдегі адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да әрбір 
нақтылы  көркем  шығармада  кейіпкер  сөзінің  өзіне  тән 
әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы болады. Кейіпкер тілінде 
кәсіби  сөздер  де,  жергілікті  тіл  ерекшеліктері  де,  жаргондық 
сөздер  де  ұшырасып  отырады.  Көркем  әдебиет  стилінің  екінші 
бір ерекшелігі – оның көп стильді болып келетіндігі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
110 
Зерттеушілер  әдетте  жазушы  өзінің  шығармасында 
жалпыхалықтық  тілдің  негізгі  сөздік  қорын,  сөздік  құрамын, 
тілдегі  мақал-мәтелдерді,  шешендік  сөздерді,  қанатты  сөздерді 
қаншалықты,  қалай  пайдаланды,  оларды  қаншалықты,  қалай 
байытты,  оның  сол  байыту,  ұстартуы  қаншалықты  заңды, 
жарастықты,  соны  тексереді.  Өйткені  тіл  –  көркем  шығарманың 
негізгі  элементтерінің  бірі,  жазушының  негізгі  құралы.  Демек, 
адам ойын, сезімін, әсерін, ісін, жазушы осы арқылы бейнелейді. 
Мысалы,  «Асау  Терек  долданып,  буырқанып,  Тауды  бұзып, 
жол салып, тасты жарып» дегенде Абай «асау» сөзін Терек (өзен) 
сөзімен  тіркестіріп,  өзеннің  көркем  бейнесін  жасайды.  Әдетте 
«асау»  сөзі  асау  ат,  асау  бие  сияқты  құрамда  кездесетін  болса, 
көркем әдебиетте «асау жел» (Иса), «асау қиял» (Жамбыл), «асау 
жүрек» (Абай) тәрізді тіркестер кездеседі. 
Осындай  метафоралық  тіркестерді,  бейнелі  еөз  орамдарын, 
троптарды  XX  ғасырдың  басында  Абай  дәстүрін  жалғастырған 
ақын-жазушылардың  шығармаларынан  да  жиі  кездестіруге 
болады. 
Мәселен,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  –  өз  шығармаларында 
Абайды  үлгі,  өнеге  тұтқан  адам.  Абайда  бір  сөздің  алдына  әр 
түрлі  эпитет    қойып,  құбылтып,  әртүрлі  мән  беріп  қолдану  жиі 
кездеседі (ыстық жүрек, ит жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, 
жау  жүрек,  ет  жүрек,  асыл  жүрек,  керілген  жүрек,  ызалы 
жүрек,  ынталы  жүрек,  жас  жүрек,  ауру  жүрек,  қан  жүрек, 
жаралы  жүрек,  сорлы  жүрек,  жалын  жүрек,  үрпиген  жүрек, 
ғаділетті жүрек, ақ жүрек, - деп жиырма үш түрлі айтқан). 
Бұл  сияқты  бір  сөзге  түрлі  мән  беріп  көріктеулер 
С.Торайғыров  поэзиясында  да  аз  ұшыраспайды.  мысалы,  ақын 
«көңіл» сөзін мынадай тіркестерде қолданған: 
«Үмітті көңіл шегініп, 
Жылады сорлы егіліп». 
«Емізікті ез көңіл
Бірақ  әлі сөнген жоқ» 
«Оқыт бізді, әкетай! 
Қам көңілім болсын жай». 
«Шалқиды шар тарапқа сорлы көңіл» 
«Суытты кейбірінің жылы көңілін». 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
111 
Бұлар 
жоғарыда 
айтқанымыздай, 
біздіңше, 
Абайға 
еліктеуден, Абай дәстүрін меңгеруден туған. 
Сонымен  бірге  Сұлтанмахмұт  шығармаларында  халық 
тілінің  мағыналары  кеңейтілген  сөздері,  жаңа  атаулар  мен 
сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық тіркестер де кездеседі. 
Мысалы,  таза  көңіл,  қара  жүрек,  нұрлы  жүз,  бұзық 
жол,  жылы  жауап,  ащы  қайғы,  сәулелі  кісі,  уыз  қойын,  суық 
дауыс, сасық дау, ыстық жан, тұщы еті т.б. 
Көркем  шығарма  тілінің  көпшілік  мойындаған  бір 
құндылығы  –  автордың  онда  мақал-мәтелдерді  өз  орнымен 
қолдануы. 
Сұлтанмахмұт  шығармаларында  ақынның  өз  ойынан  туған 
не өзгеріске түсіріп қолданған мақал-мәтелдері көптеп кездеседі. 
Б.Кенжебаев  бұларды  тек  төркіндеріне  қарай  үш  топқа  бөледі:             
1.  Қазақтың  халық  мақал-мәтелдері  мен  шешен,  кесек  сөздері;            
2.  Абайдың  мақал-мәтелдері  мен  мақал  сөз  болып  кеткен 
өлеңдері; 3. Орыс әдебиетінен келген мысал, мақал сөздер. 
  Теңеу арқылы С.Торайғыров кейіпкердің әдетін, қимылын, 
іс  әрекетін,  қалыпты  күйін  шебер  суреттейді:  аш  қасқырдай 
жалаңдайтын әдеті, қыз айттыра келген сыпайы  құдадай, сең 
бұзғандай  болып,  бүйідей  тиіп,  қарақшыдай  шоқиып,  ағаш 
арбаша  салдыратып  азан  айтып.  Табиғат  көріністерін, 
тұрмыстық  жайларды,  жеке  құбылыстар  мен  заттарды  оқырман 
қауымға әсер етерліктей етіп беру мақсатымен: сексендегі кемпір-
шалдай тіс біткені қираған... қара абдыра, кесек байлаған қойша 
мойнындағы  қылышы  салбырап,  мойнындағы  қылышын 
әлдилеген баладай алдына өңгеріп т.б.  
Б.Майлин  осы  сияқты  халық  тілінде  қалыптасқан  теңеу, 
эпитеттерді, әсіреулер мен литоталар (сексендегі шал, сегіздегі 
баласына дейін, жүн қылып жібергендей, аяқ-бас, бас-аяқ болу, 
кебісін  тастаған  жерге  бара  алмайтындар),  метонимиялар 
(дорба  ауыз,  қара  бұжыр,  бурыл  сақал,  сүйіскен  жүректер, 
тік аяқтар) жиі әрі ұтымды жұмсауымен ерекшеленеді. 
Автор кейіпкерге мінездеме беру, кейіпкердің ішкі сезімдерін 
бейнелеу  үшін  де  эпитеттерді  жиі  әрі  ұтымды  жұмсайды:  теке 
көз,  шалбар  бет,  жамаулы  күпі,  жамаулы  терезе,  түлкі  көз, 
оқты  (оқсыз)  көз,  отты  (отсыз)  көз,  сіріңке  қара  жігіт, 
ноқталы  бет,  өмірінде  су  тимеген  саусақ,  шатпа  тіл, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
112 
қанталаған көз, тасыған көңіл, секіртпе күлкі, ынтыққан тілек, 
сыпылдаған саусақ, ашулы сөз т.б. 
XX  ғасырдың  басында  шыққан  көркем  әдебиет  тілінде  араб 
және  парсы  сөздері,  диалектизмдер,  терминдер,  көне  түркі  және 
орыс  тілдерінің,  татар  және  өзбек  тілдерінің  элементтері 
кездеседі.  Сөз  болып  отырған  жылдардағы  көркем  әдебиет 
шығармаларында Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде еніп, байырғы 
болып  кеткендерін  санамағанда,  ауызекі  тілде  сирек  ұшырайтын 
кітаби  тіл  элементтері  кездеседі:  таусылмас  түказзибан  (түпсіз 
өтірік),  хикмет,  шаһбаз,  сақалды  перғауын,  рисаласы,  шәриф 
(қадірлі), тәкбір, рушді сыныф (араб сөзі -5-7 көлеміндегі класс), 
иғдади  сыныф  (араб  сөзі  –  10  класс  көлеміндегі  оқу),  хатта, 
мехнат,  шәһәр,  дару,  ғайры,  жамиғат,  мәтбүғат,  бихисап, 
һәмән, марһәмәт, илаһим, жаһан, һеш  т.т. 
Жазушылар  фразеологизмдерді  әр  түрлі  жолмен  жұмсап 
пайдаланады. Соның бірі – тілімізде фразеологизмдерді авторлық 
өңдеумен  өзгертіп  қолдану.  Оларды  бұлай  қолдануда  арнайы 
мақсат  болады.  Осындай  жолдармен  әр  жазушы  тұрақты  сөз 
тіркестерін  жасап,  фразеологиялық  қорды  дамытуға  да  ат 
салысады. 
Б.Майлин  теңеуді,  ең  алдымен,  кейіпкерлердің  бет-пішінін, 
сыртқы көрінісін,  портретін  жасау  үшін  пайдаланады:  жайылып 
біткен  шырпыдай  бет-аузы,  тамшыда  қатқан  сүмбідей  болып 
мұрты сорайып, бұқаның мойнынша қыржиып. Жазушы теңеуді 
адам  сезімдерін  көңіл-күйлерін,  психологиялық  халін,  әсерлері 
мен ойларын нақтыландыру амалы ретінде қолданады:  етіне біз 
сұгып алғандай, денесіне суық су құйып жібергендей т.б. 
29
 
Сонымен  бірге,  көркем  әдебиет  шығармаларында  кеңсе,  іс 
қағаздары  стилінің  элементтері  де  кездеседі.  Бұл  сол  кездегі  іс 
қағаздарының  атаулары,  бір  жағынан,  тілімізде  бар  сөздерден 
жасалынса,  екінші  жағынан,  орыс  тілінен  дайын  күйінде 
алынған: куәлік, копиа, кнеге, песір, ғарыз, қарсы ғарыз, түрмеге 
отырық  қағаз  (отношение  деген  мағынада),  рапорт,  өмірбаян, 
протокол,  шабарман,  крестьянский  начальник,  төре.  болыс, 
сайлау,  шарға  түсу,  расход  шығу,  мәжіліс,  метрический  книга, 
                                                 
29
  Каримов Х. Бейімбет Майлин әңгімелеріндегі эпитет, теңеу және 
троп//Тіл және әдебиет мәселелері.  Алматы, 1963. –Б.69-70.   
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
113 
маслихат  ету,  ауылнай,  дауысқа  салу,  қол  көтеру,  сөз  берілу, 
кабинет,  хатшы,  анықталсын,  тыңдалсын,  тексерілсін, 
мәжіліске  салынсын,  революция,  параграф,  квартал,  дәптер, 
баяндама,  материал,  бюро,  агент,  мелітсе  (милиция),  мекеме, 
жоспар  т.б. 
С.  Торайғыров  пен  Ш.  Құдайбердиев,  С.Көбеев  т.б.  өз 
шығармаларында  әр  түрлі  термин  сөздерді  қолданған.  Мысалы, 
жазушының көркем шығармаларынан әдебиеттануға байланысты  
роман,  фельетон,  басня,  журнал,  газета,  редакция  т.б,  ал 
өнеркәсіп  пеи  техникаға  байланысты:  атом,  бомба,  телеграф, 
телефон,  пароход,  аэроплан.  электричество,  машин,  планета, 
пулемет,  снаряд,  поезд,  завод,  магнит    т.б.,    ғылым  мен 
мәдениетке  байланысты:  агроном,  география,  университет, 
стипендия, семинария, доктор, больница, автономия, уез, полиция, 
милиция, 
миссионер, 
офицер 
т.б., 
әлеуметтік-қоғамдық 
ғылымдарға 
байланысты: 
революция, 
идея, 
идеалист, 
капиталист,  капитал,  социализм,  дух  т.б.  көптеген  орыс 
тілінен енген сөздерді кездестіруге болады. 
Халық 
тіліндегі 
мақал-мәтелдер 
С.Торайғыров 
шығармаларында  кездеседі.  Мысалы,  «Тоғыз  қырлы,  тоқсан 
сырлы жігіт»,  «Сегіздегі бала, сексендегі шал»,  «Жалғыз қаздың 
үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», «Арсызға алты күн мейрам 
аз» т.б. 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  көркем  әдебиет  стилінде  қазіргі 
әдеби  тілімізден  ерекше  кейбір  синтаксистік  конструкциялар, 
жалғаулықтар кездеседі. 
Ілік жалғаулы сілтеу есімдіктері (сол, ол) үшін шылауымен 
тіркесіп,  соның  үшін,  оның  үшін  конструкциялары  түрінде 
қолданылған. 
Оның үшін конструкциясы қазіргі тіліміздегі себеп, салдар 
мағынасын 
білдіретін 
себебі, 
өйткені, 
сондықтан 
жалғаулықтарының қызметінде қолданылады. 
Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ есімшенің  –ған/-ген, -қан/-
кен  тұлғасының  орнына  –мыш    тұлғасы  жүрген.  Ол  «Қамар 
сұлуда», «Үлгілі балада», «Бақытсыз Жамалда» кездеседі. 
Бұл  айтылмыш  артықшылығының  үстіне  Жамал  сөзге  бек 
ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды  (М.Д.). 
Неге  тұрсын,  құлағын  тігіп  ентелеп  тұрган  құдалар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
114 
айтылмыш күнде сап ете түсті. (С.Т). 
-мыш  тұлғасы  барлық  жерде  анықтауыш  қызметінде 
жұмсалған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет