Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет239/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

КОМА ЖАҒДАЙЫН ҚАРҚЫНДЫ ЕМДЕУ

Кома - өмірге қажетті ағзалар мен жүйелер функцияларының бұзылуымен, рефлекторлық қызметтің және ақыл-естің бірден бұзылуымен, немесе болмауымен сипатталатын ағзаның жағдайы. Мидағы орталық жүйке жүйесінің қыртыс асты және төменгі бөліктерінің тежелуінен кома дамиды.


Этиологиясы және патогенезі. Кома экзогендік және эндогендік зиянды әсерлер пайда болу арқылы дамиды. Эндогендік зиянды әсерлер: метаболизм өнімдері, бұзылысы, гипокалиемия, гипохлоремия, церебральдық қан айналым мен ликвор айналысының (циркуляциясы) бұзылысы, бауыр, бүйрек аурулары және т.б. Экзогендік зиянды әсерлерге: инфекциялық аурулар (грипп, ОРВИ, скарлатина, дизентерия, тиф түрлері, ботулизм және т.б.), әр түрлі тұрмыстық және дәрілік улар, жарақаттар, мертігулер және т.б. жатады.
Диагностикасы мен клиникасы. Коматоздық жағдайды 2 сатыға бөліп қарауға болады:
І сатысы - кома алды сатысы (1 дәреже - жеңіл, 2 дәреже - айқын немесе орташа ауырлықта)
ІІ сатысы – комалық (3 дәреже – ауыр немесе терең, 4 дәреже – терминальдық немесе өте ауыр.
1 дәреженің клиникасы: бала есі тежелген, қоршаған ортаға көңілі түспейді, бейтарап қарайды,әлсіз, сұраққа көңілсіз жауап береді, сөйлемі байланыспаған, ұйқышыл бола бастайды. Тыныс алуы жиі, жүрек қызметі қанағаттанарлық, әлсіз, тахикардия. Артериялық қысым қалыпты, немесе аздап жоғарылаған. Рефлекстері сақталған.
2 дәреже – сопор жағдайында (есінен терең айрылуы). Терең ұйқыдан қиындықпен оянады. Сұраққа баяу жауап береді. Тыныс алуы жиі. Тахикардия. Артериялық қысымы төмендеген немесе қалыпты, рефлекстері сақталған, бірақ әлсіреген.
3 дәрежеде – бала ессіз, ешқандай тітіркендіргіштерден оянбайды. Шарттық рефлекстері жоқ (кірпікті, қарашық, жұту, сіңір рефлекстері). Қарашық кеңіп, терісінің түсі бозғылт, акроцианоз, тыныс алуы жиі, ырғағы дұрыс емес. Артериялық қысым төмен. Зәр еркінен тыс шығады.
4 дәреже – бала ессіз, толық арефлексия, адинамия. Кусмауль немесе Чейн-Стокс тынысы, брадикардия, жүрек тоқтауына дейін барады. Артериялық қысым анықталмайды. Терминальдық жағдай агональдықа ауысады және клиникалық өлімге әкеледі, яғни өз бетімен тыныс алу және жүрек соғу толығымен тоқталады.
Кома ауруының алғашқы кезінде, диагноз қою үшін, комаға дейін қандай жағдайлар болды, қандай ауру себеп болды, сонымен бірге анамнез, ауру клиникасын анықтап, зертханалық тексерулер жүргізу керек. Баланың қант диабетімен-ауырмағандығын, бауыр ауруларымен, эпилепсиямен ауырғандығын анықтап, киімдерін толық шешіп қарау керек. Жалпы қарау кезінде: тері және шырышты қабатының түсіне, көз алмасының, қарашық көлемі мен жарыққа реакциясын, дем алу, ауыз иісін, жүрек, бауыр, көкбауыр көлемін, артериялық қысымын және барлық патологиялық рефлекстерін анықтау керек. Лабораториялық анықтауларға мыналар жатады: қандағы қант, ацетон, зәр қышқылы азот, қалдығы, билирубин, калий хлориді, натрий, кальций мөлшерлері. Комалар диабеттік, гиповолемиялық, азоттық немесе уремиялық, эклампсиялық, жарақаттық, гипохлолық, көкбауыр түрлерінде кездеседі.
Жарақаттық кома хирургия саласында көп кездеседі. Сондықтан жарақаттың көлемін талдауды жөн көрдік.
Жарақаттық кома көп жағдайда бастан алған ауыр жарақаттардан кейін дамиды. Бас және ми жарақаты кезінде ми қыртысында, тінінде қан құйылу, ісіну, ми қарыншаларындағы ликвор қысымының жоғарылауынан болады.
Клиникасы. Бала естен танады, құсады, брадикардия болады. Тыныс алуы ақырындайды, тері түсі бозғылттанады. Ауыздан, мұрынна, құлақтан қан кетеді. Дене қызуы жоғарылайды. Керниг, желке тарту белгілеры айқындалады. Аяқта сіңір рефлекстері төмендеген, қарашық кеңейген, жарыққа реакциясы төмендеген немесе жоқ. Нистагм, анизокория, жұтынудың, тыныс алудың бұзылуы, зәр тоқтауы байқалады.
Емі.

  1. Алғашқы хирургиялық көмек ретінде жарақатты тазалау, өңдеу;

  2. Гемолитикалық дәрілер беру;

  3. Тыныштықпен қамтамасыз ету;

  4. Басқа суық басу немесе гипотермия жасау;

  5. Дегидратациялық терапия;

  6. Тамыр өткізгіштігін қалыпқа келтіру;

  7. Люмбальдық пункция жасау (2-3 мл ликвор шығарады);

  8. Жалпы жағдайы дұрысталған жағдайда нақтылы хирургиялық көмек көрсету;

  9. Дәрі-дәрмектермен ем жасау, ең бірінші қанның ағуын тоқтату, немесе алып тастау (субдуральды, қарап болса бас сүйектің трепанациясын жасау, эпидуральдық гематомаларда).

Гемостатикалық көмек – викасол, дицинон, аминокапрондық қышқыл сүйықтықтарын хлорлы кальций, гемонобинмен тиісті дозаларымен жасалады.
Ісіну қаупіне қарсы дегидратациялық гипертоникалық глюкоза, натрий хлор сұйықтықтары, диуретиктер (фурасемид, немесе лазикс, манитол) жасау керек. Қан тамырларының тіндерінің өткізгіштігін азайту үшін көк тамыр арқылы 10% хлорды кальций, 25% сульфат магний 1 доза 1,0 мг әр жас сайын бұлшық етке жасалады. Ми қысымын азайту үшін және емдік тәсіл ретінде люмбальдық пункция жасау керек.
Жағдайы дұрысталғаннан кейін хирургиялық көмек жасалады.
Су-электролиттердің мөлшерін толықтыру үшін, дегидратация емі үшін инфузиялық ем терапиясын байқап қолданады. Инфузия терапиясын жүргізбесе түрлі бұзылыстарға әкеліп соғатынын ұмытпау керек.
Бастан ашық жарақат алғанда немесе асқыну кезінде, инфекцияға қарсы профилактика түрінде антибиотиктер, түрлі белгілер пайда болған кезде, әр түрлі белгі симптоматикалық емдер қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   247




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет