Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет242/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Геморрагиялық немесе гиповолемиялық шоктың патогенезі. Қан кету және дене сұйықтығын жоғалту, жүректің қан айдау қызметінің жедел нашарлауына әкеледі. Нәтижесінде, рефлекторлы түрде вена тамырының тонусы, кейін артериялық тонусы жоғарылайды. Осының әсерінен өмірге өте қажет мүшелерінде (ми, миокард, бүйрек) қан айналымы сақталады. Егер гиповолемия қалпына келтірілмесе, артериола, пре- және посткапиллярлы сфинктерде спазм дамиды. Бұл қан айналымының тежелуіне және қанның реологиялық қызметінің өзгеруіне әкеледі: қанның пішінді элементтері бір біріне жабысып қалады, эритроцит агрегациясы (сладинг) дамып, гидростатикалық қысым жоғарылайды. Метаболикалық ацидоз миокард функциясын тежейді.
Клиникасы.
І кезеңде – қозу, аздап терісінің бозаруы, тахикардия, артериалық қан қысымы қалыпты, немесе аздап жоғарылайды, тынысы жиі, қан жоғалту 15-20%.
ІІ кезеңде – баланың есі тежелген, терісі айқын бозарған, акроцианоз, ентігу айқындала береді. Артериалық қан қысымы төмендейді, қан жоғалту 25-40%.
ІІІ кезеңде - науқас бала ессіз, тері қатты бозарады, тыныс алуы өте жиі, артериалық қан қысымы 50-60% төмендейді: тахикардия, пульсі әлсіз, анурия, олигоурия дамиды. Қан жоғалту 40%-дан жоғары.
ІУ кезеңде – агония жағдайының клиникасына сәйкес келеді.
Жедел емдеу тәсілдері.
Артериалық қан қысымын көтеру үшін, айналымдағы қан көлемін толтыру үшін полиглюкин (20-30 мл/кг) + гидрокортизон (25-30 мг/кг) + С витамині 5%(33-5 мл 5% глюкоза ерітіндісімен ағымды түрде, жүйелік қан қысымының 80-90 мм сын. бағ.-на дейін көтерілгенше қан тамырлары арқылы құяды.
Микроциркуляцияны жақсарту үшін - реополиглюкин 10-12 мл/кг, айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру үшін - декстран препараттары, полиглюкин, реополиглюкин, немесе қан препараттарын, глюкоза-тұзды сұйықтықтарын, диуретикалық әсері бар гемодез - дезинтоксикация үшін қолданылады.
Фармакологиялық басқа дәрі-дәрмектер вазоконстрикцияны жою үшін нейровегетативтік қорғанысы бар дроперидол (0,1 мг/кг), ауырсындырмау үшін промедол, морфин, омнопон, азот тотығы қолданылады.
Қан ағуы жоқ кезде тамыр ішінде қан ұюын, тромб болуына қарсы және микроциркуляцияны жақсарту үшін қарсы коагулянт, жасушалық жарғақшаларының протекторы - гепарин (20-30 бірлік/кг) емдік қасиетінің зор екенін атап өткен жөн. Калликрейн-кининдік жүйесінің ингибиторлары (контрикал, Гордокс, протинол) немесе тросилол арқылы шокқа әсер ететін барлық жағдайлардың қарқынын кемітеді.
Осымен бірге, тыныс жетіспеушілігіне қарсы әрекеттерді бірден бастау жөн. Тыныс жолдарын тазалап, оттегін беріп, мұрын катетерлерін қойып, немесе маска мен интубациялық трубкалармен дем алдыра бастау керек. Мартин-Байер немесе Грегори тәсілдерімен гипоксиға қарсы, немесе жою мақсатында жасалған үлкен емдік нәтиже береді. Тыныс жетіспеушілігінің өте ауыр кезеңінде өкпені жасалған желдету аппаратттарын қосады.
Бұл емдердің жетістігін тері түсінің қызыл шырайланып, көрінген, мәрмәр тәріздес бозарған түстерінің жойылуы, тері қабатының жылынуы, зәрдің дұрыс бөлінуі айғақтайды. Кейбір жағдайларда оперативтік емдеу қажет болады.
Жарақаттық шок. Этиологиялық факторы жарақат және ауырсыну, кейде қан ағу болады. Патогенезі геморрагиялық шоктың механизмімен сәйкес келеді. Бұл шокта да микрроциркуляцияның бұзылуы, ауырсыну импульс арқылы болады да тыныс алу жетіспеушілігі, кеуде сүйектерінің жарақатында, майлы эмболия жілік сүйектері сынғанда болуы мүмкін. Балаларда эректильдік саты айқын емес, көлемді қан ағу болмаса да, артериалық қан қысымы қалыпты жағдайда болады. Тыныс алу бұзылысы ерте дамиды. Қарқынды емдеу ауырсынуды басу анальгезиясы, новокаин блокадасын, перидуральдық анальгезия, наркотикалық анестетикалық дәрі-дәрмекпен жасайды. Қолданылатын дәрілер: анальгин, пентальгин, промедол, морфин, омнопон, ГОМК - 70-100 мг/кг.
Күйіктік шок - өте қатты ауырсыну қоздырғышы,үлкен жара бетінің және токсемия әсерінен дамиды.
Клиникасы. Эректильдік сатысы айқын және ұзақ болады. Гипотонияның болмауы мен эйфория, қозумен сипатталады.
Егер осы кезде көмек көрсетілмесе, шоктың торпидтік сатысына өтуі мүмкін. Бұл фазада механикалық жарақаттың әсерінен барлық ауыр шок белгілері кешенді көрініс тауып, тіпті, көптеген жарақат бетіндегі токсиндердің әсерінен жедел бүйрек жетіспеушілігі болады.
Қарқынды емдеуі. Бүйрек жетіспеушілігіне ерекше назар аудару керек. Новокаин-глюкоза сұйықтық қышқылдарын, эуфиллин, диафелин, фуросемид сұйықтықтарын көктамыр арқылы енгізу нәтижесінде жетістікке жетуге болады. Новокаинды перидуральдық блокада, жылытқышпен бел аймағын жылыту тәсілдерін қолдануға болады. Ацидозбен күрес үшін, 4% натрий бикарбонаты ерітіндісін көктамыр арқылы енгізу керек. Диуретикалық әсер, маннитолды көктамыр арқылы енгізеді. Жедел бүйрек жетімсіздігі кезінде калий элементінің көптігі қатар жүретінін ескеріп, 10-20% глюкоза ерітіндісіне инсулин қосып (1бірлік глюкозаның 3 гр есебіне) тамыр арқылы тамшылатып система арқылы енгізу жөн. Бұл кезде сағаттық зәр мөлшерін анықтап отыру керек. Науқас жағдайы өте ауыр болса гемосорбция әдісі қолданылады. Жалпы емдеу кешенінде ауырсынуды болдырмау үшін анальгетиктер (анальгин, промедол), анестетиктер, ингаляциялық азот тотығы, фторотан, кетаминдер көк тамыр арқылы қолданылады. Басқа да симптоматикалық дәрілер атропин, димедрол, кортикостероидтарды қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   247




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет