Оқулық медициналық жоғары оқу



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі1,45 Mb.
#185709
түріОқулық
  1   2   3   4
Байланысты:
Емханалық-және-шұғыл-педиатрия
AutoCAD, nurmahanov-komp-grafika, PhotoShop-ОӘҚ, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту


Емханалық және шұғыл педиатрия
Тақырыбына көрме


616-053.2
Е 53
Емханалық педиатрия : оқулық / қаз. тіліне ауд. Т. 
С. Шонтасова; жауапты ред. М. Ж. Еспенбетова ; 
А. С. Калмыкованың редакциялығымен. - 2-бас. -
М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 752 бет. +эл. опт. 
диск (CD-ROM).
Ресейдің белгілі ғалымы, профессор А.С. 
Калмыкованың «Емханалық педиатрия»
оқулығы педиатр-дәрігерлер мен жалпы 
тәжірибелік дәрігерлерді амбулаторлы-
емханалық жағдайда балаларға емдік-
профилактикалық көмек көрсету мәселесі
бойынша дайындауда кеңінен қолданыс тапқан
оқулықтардың бірі. Оқулық 3 бөлімнен, 8 
тараудан тұрады. Бірінші бөлімде балаларға
емхана жағдайында емдік-профилактикалық
көмекті ұйымдастыру, екінші бөлімде
ұйымдасқан балаларға емдік-профилактикалық
көмек көрсету, үшінші бөлімде емхана
жағдайында балаларға шұғыл көмек көрсету
мәселелері қарастырылған.
Оқулықтың ғылыми медициналық
аудармасында қолданыстағы медициналық
сөздіктер терминдері қолданылған.
Оқулық медициналық жоғары оқу
орнының педиатрия факультетінің студенттері
мен оқытушыларына арналған.


616-053.2
М 51
Миалл, Л.
Көрнекті педиатрия : оқу құралы / Л. Миалл, 
М. Рудольф, Д. Смит ; қаз. тіліне ауд. және ред. 
Б. Түсіпқалиев, Е. Бекмұхамбетов. - М. : 
ГЭОТАР - Медиа, 2015. - 184 бет. 
Оқу құралында педиатрияның негізгі
бағыттары айқын және толық берілген. Қолайлы
форматы және түрлі иллюстрациясы оқырманға
берілген материалды жеңіл қабылдап, оған қажет
сұрақтарға жауапты оңай тауып алуға мүмкіндік
береді. Барлық берілген ақпараттар ұқыпты
тексеріліп, соңғы ғылыми жетістіктерге сәйкес
келтірілген. Баланың әр түрлі даму сатыларындағы
негізгі мағлұматтар, педиатрияда кездесетін негізгі
синдромдар мен аурулар туралы ақпараттар
берілген. Жекелеген бөлімдер баланы және
жасөспірімдерді тексеруге, мінездің өзгеруіне, 
балалық шақтағы мүгедектік мәселелеріне
арналған. Оқу құралының ерекшелігі
фундаменталдық сұрақтарға ғана емес, сонымен
қатар клиникалық медицинаға бағытталуында
болып тұр.
Бұл оқу құралы, осы топтағы басқа кітаптар
сықылды, емтиханға тез және тиімді дайындалуға
мүмкіндік береді. Студенттерге, интерндерге, жалпы 
тәжірибелі дәрігерлерге, педиатрларға арналған.


616-053.2
Х12
Хабижанов, Б. Х. 
Педиатрия. 2 томдық. Т. 1 : оқулық / Б. Х. Хабижанов, С. 
Х. Хамзин ; ҚР БҒМ; ҚР денсаулық сақтау м-лігі; С. Ж. 
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. - 3-бас. - Алматы : Б. 
ж., 2012. - 594 бет.
Оқулық педиатрия ілімінің осы күнгі 
деңгейінде қайта қаралып және
толықтырылып жазылған. Мұнда
перинаталдық кезеңдегі патологиядан 
басқа жиі кездесетін инфекциялық емес 
аурулар мейлінше кеңінен қамтылған. 
Аурулардың этиология, патогенезі, соңғы 
жіктелулері, диагноз критерийлері мен
алгоритмдері және алдын алу жолдары
келтірілген. Бала халінің кезек
күттірмейтін жағдайлары мен оларға 
жедел көмек көрсету тәсілдері бөлек 
тараумен берілген.
Медицина университетіндегі жалпы 
медицина факультеті студенттеріне, 
интернатура, резидентура өтушілер, 
дәрігер-педиатрлар және жалпы практика
дәрігерлеріне негізгі оқулық ретінде
ұсынылады.


616-053.2
К 48
Койшегарина, Р. С. 
Педиатрия жұқпалы ауруларымен. Тәжірибелік
сабақтар : оқу құралы / Р. С. Койшегарина. -
Қарағанды : ЖК "Ақнұр", 2013. - 248 бет.
Оқу құралы «Емдеу ісі», «Педиатрия» 
мамандығы бойынша медициналық оқу
орындарындағы студенттерге, сонымен қатар
біліктілігін жоғарылату бөлімінің
тыңдаушыларына арналған.
Базистік сабақтарға, сабақтың тақырыбы
бойынша жеке дайындалу үшін сұрақтар
толығымен берілген. Дайындалған тақырыптың
графикалық құрылымының арқасында
сабақтарға дайындық жеңілдей түседі. 
Алгоритмдерді қолдану әдістемелік оқулықтың
жетістігі болып табылады. Әрекеттердің
бастапқы негізі сызбада анық көрсетілген. 
Құрастырылған жағдайлық есептер студенттердің
білімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Оқу құралы қазіргі педагогиканың
әдістемелік талаптарына сай дайындалған және
мемлекеттік білім беру стандартының
критерийлеріне сәйкес келеді.


616-053.2(075.32)
М 67
Момбекова, У. Х. 
Балалар аурулары : практикум., медициналық
колледжде білім алушыларға арналған оқу 
құралы / У. Х. Момбекова, К. Ә. Адамбекова. -
Алматы : "Асыл сөз" баспасы, 2015. - 272 бет. 
Бұл оқу құралында "Балалар аурулары" пәні 
бойынша тәжірибелік сабақтарда өтетін барлық 
тақырыптар қамтылды. Әр тақырып бойынша 
білім алушылардың клиникаға дейінгі және 
клиникадағы сабақтарында істеп үйренуге тиісті
іс- әрекеттері жаңа білім беру стандарттарына 
сәйкестендіріліп, қайта құрылып, орындалу
алгоритмімен берілді.
"Жаңа туылған балаға алғашқы және 
күнделікті күтім жүргізу", "Асфиксияда туылған
баланы тірілту алгоритмі" тақырыптары
бойынша іс-әрекеттер соңғы әдістермен,
жаңалықтармен толықтырылды. 
Практикум 90 сурет және 27 кестемен 
толықтырылды. Оқу құралын дайындауға отандық
және жақын шетелдік авторлардың кейінгі 
жылдарда шыққан әдебиеттері мен ЮНИСЕФ,
ИВБДВ нұсқаулары қолданылды.


616-053.2
И 83
Исаева, Л. А. 
Балалар аурулары. Т. 2 : оқулық / Л. А. 
Исаева , Н. А. Геппе, К. Асқамбай. - Алматы 
: Эверо, 2015. - 140 бет .
Оқулық 4 бөлімнен: 
пропедевтика, ерте және ересек
жастағы балалардың паталогиясы 
және жұқпалы аурулардан тұрады. 
Заманауи тұрғыдан балалар 
жасында кездесетін ауруларының 
этиологиясы, потогенезі, 
клиникасы, диагностикасы 
қысқаша түрде ашылған. Кейбір 
тараулар жасөспірім қыздардың 
гинекологиялық ауруларына 
арналған. Сол сияқты ыстық
жақтарда кездесетін балалар 
ауруларына да көңіл бөлінген.
Оқулық медициналық жоғарғы 
оқу орындарының студенттеріне 
арналған.


616-053.2
Б 22
Бала ауруларының пропедевтикасы : 
оқулық / К. А. Мұстафина [ және т.б.]. - 2 -
ші бас.толық.өңделген, ОҚМА. - Шымкент 
: Әлем баспаханасы, 2019. - 460 б.
Кітапта ұрықтың жатырішілік даму
кезеңдері, барлық жастағы дені сау бала
ағзасының анатомиялық - физиологиялық
ерекшеліктері, физикалық және жүйке-
психикалық өсіп, дамуы, ағзалар мен
жүйелерді тексеру әдістерінің ерекшеліктері; 
патологиялық зақымдалудың балаға тән
симптомдары, семиотикалары, синдромдары; 
БЖАИЖ (ИВБДВ) бағдарламасынан элементтер
мен ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларынан
деректер берілген.
Оқулық ҚР, мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты 6В10102 - «Педиатрия», 
6В10101 «Жалпы медицина» мамандықтары
бойынша жазылған, медициналық жоғары оқу 
орындарында педиатрия пәнін оқитын 
студенттерге, интерндерге, резиденттерге 
арналған.


616-053.2
Т 90
Түсіпқалиев, Б.
Балалар аурулары : оқулық / Б. 
Түсіпқалиев. - Ақтөбе : ЖШС "А-
Полиграфия", 2012. - 1144 бет.
Оқулықта мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты « Жалпы медицина » мамандығы
бойынша « Балалар аурулары » пәнінен қажетті 
бөлімдері берілген. Оқулықта тарихи мәселелер, 
балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері, дене дамуын, нервтік-психикалық
дамуын бағалау әдістері, мүшелер мен жүйелерді
тексеру ерекшеліктері, балалар ауруларының
этиологиясы, патогенезі, жіктелісі, клиникалық
көріністері, ажырату диагнозы, емі, алдын-алу
мәселелері, «Балалық шақ ауруларын
инттерациялап жүргізу » мәселелері және
балаларды тамақтандыру қарастырылған. Жедел
жағдайларда шұғыл көмек көрсету бөлімі,
лабораториялық көрсеткіштер, балалар
қолданылатын тағамдар құрамындағындағы
тағамдық заттар мөлшері берілген.
Оқулық ҚР медициналық жоғары оқу 
орындарының « Жалпы медицина » факультетінің
студенттеріне арналған.


616-053.2
Б 22
Балалар аурулары : оқулық / ред. басқ. А. 
А. Баранов; қаз. тіліне аударған және 
жауапты ред. Б. Т. Түкбекова. - 2-бас., 
түзет. және толықт. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 
2015. - 1024 бет. +эл. опт. диск (CD-ROM). 
Оқулықта балалар ауруларының 
пропедевтикасы, жеке аурудың этиологиясы, 
патогенезі, клиникалық көріністері, 
диагностикасы, емі және болжамы туралы
жаңа мәліметтер баяндалған.
Аурулар бөлім бойынша неонатология, ерте 
жастағы балалардың патологиясы, ересек 
жастағы балалардың патологиясы, жұкпалы 
аурулар, шұғыл жағдайлар көрсетілген.
Оқулықтың компакт-дискіде қосымшасы бар.
Медициналық жоғарғы оқу орындарының 
емдеу ісі және медициналық-профилактикалық 
факультетінің студенттеріне арналған.


616-053.2
З 24
Запруднов, А. М. 
Балалардың жалпы күтімі : тәжірибелік сабақтар мен 
мейіргерлік практикаға нұскаулық : оқу құралы / А. 
М. Запруднов, К. И. Григорьев ; қаз.тіл.ауд.Б. С. 
Қошқарбаева. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2018. - 384 бет. 
ил. 
Оқу құралының төртінші басылымы 
«Иммунопрофилактика», « Педиатрияның 
мейіргерлік іс негіздері », « Қарапайым 
физиотерапиялық емшараларды орындау 
техникасы» тарауларымен толықтырылды. 
Эндокриндік аурулармен, ас қорыту ағзаларының 
ауруларымен сырқаттанатын балалардың күтімі, 
шұғыл жағдайлар ерекшеліктері бойынша 
тараулардың мазмұны аса кеңейтілген. Көрнекілік 
материалдары жақсартылып, толықтырылған. 
Педиатрияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, 
емшек жасындағы балалардың күтімі мен ерте 
жастағы балалардың тәрбиесі туралы сұрақтар 
қамтылған. Сырқаттанған балалардың жалпы 
күтімі жөнінде аса маңызды тарауларда 
жағдаяттық есептер берілген. 
Оқу құралы медициналық ЖОО студенттеріне, 
сонымен бірге мейіргерлер мен дәрігер-
педиатрларға арналған.


616-053.2
Б22
Балалар ауруларының
пропедевтикасы. 1 т. : оқулық / А. 
В. Мазурин [ж.б.]. - Алматы : 
Эверо, 2016. - 166 бет

Оқулықта педиатрияның даму 
тарихы қысқаша баяндалады. 
Әртүрлі жастағы балалардың
анатомиялық - физиологиялық
ерекшеліктеріне, акселерацияға
байланысты балалардың қазіргі
кездегі дене, жүйке - психикалық
дамуы мәселелеріне ерекше назар
аударылады. Баланың жасына
қарай тамақтану мәселесі
қарастырылады. Бала ауыруының
семиотикасы синдромдар түрінде, 
әсіресе организмнің түрлі
жүйесінің декомпенсация көрінісі
түрінде беріледі.
Оқулық медициналық ЖОО-ның
студенттеріне арналған.


616-053.2
О-69
Ормантаев, К. С. 
Емханалық балалар хирургиясы : оқулық / К. 
С. Ормантаев, А. Қ. Қарабеков, Ғ. М. Елiкбаев. 
- Түркістан : Тұран, 2011. - 176 бет. 
Оқулық балалардың хирургиялық 
аурулары, жарақаттары мен ортопедиялық 
сырқаттарын емхана жағдайында емдеуге 
арналған. Оқулықта аурулардың клиникалық 
көріністері мен анықтау тәсілдері көрсетіліп, 
жұмсақ тіндердің, сүйектердің 
зақымдануларын балаларда емдеу 
ерекшеліктеріне үлкен мән берілді. Жиі 
кездесетін ұршықтың туа болатын шығуы, 
сколиоз, майтабан сияқты ортопедиялық 
ақаулар туралы жазылған.
Оқулық жоғары оқу орнының 
студенттеріне, балалар хирургтеріне, 
педиатрларға арналған. Сонымен қатар 
балалармен жұмыс жасайтын басқа да сала 
мамандарының да қолдануына болады.


616-053.2
Б 20
Баймұханбетова, Б. Н. 
Балалар ауруларының пропедевтикасы мен 
балаларда жиі кездесетін аурулар : оқу құралы / 
Б. Н. Баймұханбетова, М. А. Садвакасова. - , 2-
ші бас. - Караганды : АҚНҰР, 2012. - 340 б.
Оқу құралында балалардың анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктері, жүйелер бойынша 
объективті тексеру әдістері берілді. Балалар 
организмінің кейбір анатомиялық және 
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес дене, 
жүйке - сана сезімдік тәрбие, физикалық дамудың 
көрсеткіштері келтірілді. Сондай-ақ балалар 
өмірінің әр кезеңдерінде кездесетін аурулардың 
себептері, дамуы, белгілері, емдеу мен алдын алу 
шаралары қамтылды. Балалардың жұқпалы 
аурулары , оны анықтау және алдын алу 
шараларын белгілеу, иммунизация әдістері 
көрсетілді. Балалар мекемелерінде педиатриялық 
көмекті ұйымдастыру, тазалық және эпидемияға 
қарсы жұмыс жүргізуде медицина қызметкерінің 
міндеттері мен медициналық құжаттарды жүргізу 
туралы мағлұмат енгізілген.
Оқу құралы медициналық ЖОО студенттеріне 
және педиатрларға арналған.


616-053.2
Д 13
Дадамбаев, Е. Т. 
Бала дәрігерінің серігі : анықтама / Е. Т. 
Дадамбаев. - Алматы : Б. ж., 2011. - 292 
бет. 
Бала дәрігерінің серігі анықтамасында
негізгі балаларда кездесетін ауруларды
қысқаша анықтау, емдеу және бақылау
жолдары берілген. Онымен бірге балаларға
медициналық көмекті ұйымдастыру (пер-
зентханада, емханада, мектепте ж. т. б.) 
сұрақтары да қамтылған.
Анықтамада балаларды ауруханаға салуға
дейінгі кезеңде кідіртуге болмайтын шұғыл
медициналық көмек көрсету жолдары да
баяндалған.
«Бала дәрігерінің серігі» атты анықтама
балаларға көмек көрсететін дәрігерлер мен 
медицина қызметкерлеріне арналған.
Анықтаманың оқу процесінде де 
студенттерге тигізетін көп көмегі болатыны
сөзсіз.


616-053.2
Б22
Балалар аурулары пропедевтикасы : 
оқулық / Г. А. Шәкімова [ж. б.] ; С. Д. 
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. - Түзет., 
2-бас. - Алматы : Эверо, 2011. - 312 бет.
Балалар аурулары пропедевтикасының
курсы келесі негізгі бөлімдерден тұрады: 
Баланың анатомиялық - физиологиялық
ерекшеліктері; Баланың дене, нерв-
психикалық дамуын бағалау; Дені сау
және науқас балалар зерттеуіндегі
клиникалық әдістердің ерекшеліктері, 
Жалпы организмнің және әртүрлі
жүйелердің негізгі зақымдануының
семиотикасы мен синдромдары.
Оқулық медициналық оқу орындарының 
оқытушыларына, медицина университеті
мен академияларының студенттеріне және 
дәрігерлер қауымына арналған.


616-053.2(075.8)
Б 201
Балалардың жасына қарай аурушаңдық
көрсеткішінің қалыптасуы, қатерлі себептері және 
оларға амбулаторлық емханалық көмекті
ұйымдастыруды жетілдіру аспектілер мен 
қиындықтар : оқу құралы / М.А. Булешов [және 
т.б.]. - Түркістан : Элем баспаханасы, 2019. - 112 
бет.
Бұл оқулық балалардың денсаулық 
көрсеткіштерінің қалыптасу ерекшеліктері, 
қауіпті себептерінің таралу заңдылықтары 
және амбулаторлық емханалық 
медициналық ұйымдарда біріншілік пен 
екіншілік профилактикасын ұйымдастыру 
мәселелеріне және балаларға медициналық
көмекті ұйымдастыру шарттарына
арналған
.
Оқулықта балалардың денсаулығының 
қалыптан ауытқып, аурушаңдық, мүгедектік 
және ерте жастан өлімге ұшыраудың негізгі 
медициналық - биологиялық, климаттық -
географиялық , экологиялық - гигиеналық 
себептері ашылып көрсетілген.
Басылым педиатрия факультетінің аға 
оқытушыларына , интерндерге , резиденттер 
мен жас дәрігерлерге арналған.


В учебнике изложены основные направления 
работы участкового врача - педиатра. Освещены 
структура и организационные аспекты 
деятельности детской поликлиники. Подробно 
описаны проблемы здорового ребенка, 
профилактическая работа на участке, современные 
требования к питанию детей раннего возраста. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет