Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың бедер түзілудегі орны



бет15/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың бедер түзілудегі орны

Неоген-төрттік кезеңде орын тепкең жаңатектоникалық озғалыстардан басқа, ғалымдар қазіргі тектоникалық қозғалыстарды (современные тектонические движения) ажыратады.


Қазіргі тектоникалық озғалыстар деп казіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге аспапты бакылаумен зерттелетіи жер қыртысының қозғалысын айтады. Мұндай қозғалыстар әр түрлі аспаптарды қолдану арқылы зерттеледі. Бұл қозғалыстардың бірнеше зерттелу әдістері бар, солардың ішінде:
Тарихи - археологиялык әдіс. Голландияда теңіз деңгейі ұдайы көтерілгендіктен X ғасырдан бастап, онда тұратын халықтар теңіз шарпуынан қорғаныс ретінде жағалар бойында бөгеттер орнатқан. Теңіз жағасы төмен түскең сайын бөгеттерді үстінен кұм, тас салып жалғастыра берген. Сол кездегі салынған қорғаныс бөгеттердің биіктігі казіргі кезде 15 метрге дейін жеткең. Сонда есептей келгенде осы аймақтың жылдағы төмендеу жылдамдығы 0,5-0,7 миллиметр шамасында болған. Қара теңіз жағалауындағы ежелгі гректер отарларының теңіз астында қалғаны баршамызға аян. Сондай-а Индияда теңіз жағасындағы кемелер тоқтайтын гаваньдар жердің көтерілуі нәтижесінде біртіндеп тайыздап, порт құрылыстары теңіз жиегінен бірнеше километрге дейін алыстай берген.
ұрылысты-қартографиялы әдіс. Балты теңізінің деңгейі неотектоникалық қозғалыстар әсерінен өзгерілуі мен Аланд аралдарының XIX және XX ғасырларда сызылған қарталарын салыстырғанда ұрлықтың көлемі өткен ғасырға қарағанда едәуір ұлғайғаны байқалған.
Су деңгейін өлшейтін баылау әдісі. Теңіз деңгейінің көтеріліп -төмендеуін жағаға орнатылған, тең сызықтарға бөлінген рейкалармен өлшеп отырады. Әдетте теңіз деңгейінің қалпын өзі қағазға түсіріп отыратын мареограф деген аспап қодданылады.
айталанып жүргізілетін жоғары дәлдікті нивелирлеу әдісі. Құрлыктағы жер қыртысының қазіргі кездегі тербелмелі қозғалыстары мезгіл-мезгіл қайталанып жүргізілетін нивелирлеу әдісі арқылы өлшенеді. Осы әдіс бойынша екі мезгілдің арасындағы жер беті биіктік ноқаты салыстырылады.
Қазіргі кезде көп елдердің өлкелерінде өте дәл аспаптар қойылған арнаулы полигондар құрылып, оларда тік бағытты тербелістермен қатар жазық бағыттағы қозғалыстар да зерттеледі. Әсіресе қазіргі тік бағыттағы тербелмелі қозғалыстар туралы қажетті деректерді темір жол бойымен қайталанып жүргізілген нивелирлеу арқылы алынады. Осындай нивелирлеу жұмыстары Москва-Ленинград, Москва-Одесса, Москва - Керчь, Москва-Таллин, Алматы-Новосибирск темір жолдар бойымен жүргізілген. Бұрынғы Кеңес Үкімет Одағы аумағының Еуропалы бөлігінде бірінші нивелирлеу жұмыстары 1913-1932 жылдары өткізілген, ал 1945-1950 жылдары ол қайталанып жүргізілді.
ұрлық ішіндегі жаңатектоникалық туралы алынған деректер теңіз жағалауында орналасқан Таллинн, Одесса, Ленинград, Керчь қалаларының футштоктарымен салыстырылды. Соның нәтижесінде 1963 жылы Кеңес Үкімет Одағы аумағының Еуропалы бөлігінің қазіргі тектоникалық қозғалысының қартасы жарық көрді. Осы қартаның деректері бойынша Каспий маңы көтеріліп, Орал аймағы төмендеген. Орыс тақтасының кейбір аймақтары жылына 10 мм көтеріліп, ойпаттар 5 мм-ге төмен ойысқан, Кавказ жотасы орта есеппен жылына 10 мм-ге дейін жоғары көтерілген, ал Колхида және Кура ойпаттары 6,2 мм-ге дейін төмендеген. Тянь-Шань, Іле Алатауының жылдық көтерілуі Кавказ тауынан кем түспейді.
Әр аймақтарының қазіргі көтерілу мөлшеріне қарасақ, ауыз толмас жартымсыз сияқты. Бірақ тербеліс құбылыстары жүздеген, мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған жылдар бойы үздіксіз болып тұратынын ескерсек, жылына 10 мм қозғалыстан бір миллион жылда, біздің Іле Алатауы сияқты және одан да аса биік таулардың қарқынды өрлегеніне көз жеткізуге болады.
Қазіргі заманғы тік бағыттағы қозғалыс қарталары шетелдерде де, мьтсалы, АҚШ-та, Канадада, ¡лыбританияда, Японияда және т.б. елдерде жасалып шығарылған.
Қайталап нивелирлеу жұмыстары сонымен қатар сейсми-калық аймақтарда жер беті деформациясын арнайы зерттеу үшін жүргізіледі. Осы жағдайда жер сілкіну аймақтарында қатпарлау және үзілмелі деформациясының зерттеліп айқындалуына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет